Тапалов Алмат Асанұлы

Рейтинг:

Өз ісінің маманы     

Адамзат баласы жер бетіндегі тіршілік иесі, қоғамның басты байлығы. Ал адамның өміріндегі ең бағалы дүние ол оның өмірі мен денсаулығы. Адамның бақытының оннан тоғызы денсаулыққа тікелей байланысты. Халық айтпайды ма, «Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің» деп, сондықтан да адам баласы үшін ең бастысы денсаулықтың мықты болғаны маңызды. Әрбір науқастың жанына желеу болып, ем-домын жасап жататын ақ халатты дәрігерлер адамның қымбат жанын оған бермес үшін барын салып, адамға екінші өмір сыйлайды. Сондықтан да дәрігер болу оңай емес дер едім. Дәрігер мамандығының қыр-сырын қанық біліп, анық сол жолды таңдау үшін үлкен жүрек керек. Бастысы, мамандықты сүю керек.
      Адамдардың сырқаттануы мен дәрігерлерге деген мұқтаждығының тарихи төркіні тереңде. Тіпті пайғамбар (с.ғ.с) Мұхаммедтің өзі аурудың алдын алуға аса мән беріп қана қоймай, амалын көрсетіп, дәрігерлерге ерекше құрмет білдірген. Иә, жер бетінде дәрігерлік мамандықтан абыройлы, құрметті мамандық жоқ-ау. Бірақ оның құрметінің салмағы қаншалықты ауыр болса, жауапкершілік жүгі де соншалықты ауыр. Сондықтан кез келген адам ақ халат киіп, ант қабылдап, адам жанын ажалдан арашалай алмайды. Дәрігер болу үшін науқасқа ем беріп қана қоймай, оның жанын түсінетін, жылы сөзімен дем беретін маман иесі болуы керек. Сонда ғана дәрігер атағын абыроймен алып жүруге мүмкіндік туады. Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейтінін жақсы білеміз. Өйткені, дәрігер адам анатомиясын өте терең білуімен қатар, кез келген жағдайдағы науқастан жиіркенбейтін, қаннан қорықпайтын, адам тағдырына немқұрайлы қарамайтын, күйзеліске төзімді, жүйкесі мықты жан болуы құпталады. Дәрігер боламын деп арман ететіндер өте көп. Алайда, екінің бірі дәрігер бола алмасы анық. Әрине, дәрігерлік қызметке деген қызығушылық пен мамандық алу жеткіліксіз болар еді. Себебі, олардың адам өміріне жауапкершілігі, құлшынысы мен адалдығы, адамдығы маңызды. Дәрігер болатын жанға үлкен жүрек керектігі, ақ халатты кір шалдырмау керектігі де бекер айтылмаса керек. Иә, дәрігер болу үшін адам бойындағы шыдамдылық пен еңбексүйгіштік қасиеті сарқылмауы керек. Сондай-ақ, білім алып біліктілігін одан сайын шыңдаудан жалықпағаны жөн. Уақыт шекті болғанымен білім шексіз ғой.
      Тапалов Алмат Асанұлы 1982 жылы 9 қарашада Қызылорда қаласында қарапайым қазақ отбасында дүниеге келген. Ата-анасы медицина саласының мамандары. Әкесі – Тапалов Асан Сейдалыұлы тіс технигі, ал анасы – Сүйеуова Гүлзира Келімбердіқызы Облыстық Медициналық Орталықта (ОМЦ) 31 жыл бойы операциялық медбике болып қызмет атқарған. Әкенің қанымен, ананың сүтімен дарыған асыл қасиеті бар Алмат табиғатынан жүрегі мейірімге толы, қайсар да қайратты, өжет мінезді, табанды жан. Бала кезінен салауатты өмір салтын ұстанатын ол өзінің балалық шақтағы арманы дәрігер болу болатын. Дені сау адамның өмірі де мәнді болатынын бала кезінен жақсы білетін. Қайсыбір науқас жанды көргенде жаны ашып, оған қолынан келген көмегін беруге асығып тұратын өте елгезек-тін. Ол 1989 жылы №171 Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепке 1-сыныпқа қабылданды. Мектепті 1999 жылы ойдағыдай бітіріп шықты. 
      Арманы асқақ Алмат Асанұлы 1999-2006 жылдар аралығында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының стоматология факультетінде оқыды. Студенттік шақтарында да жан-жақты ізденуден еш жалыққан емес. Білімді, тәжірибелі мамандардан тәлім-тәрбие алып, аталмыш оқу орнын жақсыға аяқтап шықты. Білімді де білікті жас маман 2006-2008 жылдар аралығында «Стомед» стоматологиялық клиникада стоматолог-хирург болып жұмыс атқарды. Алғашқы кездерден-ақ оның қолының жеңілдігін байқаған науқастары алғыстарын айтып, тұрақты емделушілеріне айнала бастады. Оның шипалы қолын іздеп келушілер саны уақыт өткен сайын арта берді. Мақтаулы маман, ісіне адал берілген жан барлық күш-жігерімен аянбай еліне қызмет етіп, лайықты марапатқа де ие болды. Атап айтқанда 2020 жылы «Стоматологиялық қызметтің үздігі» және басқа да грамоталармен марапатталды.
      Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы демекші, Алмат 3-курстан бастап Облыстық Медициналық Орталықта (ОМЦ) жаздық және қыстық демалыс кезінде тәжірибеден өтетін. Сол кезде бет-жақ хирургі Таждинов Жандос Бектұрғанұлы бағыт-бағдар беріп, медицина саласының қыр-сырын үйреткен. Әлі күнге дейін көрген кезде ол кісінің атын айтпай, «ұстаз» деп сыйлайтын шәкірттің Жандос мырзаға айтар алғысы шексіз.
      Тәжірибесі толысқан білікті маман 2018 жылы жеке «Дария Дент» стоматологиялық клиникасын ашып, халыққа қызмет ете бастады. Қазіргі кезге дейін стоматолог-хирург болып жұмыс атқарып, көптің ыстық ықыласына бөленіп келеді. Өзінің клиникасында тәжірибелі мамандар жетерлік, барлығы да ауызбіршілікпен еңбек етіп келеді. Халықтың игілігі үшін заманауи үлгідегі рентген аппараты және де басқа да құрылғылары бар. Алда үлкен жоспарлары да бар. Соған байланысты жүйелі, тынымсыз жұмыстар атқарып отыр.
      - «Мен дәрігер мамандығын бала күнімнен таңдаған едім. Өз ісімнің білікті де білімді маманы болсам, дәрігерлік шеберлігімді үздіксіз шыңдап, әр науқастың дертіне дауа, шипа бола бола алсам дейтінмін. Бүгінде сол балалық арманым орындалып, қысылған адамға бар қызметімді жасап, жылы сөзіммен, ақжарқын адал көңіліммен сырқаттың жайын тауып келемін. Күні бүгінге дейін елдін, талай жандардың алғысына, ықыласына бөленіп, түрлі марапаттар алдым. Әрине, бұл жалғыз өзім жасап келе жатқан жұмыс емес. Ұжымдық жұмыс, ұжымдық марапат деп айта аламын. Адам баласы жер бетінде пайда болғаннан бастап аурудан алыс болмаған ғой. Науқастанған адамның ем алуы үшін дәрігерге жүгінуі жылдар бойы бұзылмай келе жатқан құбылыс дер едім. Дәрігердің жұмысы қиын, бірақ қызықты. Бұл үлкен міндет – науқастарға мейірімділікпен және жауапкершілікпен қарау керек. Дәрігерге қателесуге болмайды. Егер қате диагноз қойылса немесе қаралушыға немқұрайлы қараса, науқастың өміріне қауіп төнеді. Менің ойымша, өзімшіл немесе абыройсыз адамнан, жақсы маман шықпайды. Медицина көп уақытты, білімді және күшті талап етеді. Мен қазірде оқу үстіндемін. Әрі қарай да оқи беретін боламын. Еңбек биігін бағындырып, жаңадан келген жас мамандарға қолдау көрсетіп, қатарымызға қосып отыруды да жөн санаймын. Бұл ретте мен жаңа ғана оқу бітіріп шыққан дипломды жастарды қатарымызға қосып, елдің сүйікті дәрігері етуге барымды салып келемін. Өзімнің өмір жолында алған тәлім-тәрбием мен білім-білігімді кейінгі мамандарға үйретуді парызым деп санаймын», - дейді кейіпкеріміз. 
      Қазақ халқы ежелден отбасы бақыты мен баянын нәзік жаратылыс иелерімен сабақтастырып, салт санаға: «Әйел – үйдің сәні», «Жақсы әйел – ырыс, жаман әйел – ұрыс», «Қызы бардың – ізі бар», «Анаңды қадірлесең, әйеліңді жәбірлеме», «Жақсы әйел жарының жақсысын асырар, жаманын жасырар» деген сияқты дала философиясы құндылықтарын паш еткен ғой. Қазақы дәстүрдің қалыбын үйлестіре айтатын болсақ, әйел-ана ежелден ер-азаматтың сенімді серігі, аяулы жары мен жөн сілтер ақылшысы болып құрметтеледі. Міне, осы тұста Алмат Асанұлының Алла қосқан жан жары Алмажан жайлы да айта кеткеніміз дұрыс болар. Алмажан ханым да тәжірибелі, білімді де білікті дәрігер. Отбасының ынтымақ пен бірлігін арттырып, ағайын-туысына сыйлы болып, жанұясында өмірлік серігі Алмат екеуі қыз бен ұл тәрбиелеп, өсіріп отырған үлгілі отбасы иелері. Қыздары Дария 2-сыныптың үздік оқушысы болса, ұлы Абылай балабақшаға барады.
      Иә, дәрігер үшін уақытпен санасу деген ұғым жоқ. Кез келген уақытта көмекке даяр тұратын ерлі-зайыпты жандар бірін-бірі сөзсіз ұғысады, бір-біріне әрдайым қолдау көрсетіп, көпке үлгі болып жүреді. Алматтың кәсібіне деген адалдығы мен еліне деген ерекше пейілі өмірінің серігі болсын дейміз. Төрлей беріңіз! Төрдегі орныңыз төмендемесін дейміз. Халқыңызға жасаған еңбегіңізбен биіктен көріне беріңіз демекпіз.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...