Тұғыры биік азамат
Болашақ! Мамандық! Арман! Мына берілген үш тіркестің не ұқсастықтары бар... олар жай ғана сөз ғой дейтін боларсыз. Бірақ олар кейбір адамдардың өмірлік мақсаттары. Жеке адамның өзіндік ерекшелігін бағалау, нені қалайтындығын білу, көңіл күйін қадағалау алдына келген әрбір науқасқа ерекше көңіл аударып, онымен қоса бойындағы білімділік пен біліктілікпен дараланып жүрген біздің сөз еткелі отырған бүгінгі кейіпкеріміз – Жүнісбек Илияс Мамырханұлы.
![]()
Илияс Мамырханұлы Оңтүстік өңірдің, Арыс қаласының тумасы. Болашақ мамандығына таңдау жасай білген жас жігіт Түркістан қаласындағы түркі дүниесін ортақ білім шаңырағына айналдыра білген Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегі. Өзінің емделушілерімен жұмыс жасау барысында, ең әуелі қабылдамас бұрын, оларға тек кеңес беріп, диагноз қойып, үрей мен қорқыныштан арылтып алатын кейіпкеріміз 2013 жылдан бастап Шымкент қаласында тіс дәрігері болып қызмет атқарады. Илияс Мамырханұлының сөзінше: «науқасқа сенімділік ұялата білген сәттен бастап, кеңес беру кезінде алынған ақпараттан проблемалық пациенттерді анықтап, олармен әрі қарай ем жоспары қалыптасады», - дейді.
Қазіргі таңда кейіпкеріміздің еңбек өтілі 8 жылды құрайды. Бүгінде шырайлы Шымкент шаһарында екі тіс емханасы қала тұрғындары үшін еңбек етуде. Илияс мырза өзінің еңбек тәжірибесі барысында жинақтаған білімін қазіргі күні шәкірт тәрбиелеп, әріптес ретінде қатарласа еңбек етіп жүр десек артық айтпағандығымыз. Кейіпкеріміздің тіс емханасында науқастарда кезігетін кариес ауруынан бөлек, заманауи техникалармен жабдықталған аппараттардың көмегімен тісті түзететін брекет салдыру, тісті ағарту сынды жұмыстары жоғары дәрежеде атқарылады. Сонымен қатар, науқасты емдеуге дайындаудан басқа, тіс дәрігері рентген сәулелерін өңдейді, өзекті анестезияны қолдана алатындығымен қала ішінде танымал.
![]()
Бұған дейін кейіпкеріміздің есімін түрлі БАҚ ақпараттарында және басылым беттерінде жарыққа шыққан мақалалардан кезіктіріп жүргендігіміз жасырын емес-ті. Илияс Мамырханұлы бірінде науқаспен тілдесудің тәсілін сөз етсе, енді бірінде ауыз қуысында кезігетін аурулардың алдын алу жолдарын тіліне тиек етеді. Тіптен, елімізде орын алған зияткерлік ойын «Миллион кімге бұйырады?» жобасының да қатысушысы болды. Бағдарлама аясында Илияс Мамырханұлы білімділігін дәлелдеп белгілі бір деңгейде жеңіске жете білген жандардың бірі. Салауатты өмір салтын ұстанатын дәрігер Илияс Мамырханұлы әлеуметтік желіні белсенді пайдаланушылардың қатарында. Еңбек жолында жеткен жетістігінен бөлек шаңырақ құру жолында да жар таңдаудан қателеспеген кейіпкеріміз бүгінде бір қыздың әкесі.
Халық денсаулығын сақтаушысы, ел игілігі мен амандығының аса маңызды тұлғаларының қатарында жүрген жандардың бірі – тіс дәрігерлері. Осы адамдардың арқасында ел азаматтары ауыз қуысында орын алатын сырқатынан айығып, бақытты ғұмыр кешуде. Сондықтан адам өмірінде тіс дәрігерлерінің маңызы айтарлықтай зор. Нағыз дәрігер науқасты дертінен емдеп қана қоймай, адамға психологиялық түрде жәрдем береді. Бүгінгі кейіпкеріміз нақ осы сөздердің иесі демекпіз.
Қай саланы таңдасаңыз да, оған жауаптылық танытыңыз, сол саланың өзін дұрыс таңдаңыз. Себебі, ол сіздің болашағыңыз дей келе, болашағын дұрыс бағытта бағамдап, халық адамына айналып, көптің көңілінен шығып жүрген қызметтегі сенімді әріптес, отбасындағы аяулы әкеге шығармашылық шабыт тілей отырып, еңбек жолында алар асуларыңыз көбейе берсін демекпіз!