Оразалиев Нұркен Серікұлы

Рейтинг:

Өз саласының мықты маманы

      Адамның дәрігерге жүгінбейтіні болмайды. Себебі, тіршілікте ауырмайтын жан баласын кездестіре алмайсыз. Ауырғанға дем беріп, алтын қолдарымен ем жасайтын ақ халатты абзал жандардың еңбегін қалай мақтасақ та жарасады. Әрбір маман өз саласының майталманы болуға еңбектенеді. Әсіресе, ақ халат киіп, ант қабылдаған дәрігер өзіне сенім артып келген әрбір емделушісінің ойынан шығу үшін барлық білімі мен білігін салатыны рас.
      Медицина – біле білген адамға жауапкершілігі мол, жүгі ауыр салалардың қатарында. Сондықтан да болар бұл саланы меңгеруге көптің бірдей шамасы келе бермейді. Мұнда біліктілік пен аса шыдамдылықты талап етеді. Көпжылдық білім алудың жөні басқа, ал сол жылдар аралығында тәжірибелік жұмыстармен қаныққан адам ғана мықты маман бола алады. Бұл жауапты мамандықты жоғары деңгейде меңгеру расымен де оңай емес. Оны мойындауы керек. Медицина саласының маңыздылығы сол, дәрігердің жұмыс барысында ешқашан қателесуіне болмайды. Сондықтан дәрігерлер үнемі тәжірибелік білімін жетілдіріп, үздіксіз ізденіс үстінде жүруі керек. Өз саласында ем жүргізудің барлық тәсілдерін жетік меңгеруі тиіс. Қазақта «Ауырып жазылған жан – олжа» деген ғой. Саналы тіршілікте адам үшін ең басты орында тұратыны ол әрине, мықты денсаулық. Денсаулықсыз адам ешкім емес.
      Әлемде қанша адам, қанша ұлыс болса, аурудың да түрі соншалықты. Бір ғана тіс ауруының түр-түрі болады. Ал адамның жаны қай жерін мазаласа, сол жерде болатыны ақиқат. Қайсыбір аурудың да жақсысы жоқ. Дегенмен, тіс емдеу ісіне үлкен зейін керек екеніне таласа алмайсыз. Тіс дәрігерінің мықты психолог болуы да шарт. Себебі, жаны ауырып отырған адамды әдемі сөздермен алдарқатып отыру емдеу ісінде аса маңызды болмақ. Кейіпкеріміз Нұркен Серікұлы бірнеше жылдың жүзі болды осы салада абыройлы қызмет атқарып келе жатқан білікті маман.
      Оразалиев Нұркен Серікұлы 1982 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Ғани Мұратбаев ауылында дүниеге келген. Қарапайым отбасында тәрбиеленген Нұркен 1988 жылы алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, Ғ.Мұратбаев атындағы №91 орта мектебінде оқыды. Бала күнінен алғыр да ақылды, ұғымтал, байқампаз болатын. Мектепте үздіктер қатарында болды. Мектеп өміріне белсене араласып, өзінің белсенділігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленіп, түрлі шаралардың басы-қасында болып, жақсы жүргізілуіне үлес қоса білді. Оқу озаты пәндік сайыстарда жоғары білім деңгейімен көрініп, ұстаздарының сүйікті шәкірті атанды. Білсем, үйренсем дейтін Нұркен сабақтан тыс үйірмелерге де қатысатын. Қашаннан бергі әдемі жаңалыққа жаны құмар. Бала болса да ел ішіндегі жағдайларға қанық болатын. Онысы әкесі Серік Оразалиевке тартқан мінезі болса керек. Әкесі ауылдағы пошта басшысы ретінде абыройлы қызмет атқарып зейнеткерлікке шыққан. Әрдайым әке ақылын тыңдап, үлкендердің батасын алатын. Үлкендер жағы оның ақылдылығы мен байсалды қалпына сүйсініп, «баталы бала» деп те атайтын. Үнемі үлкендерге сәлем беріп, қажет болған жағдайда оларға көмектесуге де ұмтылып тұратын. Ол жағын әжесі Оразалиева Көлжанның берген тәлімінен үйренді. Әжесі күріш саласының Социалистік еңбек ері, балаларын адал нан табуға үйреткен жан. Нұркеннің айтуынша, әжесінің еккен қауындарының дәмі таңдайынан әлі күнге дейін кетпейді. Өкінішке орай әжесі 1995 жылы өмірден озады. 
      Көпшіл әрі ашық мінезді Нұркен анасы Бибісараның да айтқанын екі етпей орындайтын. Анасы төрт баланы дүниеге әкелген алтын құрсақты жан. Ауылдағы емхананың меңгерушісі болған анасы қазіргі таңда зейнеткерлікте. Отбасында төрт ағайынды Нұркен үйінің үлкені. Інісі – Оразалиев Рауан Серікұлы 1985 жылы дүниеге келген. Қазіргі таңда «Nur-Implant» тіс клиникасында дантист болып жұмыс істейді. Шаңырақ көтерген, жұбайымен 5 баланы тәрбиелеп отырған ардақты әке мен ана. Одан кейінгі інісі – Оразалиев Еркебұлан Серікұлы Қазалы ауданындағы мектепте абыройлы қызмет атқарады. Ол да отбасылы, 2 баланың арқа сүйер әкесі. Үйінің кенже қарындасы Оразалиева Ғалия Серікқызы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетін тіс дәрігері мамандығы бойынша бітірген. Қазіргі таңда Алматы қаласында тіс дәрігері болып жұмыс жасайды. Тұрмыста. Жолдасымен бірге қызғалдақтай 3 қызын тәрбиелеп отырған бақытты ана.
      Жан-жақты ізденімпаз Нұркен алтын ұя мектебін 1999 ойдағыдай жақсыға бітіріп шығады. Жас талапкердің бала күнгі арманы дәрігер болу болатын. Өзі жаны ауырған адамға қатты жаны ашып тұратын. Сондайда ешбір шара жасай алмай «әттең-ай, мен дәрігер болсам...» дейтін бала арманы. Иә, бала арманы да, өзінің жан қалауы да осы дәрігерлік болатын. Ақыры арман жетегімен қолына құжаттарын алып, 2000 жылы Алматы қаласындағы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне оқуға түседі. Бес жыл бойы грант негізінде оқып, үздіктер қатарынан түскен емес. Студенттік шақтарында да өзінің ізденісін тоқтатқан емес. Тәжірибелі оқытушылардың алдынан білім алған жас, өз бетінше де білімін толықтырып, барынша ізденіп оқитын. Тіпті бос уақытында кітапханаға бас сұғып, өзін қызықтыратын оқулықтарды алып оқитын. Болашақтағы қызметіне керегі болып қалады-ау деген ниетпен өзі оқып жүрген саланың басқа да қырларын меңгеруге ниеттеніп жүретін. Өзі шаршауды білмейтін, уақытша қиындықтарға мойымайтын, ауа-райының қандайлығын да елемейтін. Осылайша бес жыл бойы барынша жақсы оқуға тырысты. Жоғары оқу орнын «Тіс емдеу» (стоматология) мамандығы бойынша 2005 жылы тәмамдады.
      Басқадан жақсылық көрсе, сол адамға екі есе жақсылық жасауға ұмтылып тұратын Нұркеннің жанында жақсы мен жайсаңдар шоғырланған. Өзінің ақ адал пейілінен болар араласатын ортасы өзімен бірдей пікірлес жандарға толы. Ылғи да күлімдеп, алдына келгеннің көңілін қалдырмай, қолынан келгенді аянып қалмайтын Нұркенді барлығы да жақсы көреді, құрметтеп сыйлайды.  Студенттік шақтардан бірге оқыған достарымен әлі кезге дейін араласып, әріптестік қарым-қатынас орнатып отырады. Тіпті кейбірімен ағайын-жақындай араласып, туыс болып кеткендері де көп.
      Жас маман өзінің еңбек жолын 2005-2009 жылдар аралығында Алматы облысы, Іле ауданының орталық ауруханасының емханасында және Алматы қаласының Шаңырақ-1 мөлтек ауданында «Талант» денсаулық орталығында тіс-дәрігері қызметінен бастады. Жаңадан келіп қосылған жас маман өз ұжымымен бірден-ақ жақсы араласып кетті. Өзінің талай жылдардан бері алған білімі мен білігін салып, жұмысына білек сыбана кірісті. Десек те аға мамандардың яғни, бас дәрігер Бақытгүл Ескендірқызының, орталық директоры Бақытбек Қайырханұлының ақыл-кеңесін тыңдап, қашқан емес. Білген үстіне біле түскенін жақсы көретін азамат үшін белді мамандардың кеңестері үлкен сабақ болды. Ал 2009-2014 жылдары Қызылорда қаласы «Маржан тіс» жеке шаруа серіктестігінің тіс емханасында тіс дәрігері болып еңбек етті. Сол кездегі басшы әрі әрдайым ағалық ақылын айтып отыратын Марат Төлеұлы дәрігерлік жолында біліктілігін шыңдауға көмектескен жан. Ал 2014 жылы Қызылорда қаласындағы «Айназ Дент» жеке шаруа серіктестігі тіс емханасында тіс-дәрігері болып қызмет жасады. Білікті маман 2017-2019 жылдар аралығында «Denta» жеке шаруа серіктестігінде тіс емханасында тіс дәрігері болып қызмет атқарды.
      Алдына келген әрбір науқастың көңіл-күйін, жасын, жанына батқан ауруын анықтап, сабырлылықпен, мейірімділікпен қабылдап, алдағы ем-домына жағдай жасайды. Ауруы асқынып келген науқастардың Нұркеннің жылы сөзінен-ақ еміне дауа тауып кететін. Баладай таза пейілі мен ақ адал ниетінің өзі жанға шипа беріп, оның тұрақты, отбасылық емделушісі болған талай жандар бар. Халық айтса, дұрысын айтады, көрген-білгенін айтады. Расында, ол сондай «қолы алтын» адам деген атқа әбден лайықты.
      Өз мамандығына өмір бойы адал болып, елге қызмет етуден асқан бақыт жоқ қой. Ерінбей еңбек етіп, өзіне де, еліне де зор пайдасын тигізген ақ халатты абзал азамат өзінің әріптестерінің арасында беделі биік. Қатарларына жаңадан келіп қосылған жас мамандар да оның жанында жүріп, тәжірибесінен өтті. Өзінің мамандығына жан дүниесімен берілген білікті дәрігер үшін «ақ халатты абзал жан» деген елдің құрметті атағы ең биік һәм қасиетті ұғым болып саналады. 
      Қазіргі таңда білікті маманды танымайтын жан кемде-кем десек артық айтқандық болмас. Дәрігерді арнайы іздеп келіп, емін қабылдап, сырқаттарынан сауығып кеткен науқастары жетерлік. Емделушілерінен шексіз алғыс арқалаған азаматтың жүзі жарқын. Иә, ол өз мамандығын жоғары деңгейде меңгерген дәрігер. Дертті жаза білген білікті дәрігерді антына адал, абыройы асқақ, беделі биік деуге әбден-ақ лайықты. «Жақсымын деп мақтанба халық айтпай, батырмын деп баптанба жауға шаппай» демекші атқарған жұмысына қарай Нұркен Оразалиевтың ел алдында еңбегі еленіп келеді. Өз ісіне ұқыптылығы мен адалдығының арқасында ол әріптестер арасында үлкен беделге ие. Көпжылдық тәжірибесін мамандарға үйретуден әсте жалыққан да емес. Қандай ортада болмасын сол ұжым қызметкерлерінің ақылшысы, қамқоршысы болып, өз білгенін өзгелерге ұғындырумен келеді. Еңбегі бағаланып, түрлі марапаттарға да ие болды.
      - «Әрбір ақ халаттың иесі ел мақтасын, жұртқа мақтаулы болайын деп еңбек етпейді ғой. Дәрігерге жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүруге болмайды. Өз замандастарыңа, жақынындай болып кеткен жерлестеріңе жәрдем беруден артық бақыт жоқ дер едім. Бүгінде медицина қарқынды дамып келеді. Емделушілерге қажетті құрылғылар да бар, өзінің денсаулығын сеніп тапсыруға болады дейтін ақ халаттары секілді аппақ пейілді дәрігерлер де көп. Бәрінің мақсат-міндеті бір, халық үшін адал қызмет ету. Өз әріптестеріммен, ұжымыммен мақтанамын. Асқақ арманым орындалып, көздеген мақсатыма жаңылмай жеткеніме шүкіршілік етемін.  Бүгін ғана емес тіршілік әлемі басталғалы бері әдемі тіс  – әдемі күлкінің кепілі болып келеді. Өз емделушілерімнің риясыз күліп, ажарлы жүзіне әсемдік сыйлайтын әдемі тісінің болуына барынша еңбектенудемін. Жаңа технологиялар заманында мүмкін емес нәрсе жоқ. Адам ең алдымен ауырмаудың жолын іздесе, небір сырқаттың алдын алуға болады. Дұрысы, адам дер кезінде дәрігер көмегіне жүгінуі керек», - дейді ол.
      Рас, халықтың құрметіне бөлену – елге ерінбей еңбек еткен адамға ғана тән нәрсе. Адал еңбек ету қажеттіліктен тумайды, ол үлкен азаматтық жауапкершіліктен болады. Ақ халатты абзал азамат, өңірдегі денсаулық саласында шаршап-шалдықпай адал еңбектеніп, елден үздіксіз алғыс алып, 2019 жылдың қараша айынан бастап күні бүгінге дейін «Nur-Implant» жеке шаруа серіктестігі тіс емханасының директоры қызметін абыроймен атқарып, тіс дәрігері және имплантолог болып бедел биігінен көрініп келеді. Сонымен қатар балаларға қайырымдылық жасап, қолдау көрсеткені үшін №7 арнайы түзету мектеп-интернат директоры П.А.Жуматовтың атынан «Алғыс хат» алып осындай бірнеше марапаттары бар.
      Бағы басым азамат тек еңбек жолында ғана емес, істің басын құрауда да жаңылыспаған ер. Бүгінде отбасылы. Нұркен дәрігерге әрдайым Алла берген абыройыңыз арта берсін демекпіз.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
26 июня 2023 10:51
Ляззат

МОЛОДЕЦ!!!
25 июня 2023 11:49
Фатима

Нуркенжан, саған мыкты Денсаулык, отбасына  амандық тілеймін.  Аркашан күндей жайнап жур! Бакытты бол! Таныстарының мен туыстарың сыйласын, сені мактан тутсын. Балаларыңның тек кызыгын көруге жазсын Аллаһ!!! Тәңір узагынан сүйіндірсін!
24 июня 2023 18:13
Асқар

МәшәәАллаһ. Керемет. Туыдған күніңіз құтты болсын Нұркен бауырым 

Последние комментарии

19 мая 2026 21:11
зангар
Азиз , мы кстати родственники, я внук Мыханова Санибека Акмырзаева, ты наверно его знаешь да?...
10 мая 2026 00:50
Санжар Косжанов
Вауу күшті шыққан. Үлкен естелік болатын болды....
10 мая 2026 00:27
Jazira
Менің атам бар жақсыға лайықтты. Рахмет сіздің арқаңыз өсіп өнгеніміз... ...