Кошенов Бакет

Рейтинг:

Үздік маман

      «Денсаулық - басты байлық» деген ұстанымын жүрегіне бекітіп, емдеу саласында жемісті еңбек етіп келе жатқан маман қазіргі таңда өзінің тұрақты емделушілерінен алғыс алып жүрген, өзінің жан-жақты қабілеттілігімен көпке танымал денсаулық сақшысы десек, артық айтқандық болмас еді. Бакет Шәріпханұлын арнайы іздеп келіп, емін қабылдап, сырқаттарынан сауығып кеткен науқастары да жетерлік. Емделушілерінен шексіз алғыс арқалаған азамат өзінің білімін сәт сайын көтеріп, дамытып отырады.
      Шымкент қаласындағы "ASEM MEDICAL" ЖШС клиникасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Көшенов Бакет Шәріпханұлы 1983 жылдың 2 маусымында Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылында дүниеге келді. Үлкен өмірге құлаш сермеуге сенім тірегі болған әкесі Көшенов Шәріпхан Иманұлы ауыл шаруашылығы саласында агроном болып еңбек етсе, балалық көктемінің гүлі болған анасы Бейсембаева Ұлбосын Рахымқызы өмірге 7 перзент әкеліп, тәрбилеп өсірген Алтын құрсақты ана.
      Білім ордасының табалдырығын 1989 жылы Жібек жолы ауылындағы №20 Амангелді Иманов атындағы орта мектебінде аттаған Бакет Шәріпханұлы мектепті үздіктер сапында бітіріп шыққан соң, 2001 жылы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Кентау қаласындағы филиалына құжат тапсырады. Талаптының қадамы алшақ емес пе, білімі жоғары болған жас медицина факультетінің "Емдеу ісі" бойынша мамандығына Түрік квотасымен түседі. 
      Қандай ортаға барса да еркін араласып кете беретін жалынды жас, жоғарғы оқу орнының да қоғамдық өмірінің бел ортасында жүрумен қатар, өзі таңдаған мамандығының қыр-сырын терең меңгеріп шығу жолында аянып қалмады. Өзін-өзі жиі қамшылап, түсінбегенін іздеп тауып, 2008 жылы «Жалпы тәжірибелі дәрігер» мамандығын бітіріп шығады. 
      Медицина деп аталатын әлемнің табалдырығын аттаған жас маман Бакет Шәріпханұлының алғашқы еңбек жолы 2008 жылы Жамбыл облысы Жуалы аудандық орталық емханасының учаскелік терапевті болумен басталады. 
      Жергілікті халықтың денсаулығын жақсарту жолында аянып қалмаған, өзінің білгені мен ойына түйгенін, тәжірибесінен туындағанын ем іздеп келгендерге шипа ретінде дарыта білген Бакет Шәріпханұлы қызметте де сатылай өсіп, 2010 – 2011 жылдары Жуалы аудандық орталық емханасының бас дәрігердің уақытша міндетін атқарушы, 2011 – 2012 жылдары Жуалы аудандық орталық ауруханасының "Бюро госпитализация" порталының меңгерушісі қызметтерін жоғары деңгейде атқара білді.
       Бакет Шәріпханұлы одан кейінгі қызметін 2012 – 2014 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш аудандық орталық емханасының "Жылжымалы медициналық жиынтықтың" меңгерушісі, 2014 - 2019 жылдары Жамбыл облысы, Жуалы аудандық орталық ауруханасының "Бастапқы" медициналық - санитарлық көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі, Жуалы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігердің емдеу-ісі жөніндегі орынбасарының уақытша міндетін атқарушы, Жуалы аудандық орталық ауруханасының емхана бөлімінің меңгерушісі, 2019 – 2020 жылдары Алматы қаласындағы №25 Қалалық емханасы Жалпы тәжірибелік дәрігер, 2020 - 2023 жылдары Шымкент қаласындағы "Alfa Med" (Альфа Мед) ЖШС медицина орталығының жалпы практика бөлімінің меңгерушісі қызметтерінде болып, бүгінгі таңда Шымкент қаласындағы "ASEM MEDICAL" ЖШС клиникасының директордың емдеу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін абыроймен атқарып келеді. Сонымен қатар кейіпкеріміз "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы бойынша бірінші санатты дәрігер, "Жалпы тәжірибелі дәрігер" мамандығы бойынша жоғарғы санатты дәрігер.
      Қандай ортаға, қандай қызметке барса да өзінің тиянақты ісімен, жауапкершілігімен, табандылығымен көзге түсе білген Бакет Шәріпханұлы адал қызмет ету барысында көптеген марапаттарға ие болды.
      Атап айтар болсақ:
      2010 жылы Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Жуалы аудандық мәслихатының Грамотасы;
      2016 жылы Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Жуалы ауданы әкімінің Алғыс хаты;
      2021 жылы Шымкент қаласы Денсаулық Сақтау басқармасының Құрмет Грамотасы;
      2022 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаменті бастығының Алғыс хаты;
      Кейіпкеріміз өзінің басқарып отырған, тұрғындарға көмек көрсетіп келе жатқан, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, мемлекеттік талаптарға сай келетін "ASEM MEDICAL" ЖШС клиникасы. Қала тұрғындарына арнайы жабдықталған заманауи күндізгі стационар бөлімі қызмет атқарады. Мекемеде жоғары білікті дәрігерлер мен мамандар қызмет атқарады. Олармен көрсетіліп отырған медициналық көмектің сапасын ұдайы қадағалап, өзінің білгірлігі мен ұйымдастырушылық қасиетінің арқасында жыл сайын қызмет сапасы одан әрі жақсарып келеді деп айта аламыз.
      Бакет Шәріпханұлы білікті басшы, үздік маман болумен қатар отбасында аялуы жар, асқар тау әке. Медицина саласында қызмет ететін жары Раимбекова Ардақ Біләлқызы екеуі Шәріпхан Анель, Шәріпхан Ерасыл, Шәріпхан Бексұлтан және Шәріпхан Арайлым есімді 2 қыз, 2 ұл тәрбиелеп отырған бақытты ата-ана. 
      Науқастың жан әлеміне үңіліп, жылы сөзі мен жанашырлығын аямаған Бакет Шәріпханұлы сынды ақ халатты абзал жанның еңбегі өскелең ұрпаққа өнеге боларлықтай. Еңбегінен берекет тапқан осындай жандардың арамызда жүргені қандай ғанибет!
      Өмірі мән-мағыналы өрнектермен өрілген Бакет Шәріпханұлы өте бақытты жан. Дәрігер үшін еңбектің өтемі де, бағасы да оның саладағы абыройлы еңбегінің нәтижесі де, жемісі де халықтан алған алғаусыз алғысы мен емделушілердің шын пейілді ризашылығында!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

8 марта 2026 12:15
Qairat
Жатқан жерің жайлы,топырағың торқа болсын Әбіл аға,Артыңда қалған балаларыңды,туғандарыңды,жиендеріңді желеп жебеп...
7 марта 2026 20:14
Арманбек Кеңесұлы Тілеубай
Кішкентай бала кездерінде Кеңес ағасының ұл балалары (жеті ұлы бар), тілдері келмей Сара Тілеубайқызын Дәдә деп атап...
16 февраля 2026 21:19
Dilda
Атамызбен мақтанамыз,жаны жәннатта болсын♥️...