Рахманқұлов Гавхар

Рейтинг:

Алтын дәрігер

      Адамзаттың ең бір асыл дүниесі ол оның денсаулығының мықты болуы. Дені сау адам қоғамның байлығы дейтін болсақ, науқас адамның ештеңеге зауқы болмайтыны рас. Сондықтан да үлкен-кішінің барлығы бірдей дәрігер алдына бір баратыны сөзсіз. Әрбір адам өзінің болашағын, саналы ғұмырында жасайтын жұмысын жүрегімен таңдаған болса, одан береке табары рас. Адам өміріне арашашы болып, ақ халат киіп дәрігерлік жолды таңдап, елге игілікті іс қылса, ол адам марапаттың үлкеніне лайықты болады. Дәрігер деген ат - ардақты. Бұл саланы терең, өзінің хал-қадірінше меңгеріп, білікті маман болып шығу кез-келген адамның пешенесіне бұйыра бермейтін бақыт дер едік. Дәрігер атану жай ғана диплом алып мамандану емес, ол үлкен жауапкершілікті қоса алу дегенді білдерді. Алдына келген әрбір емделушісіне жылы жүзбен бұрылып, қандай жағдай болмасын сабырлық пен шыдамдылық танытып, құрметпен қарауы тиіс. Денсаулық саласы сан салалы болғандықтан, оның әрқайсының өзіндік орны да бар.       Мықты дәрігер үшін науқасты жақсы қалыпқа оралту маңызды. Бұл ретте де дәрігерге үлкен жүрек, шыдамдылық, білім мен біліктілік, сақтық, ұқыптылық, жауапкершілік, адалдық, мейірімділік, адамның тәнін ғана емес, жанын да емдей алатын психолог бола білуі керек. Бастысы мамандығын шексіз сүйіп, ізденісте жүрсе, қиындықпен күресе алса ол осы салаға деген үлкен жетістік. Кейіпкеріміз Рахманқұлов Гавхар Рахманқұлұлы - өз саласының нағыз білгірі, көптің құрметіне бөленген Алтын дәрігер.
      Жоғары санатты дәрігер гематолог Рахманқұлов Гавхар 1948 жылы 14 тамызда Шымкент облысы, Бөген ауданында ХХІ партсъезде өнегелі отбасында дүниеге келген. Бала күнінен адам жанын жақсы түсіне білетін, алғыр, оқу мен білімге жақын болған Гавхар Рахманқұлұлы мектепті ойдағыдай бітіріп, арман жетегімен 1966 жылы И.П.Павлов атындағы Самарқанд мемлекеттік медициналық институтына оқуға түсті. Өзінің талапшылдығымен, еңбекқорлығы және жауапкершілігінің арқасында жоғары оқу орнында 1972 жылы «Емдеу» факультетін бітіріп шықты. 
      Білімді маман 1972-1974 жылдары Өзбекстан Республикасының Самарқанд облысында
Катта Қорған қаласында дәрігер-терапевт болып қызмет жолын бастады. Бір ғана алған білімімен тоқтап қалуды қаламайтын білікті маман үнемі денсаулық саласындағы өзгерістерді назарынан тыс қалдырмады. Жаңалықтар мен жаңашылдықтарға ден қойып, өз саласында іске асыра білетін, тәжірибесі толысқан, парасатты азамат 1974 жылдан 1980 жылға дейін Шымкент облыстық ауруханасында абыройлы қызмет атқарды. 1980 жылдан 2012 жылға дейін облыстық ауруханасының гематология бөлімінің меңгерушісі, штаттан тыс облыстық денсаулық сақтау бөлімінің Бас гематологы болды.      Әрбір саланың көпшілік біле бермейтін қыры мен сыры болатыны рас. Ал соны келешек жастарға үйретіп, оқытуда мықты тәлімгердің қолынан келеді. Яғни, әр саланың өз мұғалімі болады. Бұл ретте кейіпкеріміз Гавхар Рахманқұлұлы жақсы ұстаздық етті. 1977-1986 жылға де-йін Шымкент медицина училищесінде оқытушы болып, болашақ мамандарға дәріс берді. Талай жас маманның жұлдызын жағып, еңбек жолын бастап кетуіне де қолынан келгенінше көмектесті. Өзінің тәжіриелі жолынан сабақ беріп, ақыл-кеңесін аямайтын дәрігер-ұстаздың бүгінде көптеген шәкірттері денсаулық саласының мақтаулы мамандары атанып жүр.
      Гавхар Рахманқұлұлы 2012 жылы құрметті зейнеткерлік демалысына шығып, 2017 жылға дейін гематология бөлімінің дәрігер гематологы болып жұмыс істеді. 2018 жылдан бастап қазіргі таңға дейін «ДауМед» клиникасында дәрігер гематолог болып қызмет атқарып отыр. Жанына шипа іздеген жан дәрігердің жылы сөзімен де шипа алып кетіп жатады. Олай дейтініміз тілі шұрайлы, жүзі жылы, адамға мейіріммен қарайтын дәрігерді барлығы да құрметтеп, жақсы көреді. 
      Дәрігер көп жылдар бойғы еңбегі жоғары бағаланып, денсаулық сақтау саласында еселі еңбек етіп, үздік нәтижелерге қол жеткізгені үшін «Елеулі еңбегі үшін» медалін кеудесіне тақты. Сонымен қатар «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» кеуде белгісімен марапатталды. Қазақстан өзбектері этномәдени қоғамдық бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы И.А.Хашимжановтан Қазақстандағы өзбек халқының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрлерін, ұлтаралық татулығын дамытуға қосқан үлесі және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін «Дустлик» медалін алды. ҚР Президентінің 2011 жылғы Жарлығы бойынша «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды. Ауғанстан ардагерлер ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы, «Халық қаһарманы» генерал-лейтенант Б.Ертаевтың атынан Ауған соғысы ардагерлер ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы кеңесінің шешімімен «Қайырымдылығы үшін» «Сауап» медалін иеленді. 2019 жылы «Алтын дәрігер» атағына ие болды. Сонымен қатар министрлік, облыстық, әкімшіліктен Алғыс хаттары, грамоталары да бар.
      Халықтың сүйікті дәрігері отбасында да ардақты жан. Алла қосқан жұбайы Рахманқұлова Нуринисамен 1972 жылы 8 тамызда шаңырақ көтерді. Бақытты да шаттықты отбасында 5 бала тәрбиелеп өсірді. Төрт қызы мен бір ұлынан бүгінде 17 немере мен 9 шөбере сүйіп отырған бақытты жан. 
      Мунирасы 1973 жылы дүниеге келген.
      Гулбахор 1976 жылы дүниеге келген. Екеуі де облыстық клиникалық ауруханада анестезиология бөлімінде қызмет етеді. Ұлы Рахманқұлов Умарали - облыстық балалар ауруханасының жоғары санатты ЛОР дәрігері, сонымен бірге ДауМед клиникасында ЛОР дәрігері. Гүлнара 1981 жылы дүниеге келген. Ол да медициналық жоғары білімі бар білікті маман. Феруза 1984 жылы дүниеге келген. Ол да медицина саласының маманы. Мықты дәрігердің барлық баласы да әке жолын жалғап, денсаулық саласын таңдаған. Балалары бүгінде белді қызмет атқарып, елдің алғысын арқалап жүрген мықты мамандар. Немерелері де медицина саласында білім алып, еңбек етіп жатқан жайы бар. 
      Әке үшін бақыт осы! Өзінің дара жолын даңғыл салып, әр баласының бойына өзінің адал қасиеттерін дарыта алды. Салиқалы ұрпақтарыңыздың қызықшылығын көріңіз! Әдемі өрілген өмір жолыңыз көпке үлгі-өнеге болсын!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...