Изтлеуов Сағынтай

Рейтинг:

Сау тіс - саулық кепілі 

    Медицина – жер бетіндегі адамзаттың жарқын болашағы, зор денсаулығы, дені сау ұрпақ үшін күресетін, алғыс пен құрметке толы лебіздермен қонышы толған, қанатын кең жайған тамырлы сала. Міне, осы бір күрделі саланы дамытып, Алладан кейінгі адам жанына араша болып келе жатқан ақ халатты абзал жандар туралы қаншалықты көп айтылса да артықтық етпейді. Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екені дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. «Ауырмай тұрып денсаулығыңды бағала» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.
      Халық алғысын алған жан бақытты болатыны сөзсіз. Ал дәрігер болу көптің көңіліне үміт сәулесін шашатын, нағыз алғысқа лайықты жан деуге болады. Дәрігер кең ұғымды қастерлі мамандық. Медицина қызметкері болу адамға денсаулық, тіпті кейде өмір сыйлау деген сөз іспетті. Ауру жас талғамайды ғой. Ал ине мен пышақты өмірлеріне серік еткен ақ халатты, алтын қолды дәрігерлер қауымына бесіктегі баладан төрдегі қарттың баратыны рас. Есесіне дәрігерлердің алатын алғыстары да соншалықты. Қиналғанда көмек сұрап, ауырғанда шипа іздеп алдына барған әрбір науқасқа қолдау көрсететін, өмірлеріне қауіп төнген сәтте араша түсіп, тіпті кейде екінші өмір сыйлап жататын дәрігерлердің еңбегі расында өлшеусіз. Олар денсаулық саласында аянбай еңбек етіп қана қоймай, халықтың ықыласына бөленіп, бір туысындай болып кеткен жандар. Себебі, адамға ем дарытып қана қоймай, науқастың жанын  түсінетін, жылы сөзімен дем беретін маман иесі де солар.
      Осындай, алпыс екі тамырлы ет пен сүйектен жаратылған адамзаттың жүрек дүрсілін ұдайы соқтырып келе жатқан медицинаның маңызды салаларының бірі – стоматологияны меңгеріп, саулықтың кепілі болған маржан тістерді күтіп-емдеуде қызмет етіп келе жатқан дәрігерлеріміздің бірі – Изтлеуов Сағынтай Асқарұлы өз саласының үздік маманы. «Әр істің шала білгірі болғанша, бір істің дана білгірі бол» деп дана қазақ айтпақшы, саналы ғұмырын медицина саласына арнап, тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіп келе жатқан Сағынтай Асқарұлы 1986 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келді. Елгезектігімен де көптің батасын алып жүретін. Үлкендердің жолын кеспей, алдынан тосып, көмек қолын созуға даяр тұратын. Жүрегі кең даладай кең, өзінен кішілерге де ағалық қамқорлығын көрсетіп жүретін Сағынтайдың ата-анасы еліне, ағайын-туысына сыйлы, өнегелі отбасы болды. Өмір құндылықтары мен боямасыз болмысын перзенті бойына сіңіріп, ақ сөйлеп, адал еңбек етіп, қандай істе де табандылық танытуға тәрбиелеген әкесі Изтлеуов Асқар Бақыткерейұлы мен сөзі жүрекке жібектей жұмсақ тиетін анасы Изтлеуова Раиса Сармантайқызының өнеге мен тәлім-тәрбиесін алды. Бүгінгі таңда, төртінші мегаполиске айналуға бет бұрған киелі өңірдің топырағына балалық табаны тиіп, тарихта еңбектері мен ерліктері, есімдері тасқа жазылып қалған тұлғалардың өнегелі өмірін үлгі етіп өскен бала Сағынтай кішкентай кезінен-ақ жан-жақтылығымен, бір істі бастауға деген құштарлығымен көзге түсті.
      Тәуелсіздік алсақ та, тоқыраудың тірсегі діріл қаққан 1993 жылы Ақтөбе қаласындағы №39 орта мектеп табалдырығын аттаған оқушы Сағынтай танып-білуге деген қабілеті мен оқуға деген құштарлығының арқасында, үлкен өмірге бағыт-бағдар беретін білім ордасының тереңіне сүңгіп кетті. Мектептің қоғамдық өміріне белсене араласып, өткізілген білім сайыстары мен спорттық шаралардың бел ортасында жүрген ол сыныптағы алдыңғы қатарлы оқушылардың бірі болды. Жазылатын жақсы шығармалар жазушы түйсігіне таң шапағымен таласа келетіні секілді, үлкен азамат болып өсемін, болашақ бір мамандықтың иесі боламын деген әрбір оқушы жүректе бір арман болады. Ол сол арқылы қанаттанып, сол арқылы талаптанып, жүрер бағытын анықтайды. Сағынтайдың да бала арманы медицина саласында қызмет ету болатын. Әр жұмыр жүректе тағдыр тарту ететін өзіндік қабілеті мен икемі болады. Осылайша, сана-түйсігінде тербелген таңдау, бала арман Изтлеуов Сағынтайды 2004 жылы Ақтөбе қаласындағы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университетіне алып келді. 
      Иә, дүниеде адам емдеуден артық өнер жоқ шығар сірә... Қиын да күрделі тіс маманы болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Оған үлкен жүрек пен темірдей төзім керек-ақ. Тіс дәрігеріне икем керек. Яғни, қолы епті, саусақтары майысып тұратын, ұсақ нәрселерді іліп әкететін қасиеті, аса күшті шыдамдылық пен қолының ебі, адамға көмектесуге деген таза ниеті болуы керек. Асқан ұқыптылық пен тазалықты талап ететін осы бір шетін мамандықты меңгеруде студент Сағынтай аянып қалмады. «Жастық шақ, білім іздеу нақ дер шағың» деп, жоғарғы оқу орнының қоғамдық өміріне белсене араласып қана қоймай, өзі таңдаған стоматология саласы бойынша ізденіп, оқып танымын кеңейте түсті. Әр жерден келген өзінің қатарластарымен танысып, достасып, жаңа өмірге қадам басты. Әр өңірге қонақ болып, жаңа ортаны көзбен көрді. Жақсы мен жайсаңды кездестіріп, дастарқандас болды. Жақсылардың жақсы сөздерін тыңдап, керектісін алды, өзіне пікірлес жандарды жанына тартты.
      Адам тәнін емдеумен байланысты мамандықты меңгеру оңай ма, жеті жыл білім ордасында тәлім алып, 2010 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университетінің стоматологиялық факультетін бітіріп шыққан Сагғынтай Асқарұлының алғашқы еңбек жолы Ақтөбе қаласындағы жедел жәрдем медициналық ауруханасының бет-жақ хирург дәрігері болып басталды. Білімді, жақсы ұстаздардан тәлім алған Сағынтай Асқарұлы өз жұмысын жандандыра білді. Әрине, дәрігер болу оның ішінде хирург болу оңай емес. «Еңбексүйгіш ердің еңсесі биік» деген ғой. Бұл тұрғыдан келгенде біліктілік пен шыдамдылықты қатар талап ететін жауапты мамандық иесіне жұмыс барысында еш қателесуге болмайды. Сондықтан да кейіпкеріміз ұдайы тәжірибелік білімін жетілдіріп, ізденіс үстінде жүреді. Ерінбей еңбек етіп, өзіне де, еліне де зор пайдасын тигізген ақ халатты абзал жанның әріптестерінің арасында беделі биік, абыройы асқақ. Өз мамандығына жан дүниесімен берілген білікті дәрігер үшін «ақ халатты абзал жан» деген халықтың құрметті атағы бәрінен де бағалы.
      Қай жерде, қай ортада болмасын өз жұмысына аса ыждағаттылықпен қарап, әріптестері арасында биік беделге ие болып келеді. Өзінің ісіне жауапкершілігі мол азаматты ел: «алтын қолды дәрігер» деп атап кеткен. Үлкен-кішінің көңілін қалдырмайтын білікті маманды іздеп келушілері көп. Тіпті осы уақытқа дейін жұмыс орнын алмастырғанына қарамастан тұрақты емделушілері де бар. Себебі, қолы жеңіл дәрігер қай уақытта да сұранысқа ие екені сөзсіз. Одан әрі қызметте сатылай өрістеп, 2014-2017 жылдары жедел жәрдем медициналық ауруханасының бет-жақ хирургия бөлімінің меңгерушісі, 2017-2020 жылдар аралығында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медициналық университетінің балалар және хирургиялық стоматология кафедрасының ассистенті қызметін атқарған Изтлеуов Сағынтай Асқарұлы 2020 жылдан бастап М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университетінің стоматологиялық клиникасының бас дәрігері қызметін абыроймен атқарып келеді.
      Сырқат жанның дертіне шипа таба білетін, «Денсаулық басты байлық» дегенді ұстанымы еткен дәрігер өз науқастарына бірнеше жылдан бері әдемі күлкі сыйлап келеді. Дәрігерлік антына адал, өз ісіне тиянақты. Кез келген міндетті шешуге ұмтылған ақыл, жоғары кәсіпқойлық пен шығармашылық көзқарас оның басты қасиеті. Ел сенімін ақтаудың қаншалықты маңыздылығын қолынан іс келетін азаматтардың мойнына алған жауапкершілік жүгінен аңғаруға болады. Еңбек еткен жылдарына байланысты, адал еңбегінің бағасы ретінде алған марапаттары да аз емес. Атап айтар болсақ:
      - 2014 жылы Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасынан «Алғыс хат»;
      - 2017 жылы Америка Құрама Штаттарының  Вашингтон, Нью-Йорк қалаларында өткен Мемлекеттік департаментінің «Халықтың осал топтарына медициналық көмек көрсету» оқу жобасының қатысушысы;
      - 2020 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университетінің «Құрмет грамотасы» сынды жетістіктері бар.
      Тек қызметтік өрлеуінде ғана емес отбасында да өз бақытын тапқан кейіпкеріміз 2011 жылы шаңырақ көтереді. Өмірлік серігі Валентина екеуі Жақсылық, Сәния, Айдария атты ұл-қыздарын дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отырған бақытты ата-ана. Ана тілінен өзге орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген Сағынтай Асқарұлы бос уақыты болса әдеби кітаптарды оқып, спортпен де шұғылданады.
      Иә, медицина тілі – қиын тіл. Аса жауапкершілік пен ержүректілікті талап ететін бұл саланы таңдауға екінің бірінің жүрегі дауалай бермесі анық. Әр саланың қызығы мен шыжығы қатар жүреді. Алайда, түрлі ауыртпалықты көре жүріп адам үйренеді, маманданады, жауапкершілікті түсінеді. Адам жанына араша түсетін дәрігер мамандығын таңдау үлкен жауапкершілікті талап етеді. Тек бір адамның ғана емес, бүкіл адамзаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін медицина өкілдерінің мойнына артылар жүктің өлшеусіз екені айтпаса да түсінікті. Осы салада қажырлы еңбек етіп, адамдарға әдемі күлкі сыйлап келе жатқан ақ халатты антына адал азаматтың біріне айналған Сағынтай Асқарұлының деніне саулық, отбасына амандық, еңбегіне табыс тілейміз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

19 мая 2026 21:11
зангар
Азиз , мы кстати родственники, я внук Мыханова Санибека Акмырзаева, ты наверно его знаешь да?...
10 мая 2026 00:50
Санжар Косжанов
Вауу күшті шыққан. Үлкен естелік болатын болды....
10 мая 2026 00:27
Jazira
Менің атам бар жақсыға лайықтты. Рахмет сіздің арқаңыз өсіп өнгеніміз... ...