Ишанов Төлеген

Рейтинг:

Антына адал дәрігер

      Адам баласы үшін ең қымбат нәрсе ол – өмір. Ал өмірде адамның жетістікке, табысқа жетуі алдымен денсаулық жағдайымен тығыз байланысты екені бәрімізге мәлім. Басымыз ауырып, балтырымыз сыздай қалса болды осы бір денсаулық сақшыларының көмегіне мұқтаж болып, жанымызға сая іздеп жатамыз. Аурудың жасқа да, кәріге де қарамастан, ұрымтал жерден соға беретіні ақиқат. Осындайда ақ халатты жандардың адам денсаулығына қосар зор үлестері мол. Жалпы, медицина – жауапкершілігі мол, жүгі ауыр салалардың бірі. Қатардағы көз дәрігерінен, облыстық деңгейдегі маманға дейін көтеріле білген, өмірден көргені мен түйгені мол азамат, ел ағасы Төлеген Тлепұлы 1958 жылдың 1 қарашасында Орал облысы (қазіргі Батыс Қазақстан облысы), Жаңақала аудан (қазіргі Фурманов ауданы) Киров ауылында дүниеге келді. Көкте қыраны қалықтаған, батырлары тектіліктің, батырлықтың, қайсарлықтың үлгісін көрсеткен құтты мекенде кейіпкеріміз Төлеген Тлепұлы балалығын өткізді.       Сонау бір жылдардағы қиын кезеңдерді бастан өткерсе де, еңбекке ерте араласса да, сол бір заманның өзіне ғана тән балалығын өткізген Ишанов Төлеген Тлепұлы 1965 жылы Киров ауылындағы мектептің табалдырығын аттап, 1975 жылы аяқтап шығады. 
Мектепті бітіріп шыққан соң Төлеген Тлепұлы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының «Емдеу ісі» (лечебный) факультетінің 1 курсына түсіп, 1981 жылы бітіріп шыққан соң, 1981-1982 жылдары Орал облыстық ауруханасында көз аурулары бөлімінде интернатурадан (практика) өтіп, 1982 жылы Орал облысы, Теректі аудандық ауруханасында көз дәрігері болып қызметке кіріседі. 
1982-1985 жылдары Орал облысы, Теректі аудандық ауруханасында көз дәрігері, 1985-1986 жылдары Орал облыстық көз аурулары ауруханасында көз дәрігері қызметтерін атқарған Төлеген Тлепұлы білімін одан әрі жетілдіру мақсатында 1986-1988 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ көз аурулары ғылыми зерттеу институтында 2 жылдық клиникалық ординатурасында (резидентура) білімін жоғарлатады.       Одан кейінгі қызметі 1988-1989 жылдары Облыстық көз емдеу ауруханасында көзден шұғыл көмек көрсету дәрігері болып жалғасқан Төлеген Тлепұлы мол тәжірибе жинақтап, өзін жақсы жағынан, ұйымдастырушылық қабілеті жағынан көрсете біліп, қызметте де сатылай өсті. 1989 жылы Орал облыстық көз емдеу ауруханасында ересектер бөлімінің меңгерушісі, 1996-2005 жылдары аралығында «Талап» акционерлік қоғамының жанындағы көз аурулары бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 
      2006 жылдың алғашқы айларынан бастап, облыстық клиникалық ауруханасының жанынан жаңадан көз ауруларын емдейтін бөлімше ашылып, сол бөлімнің меңгерушісі қызметіне тағайындалған Төлеген Тлепұлы осы қызметті 2022 жылдың 1 қарашасына дейін атқарып және осы қызметпен бірге облыстық бас көз дәрігері қызметін бірге атқарды. Бұл бөлімше қала, облыс көлемінде ең басты емдеу орны болғандықтан, көптеген ауруларға ем-кеңес берілді. Облыс көз дәрігерлері методикалық көмектер алды.      Төлеген Тлепұлы қызмет барысында көптеген Халықаралық конференцияларға қатысып тәжірибе алмасты. Екатеринбург қаласында өткен Еуразиялық конференциясы, Санкт-Петербург қаласында өткен Бүкілресейлік конференциясы, Уфа қаласында өткен Батыс-Шығыс көз аурулары конференциясы, Финляндияның Хельсинки қаласында өткен Халықаралық конференциясы, Мәскеу қаласында өткен Халықаралық конференциясы, Алматы қаласында шетел мамандарының қатысуымен өткізілген конференцияларға, Копенгаген қаласында өткізілген Халықаралық көз ауруларын емдеу конгрессіне, Оренбург қаласында жыл сайын өткізілетін көз ауруларын емдеу жетістіктері жөнінде конференцияларына қатысты.
      Жаңа заман талабына сәйкес көз ауруларын емдеу тәсілдері, көзге жаңадан әртүрлі ота жасау тәсілдері жөнінде шетел мамандарының қатысуымен мастер кластар өткізуге қатысты. Сонымен қатар әрдайым білім жетілдіру үшін Алматы, Мәскеу, Уфа, Оренбург, Екатеринбург қалаларында көз ауруларын емдеудің жаңа түрлерін меңгеріп, қазіргі заманға сай жүргізілетін оталардың тәсілдерін тәжірибеге енгізіп, жас мамандарға көрсетіп, жаңа заман талабына сәйкес жұмыс істеуіне мүмкіндік жасап отырды.Кейіпкеріміз Төлеген Тлепұлы еңбек еткен жылдарында нәтижелі еңбегі бағаланып, түрлі марапаттарға ие болды. 
      Атап айтатын болсақ:
      «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медалі;
      «Во имя жизни» лучшие работники здравохранение Республика Казахстана» медалі;
      «Өмір жолымен» - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласының үздігі кітабына есімі енген Төлеген Тлепұлы жайлы, оның еңбектері жайлы көптеген мақалалар жарияланып, кейіпкеріміздің қатысуымен Көз аурулары жөнінде Облыстық және Республикалық теледидар бағдарламаларында көптеген сұхбаттар берілді. Сонымен қатар, еңбегі еленген ер жайлы «Жайықтың жайсаңдары» атты теледидар бағдарламасы бойынша, жұмыс барысы және отбасы жөнінде қысқаша фильмге түсірілді. 
      Төлеген Тлепұлы жары Шолпан Салыхқызы екеуі 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсіріп, оларды құтты орындарына қондырып, бүгінде өзінен тараған алтын ұрпақтарының қызығына тоймай отырған бақытты ата-әже.
      «Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай, батырмын деп баптанба, жауға шаппай» демекші, атқарған жұмысына қарай Төлеген Тлепұлы ел алдында еңбегі еленген, өз ісіне ұқыптылығы мен адалдығының арқасында ол әріптестер арасында үлкен бедел иесі атанған абыройлы жан. Ел сенімін ақтаудың қаншалықты маңыздылығын қолынан іс келетін азаматтардың мойнына алған жауапкершілік жүгінен аңғаруға болады.       Төлеген Тлепұлын қай қырынан алсақ та денсаулық саласында шаршап-шалдықпай адал еңбек етіп, мамандығын мақтаныш еткен жан. Сондықтан, тек ісімен ғана емес жүрегімен емдей білетін Төлеген Тлепұлы сияқты ақ халатты абзал жандарымыз көп болса екен деп тілейміз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...