Матаев Мұзданбек

Рейтинг:

Ел ықыласына бөленген дәрігер

      Әлемдегі ең маңызды да мерейлі мамандықтардың бірі дәрігер. Ақ халатты абзал жан деген теңеу де осының айғағы. Науқастанып, жаныңыз қиналғанда дертке шипа беретін де осы мейірбан адамдар. Елдің денсаулығының мықты болуы еліміздің медицина саласында еңбек етіп жүрген ақ халатты дәрігерлерге байланысты. Осы ретте еліміздің денсаулық сақтау саласында жемісті еңбек етіп, халықтың алғысына бөленген білікті дәрігер, сырбойылықтардың ыстық ықыласына бөленіп жүрген Мұзданбек Сағымбайұлының өнегелі істері жайында әңгімелемекпіз. Сырқат жанның дертіне дауа, еміне шипа таба білген азамат бүкіл саналы ғұмырын халық денсаулығын сақтап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арнап келеді. Жемісті еңбек еткен маманның медицина саласының дамуына қосқан үлесі айтарлықтай зор.
      Матаев Мұзданбек Сағымбайұлы 1965 жылы 18 шілдеде Қызылорда қаласында дүниеге келген. №2 орта мектептің түлегі. Мектепті ойдағыдай аяқтағаннан кейін жас түлек арман жетегімен Ақтөбе медициналық институтын 1989 жылы тәмамдайды. Талапты жас тәжірибелі оқытушылардан тәлім алып, жан-жақты ізденісінің арқасында оқуын ойдағыдай жақсыға аяқтап шықты. Жас маман қолына дипломын алғаннан кейін өзінің алғашқы еңбек жолын Гурьев қаласының облыстық ауруханасында 1990 жылы бастады. Сол жердегі тәжірибелі мамандармен араласа жүріп, ақыл-кеңестерін тыңдап, өзінің де барлық күш-қуатын сала еңбектенуінің арқасында басшылық көзіне түсіп, мақтаулы маман болды. 2000 жылға дейін сол жерде беделді қызмет істеді. Әр кезде медицина саласында болып жатқан жаңалықтарды назарынан тыс қалдырмайтын Мұзданбек Сағымбайұлы қызмет ете жүріп білімін, біліктілігін көтеріп отырудан жалыққан емес. Одан кейін 2000-2005 жылдар аралығында облыстық балалар ауруханасында, №4 емханада лор дәрігері болып қызмет атқарды. Білімді де білікті дәрігер 2005 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Доктор Матаев» жеке клиникасында директор, лор дәрігері болып абыройлы қызмет атқарып келеді.
      Иә, мамандықтың ішінде дәрігер мамандығы аса маңызды. Олай дейтініміз адам денсаулығын сақтаудан асқан қастерлі дүние жоқ қой. Сондықтан бұл саладағы мамандарға айрықша міндет жүктелген десек, артық айтқандық емес. Адам баласы күнделікті күйбең тіршілікпен жүріп уақытының қалай өтіп кеткенін де білмей қалып жатады. Дегенмен, ғұмырындағы әр сәті қасындағылардың игілігі үшін жұмсалып, қоғамға пайдасы тисе, пенделік бақыт деген сол. Талай адамның өміріне араша түсіп, жүректерге үміт отын жаққан абзал азамат әрбір емделушілеріне ақыл-кеңесін айтып отырады. Себебі, ол үшін ең бастысы адамдарға қуаныш сыйлау. Аурудың алдын алудың маңызды екенін түсіндіру. Білікті дәрігердің ел алдындағы еңбегі елеусіз қалған емес. Өз ісіне ұқыптылығы мен адалдығының арқасында әріптестерінің ортасында беделі биік. Адал еңбегі үшін Қызылорда облыстық, қалалық әкімнен мақтау қағаздарын алған. Қызылорда облысының 190 жылдығына орай «За вклад в развитие здравоохранения области» медалін, Қызылорда облысының 200 жылдығына орай «За вклад в развитие здравоохранения области» медалін омырауына таққан. Сонымен қатар 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мерекесіне орай облыс әкімінің «Алғыс хатын», Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне қала әкімінің «Алғыс хатын», Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай облыс әкімінің, қала әкімінің «Алғыс хатын», 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі Тәуелсіздік күніне облыс әкімінің «Алғыс хатын» иеленген. 
      Адамның бар ғұмыры әрекеттен тұрады емес пе?! Ал дәрігердің уақыты игі іске, адал нәрсеге жұмсалуы жүрек пен сана тазалығына байланысты дер едік.
      - «Жұмыр басты пенде ең алдымен өзінің ақыл-ойын, күш-жігерін адал еңбекке арнауы керек. Мұның өзі жүректегі имани сезім мен санадағы парасаттылықпен ұштасып тұруы тиіс. Айналасындағылар туралы таза ойда болатын, арам ниеттен ада, жора-жолдасына қайырымды, әріптестерінің арасында сыйлы, үнемі жайдары жүретін, қастандық пен көреалмаушылықтан алшақ азаматтардың ғана жақсы, ұзақ өмір сүруге мүмкіндігі бар. Бұл өмірде дәлeлденген жағдай. Ал үнемі қара бұлтты үйіріп, өзгеге шүйлігіп, ашуланып, өкпелеп отыратын адамдардың бойында түрлі аурулар тізбектеле береді. Олар өз жүйкелерін өздері тоздырып, өзінен-өзі шаршап, санасын улап, осылайша ауруға қалай тап болғандарын білмей де қалады. Сондықтан да әрбір емделушіме, тіпті жан-жағымдағыларға алдымен көңіл-күй дұрыстығы жайында әңгіме айтқым келіп тұрады. Адамның көңілінің қошы болмай, денсаулығын түзеймін дегені қателік болар еді. Денсаулық өмірдің басты құндылығы, баға жетпес жалғыз ғана асыл дүниесі. Әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарауы қажет, оны орынсыз ысырап етпеуі керек. Бойдағы қуат қорын көбейтіп отыру керек. Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпауы адамдардың өз қолында. Сол себепті әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек», - дейді дәрігер Матаев.
      Оның бойынан қазақ азаматына тән сыпайылық, қарапайымдылық пен байсалдылық қасиеттері анық байқалады. Бос сөзге жоқ, мақтануды білмейді, ісіне адал жанды туған-туыстары мен дос-жарандары ерекше құрметтейді. Алдынан өтіп, ем алған науқастар ол кісінің шипалы қолдарының ерекшелігін сөз етпей қалмайды. Жұбайы Мұстафаева Гүлсім екеуі бүгінде өнегелі отбасында ұл мен қыз тәрбиелеп, өсіріп отыр. Жұбай Гүлсім қалалық әкімшілікте жұмыс істейді. Қызы Ұлбосын – стоматолог-дәрігер, ұлы Заңғар – Зияткер интеллектуалды мектебінің 2-сынып оқушысы. 
      Өзінің жұмысымен қоса аймақтың тыныс-тіршілігіне назар салып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, ұжымын ұйыстырып, жас мамандарға ақыл-кеңесін де айтудан жалыққан емес. Дәрігерге абырой биігінен көрініп, ел алғысын ала беріңіз демекпіз.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...