Заманауи дәрігер
Ақ халат киіп, антына адал болып елге қызмет етіп жүрген дәрігерді адам жанының арашашысы деп құрметтейміз. Дәрігер – педиатр, терапевт, акушер-гинеколог, хирург секілді медициналық қызметтерді атқарады. Адам денсаулығын қадағалап, қажет кезінде медициналық көмек көрсетіп, емдейді. Ауру түрлерін зерттеп, медициналық көмек көрсетеді. Жалпы дәрігер қай кезде де болмасын, қолынан келген алғашқы көмегін аянып қалмайтын ардақты жан.
![]()
Бүгінде барлығына қолжетімді, бірақ, адамның өзін-өзі емдей алуына емес. Ақпараттық заманда әлеуметтік желілерде қаңғыған хабарлар көп жүреді. Кейбір адамдар денсаулығына немқұрайлы қарап, сол хабарларға мойын бұрып, өз бетінше ем алып жатады. Бұл дегеніміз адамның өзіне жасаған қастандығы. Адам болған соң ауырмай қалмайды. Ауру деген нәрсенің өзі аяқ астынан келетін кесапат. Суықтап қалып, көпшілік ортада жұқпалы ауруларды жұқтырып алу деген секілді нәрселер бар. Сондықтан да адам баласы барынша өзін күткенде, аурудың алдын алғанда ғана дені сау болады. Бастысы кәсіби дәрігердің айтқанын орындау. Әңгімемізге арқау болып отырған Мейрамгүл Үсенқызы – білікті дәрігер. Оның алтын қолынан ем алып, шипасын тауып кетіп жатҚан талай жандар бар. Өзінің ашықтығынан болар ол заманауилыққа да ден қойған. Өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, барлық қажет болар деген ақпараттармен инстаграм желісінде бөлісіп отырады. Жан-жақты ізденімпаз маман сәт сайын жаңарған, жаңғырған жаңалықтармен сусындап, білімін толықтырып, біліктілігін жетілдіріп отырады.
Имашова Мейрамгүл Үсенқызы 1987 жылы 9 мамырда Маңғыстау облысы, Шетпе станциясында өнегелі отбасында дүниеге келген. Қасиетті Маңғыстаудың Адай - Құдайберген Жары руынан шыққан атасы Имаш пен әжесі Ибаның текті ұрпағы. Әкесі – Үсен Қазақстанның Құрметті теміржолшысы болса, анасы – Сара ибалығымен, даналығымен көпке сыйлы жан. Үлкендердің батасын алып, айтқанын істеп, ақыл-кеңестерін тыңдап, жауапкершілікті сезініп, адамгершілік қасиеттерді бойына жинап өскен Мейрамгүл Үсенқызы 1993 жылы № 6 орта мектепке 1-сыныпқа қабылданды. Ақылды да зерек қыз алғашқы күннен-ақ, ұстаздарының аузынан шыққан сабақты ынтамен тыңдап, қайталап айтып беріп, сыныптастарынан өн бойы озық шықты. Бастауыш сыныптан бастап, ол өзінің жан-жақтылығымен ұстаздарын тәнті етті. Үздік оқушы шаршау деген ұғымды білмейтін. Сабақ уақыты аяқталғаннан кейін қосымша үйірме жұмыстарына барса, мектепте өтетін іс - шаралардың басы-қасында жүретін. Онан қалса қоғамдық
![]()
жұмыстарға белсене араласатын. Кіп-кішкентай, сүйкімді қыздың жан-жаққа үлгеріп жүретін пысық мінезі басқаларға үлгі болатын. Ол 7-сыныпқа дейін осы мектепте оқыды, кейіннен Ақтау қаласында №13 гимназияда 8-11 сыныптарда үздік оқып, 2004 жылы бітіріп шықты. Барлық ойы, ынта-ықыласы білімде болған Мейрамгүл ҰБТ-ны алғаш тапсырушылардың ішіндегі көп балл жинаған оқушы ретінде танылды. Осылайша, ол облыс әкімінің «Алғыс хатына» ие болды. Мектептен кейін жас түлек өзінің арманы болған жоғарғы оқу орнына түсу мақсатымен, 2004 жылы Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік медицина университетіне оқуға түсті. Ол арнайы тұңғыш Президентіміздің грантымен оқып, 2010 жылы «Дәрігер» мамандығы бойынша аталмыш жоғары оқу орнын өте жақсыға тәмамдап шықты.
Білімге құштар жас оқуын, ізденуін бірде-бір рет тоқтатқан емес. Саласына қатысты оқулықтарды, ақпараттарды іздеп жүріп оқитын. Тіпті кітапханада өзі оқымаған оқулықтар жоқтың қасы деуге болады. Мейрамгүл Үсенқызы 2010-2011 жылдар аралығында Интернатураны оқыды. Ал 2011 жылы Маңғыстау облыстық Перинаталдық орталықта «Дәрігер акушер-гинеколог» мамандығы бойынша еңбек жолын бастады. Білікті дәрігерлер Атанов Рзағали Мақамбайұлы, Балжігітова Ғалия Құдайбергенқызы, Епенова Жапырақ Кеңесханқызы, Пасенова Наталия Николайқызы, Утешова Мария Бекбергенқызы, Ломакина Ирина Вячеславқызынан үйренді.
Мейрамгүл Үсенқызы осы жылдар аралығында мыңдаған сәбидің дүниеге келуіне ықпал етті. 500-дей кесір тілігі операциясын жасады. Алғашқы кесір тілігі операция жасағанда білікті гинеколог Атанов Рзағали Мақамбайұлы ассистенті болған.
Көптеген отбасына қуаныш сыйлап, ата-аналарының алғысына бөленді. Жоғарыда айтып кетініміздей ол оқу-білім дегенде құлшынып тұратын. Заманға сай болу үшін күндіз-түні ізденуден шаршамайды. Білімін жыл сайын жетілдіру мақсатында – Репродуктолог және
![]()
Ультрадыбыстық зерттеу мамандығын да меңгеріп алды. Білімді де білікті маман 2018 жылы өзінің жеке клиникасын ашты. Орталықта УДЗ, Кольпоскопия, физиотерапия деген аппаратта диагностика жасайды, қыз-келіншектерге гинекологиялық тексеру мен ем жүргізеді.
- «Мен үздік оқушы болумен қатар, салауатты өмір салтын ұстанатынмын. Бұл ата-анамның көрсеткен жолы. Барлық пәнді ерекше жақсы көретінмін. Білімді болып қалыптасуымызға тер төге еңбек еткен ұстаздарыма алғысым шексіз. Бала күнгі армандарым көп болатын. Баламыз ғой, біреу мен мұғалім боламын десе, мен де мұғалім боламын дейсің, екіншісі әнші боламын десе, сен де соған еліктейсің. Бірақ менің армандарымның ішінде бір ғана мамандық болды. Ол ақ халат киіп адам емдеу болатын. Адам жанын құтқару, науқас адамға қуаныш сыйлау қандай керемет! Адамның дені сау болуына өзіңнің септігің тигенін білу нағыз бақыт қой. Осындай жауапкершілігі мол мамандықты отбасымен бірге алып жүру оңай емес. Бірақ маған үлкен отбасым көмектесіп келеді. Ата-анам мен ағам, апам және жолдасым – үлкен қолдаушыларым. Сонымен қатар, ағайын-туысым, әріптестерім, достарым, барлық жаныма жақын адамдарымның арқасында жұмысымды ойдағыдай жасап келе жатырмын. Қазіргі заманның талабына сай инстаграм желісінде Гинекологиялық парақшамда белсенді түрде жұмыс жасап жатырмын. Пайдалы кеңестермен бөлісіп отырамын. Парақшамдағы атқарып жатқан жұмысымның арқасында 2020-2021 жылдары 2 номинацияның жеңімпазы атандым. Асыл Ана облыстық форумының «Дәрігер Ана» және «Инста Старс» жобасы бойынша «Ең үздік Дәрігер Ана» номинацияларына ие болдым. Жолдасым Айболат екеуіміз отбасында 4 бала тәрбиелеп, өсіріп отырмыз. Ана мен баланың денсаулығы үшін барлық білім, біліктілігімді салып аянбай еңбек ете беремін. Қызметім менің отбасымнан кейінгі екінші үйім», - дейді кейіпкеріміз.
Иә, халықтың құрметіне бөлену – елге ерінбей еңбек еткен адамға ғана тән нәрсе ғой. Бұл жерде, ең алдымен, айналаға адамгершілік қасиет әсер ететіні ақиқат. Адал еңбек ету қажеттіліктен тумайды, ол үлкен азаматтық жауапкершіліктен туындайды. Ел сенімін ақтаудың қаншалықты маңыздылығын қолынан іс келетін жан ғана мойнына алады. Себебі, жауапкершілік жүгі қашанда ауыр болады. Адам жанына араша түсетін дәрігер мамандығын таңдау үлкен жауапкершілікті талап ететіні белгілі. Тек бір адамның ғана емес, бүкіл адамзаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін олардың еңбегі өлшеусіз. Мамандығына адалынан берілген Мейрамгүл Үсенқызы алдына барған жанды күлімдеп қарсы алып, ине салып, дәрі ішкізбей-ақ, сырқат адамға мейірім тұнған көзімен қарап, жылы сөзімен-ақ сауықтырып шығарып салатын дәрігер. Ол бүкіл болмысымен дәрігер деген атқа нағыз лайықты жан.
Алдына келген талай нәзік жандыға үміт сәулесін беріп, жабырқау жүзіне күлкі ұялатып жіберетін, бойында ерекше қасиеті бар жан Мейрамгүл Үсенқызы мықты психолог та. Саладағы көпжылдық тәжірибесінде көрген-түйгені мол дәрігер әрбір емделушісіне байыппен қарап, жауап қатады. Кәсіби маман ретінде емделу шараларын кезең-кезеңімен қойып, жоғары нәтижеге қол жеткізеді. Рас, жаны күйзелген жанға бір ауыз жылы сөздің өзі ем емес пе?! Алайда, сол бір ауыз жылы сөзді айтуға да жылы жүрек керек. Дәрігердің жүрегіндегі сол жылу жанарынан мейірім шуағындай төгіліп тұрғанын анық байқайсың. Оның емделушілері ылғи да алғыс айтып, қуаныштың көз жасын көрсетіп кетіп жатады. Адам дертінен сауығады, алайда, ата-ана болу бақытының құны тым қымбат. Осы тұрғыда білікті маман болашақ ата-ана боламын деп жүрген жас отбасыларына өзінің ақыл-кеңесін айтып отырады.
Әрбір шаңыраққа шаттық сыйлап, күпті күдікті жандардың жүзіне күлкі үйіріп, әрбір нәзік жанның ана бақытын сезінуіне бар күш-жігерін салып еңбектеніп жүрген Мейрамгүл Үсенқызына толағай табыстар мен мықты денсаулық тілейміз!