Асильев Данияр Рүстембекұлы

Рейтинг:

Білгір маман     

Адамға қойылатын басты талап ол асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені, адам өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты болмақ. Ал адамгершілік адамның рухани арқауы. Әрбір адамның мақтаныш тұтар жайлары болады. Өмірлік мақсатына, арман-мүддесіне қарай әркім әрқалай мақтанады. Алайда, жүріп өткен жолдарына бұрылып қараған сәтте оның іс тұрпатынан адамгершілік қасиеттері байқалмаса, бәрі бекер дер едім. Өйткені, қандай да болмасын істің таразысы адамгершілік өлшемімен бағалы болады. Әңгімеміздің арқауы болып отырған Данияр өзінің адами болмыс-бітімі, шынайы тұлғасы, шексіз қарапайымдылығы, ар-ожданының биіктігі, бойында ізгі қасиеттердің молдығы, одан бері қарай өз кәсібі жағынан асқан біліктілігі, әр ісінің тазалығы, тынымсыз ізденімпаздығы, бастаған ісін аяқсыз қалдырмайтындығы көпке үлгі боларлықтай. Күні-түні жұмыс істеуге де бар. Тіпті ауруларға ынтасының ауып кететіндігі сондай, демалыс дегенді де ұмытып кетеді. Жаны қиналып отырған науқас адамды өзіне жақын тартып, жылы сөздерімен тұнжыраған көңілдерін жадыратып жібереді. Ауырып келген адамға дереу қол көмегін беруді парызы деп біледі. Міне, Гиппократ антын берген нағыз дәрігерге тән қасиеттер оны көптің арасында осылайша ерекшелендіріп тұрады. Сондай еңбекқорлығының нәтижесі болар, халқының құрметіне бөленіп жүр. Иә, ол тәжірибелі маман.
      Қазіргі таңда жаңа технологияның жетегінде дамып келе жатқан аса ауқымды, күрделі саланың бірі – медицина. Бүгінде оның сан түрлі тармақтары адамның дене мүшелерін әрбір бөлшек, түкпір-тамырына дейін жеке-жеке жіктеп, ұңғыл-шұңғылына шейін зерттеп тастаған. Бұрын адам денсаулығының арашашысын дәрігер деген бір ғана жалпылама атаумен атасақ, қазір әрбір дене мүшесінің өз емшісі бар. Данияр – тіс маманы. Жай ғана маман емес, осы салаға талай жылдарын арнап білім алған, білікті маман. 
      Дәрігер болу шыдамдылық пен еңбексүйгіштікті талап етеді. Сондай-ақ білім алып, біліктілігіңді одан сайын шыңдаудан жалықпауың да керек. Уақыт шекті болғанымен білім шексіз ғой, қай салада да болмасын жаңашылдыққа бой ұрып, жаңаны меңгере білу керек. Рас ауру мүше талғамайды. Ауру ұялмайды. Әрине, аурудың қай түрі де жақсы емес. Бірақ дәл қай жер ауырса, адамның жаны сол жерде сияқты көрінеді. Қайсы аурудың болмасын алдын алған жөн. Себебі, кішкентай аурудың салдарынан бүгінде мәселе күрделеніп, адам шығынына апаруы да ықтимал. Қазақта «ауруын жасырған өледі» деген емес пе?! Әр адам денсаулығына сауатты қарай білсе, өзіне жаны ашып тұрса, онда аурудың енді басталып келе жатқан уақытында дереу сала дәрігерінің көмегіне жүгінгені абзал. 
      Асильев Данияр Рүстембекұлы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Жалғансай елді мекенінде дүниеге келген. 1994-1998 жылдары Жалғансай орта мектебінде оқыды. 1998-2002 жылдары Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы №6 орта мектебінде оқыды. 2002-2006 жылдары Ақтөбе медицина колледжінде оқыды. 2006-2007 жылдары Атырау облыстық стоматологиялық емханасында еңбек жолын бастады. Жас та болса өзінің алған білімі мен білігінің арқасында аға мамандардың жанында жүріп мол тәжірибе жинақтай алды. 2007-2015 жылдары «Смағұл-Дент» стоматологиялық клиникасында қызмет атқарды. 2015 жылы жеке кәсібін ашып, қазіргі уақытқа дейін елге пайдалы қызмет етіп келеді.
      Дәрігер арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болуы керек деген ата-бабамыздың айтқан ұлы да ұлағатты сөздері бар. Медицинаның атасы Гиппократ: «Дәрігердің жүзі жылы, ұқыпты, киімі таза, қолдары жұмсақ, жағымды» болуы керек деген екен ертеректе. Дәрігерлік тек оқумен ғана шектелмейді, дәрігер болу ол да бір өнер! Осы ұғымдарды тереңінен қарастырар болсақ ол сөздің мағынасы: арыстандай айбатты деген еш нәрседен қорықпайтын өзінің бойын қорқыныштың баурап алуына жол бермейтін деген мағынада, ал қыздай икемді дегені өз ісіне байыппен, өз ісіне сеніммен қарай білетін жандар, ал анадай мейірімді дегені науқастарға мейірімін төге білетін өзінің анасы өзіне қандай мейіріммен қараса, ол да науқастарға сондай мейіріммен қарай білетін жандар екені даусыз. Медицина саласында оқудың өзі 7-9 жылды талап етеді. Әрине, адам өмірімен байланысты болғаннан соң өмір бойы оқу және үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Дәрігерлердің мойнына үлкен жүк артылады. Сондықтан «медицина» саласын таңдамастан бұрын оны да ескеру керек. Дәрігерлерге қойылатын жауапкершілік қаншалықты көп болса, дәрігер болудың алдында әбден ойланғаны дұрыс дер едім. Ал Данияр осы мамандықты ойланбастан таңдады. Ол өзімнің аңсаған арманына жетуге тырысты және жетті де.
      - «Адам жанының сақшысы саналатын дәрігерлерге алғыс, ілтипат айтылып, ақ баталар беріліп жататыны орынды. Қолы жеңіл, мінезі жұмсақ, оған қоса кәсіби білгірлігі биік деген теңеулердің ақ желеңді абзал жандарға айтылуы заңды. Қaндaй дәpі қaбылдaсaңыз дa aлдымен дәpігеpдің кеңесін мұқият тыңдaп aлғaныңыз дұpыс. Өйткені, қaзіpгі кезде дәpі-дәpмектің мыңдaғaн түpі бap. Біpі пaйдaсын тигізгенімен, екіншісі зиян болуы әбден мүмкін. Aл өсімдік түpлеpінен әзіpленген емдік қоспaлapдың жөні бөлек дер едім. Aдaм бaлaсы өсімдіктеpді көне дәуіpден бaстaп, бүгінгі күнге дейін қaжетіне жapaтып келеді. Әсіpесе, хaлық емшілігінде емдік шөптеp тaптыpмaс дәpі-дәpмекке aйнaлғaн. Бүгінде 3 клиникамыз Атырау қаласында халыққа сапалы қызмет көрсетіп отыр. 3 филиалымыз және бар. 30-40 маманды жұмыспен қамтып отырмын. Әрі қарай да жүйелі жұмыстар жасай бермекпін», - дейді кейіпкеріміз.
      Ол мықты маман ғана емес, жүрегі жұмсақ қолы ашық жомарт азамат екенін де айта кетуіміз керек. Әр жылда өз атынан бірнеше студенттерге шәкіртақы (грант) беріп отырады. Биыл стоматологиялық колледждің 1-курс студенттеріне грант берді. Оның азаматтық, адамгершілік басты жетістігі де осы. Клиникасын заманауи тұрғыда ашып, ел игілігіне сапалы қызмет көрсетуді көздейді. Халықтың сұранысын қанағаттандыруды мақсат еткен азамат клиникасын соңғы технологиядағы заманауи аппараттармен жабдықталған. 
      Білімді азамат 2007 жылы отбасын құрды. Қазіргі уақытта берекелі отбасында жарымен бірге 3 ұл, 2 қыз тәрбиелеп, өсіріп отырған бақытты шаңырақ иесі. Биыл отбасын құрғанына 15 жыл. 
      Иә, дәрігер адам өміріне тіршілік нәрін береді. Оларға мансаптың, байлықтың, атақтың түкке керегі жоқ, оларға керегі адамның денсаулығы, оның тағдыры. Үмітке үміт жалғап, ғұмырдың ұзақтығын сабақтастырып жататын ең қадірлі, құрметті мамандық иесі Данияр Рүстембекұлының еселі еңбегі өлшеусіз. Ол бүгінгі өсіп келе жатқан жас буынға ақыл айтар аға, білгенін үйретер ұстаз. Адам жанына араша түсетін білгір маман – әрдайым абыройыңыз аласармай, елге қызмет ете беріңіз! 
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...