Қалжанова Марина

Рейтинг:

Мерейлі маман 

      Дәрігер деген кең ұғым, қастерлі мамандық. Бұл мамандық иелерінің жауапкершілігі де мол, атқаратын жұмыстары да ауқымды. Қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін осынау маңызды салаға бүкіл өмірін арнап келе жатқан абзал жандар қаншама. Қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан және өзіне ғана тән бір жақсы дәстүрі бар. Ол – қадірлеуге лайық, өмірін еңбекпен өрнектеген үлкен-кішіні көпшілікке өнеге ету және оларды өскелең ұрпаққа үлгі етіп көрсету. Ал осындай құрметке лайық ақ халатты абзал жан Қалжанова Марина Жамағатқызы деуге әбден лайықты.
      Ол 1979 жылы 9 наурыз күні Қызылорда облысы, Арал қаласында өнегелі отбасында дүниеге келген. Әкесі Жамағат және анасы Салтанат – ауыл-аймағына қадірлі, сыйлы, беделді қызмет атқарған жандар. Әкесі бүгінде елдің батагөй ақсақалы болса, анасы елдің сыйлысы, көптің ақылшысы, отбасының ұйытқысы болып отырған жандар. Осындай өсіп-өнген, берекелі отбасында тәлім-тәрбие алып шыққан Марина кішкентайынан оқу-білімге құштар, жан-жақты ізденімпаз, өнерге де бейімді қыз болды. Әрдайым жаңаны үйренбекке ұмтылып тұратын, ақылды да зерек, алғыр да пысық, айтқанынан қайтпайтын қайсар мінезді, бастаған ісін аяғына дейін жеткізбей тынбайтын табандылығымен де көптің арасында дараланып тұратын. Ұйымдастырушылық қабілетімен 11 жыл бойы сынып старостасы, қатарластарының көшбасшысы болды. Барлық сабақты өте жақсыға оқыды. Әсіресе, ол математика, ағылшын тілі, орыс тілі, химия сабақтарын қызыға оқыды. Мектеп қабырғасында түрлі пәндік олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындар алды. Сабағымен қоса қосымша музыка мектебіне барып, домбыра класында оқып, білім алды. Өнер жолында да талай сайыстарға қатысып, жеңімпаз атанды. Домбыра сыныбын қызыл дипломмен бітірді. Мектептің мақтанышы, ұстаздарының сүйікті шәкірті атанып, алтын ұясын қызыл аттестатқа бітіріп шықты. Жас түлек 1996 жылы ата-анасының ықпалымен, әрі өзінің жүрек қалауымен Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясына оқуға түсті. Медицинаға деген құштарлығы оқып жүргеннен-ақ болашақта сенімді және жақсы маман болатынын дәлелдеді. Талапты жас жоғары оқу орнын да қызыл дипломға бітіріп шықты. Ол 2002-2003 жылдар аралығында Ақтөбе қаласында облыстық клиникалық балалар ауруханасында интернатурадан өтті. Медициналық Академияны бітіргеннен кейін М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясының «Фармакология» кафедрасында және МКҚК Ақтөбе Медициналық колледжінде «Педиатрия» кафедрасында оқытушылық қызметін атқарды. Жас та болса саласын жетік меңгерген білікті маман ретінде өзін танытып, тәжірибелі мамандар қатарына қосылды. Сонда да болса ол өзінің білімін көтеріп, біліктілігін арттырып отырудан еш жалыққан емес. Талай жылдық тәжірибесі бар аға мамандардың ақыл-кеңесін тыңдап, пікір алмасып отырады. Өз саласы бойынша жан-жақты ізденеді. Студент кезінен эндокринология саласында қызмет етуді армандаған талапты жас түлек 2004 жылы Алматы қаласында АГИУВ «Балалар және ересектер эндокринологиясы» бойынша алғашқы мамандандырылудан өтті. Қазіргі кезде Марина Жамағатқызы Қазақстанның дәрігер-эндокринологтар Ассоциациясының беделді мүшесі. 2008-2012 жылдары «Шипагер-С» медициналық орталығында дәрігер-эндокринолог болып қызмет атқарды. 2011-2013 жылдары №3 қалалық емханасында дәрігер-эндокринолог болып елге қызмет көрсетті. 2011 жылы Алматы қаласында «Помпалық инсулиндік терапия» оқуын бітірді. Осы кезеңге дейін инсулиндік помпаны орнату және қант диабетімен ауыратын пациенттерді помпалық терапия мектебінде оқыту саласында абыройлы жұмыс жасап келеді. 2011 жылдан бастап қазіргі күнге дейін Ақтөбе облысының ауыр дертке ұшыраған науқастарына жедел көмек көрсету мақсатында санитарлы авиациялық және телемедициналық кеңестер, емдер жүргізіп отырады. Сонымен қатар, босану үйлеріндегі туа біткен аурулары бар жаңа туған нәрестелерге дәрігерлік қарау жүргізеді. 2013 жылдан бастап осы кезеңге дейін М.Оспанов атындағы БҚМУ Отбасы медициналық клиникасында ересектер және балалар эндокринолог-дәрігері болып жұмыс жасап келеді. 2015 жылдан бастап «№1 ішкі аурулар» кафедрасында «Эндокринология, соның ішінде балалар эндокринологиясы» мамандығы бойынша резиденттердің тәлімгері.
      Бір сәтке де дамыл таппайтын білімді маман 2018 жылы «Батыс» журналына «Әйелдердегі Каллман синдромы», 2019 жылы «Методические рекомендации в соавторстве по результатам НТП «Эндокринный статус взрослого населения нефтегазоносных районов Западного Казахстана» еңбегі жарыққа шықты. Білікті маман, эндокринолог резиденттерге арналған силлабустар мен оқу бағдарламаларын да жазды. 2017 жылдан бастап Ақтөбе облысының бас балалар эндокринолог маманы. 2018 жылдан бері Ақтөбе қаласында дәрігер помполог-эндокринолог қызметін де қоса алып жүр. Медициналық теле және радио бағдарламаларында әртүрлі тақырыптарда, яғни атап айтқанда COVID-19, семіздікпен күрес, қалқанша безі аурулары, қант диабеті ауруына байланысты сұхбаттар, кеңестер өткізуге белсенді түрде қатысып отырады. Жыл сайын қант диабетімен ауыратын балаларды қолдау, қорғау мақсатында Диабеттер күніне және балаларды қорғау күніне орай шаралар ұйымдастырады. Әлеуметтік желілерге, газеттерге медициналық ақпараттар, басылымдар жасап, жүргізіп отырады. Қант диабетімен ауыратын науқастарға өмір сапасын жақсарту, денсаулығын нығайтуға арналған диабеттер мектебінің сабақтарын онлайн және оффлайн форматында белсенді өткізеді. Жыл сайын Ақтөбе облысының аудандарында балалардағы эндокриндік ауруларды ерте анықтау, алдын алу мақсатында медициналық тексерістер жасайды.
      - «Жалпы кез келген мамандық иесі өзінің сапалы қызметін жұртқа ұсынғанда ғана жарыққа шығады. Адам денсаулығына тікелей жауапты болғандықтан әр ем алушыға аса мән береміз. Бастысы – олардың осы жерден сауығып шығуында. Жалпы ұлт саулығы – мемлекет байлығы дейміз ғой. Сондықтан бүгінгі таңда аурудың алдын алу біз үшін өте өзекті болып табылады. 
      Келешек ұрпақтың баянды болашағының кепілі болып табылатын денсаулық мәселесін жетілдіру – біздің дәрігерлік борышымыз. Халықтың ақ халаттыларға деген сенімі артатындай, қажетті кәсіби көмек алатындай елге қызмет көрсетсек одан артық абырой жоқ», – дейді кейіпкеріміз.
      Марина Жамағатқызы 18 жылдық еңбек тәжірибесінде талай марапаттарға ие болды. Ол медицина саласында өз мамандығын жетік, адал атқарғаны үшін бірнеше рет марапаттар алды. 2014 жылы Медициналық қызметкерлер арасында өткен «Менің сүйікті дәрігерім» сайысында жүлделі орын, 2018 жылы Ақтөбе қаласының әкімінен «Балалар эндокринологиясының дамуына қосқан үлесі үшін «Алғыс хат», 2020 жылы М.Оспанов атындағы БҚМУ-да өткен «Үздік қыз-меткер – 2020» сайысының жүлдегері атанды. 2021 жылы – Ақтөбе облысының «РАСтемка» атты аутизммен ауыратын балалардың ата-аналары ассоциациясы атынан «Алғыс хат» алды. 
      Мамандығының қиындығына қарамай өзінің жұмысына барынша беріліп еңбектеніп жүрген Марина бүгінде медицина қызметкері ретінде міндетін адал, абыроймен атқарып келеді. Өзінің жұмысына жауапты, жылы жүзімен, сабырлы да салмақты мінезімен әріптестерінің ортасында сыйлы жан тек жақсы маман ғана емес, сондай-ақ, бүгінде бір әулеттің берекесін айрандай ұйытып отырған ибалы келін, адал жар, аяулы ана. Отбасында жолдасы Таусоғаров Бауыржанмен бірге Әбілмансұр және Бекнұр есімді балаларды тәрбиелеп, өсіріп отырған бақытты жандар. 
      Ұжымда беделді, қарым-қатынасқа адал, әрбір ісі тиянақты Марина Жамағатқызының алдынан шыққан кез келген емделуші алғысын аямайды. Осыдан-ақ, оның өз антына адалдығын байқайсыз. Иә, «Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты», - деп неміс философы Артур Шопенгауэр айтқандай, әр адамның жанының саулығы жолында тынымсыз тірлік етіп жүрген Марина Жамағатқызы секілді жандардың өлшеусіз еңбегі көпке үлгі екені сөзсіз.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

19 января 2025 19:21
Баян
Роза - удивительная, позитивная, обоятельная женщина! По жизни ставит цель и смело идет к ней! Очень много мечтала...
18 января 2025 18:19
Жанболат
Анам туралы жазбаларыңа көп рахмет!!!...
16 декабря 2024 23:39
Роза
Менің Әкем.❤️Аллаға шүкір.Ата анам жүз жасасын!...