Кәкімжанов Жұмабек

Рейтинг:

Білікті маман

      Кез-келген ғылымның қазіргі замандағы жағдайын дұрыс бағалап, болашағын болжау үшін оның тарихын жете білу керек. Хирургия медицинаның ежелден келе жатқан саласы. Ол өз бастауын сонау алғашқы дәуірінен алады. Ежелгі хирургия тарихына көз жүгірткенде алғашқы атақты дәрігер Гиппократтың есімін айтпасқа болмайды. 2000 жылдан астам уақыт өтсе де медицина оның алдында қарыздар. Оның айтып кеткен дәрігерлік өнердің негізгі принциптері осы күнге дейін мәнін жоймады. 
      «Дәрігер әрқашанда науқастың мүддесін өз мүддесінен жоғары қоюы тиіс. Медицинаның басты мақсаты – науқасты іс жүзінде емдеу, сондықтан бұл өнерге тек науқастың жанында ғана үйренуге болады. Тәжірибе – дәрігердің шынайы мұғалімі» дейді. Осындай ауыр да тамаша мамандыққа өзінің өмірін арнаған адамдар Гиппократ антын текке қабылдамайтыны рас.      Өз антына барынша адал, ақ халатты абзал азамат Кәкімжанов Жұмабек Хамитұлы көптеген жанның үмітін ақтап, алғысын арқалап, балалардың екінші рет өмірге келуіне себепкер болған дәрігер.
      «Дәрігерлерім, 
      Қолыңда тұрса, келеді бәрін емдегің!
      Жаныңды салып жатсаң да, жігерің сарқып, 
      Бұл ауру алып ұрды ма әлі келгенін?! 
      Ақкөңілдерім, 
      Талас пен тартыс болды ма тәтті өмірлерің? 
      Сынаққа сынып, сырқатқа сыр бергендерді, 
      Қасқайып тұрып емдедің, қақ бөлінбедің!» - деп ақын Нұртас Тұрғанбекұлы жырлап өткендей, ақ халатты абзал жандардың ерен еңбегі айтылып та жатыр, жазыла да бермек. 
      Медицина қызметкері болу – ұқыптылықты, үлкен жауапкершілікті, мейірбандық пен тазалықты, алдына келген аурудың тәнін ғана емес жанын қоса емдейтін рухани байлықты талап ететін, адалдықты сақтай білсең бедел биігіне көтере білетін абыройлы мамандық. Міне, осындай, теңіз үстінен көтерілген дауылдай болған пандемия кезінде, өзінің өмірінен алдына келген науқасты жоғары қоя білген, ажалмен арпалыса жүріп, өзінің міндетін атқарған жандар қандай мақтауға да лайық. Біздің бүгінгі кейіпкерімз де өзінің мамандығына деген адалдығы мен махаббатын ту етіп ұстанып, сәбилердің шат күлкісіне сеп болып жүрген жоғарғы санатты балалар дәрігері Жұмабек Хамитұлы туралы болмақ.      Жұмабек Хамитұлы 1958 жылдың 2 мамырында Алматы облысы, Панфилов ауданы, Айдарлы ауданында дүниеге келді. Шығысты бойлай жантайып жатқан Кенді Алтай сөзінде мәрттік бар батырлар мен отыз тістен шыққан сөзі отыз рулы елге тараған ақындардың, қазақ даласын ән әлемінде қалықтатқан әншілердің шыққан алтын ордасы. Осындай ұлы тұлғалар түлеп ұшқан өлкенің саф ауасымен тыныстаған Жұмабек Хамитұлы 1965 жылы Айдарлы ауылындағы мектептің табалдырығын аттап, білім нәрімен сусындады. Жинақы, тазалықты сүйетін, тапсырған жұмысты тиянақты әрі үлкен жауапкершілікпен атқаратын оқушы бола білген ол сыныптағы ұстаз мақтаған белді оқушылардың бірі болды десек, артық айтқандығымыз емес. 
      Мектепі бітірген жалынды жас арман тұлпарын сауырлата қамшылап, 1981 жылы Қарағанды қаласының Мемлекеттік медицина институтына түсіп, 1987 жылы педиатрия факультетін бітіріп шығады. 
      Білімді жас өзінің алғашқы еңбек жолын Жезқазған қаласының №2 балалар емханасында учаскелік педиатр болып бастайды. Жас та болса өзінің алғырлығымен, ізеттілігімен, әр ісіне мұқияттылығымен көзге түсіп жүрді. Тәжірибелі аға мамандардың ақыл-кеңесіне ден қойып, білмегенін үйреніп, өзін шыңдай түсті. Осылайша ол 1992-1995 жылдары облыстық балалар ауруханасына реаниматолог дәрігер болып жұмыс жасады. Өз саласының қыры мен сырын жетік меңгерген ол ұжым арасында беделді де сыйлы болды. Өзінің қайсар мінезімен, уәдесіне беріктігімен көпті баурап алатын қасиетімен жанына жақсы мен жайсаңнан дос жинай білді. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізбей тынбайтын тындырымды жанның тағы бір жақсы қыры адамды бөле-жармайтындығы. Жанындағы әрбір жұмысшыға құрметпен қарап, олардың жағдайына түсіне білді. Адам жанын терең түсінетіндігімен де көп арасында дараланып тұрады. Өзімсінген адамды демеп жіберуге ұмтылып тұрады. Жақсылық жасауға жаны құмар.
      Періште көңілді балаларға екінші өмір сыйлай білген Жұмабек Хамитұлы 1995 жылдан бастап қазіргі таңға дейін «Нейрохирургия» бөлімінде дәрігер болып еңбек етіп келеді. Адал еңбегімен абырой тұғырына көтеріліп, өз міндетіне жауапкершілікпен қараудың арқасында науқастарға шарапат шуағын шашып, біліктілігін белсенділікпен ұштастырған дарынды дәрігер "халықтың құрметіне бөленуден асқан марапат жоқ" дейді. Иә, елге ерінбей еңбек еткен адамға ғана тән нәрсе емес пе? Бұл жерде, ең алдымен, айналаға адамгершілік қасиет әсер ететіні ақиқат. Өйткені, адал еңбек ету қажеттіліктен тумайды, ол үлкен азаматтық жауапкершіліктен туындайды. Ел сенімін ақтаудың қаншалықты маңыздылығын қолынан іс келетін азаматтардың мойнына алған жауапкершілік жүгінен аңғаруға болады.      Біздің денсаулық туралы сөз қозғауымыздың себебі, бүгінгі кейіпкеріміз денсаулық сақтау саласында еңбек етіп, саналы ғұмырын салауатты өмір салтын сақтауға арнап келе жатқан Жұмабек Хамитұлы медицина саласында қызмет атқарып келе жатқан жылдары алғыс хаттар және грамоталармен марапатталып, мерейін өсіріп, беделін арттыра түсетін медальдарға ие болды. 
      Атап айтар болсақ:
      2018 жылы «Алтын дәрігер» медалі;
      «ҚР Конституциясының 25 жылдығы» мерекелік медалі;
      2022 жылы ҚР Денсаулық сақтау саласының дамуына өз үлесін қосқаны үшін «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медалі;      Аудандық, облыстық әкімшілік, кәсіподақ ұйымдары тарапынан Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары;      Иә, медицина – Әбу Әли ибн Синаның медеті. Авиценнаның шарапаты. Дәрігерлерге деген сенім жұлдызы қашанда биікте жарқырап, Жаратушыдан кейінгі адам жанының арашасы болған ақ халаттылардың абыройы асқақтай бермек. Міне, осындай елдің риясыз алғысына бөленген азаматтарымыздың бірі Жұмабек Хамитұлы да өз ісінің білікті маманы, денсаулық сақтау саласының үздігі, медицина деп аталатын ғылым әлемінің ішіндегі түн қараңғылығын сейілтіп жанған бір шырағы.
      Жұмабек Хамитұлы медиина саласының үздігі ғана емес, отбасында да аяулы жар, асқар тау әке. Шаңырағының шаттығын, отбасының беркесін кіргізіп отырған жары, отбасылық дәрігер Бексаутова Батима Сеитжанқызы екеуі ұл-қыз өсіріп, оларды тәрбиелеп, қоғамға пайдасы тиер бір-бір мамандықтың иесі етті. Қыздары Кәкімжанова Ақнұр мен Кәкімжанова Гүлнұр қаржы саласында «Халық банкте» жұмыс жасаса, әкесінің ізін жалғаған атұстары Хамитов Тұрар Ішкі істер бөлімінде еңбек етеді. 
      Абзал мамандық иесі, парасатты да білікті, алтын қолды дәрігер Жұмабек Хамитұлына ел үшін атқарып жүрген еселі еңбегінің жемісін көріп, өзіңіз де мықты денсаулық иесі болыңыз деген ізгі тілегімізді білдіреміз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

19 мая 2026 21:11
зангар
Азиз , мы кстати родственники, я внук Мыханова Санибека Акмырзаева, ты наверно его знаешь да?...
10 мая 2026 00:50
Санжар Косжанов
Вауу күшті шыққан. Үлкен естелік болатын болды....
10 мая 2026 00:27
Jazira
Менің атам бар жақсыға лайықтты. Рахмет сіздің арқаңыз өсіп өнгеніміз... ...