Бахтиярова Гульназ

Рейтинг:

Қолы алтын дәрігер

      Кез келген адамның өмірінің ары қарай өрбуі оның арманы мен айналасындағы ортасына да байланысты. Арманның адастырмай оң бағыт беруіне де адамның өзіне тигізетін пайдасы орасан зор екені тағы бар. Себебі, кез келген адамның болашаққа жасаған бір адымы оның өмірін ерекше нұрландырып, өміріне мән беруі де мүмкін. Өйткені, бұл дүниеге келген әрбір адамның белгілі бір миссиясы, атқаратын қызметі бар. 
      Қазақ халқы қандай дарқан көңіл жерде өмір сүрсе, сол жерде өмір сүріп жатқан ақ жүректі адамдардың да саны өте көп. Олардың елге тигізіп жүрген пайдасын айтып жеткізе алмайсыз. Бірі инженер болса, енді бірі ұлылықты ту еткен ұстаз да бар, арамызда адамның жанын арашалап қалатын дәрігерлер де бар. Дәрігерлердің басты мақсаты – халық артқан сенімнен барынша шығу, адамның жаны мен өміріне бейжай қарамау. Өйткені, бұл дүниеге келген әрбір адамның белгілі бір миссиясы, атқаратын қызметі бар. Тіпті, оларды да сағына іздейтін, жанынан артық жақсы көретін адамдардың да болуы оларға осы өмірге деген құлшынысын барынша арттырады. Дәрігер деген ат өмір мен өлімнің арасында жүретін асыл жан. Себебі, өмір үшін күресте адамның жанымен қоса тәнін де қоса емдейтін дәрігерлердің еңбегі ерен. Біздің кейіпкерімізге асыл арманы ақ халатты абзал жан болу екен. Себебі, оның бала арманы дәрігер деген ат өмір мен өлімнің арасында жүретін асыл жан екенін ертеден сезген. Себебі, өмір үшін күресте адамның жанымен қоса тәнін де қоса емдейтін дәрігерлердің еңбегі ерен. Сондықтан да бүгінгі ерекше кейіпкеріміз туралы қымбатты оқырмандарымызға Бахтиярова Гульназ туралы әңгімелеп бергіміз келеді.
      Гульназ Бахтиярованың әкесі Жоракулов Бахтияр Өсербайұлы көп жылдар бойы білім саласында қызмет етіп, ұрпақ тәрбиесіне үлгі бола білген адам. Кешегі Ыбырай Алтынсарин секілді балаларды оқу мен білімге шақырып, оларды елдің болашағына қызмет етуге шақырды. Дана бабамыз Әл-Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы», - деген өнегелі сөзін Бахтияр Өсербайұлының да санасынан ешқашан да өшкен емес. Балалардың санасына тек қана білімді ғана емес, тәрбиенің де дәнін сепкен асыл азаматтарымыздың аттары ел жадынан ешқашан да өшпек емес. Қазақтың жерінде өскен асыл азаматтарымыз балаға білім беріп те, сол саланың үздігі де атану қолынан келетіндігін талай мәрте дәлелдеп келеді. Бахтияр атамыздың қырық жыл адам жанының бағбаны саналған ұстаздық етіп келген жылдары, мектепті бітірген әрбір түлек, әрбір шәкірттері жылы естеліктерімен еске алады. Оның өнегелі өмірін өздеріне мысал етеді. Ағартушылық жолын таңдаған әрбір шәкірті ұстазының берген әрбір білімі мен тәрбиесін бүгінгі ұрпақтың жанына себуде. Бүгінгі күні Жоракулов Бахтияр атамыз зейнеткерлік демалыста. Балаларының ардақты әкесі, немерелерінің сүйікті атасы болып отыр.
      Гульназ Бахтиярованың анасы да кешегі Зере мен Айғанымның ізін жалғаушыдай болып, өз ұрпақтарына барынша тәлім мен тәрбиені бойына сіңіруге барынша тырысты. Жоракулова Рахима Серікбайқызы сахнада өнер көрсетіп, кәсіпкерлікпен айналысты. Бес баланы дүниеге алып келіп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген батыр ана. Әр баласына барынша көңіл бөліп, оның жақсы азамат пен азаматша болуына барлық ерік пен жігерін сарп етті. Алайда, бұл жауапкершілікті барынша адал атқарып, абыроймен атқара білген Рахима апамызға қалай қайран қалмайсыз?! Отағасы жұмыста болғанда бір емес, бес баланы бағып-қағып өсіру қазақ қыздарының ғана қолынан келеді. Отбасының ұйытқысы бола білген асыл анамызға әр баласының айтар алғысы да шексіз. Отағасы Бахтияр Өсербайұлы өз отбасындағы әрбір балаға білімді әрі тәрбиелі болуды үйретсе, аналары Рахима Серікбайқызы әр баланың мейірімді, бауырмал әрі адамгершілігі мықты болуына барынша күш салды.
      Бүгінде Бахтияр Өсербайұлы мен Рахима Серікбайқызы ұлын ұяға, қызын қияға қондырған бақытты әке мен ана әрі немерелерінің сүйікті атасы мен әжесі болып отыр.
      Өмірін өнегеге айналдырып үлгерген кейіпкеріміз – 1984 жылы ақпан айының 4 жұлдызында Бахтияр Өсербайұлы мен Рахима Серікбайқызының отбасында төртінші бала болып Бахтиярова Гульназ дүние есігін ашты. Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы), Мақтаарал ауданы (қазіргі Жетісай ауданы), Жетісай қаласында балалық шағының бал дәмін тата жүріп, «Жауқазын» балабақшасында тәлім-тәрбие алған. 1991 жылы бүлдіршін қыз мектепке аяқ басты. Осылайша, бала Гульназ мектебіндегі елгезек оқушы болуымен қатар, тәртіпті әрі тиянақты болады. 
      2001 жылы мектепті ойдағыдай аяқтап шыққан Гульназ Бахтиярова бірден Қазақ Мемлекеттік Медицина Академиясы «Емдеу ісі» факультетінің студенті болып қабылданды. Медициналық Академияда жеті жыл оқып, 2007 жылы дәрігер акушер-гинеколог мамандығы бойынша дипломын алады. 2007 жылы тарату болып, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында Бахтиярова Гульназ жолдасымен Жангельдин ауданы, Торғай селосына жұмысқа арнайы сол аудан әкімі Б.Ахметовтің шақыртуы бойынша орналасты. 2007-2010 жылдар аралығында Торғай селосында жолдасы екеуі жұмыс жасайды. 2011 жылы Қостанай облысы, Арқалық қаласына жұмыс жолын ауыстырып жалғастырды. Жолдасы хирургия бөліміне қабылданды, ал Бахтиярова Гульназ Арқалық өңірлік перзентханасына акушер-гинеколог дәрігері болып жұмысқа тұрды.
      2008 жылы Павлодар қаласында біліктілікті арттыру мақсатында әкімшіліктің айтуы бойынша жолдамамен функционалдық диагностика бойынша қайта даярлау оқуынан өтіп, сол уақыттан бастап, диагностика мен акушерлікті қатар алып жүрді. 2015 жылы «Бахтиярова» жеке медициналық диагностикасын ашып, Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) маманы болып, сонымен қатар, өңірлік ауруханада ультрадыбыстық кабинетте жұмыс жасап екі қызметте де еңбек етті. Функционалдық диагностика бойынша жоғары санатты маман ретінде білімі мен біліктілігі қатар Гульназ ханым еңбек жолынан да, отбасынан да өз бақытын тапқан.
      Кейіпкеріміздің жеке өміріне де тоқтала өтсек, академияны бітірген жылы бір академияда оқыған, хирург-дәрігер мамандығын бітірген, 1985 жылы 26 қаңтар айында туған Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылының азаматы Амалбеков Ельнар Бахытжанұлына тұрмысқа шығады. Кейіннен 2008 жылы Даниял, 2011 жылы Нұрәли, 2015 жылы Кәусар, 2018 жылы Бәйдібек атты төрт перзенттің ата-анасы атанады. Осы ретте, Гульназ ханым әрқашан қасынан табылып, отбасының алтын қазынасы, берекесі мен мерекесі болып отырған екінші анасы, Амангелдиева Гулзадаға айтар алғысы шексіз.
      Кез келген жұмыр басты пенденің Гульназ Бахтиярованың өміріндегі сара жолына қызығары хақ. Екінің бірі осындай ерен еңбектің атқарылғанына бас шайқай қарайтыны және тағы бар. Еңбектің еленгенін еңбек еткен адам ғана түсіне алады. Еңбектің барлығын жеңбек боларын осы Бахтиярова Гульназдың жүріп өткен сара жолынан байқай аламыз. Еңбектің ешқашан да еш болмайтынын, оның қайта ел алғысына бөленіп, барынша жауапкершіліктің арта түсетіндігін көре аламыз. Қызмет еткен әрбір жыл адам үшін жақсы естеліктермен, барынша өзінің дамуымен есте қалғаны дұрыс. Бахтиярова Гульназ қызмет еткен жылдарында жақсы естеліктермен қоса, өзінің рухани дамуына кенелгенін байқай аламыз. 
      Қорыта айтқанда, Бахтиярова Гульназ – өскелең ұрпақтың денсаулығы мықты болуы үшін барынша еңбек еткен адам. Осындай ерен еңбегінің арқасында халықтың сенімімен қатар, өз әріптестерінің де құрметіне ие болды. Өзіне берілген жұмысты қалтқысыз орындауының арқасында елдің алдында мерейі үстем болып, білікті дәрігер атанды. Айта кету керек, Гульназ Бахтиярованың атқарған әрбір ісі көптің көңілінен шығып қана қоймай, өз ортасында білікті дәрігер болумен қатар, халқының алғысы мен батасына да ие бола білді. 
      Қызметтес әріптестердің арасында да барынша білікті жан, өз ісіне беріліп қана қоймай, ақ жүрек адамгершілігімен көзге түскендігін жиі айтады. Әріптестерінің арасында дәл осындай үлгі боларлық ақ халатты абзал жанмен қызметтес болғандарын мәртебе санайтындары да өте көп. Себебі, қызметтегі әрбір адам Бахтиярова Гульназ секілді өз ісінің нағыз маманы болумен қатар, отбасына да көңіл бөліп, жұмысын дөңгелетіп алып жүргеніне әрқашан да қайран қалып, сол кісідей болғылары келетінін де жасырмайды. Дәл осындай мықты акушер-гинекологпен қызметтес болу әрбіріне үлкен бақыт сыйлайтындарын айтады.
      Бүгінгі күні Бахтиярова Гульназ осы уақытта білікті дәрігер болумен қатар, үлкен жетістікпен, абыроймен жетті, халқының құрметіне бөленіп келеді. Ендеше, білікті адам жанының арашашысы бола білген Бахтиярова Гульназға әрқашан да сәттіліктер мен қажымас қайрат, халқының жадында мәңгі сақталатын саналы ғұмыр тілейміз. Тарих сахнасының сары парақтарында алтын әріптермен атыңыз жазулы тұруын шын жүректен тілейміз. 
      Дәрігер – арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болуы керек деген ата-бабамыздың айтқан ұлы да ұлағатты сөздері бар. Осы ұғымдарды тереңінен қарастырар болсақ ол сөздің мағынасы: арыстандай айбатты деген еш нәрседен қорықпайтын өзінің бойын қорқыныштың баурап алуына жол бермейтін деген мағынада, ал қыздай икемді деген өз ісіне байыппен, өз ісіне сеніммен қарай білетін жандар, ал анадай мейірімді деген науқастарға мейірімін төге білетін өзінің анасы өзіне қандай мейіріммен қараса, ол да науқастарға сондай мейіріммен қарай білетін жандар деп айта аламыз. Егер осы аталған қасиеттердің барлығы мамандық иесінің бойынан табыла білсе, ол үздік дәрігер атанар еді.
      Медицинаның атасы Гиппократ: «дәрігердің жүзі жылы, ұқыпты, киімі таза, қолдары жұмсақ, жағымды» болуы керек деген екен ертеректе. Дәрігерлік тек оқумен ғана шектелмейді, дәрігер болу ол да бір – өнер!
      Сіздің екінші атыңыз – Мейірім. Қазақта: «Жүзі жылыдан түңілме!», - деп жиі айтады. 
      Бахтиярова Гульназ әрбір жұмысының артында үлкен мейірімнің жатқандығын байқай аламыз. Мейірімнің ешқашан де еш болмайтындығын, қайта сол мейірімнің арқасында елдің алғысы мен батасына ие болатынымыз жасырын емес. Осы уақыт аралығындағы атқарылған жұмыстардың барлығы дерлік өз дәрежесінен асырыла орындалғанын, оны орындау барысында өз жұмысына қалтқысыз берілген абзал жанды көре аламыз. Бахтиярова Гульназдың өмірін қарай отырып, мейірімді жүрек бұл әлемге шуақ сыйлайтынын байқай аламыз. Ақ жүректі асыл тұлғаның ерен еңбегін қарай отырып қызығарыңыз хақ. Себебі, кез келген адамға бұндай өмір жолын жүріп өту екінің бірінің қолынан келмес еді. 
      Ертедегі қазақ жерінен шыққан Ибн Сина, Өтеубойдақ Тілеуқабылұлы секілді асыл азаматтарымыздың көзіндей болған Бахтиярова Гульназ бүгінде көмек қолын халқына созып жүр. Адам жанының арашашысы бола білген Гульназ Бахтиярова тәж тажалы келгенде де барынша жұмыс істеп, эпидемиологиялық ахуалдың да тұрақты болуына барынша күш салғаны тағы бар. Бүгінгі күні елеулі қызметте істеп келе жатқан Бахтиярова Гульназдың денсаулық сақтау саласына қосатын үлесінің де өте көп екендігін білеміз және тілекшіміз. Көп адам жүрегі дауалап осы мамандықты таңдай бермейтіні тағы бар. Бұл мамандықты тек жүрегінің түгі бар адамдар ғана таңдайтынын бүгінгі күні сезіп келеміз.
      Бұрынғы ақ халатты абзал жандардың бастаған ісін барынша жауапкершілікпен мойнына алып, оны әуелете көтеріп өз мұратына жету жолында барынша аянбаған еңбектің нәтижесін жоғарыда бірсыпыра атап та өтуді жөн санадық. Ақ халатты абзал жандарды кейде ақ қанатты періште деп те атайды. Себебі, адамның өмірін сақтап қалып, оның екінші рет дүниеге келуіне барынша күш-жігерін салады. 
      Жақсы мінездің жан аздырмайтындығын да дана халқымыз жиі айтады. Осы уақыт аралығындағы атқарған әрбір адамды емдеу барысында, еңбектің артында көркем мінездің де бар екендігін байқай аламыз. Жауапкершіліктің де барынша жоғары болуы істің де ары қарай алға басуына да барынша байланысты екендігін көре аламыз. Халқына барынша мейірімді, жауапкершілігінің жоғары болуына байланысты тынымсыз еңбек етіп келе жатқан Бахтиярова Гульназға халықтың алғыс пен батадан басқа айтары жоқ. Жақсы мінез адамның жан азығы. Шамшырақ айналасын қандай жарық етсе, Гульназ Бахтиярова да мейірімділігінің арқасында араласатын адамдардың жанын жарықпен қоса, жылуын да бере білген еді. Халықтың алғысы мен батасын нақтылап, дәлелдеп жатудың да қажеті жоқ. Оның бағасын ақ жүректі, ақ халатты атанған дәрігерлер мен қатар оған келген емделушілер де тізіп айтып береді. Осындай ерен еңбектің өзі халқының берген алғысы мен марапатының өзі жетіп жатыр.
      Қашан да, мінберлі биіктерден көрініп, барынша саналы ұрпақ тәрбиелей беріңіз. Ұрпақ санасындағы есіміңіз ешқашан да өшпесін. Ақ халатты періште атанған атыңыз ешқашан да өшпесін! Әлемге сіз секілді мейірімді жүректер ешқашан да тоқтамай, жалғастырып, ұрпақтан-ұрпаққа жете беріңіздер. Әр отбасыға сәбидің қуанышты үнін жеткізе беріңіз құрметті Гульназ Бахтиярова!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

13 июля 2026 13:54
Кульжами Есимхановна
Прочитала с большим уважением к человеку чье имя внесено в летопись золотой книги Казахстана, своему шефу, Кенжекыз...
12 июня 2026 14:28
Жаркын
Какая молодец, девушка из казахских степей Галина! Ее яркий творческий и целеустремленный, в то же время позитивный...
19 мая 2026 21:11
зангар
Азиз , мы кстати родственники, я внук Мыханова Санибека Акмырзаева, ты наверно его знаешь да?...