Аширова Гүлнар

Рейтинг:

Алғаны тек алғыс...

      Медицина деп аталатын үлкен әлемнің, жалпы тәжірибелік дәрігер дейтін бір саласын ұстап, осы арқылы адал еңбек етіп, қызметте де жоғары өрлеп, оттан да ыстық, жүректен шыққан лебіздерді естіп келе жатқан Гүлнар Серікқызы 1980 жылдың 21 наурызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Қаратас ауылында дүниеге келді. Қолына алған қай ісін де демеп, өмір заңдылықтарын әділдікпен, адалдықпен үйреткен әкесі Аширов Серік Медеуұлы егін шаруашылығы саласында еңбек еткен жан болса, мейірім нұры көктемгі шуақ-
тан да жылы анасы Аширова Сара Ахметқызы балаларының тәлім-тәрбиесімен айналысып, отбасының ұйытқысы бола білген жан.       Көпбалалы отбасында бой жетіп, кенжесі болған соң ерке қыз болып өскен Гүлнар Серікқызы үлкен өмірге жолдама алып берер білім ордасының табалдырғын, бақытты балалығының куәсі болған Қаратас орта мектебінде аттады. Елгезек, айтқан сөзді қағып алатын алғыр қызы, сыныптың, мектептің қоғамдық өміріне белсене араласып, ұстаздарының да мақтауына ие бола біліп, сыныптың көшін алға сүйреген үлгілі де озат оқушылардың бірі болды.       Сәби қараңғылығын жарық етіп, санасына білім мен ғылымның, тылсымы көп әлемнің пердесін түре білген Қаратас орта мектебіне алғысын айтып, түлеп ұшқан Гүлнар Серікқызы өрге сүйреген арман жетегінде Шымкент қаласына аттанады. Білім деңгейі де жоғары, дәрігер боламын деген құштарлығы да басым талапкердің арманы орындалып, 1998 жылы ОңтүстікҚазақстан Мемлекеттік медицина академиясының «Емдеу ісі» мамандығына оқуға түседі. 
      Осылайша, балалық арманына қол жеткізген, 2005 жылы жоғарғы білім ордасынан «Жалпы тәжірибелі дәрігер» мамандығын алып шыққан Гүлнар Серікқызының алғашқы еңбек жолы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек аудандық орталық ауруханасына қарасты Бөген ауылдық ауруханасынан басталды. Жанарында білсем, көрсем, жасасам деген от ұшқындары бар жас маман жергілікті тұрғындарға қызмет көрсету барысында әділдігінен танған емес. 
      Жыл сайын білімі мен біліктілігін көтеру мақсатында түрлі курстардан, ғылыми конференциялардан, семинарлардан өтіп, білім көкжиегін кеңейтіп отырды. 2010 жылы қайта даярлау курсын 4 ай оқып «Сәулелік диагностика» мамандығын игерсе, 2019 жылы Халықаралық Тараз инновациялық институтына түсіп, 2021 жылы Экономика ғылымдарының магистрі (ғылыми педагогикалық және бейіндік) дәрежесін алды. Сонымен қатар, 2021 жылы қайта даярлау курсын 4 ай оқып «Ересектерді және балаларды медициналық оңалту» мамандығын игерді.      Артық білім кімге зиян, осы білімділігі мен тәжірибесінің арқасында ұжым ортасында да құрметке ие болып, қызметте де жауапкершілігі мол жұмыстарды атқарды. 
      Ардың жүгін ақ халатына іліп, алдына келген науқастың тәні мен қоса жанына ем жасай білген Гүлнар Серікқызы одан әрі 2005-2011 жылдары Бөген ауылдық ауруханасында «Жалпы тәжірибелі дәрігер» маманы, 2011-2017 жылдары аралығында осы мекемеде «Аға дәрігер» болып, 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап Бәйдібек аудандық орталық аурухананың Бейінді мамандар бөлімінің меңгерушісі қызметімен қатар Дәрігерлік кеңес комиссиясының (ДКК) төрайымы қызметін абыроймен атқарып келеді. 
      Саласын жетік білетін жоғары деңгейлі маман Гүлнар Серікқызын бүкіл ауыл-аймағы дерлік жақсы таниды. Оның алтын қолды, жұмсақ жүректі жан екенін айтып, мақтап жүреді. Ел сенімінен шығып жүрген маман талай жанның үмітін жалғап, емдеп, жазып, дертінен айықтырып, жүзіне әсем күлкі үйіртіп келеді. 
      Еңбектері еленіп, ауыл, аудан, облыс, республика көлемінде бірнеше марапаттарға ие болды. Атап айтар болсақ:
      2010 жылы Мыңбұлақ ауылдық округі әкімінің Алғыс хаты;
      2011 жылы Оңтүстік Қазақстан Денсаулық Басқармасының Алғыс хаты;
      ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында еліміздің өркендеуіне қосқан үлесі үшін аудан әкімі Р.Жолдастың Алғыс хаты;
      2016 жылы «Құрмет. Абырой. Бірлік» қоғамдық қорының «Тәуелсіздікке 25 жыл» мерекелік медалі;
      Оңтүстік Қазақстан облысы «Нұр Отан» партиясы Бәйдібек аудандық филиалы төрағасының Алғыс хаты;
      2017 жылы Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ә.К.Өмірғалиевтің Алғыс хаты; 
      2019 жылы «Құрмет. Абырой. Бірлік» қоғамдық қорының төрағасы А.Юсуповтың Алғыс хаты;
      Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі И.Түймебаевтың Алғыс хаты;
      «Құрмет. Абырой. Бірлік» қоғамдық қорының «Мінсіз қызметі үшін» медалі;
      «Патриоттық қозғалыс – Желтоқсан ақиқаты» Республикалық бірлестігі төрағасы Б.Т. Құрымбаевтың Алғыс хаты;
      2023 жылы «Алтын дәрігер» медалі; 
      Аудан әкімі Е.Шәріпбековтің Алғыс хаты;
      Түркістан облысы, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.О.Пашимовтың Алғыс хаты;
      - Марқұм ата-анам бізді білімді болуға, еңбекқорлыққа, мейірімділікке, инабаттылыққа үйретті. Отбасында алған тәлім-тәрбиемді өзімнің көрген-түйгенімді өз балаларыма кейінгі ұрпаққа айтудан жалыққан емеспін. Оқуды аяқтап өмірлік жарымды кездестіріп, жанұялы болдым. Қайын атам мен қайын апам марқұм өнегелі жандар еді. Менің медицина саласында жұмыс жасап, халыққа күндіз-түні дәрігерлік міндетімді атқаруға қолдау көрсетіп, өздерінің ақ баталарын беріп кетті.       Жарым Әбдіқадыров Ерлан Жаханұлы мал шаруашылығымен айналысқанымен менің жұмысымды өте жақсы түсінеді және әрдайым қолдау көрсетіп отырады. Жаратушы берген бес перзентіміз бар, үш ұл мен екі қарлығашымның орындары мен үшін бөлек, - деген Гүлнар Серікқызы дертіне шипа іздеп келген жас пен кәріні ауруынан айықтырып, жанына дауа, тәніне шипа болардай ем беретін білікті дәрігер. Уақытпен санаспай денсаулық күзетінде жүріп, халықтың алғысын арқалаған жанның «қолы – нәзік, көзі – қырағы, жүрегі – айбарлы болуы керек» деген қағидамен жүріп келеді.       Халық құрметіне бөленген білікті дәрігерге мықты денсаулық тілеп, еңбекте абыройлы болып, бедел биігіне көтеріле беріңіз демекпіз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

8 марта 2026 12:15
Qairat
Жатқан жерің жайлы,топырағың торқа болсын Әбіл аға,Артыңда қалған балаларыңды,туғандарыңды,жиендеріңді желеп жебеп...
7 марта 2026 20:14
Арманбек Кеңесұлы Тілеубай
Кішкентай бала кездерінде Кеңес ағасының ұл балалары (жеті ұлы бар), тілдері келмей Сара Тілеубайқызын Дәдә деп атап...
16 февраля 2026 21:19
Dilda
Атамызбен мақтанамыз,жаны жәннатта болсын♥️...