Парасат биігіне көтерілген ұстаз
Қауырсын қаламымызды шабыт сиясына салып тереңірек тебіренсек, тұлпарының тұяғы жердің жүзін шарлаған патша да, отыз тістен шыққан сөзі отыз рулы елге тараған ақын да, сахна төрінің ханшайымы болған биші мен әнші де, ел шетіне жау тигенде қабырғасымен ел
![]()
қорғаған батыр да, таң шапағымен жүзін нұрландырған әрбір мамандық иелері де ұстаз алдын көріп, білім нәрімен сусындап, өмір бұлағының бастауы болған мамандық иесінен нәр алып келеді. Ұрпақтың ертеңі үшін, жарқын болашақ жолында жасалған еңбек ешқашан құнын жоймайды. Біреу бүгінгісіне басын қатырады, ал нағыз көреген келешектің қамын ойлайды. Алты алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлы, кейінгі келер ұрпақ, келешек қамы үшін өзінің ғазиз басын құрбан еткен ұлы тұлға. Онысын өзінің өлеңінде де былайша тайға таңба басқандай қылып айтып кетті: «Тән көмілер, көмілмес еткен ісім, Ойлайтындар мен емес бір күнгісін. Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын. Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін». Ұлы Ахаңдардың ұлық жолын ұстанып, ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне терең мән беріп, болашақтың қамын бүгін жасап жүрген жандар – оқытушы-мұғалім, ағартушы-педагогтар жүр арамызда.
Міне, осындай саналы ғұмырын ағартушылыққа арнап, білім саласының дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан әлеуметтік ғылымдардың магистрі, Алматы облысы, Іле ауданы, Ынтымақ ауылындағы №30 орта мектебінің педагог-психологы Мөкешова Қамар Муслатдинқызы туралы әңгіме өрбітпекпіз.
Көңілінде көктем гүлі бүр жарып, ұлы мамандықты өмірінің ұстанымы етумен қатар, адами асыл қасиеттерді бір бойына сыйдыра білген, 300-ден аса адамның тығырықтан шығуына көмектескен практик-психолог Қамар Муслатдинқызы 1972 жылдың 19 тамызында Өзбекстан Республикасында дүниеге келді. Төсінде малы қосылған, ел арасын тау бөктері ғана бөліп жатқан, шекара түспеген сол жылдары, қоңсы жатқан елде балалығын өткізген кейіпкеріміз, болашаққа нұрын шашатын білім ордасының табалдырығын да сол елде аттады. Міне, мектеп қабырғасында жүріп, ұлы мамандықты меңгеруге бағыт алған кейіпкеріміз ұстаздық жолына түсті.
Ұстаз болу – шәкіртіне ата-анасындай болып тәрбие беру, жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беруі. Орыс ойшылы Анатолий Луначарский айтпақшы, «Ұстаз – бұл жас ұрпақтың бойына ғасырлар бойы жинақталған барлық асылдарды сіңіруші, оларды соқыр сезімдерден, жамандықтардан және жұқпалы мерезден аулақтатушы адам». Ұстаз деген құрмет бәрінен де биік. Қай кезде де ұстаздарға құрмет жоғары болған. Ұстазға құрмет көрсету – білімге құрмет көрсету. Білімді құрметтемеген, ұстазын қадір тұтпаған шәкірттің ғылымда нәтижеге қол жеткізе алмайтындығы, қол жеткізсе де, тиісінше кәдеге асыра алмайтындығы да ра
![]()
с.
Осындай, мамандықтардың ұлысы саналған ұстаздық жолын Қамар Муслатдинқызы 1993 жылы Алматы қаласындағы № 128 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. Ұстаз болы – ұлт болашағына тікелей жауапты болу деген сөз. Кішкентайынан ұстаздарының шәкіртіне деген ерекше ықыласына құштар болған жас маман, өзі мұғалім болып шәкірт оқыта бастағанда ұстаз жауапкершілігін сезінді. Түрлі шаңырақтан тәлім алып, түрлі ортада өсіп келе жатқан өрендермен жұмыс жасап, оларды сан түрлі мінездерінің бабын таба отырып, сабақты түсіндіріп, санасына сіңдіру екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Бірақ, өз ісіне деген ерекше махаббаты, оқушымен жұмыс жасауға деген құштарлығы, үңіліп қарасаң түрлі жетістіктерімен қызықтыратын мұғалімдікті өмірінің негізі етіп таңдаған Қамар Муслатдинқызы ерекше құштарлықпен атқара білді. Сабақ барысында соңғы әдістемелік құралдарды қолдана отырып, берілген уақытта оқушылардың сабақты меңгеріп кету жолында аянбай еңбектене білді.
Мөкешова Қамар рухани дүниесі бай, ой-өрісі кең, қызығушылығы тұрақты, толық мінезді, парасат-пайымы, ой-өрісі биік жан. Оның мінез сапаларының бірі ретінде сабырлылығы мен байсалдылығын баса айтуға болады. Қандай ортада болса да өзін еркін ұстап, қарым-қатынасқа тез түсіп, әріптестерімен, ата-аналармен және шәкірттерімен жақсы тіл табыса біледі. Табиғатынан мінезі бірқалыпты, ашық, тіл байлығы зор, жүрегі жұмсақ, қайырымды, қамқор пейілді ұстаз. Сонымен қатар ұлағатты ұстаз бойындағы табиғи дарындылығымен, шығармашылығымен көптің арасында ерекшеленіп тұрады. Бұл оның ақыл-ой әрекетінің белсенді жүріп отыратындығын, жалпы дүниетанымының кеңдігін, жаңаны тез қабылдай білетіндігін айқындайды. Өзінің пікірлесімен асықпай отырып, жай сөйлесе біледі. Қанша жерден жоспарлы жұмыстары күтіп тұрс
![]()
а да сұхбаттасының көңілін жықпай, дұрыс жауап беруге тырысады.
Қолынан іс келетін, өз саласының үздігі болу жолында тынымсыз еңбектенетін жас қай саланың да таптырмас маманы. Марапат үшін емес, сәби санасына сабақты қондыру мақсатында жар құлағы жастыққа тимей, уақытпен таласа жұмыс жасаған еңбексүйгіштігі, ізденімпаздығының арқасында Қамар Муслатидинқызы оқушылардың сүйікті апайы ғана емес, ұжымдастары ортасында да құрметке ие болды. Одан кейінгі қызметінде 2000 жылы Алматы қаласының Бегалин атындағы балалар кітапханасы, мектепке дейінгі балалармен жұмыс жасап, білімін жетілдіру мақсатында 2005 жылы Қыздар Мемлекеттік педагогикалық институты, Психология факультетінен «психология» мамандығын игеріп шыққан ұстаз. 2005 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, педагогика және психология факультеті, Психология кафедрасының оқытушысы қызметін атқарды. 2011 жылдан бастап аға оқытушы қызметіне ауысып, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Педагогика және психология факультетін психология мамандығы бойынша біліктілігін арттырған Қамар Муслатдинқызы 2013 жылдан бастап Іле ауданы, Ынтымақ ауылының №30 орта мектептің педагог-психологі қызметін абыроймен атқарып келеді.
«Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен артық, өйткені, мұғалім – мектептің жүрегі» деп ұлы педагог Ыбырай Алтынсарин текке айтпаған. Қамар Муслатдинқызы оқудан, ізденуден, сәт сайын жаңаны біліп отырудан еш жалыққан емес. Қолының бос уақытын пайдаланып, өзінің алдына қойған мақсаттарымен айналысады. Арасында жеке шығармашылыққа ден қоятыны бар. Ойына оралған кейбір ойларды дәптеріне тізбектеп, оны тәжірибе жүзінде де пайдаланады. Көптеген әдеби кітаптар оның үйінің төрінен орын алған десек қателеспеген болар едік. Себебі, сыйлыққа кітап алып, басқаға да кітап сыйлағанды жаны қалап тұрады.
![]()
Түрлі ашық сабақтар, ашық тәрбие сағаттарын, кештер, ертеңгілік сайыстарының өтуіне атсалысып, жоспарлау іскерлігін көрсете білді. Оқытудың озық технологияларын пайдалана отырып, білім мен тәрбие беру сапасын арттыру мақсатында мектепте аудандық, аймақтық олимпиада, мектепішілік семинар, панорамалық сабақтарға қатысу шараларының орындалуына сеп болып келеді. Білімді ұстаз өзінің әр сабағына үлкен жауапкершілікпен қарай біледі. Оқушыларына жоғарғы талап қоя отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңаша әдіс-тәсілдерді, жаңа технологияларды үнемі пайдаланып отырады. Әр сабағында оқытудың білім берушілік, дамытушылық және тәрбиеленушілік функцияларын жүзеге асыруда, оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру процесіне кешенді қамтамасыз етуге аса көңіл бөледі. Сабақ барысында баланы оқуға ұмтылдыратын мотивтерді жиі қолданады. Мысалы, білім мазмұнын қызықты материалдармен байытуда жеке танымдық тапсырмалар, қызықты сауалдарды қолдануы, оқушылардың танымдық сұраныстарын қанағаттандыруы, ойлау сезімдерін байытып, білуге деген құштарлығын оятады. Қамар Муслатдинқызы бойынан қажырлылық, белсенділік сияқты жақсы қасиеттерді іздемей-ақ, бірден байқай аласың. Өзіне тапсырылған жұмысты асқан жауапкершілікпен орындайтын, ұжымның арасында беделді, сыйлы жан қашан да күлімдеп, өз жұмысына сүйіспеншілік сезіммен келеді.
Мөкешова Қамар Муслатдинқызы ұстаздық жолында шығармашылық және білім беру жүйесін жетілдіру аясында жеткен жетістіктері орасан зор. Атап айтқанда, халықаралық, республикалық, облыстық көлемде іс-тәжірибе тарату мақсатында конференцияларда, семинарларда жоба жұмыстарын қорғап, баяндамалар оқып және шебер сыныптар көрсетуде. «Жанұяда тәрбиелеудің этнопсихологиялық ерекшеліктері», 2019 жылы ұстазы ізденісі мен ұғымынан туған Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына арналған жолдауындағы қоғамды модернизациялаудың негізгі басымдықтары» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық конференцияда мақаласы оқылды.
Сонымен қатар, ұлағатты ұстаздың бірнеше оқу құралдары білім саласында қолданылып келеді. 2011 жылы Алматы қаласында «Тарих тағылымы» баспасынан Абай атындағы ҚазҰПУ «Студенттердің оқытушылармен өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда интербелсенді әдістерді қолдану», «Топтық психотерапия негіздері» оқу-әдістемелік құралдары жарық көрді. Ұстаз еңбегінің еленгені деген осы. Нәтижесінде, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің аға оқытушысы дәрежесіне ие болып, «Абай атындағы ҚазҰПУ-і 80 жылдығына» деканаттың мақтау қағазымен және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Ұстаз үшін шәкірттерінің өзінің жолын жалғастырып, мерейін асырғанынан артық марапат та, бақыт та жоқ. Ұлғатты ұстаз сонысымен де мақтанып, марқаяды. «Ұстазы талантты болса, шәкірті талапты болады» деген, Қамар Муслатдинқызының тәлім алып, өнегесін үлгі еткен шәкірттері түрлі жетістіктерге жетіп жүр. 2014 жылдан бастап дарынды оқушыларды психология және этномәдениеттану пәнінен халықаралық және облыстық «Дарын», «Зерде» республикалық, қалалық және облыстық ҚР КҒА ғылыми жобалар мен олимпиадалар жеңімпаздары, грант иегерлері атанды.
«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз баласына талмас қайрат сыйлайды» демекші, әркезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі бола білетін ұстазға кім-кімнің болмасын алғысы алғаусыз. Еңбегімен еленіп, әрдайым абырой биігінен түспей, сүйікті шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленіп келе жатқан, «Ұстаздық» атты Алатаудың бір шыңында есімін жа-зып қалдырған Қамар Муслатдинқызының қол жеткізген жетістіктері мен ерен еңбегіне берілген марапаттары да за емес. Атап айтар болсақ,
- 2008 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ біліктілікті көтеру институтында «Электронды білім беру басылымдарын дайындау және пайдалану» бағдарламасы бойынша теориялық дайындықтан өткені жөнінде Сертификат;
- 2009 жылы Білім беру және ақпараттық жаңашыл технологиялардың ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «Оқытудың интербелсенді әдістері мен тәсілдері» семинарынан Сертификат;
- 2010 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ психология-педагогика факультетінің Мадақтамасы;
- 2016 жылы «Өрлеу» БАҰО «Алғыс хаты»;
- Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жасөспірімдердің жеке тұлға болып қалыптасуына психологиялық қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар берудегі қосқан үлесі үшін аудандық бөлім басшысының Мадақтамасы;
- «Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсету» тақырыбындағы дөңгелек үстелден Сертификат;
- Білім беру үрдісіндегі қатысушылардың арасындағы кикілжіңді болдырмау жолдары» тақырыбындағы облыстық семинарға белсене қатысып, тәжірибесімен бөліскені үшін «Алғыс хат»;
- 2017 жылы Психологиялық қызметінде білім алу процесіндегі проблемалық жағдаяттарды шешу жолында Іле ауданы білім бөлімінің Мадақтамасы;
- «Педагогтардың кәсіби біліктілігі – нәтижелі білім берудің негізі» атты 8 сағаттық облыстық семинар-тренингтен Сертификат;
- Мерзімді баспасөз басылымы ұйымдастырған «Бүгінгі таңдағы білім беру мәселелері мен болашағы» атты конференцияда баспа бетінде «Үздік сабақ» көрсеткені үшін Диплом;
- 2018 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Алтын ұрпақ» байқауынан ІІ дәрежелі диплом;
- Дарынды оқушылардың нәтижелі де сапалы жетістіктерге жетуіне жетекшілік еткені үшін Мақтау қағазы;
- Алматы қаласы Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық мерзімді баспасөз басылымы «Білім әлемінен» І дәрежелі Диплом;
- «Отбасылық қарым-қатынастағы психологиялық факторлар» тақырыбындағы облыстық семинар-тренингке белсене қатысып, іс-тәжірибе алмасқаны үшін «Алғыс хат»;
- 2019 жылы ҚҒА «Іле ауданы білім бөлімінің» Мақтау қағазы;
- «Білім берудегі психология: жаңа мектепті психологиялық қамсыздандыру» тақырыбында форумның шебер-класс алаңына белсене қатысқаны үшін Іле ауданы білім бөлімінің Мадақтамасы;
- 2020 жылы Қазақстан педагогтар қауымдастығының «Тәуелсіз Қазақстанның үздік ұстаздары – 2020» байқауынан «Қазақстанның үздік ұстазы» ордені;
- «Дарын» І Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасынан I дәрежелі диплом;
- Алматы облысының білім басқармасынан ІІІ дәрежелі Диплом;
- Қазақстан педагогтар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық «Тәуелсіз Қазақстанның үздік ұстаздары – 2020» байқауына ұсынған жұмыстары үздік деп танылғаны үшін Диплом;
- ХVІІ республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстарының жобалар конкурсының облыстық жүлдегері;
- 2020 жылы 12 желтоқсанда «Қазақстанның үздік ұстазы» орденінің иегері. Осындай «Сегіз қырлы, бір сырлы» Қамар Муслатдинқызы қандай марапатқа болса да лайықты. Қолынан іс келетін, көп ойланып, аз сөйлейтін, мың пішіп, бір кесетін кесімді ойы бар тұлға.
«Мұғалім – зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты» деп орыс халқының ұлы педагогы К.Ушинский айтқандай, ол өз бойындағы білімді шәкірттеріне беріп, білім нәрімен сусындатқанды болашақ алдындағы парызы деп есептейді.
Қамар Муслатдинқызы кез келген жұмыс барысында өзін тек жақсы жақтарымен көрсете біледі. Қызметтік міндеттерге және білім беруде жауапкершілікпен қарайды. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, шығармашылықпен жұмыс істейтін кәсіби тәжірибесі мол, мемлекеттік тілді және қарым-қатынас тілдерін жетік меңгерген білікті маман. Өзі білім беретін оқушылары мен жұмыс жасап отырған ұжымына әдістемелік көмек көрсетіп, үнемі көңіл бөліп отырады. Үлгілі ана, білікті әдіскер және шебер ұстаз.
«Қазақтың тағдыры, келешегі мол ел болуы да мектептің қандай негізге құрылуына тіреледі. Мектебімізді сау, берік һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегімізге тайынбай серттесуге болады. Ал сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт» - деп ұлы педагог М.Жұмабаев айтқандай, болашағымыздың нұрлы болуы білікті ұстазға тікелей байланысты. Білікті басшы мұны үнемі қаперінде ұстап, ұжымына әр лездемеде айтып отырудан жалыққан емес.
Бүгінгі кейіпкеріміз Қамар Муслатдинқызының дүниетанымдық көзқарасы бай. Оның сенімі қызметке бейімділігі, кәсіптік білімі мен біліктілігі, қамқорлық көзқарасы, сүйіспеншілік сезімі, ұйымдастырушылық қабілеті, заманға сай жаңашылдығы осындай даралық қасиеттері оны бақытқа жеткізіп келеді. Ұлт болашағын тәрбиелеу барысында өзіндік үлесін қосып келе жатқан ұстаздың деніне саулық, отбасына амандық тілейміз!