Толқын Ақанұлы

Рейтинг:

Парасат биігінде

      Әдетте басқалар жайлы жазу оңай емес. Қалам ұстап, ақ парақ бетіне жол салып кетудің өзіндік машақаты да аз емес. Осы тұлғаның қай қырынан бастап сөз бастасам деп ұзақ толғанасың. Енді бастап келе жатып, кілт тоқтап, оның жүріп өткен жолы жайлы ойланасың. Ел арасындағы салмағы қандай, жалпы қай саланың бағын жағып жүрген пенде екенін бағамдайсың. Жақсыға баға беру дегеннің өзі де қиын. Жайшылықта сол жанмен емен-жарқын әңгімелесіп жүре берер едің, алайда, ол жайлы қалам тербеуге келгенде тосылатының жасырын емес. Себебі, қандай мақтаудың лайықты екенін білмей, толқисың.
      Иә, «жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» демей ме қазақ бабамыз. Қай кезде болмасын өзінің баласының жетістіктерімен мақтанатын қазақтың дарқан пейіліне жетері жоқ. Әңгімемізге арқау болып отырған Толқын Ақанұлын «Сегіз қырлы бір сырлы» азамат деуге болады. Бір өзінің бойында талай өнер тұнып жатыр. Ол өз саласын жетік меңгерген, жан-жақты заманауи білікті дәрігер, адам жанын ұғына білетін психолог. Өмірдің ағы мен қарасын жақсы танитын ақындық қабілеті және бар. Шығармашылыққа жаны жақын, өлең-жыр десе күйіп тұратын, ойы орамды, тілі шебер қаламгер. Сонымен бірге тамаша сазгер. Бірнеше өнерді қатар меңгерген қоғам қайраткері.
      Адам баласы қандай мақсат-мұратқа жетсе де өзінің ата-анасынан алған тәрбиесінен әрі аса алмайтыны хақ. Ендеше кейіпкеріміздің отбасынан алған тәлімді тәрбиесінің арқасында заманында дара туып, ерек жүрген азаматтың бірегейі деуге болады. Осыншама білім мен білікті көтеріп жүрген азаматтың тым қарапайымдылығына да сүйсінесің. Расымен де ол бірқалыпты сырбаз, байсалды қалпынан ешқашан танбайды. Қашан көрсең де парасаттылығын байқатып, үлкенмен де, кішімен де бірдей дәрежеде сұхбат құрып, ортақ пікір алмасып, өзіндік ойымен бөлісіп жүреді. Өзім білемін деген қасиеттен ада. Көпшіл, әрі көптің әңгімесін бар ынта-шынтасымен тыңдап, дұрысына дұрыс баға беріп, қате кеткен жерін білдірмей ғана дұрыстап отырады. 
      Жалпы адамзатқа адамгершілік қасиет қымбат қой. Толқын Ақанұлының тұлабойы сондай қасиетпен жаратылғандай. Қай жағынан алып қарасаң да оның ізгі істерін көре аласың. Араласатын ортасы да сондай екенін байқауға болады. Өзінің отырған ортасын рухани байытып, көпке көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтыны тағы бар. Кім-кіммен араласса да сол ізетінен өзгермейді. Алдымен сәлем беріп, қоштасарда шын қимай тұрғанын байқайсың. Рас, сондай әдемі кештің ұзағырақ болғанын іштей қалап, уақыттың зырғып өтіп кеткеніне «әттеген-ай» дейтіні бар.
      Өзім деген жаннан ештеңесін аямайтын мәрт азамат. Кез келген қандасына қолынан келгенше көмегін беруге даяр тұрады. Сол жасаған жақсылығын біреуге айтып жария қылмайды да. Тек оның сондай игі істерін айтып жүретіндер өте көп. Көңілі соққан уақытта жақсы да жайсаң дос-жарларына өлең жолдарын арнап қояды. Өзінің айнымас серігіне айналған қалың дәптеріне оны-мұны жазып жүреді. Қоғамдағы болып жатқан қайсыбір жаңалықтарға назар салып, оған өзіндік үн қосып та отырады. Ешуақытта біреудің кем ісіне немқұрайлы қарамайды, оған қажетінше ақылын айтып, жөнге салуға ұмтылады. Бөтенді кемсітуге тырыспайды. Сонысымен де оны көпшілік сыйлап, құрметтеп, төрден орын ұсынып жатады. Астамсымайды. Өзін басқадан жоғары санамайды. Көшбасшы ретінде жанындағыларға қамқорлығын аямайды. Басқа-ның жағдайын жақсы түсінеді. 
      Толқын Ақанұлы бүгінгі күні «Қазақстан Ұлттық Агроөнеркәсіп палатасының» вице-президенті, «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті, «Барқы би» қорының президенті. Денсаулық сақтау министрлiгi «Қазақстан Pеспубликасы халық және рухани емшiлер мекемесінің», Дәрігерлік экология, космоэнергетика мамандығы бойынша ХЭА Академиясының, «Табиб» халық емшiлер Қауымдастығының толық мүшесі. Сондай-ақ «Сая» мейірімділік қорының, Қазақстан психологтар ассамблеясының Еуразия жазушылар одағының мүшесі. Психология ғылымдарының магистр академиялық дәрежесін қорғаған. Қазақстан Республикасы медицина саласының және Қытай, Моңғолия мемлекеттерi медицинасының үздiгi. Спорт саласындағы жетiстiктерi үшiн 3-дәрежелі спорт шебері атағы бар. «Баян-Өлгей аймағының Құрметті азаматы». Халықаралық «Экология» академиясының академигі. Түркi халықтарының әдебиеті мен өнерiне қосқан үлесi үшiн алтын медалiнiң иегері. Халық денсаулығын сақтау iсiндегi ерекше еңбегі үшін бірнеше рет марапаттарға ие болған көрнектi тұлға. 
      Толқын Ақанұлы бiлiктi маман, бiлгiр дәрігep ғана емес, мәдениет және өнер саласына еңбегi сiңген қайраткер де. Оны жоғарыда да жазып өттік. «Жігітке жеті өнер де аз» дегендей, бір бойында сан қырлы таланты бар. Елім деп, жерім деп еміреніп тұратын нағыз отаншыл азамат.
      Толқын Ақанұлы 1968 жылы7 мамырда ҚХР, Тарбағатай аймағы, Толы ауданында дүниеге келген. Ол 1985-1989 жылдар аралығында ҚХР, Шыңжан медициналық университетінің жалпы медицина мамандығында оқып білім алған. 2011-2014 жылдары «Тұран-Астана» университетінде Психология ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін қорғады. Білімді азамат Қытай Халық Республикасы, Моңғолия Халық Республикасы және Қазақстан Республикасының медицина саласының үздігі. Медицина саласында 30 жылдан аса тәжірибесі бар білікті маман. «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Алматы» аудандық филиалының «Қазақ Емханасы» бастауыш партия ұйымының төрағасы. Ақын, композитор, Қазақстан Республикасының өнер қайраткері, Қазақстан Республикасы және Еуразия Жазушылар одағының мүшесі. Оның «Үміт сыйлағым келеді», «Қарағай бастауым» жыр жинақтары мен «Емші кәдесі», «Ем алыңыз, Дем алыңыз» кітаптары жарық көрген.
      Толқын Ақанұлы 2007 жылы атажұртына оралып, 2009 жылдан бастап халыққа қызмет көрсететін «QAZAQ EMHANASY» қазақ және шығыс медицина орталығының директоры, бас дәрігері болып абыройлы қызмет атқарып отыр. Қазіргі таңда ол емхананың бес филиалы Нұр-Сұлтан, Шымкент, Сарағаш, Түркістан қалаларында жұмыс жасап, елге игілікті қызмет көрсетіп тұр.
      Өр тұлғасында бекзаттық пен тектілік көрініп тұратын Толқын Ақанұлының қашанда жүзінен шуақ нұры төгіліп тұрады. Өзіне үміт артып, үлкен сеніммен келген жанның жүрегіне жылу беріп, көңіліне қуаныш ұялатады. Еңбексүйгіш, адамгершілігі мол азаматтың ағынан сөйлеп, адам емдеуінің өзі бөлек әңгіме. Мейірімділік пен махаббатын, жылылық пен қамқорлығын аямайтын азамат, нағыз адамгершілік үлгісінің символына айналып, игілікті мамандықты абыроймен атқарып келеді. Ол расымен де құрметтің үлкеніне лайықты азамат. Күні бүгінге дейін көптің ыстық ықыласына бөленіп келе жатқан бедел биігіндегі азаматтың өмір жолы расымен де көпке үлгі. «Жақсымын деп мақтанба халық айтпай, батырмын деп баптанба, жауға шаппай» дегендей, оның адал атқарған еңбегі ең жоғары бағасын алып келеді. Ал азаматқа осыдан артық бақ жоқ.

«QAZAQ EMHANASY» ҚАЗАҚ
ЖӘНЕ
ШЫҒЫС МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ

      Бас дәрігер, академик Толқын Ақанұлының бастамасымен «QAZAQ EMHANASY» қазақ және шығыс медицина орталығы 2009 жылы Нұр-Сұлтан қаласында ашылған. 2013 жылдан бастап «Бақкелді-2012» ЖШС ретінде халыққа үздіксіз қызмет етеді. Емхананың негізгі бағыты қазақ және шығыс медицинасына сүйене отырып, табиғи препараттармен емдеу. Орталық 100-ден астам ауру түрлерін емдейді. Ем алушыларға медицина саласында бірнеше жылдық тәжірибесі бар, жалпы саны 50-ге жуық білікті мамандар қызмет етеді. 
      12 жылдық тарихы бар Қазақ емханасында бір күнде орта есеппен дәрігердің қабылдауына 70-тен астам адам қаралады. Айына 2500-ге жуық адам тексеріледі. Бір жылға шаққанда 25 000 мыңға жуық адам дертіне дауа іздеп, емхана қызметіне жүгінеді. Орталық ашылғалы 12 жылдың ішінде 350 000 мыңға жуық адам емханадан ем қабылдаған. Қызметкерлер науқастарға 24/7 демалыссыз қызмет етеді. Ем алушылардың 90-95%-ы ауруынан толықтай айығады. Осы уақытқа дейін емханаға 22 мемлекеттен ем алушылар келген. Тіпті, емі жоқ, емделмейді деген диагнозбен келген аурулардың өзі ауруынан толықтай айығып, орталық басшысы мен қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп кетеді.
      2020 жылы наурыз-сәуір айында әлемді жайлаған пандемия кезінде емхана күніне 200-ден астам, айына 6000 мыңға жуық короновирус індетіне шалдығып, дертіне дауа іздеген жанға қызмет етті. Бір күнде 150 адам система қабылдап, 100 адам ине терапиясын, 60 адам массаж қызметін қабылдаған. Ал күнделікті жағдайда система қабылдаушылар саны 80-90 адамды, ең азы 30-40 адамды құрайды. Массаж және ине терапиясы күніне 20-30 минуттан 70-ке жуық адамға қойылады. 
      Қазіргі таңда короновируспен емделуге 80-85%, бас ауруымен 60-70%, гайморитпен 30-40%, ангина, тамақ ауруларымен 35-40%, қан қысымы бойынша 50-60%, жүрек қан тамырлар ауруымен 50-45%, грыжа, буын ауруларымен 60-65%, бүйрек (бүйрек тасын түсіру) 45-50%, өт жолы, ұйқы безі 20-25%, қант диабеті 30-35%, асқазан аурулары 40-45%, ісік ауруы, геморроймен емделуге 50-55%, тері ауруларымен 70-75% адам ем қабылдайды. Емханада бедеулік пен белсіздікке арналған ерекше ем-шара түрлері бар. Жылына 150 адамның 90%-ы балалы болып, дүниеге сәби әкеледі. Аллергия мазалап келген 500 адамның 99%-ы дертіне шипа табады. 
      Еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы емхананың қызметіне жүгіну үшін қала, аудан, ауыл, шалғай өңірлерден келіп ем қабылдайды. Осы уақытқа дейін еліміздің 4 қаласында (Нұр-Сұлтан, Шымкент, Түркістан, Сарыағаш) емхананың 5 филиалы ашылды. 
      Сонымен қатар емханада зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға 10% жеңілдік қарастырылған. 
      Емханамыз өз мүмкіндігіне қарай әр күні 50-60 реттен астам адамдарды тексеріп-көреді немесе емдеу шараларын жасайды. Осы үрдіспен қарағанда қазірге дейін миллионнан астам адамды емдеп, оның 90 пайызы толығынан қатарға қосылды немесе емделіп жазылды. Тіпті ішінара басқа енмханалар «өледі» деген науқастардың өзін аяғынан тік тұрғызған тәжірибеміз бар.


ЕМ АЛЫҢЫЗ, ДЕМАЛЫҢЫЗ
Сөзі, әні: Толқын Ақанұлы 

 (Емханамыздың әнұраны)

Мейіріммен қарсы аламыз,
Қуат беріп әл саламыз.
Шуақ төгіп ән саламыз
Біз қазақы емханамыз. 

 Қайырмасы.

Кең тыныстап демалыңыз, 
Сіз алаңсыз ем алыңыз. 
Ем алыңыз, демалыңыз
Біздің асқақ ұранымыз.

Ақ халатты киіп алып, 
Ел мүддесін биік алып.
Күресеміз жанымызды 
Шүберекке түйіп алып. 
 
Берекенің үлгісіміз,
Баршаға аян ізгі ісіміз,
Барлығы да халқым үшін
Сіздер үшін жұмысымыз.

 Қайырмасы.

Кең тыныстап демалыңыз, 
Сіз алаңсыз ем алыңыз. 
Ем алыңыз, демалыңыз
Біздің асқақ ұранымыз.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...