Сала үздігі
Өзге мамандықтарға қарағанда салмағы басым, жауапкерш
![]()
ілігі мол, тұғыры биік орналасқан медицинаның күре тамырына айналған, барлық денсаулықтың кепілі болған неврология саласында қызмет етіп, «Дені сау ұрпақ – ұлт болашығы» деп білетін ақ халатты абзал жандарымыздың бірі – Байжуматова Марьям Пармановна.
Саулықтың кепілі саналып, неврология саласына өмірін арнап, абырой биігіне көтеріле білген балалар неврологы, 1963 жылдың 25 мамырында Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы, Занги – Ата ауданында қарапайым отбасында дүниеге келді. Әкесі Қалаубайұлы Парман есепші (бухгалтер) болып еңбек етсе, анасы Қолдасқызы Тоқбике үй шаруасында болып, үш ұл, екі қыз өсіріп жетілдірген алтын құрсақты Ана. Қысында қар қалың түсіп, көктем шыға түкті кілемдей жайнай жөнелетін, төрт түлігіне береке қонып, азаматында адами асыл қасиеттер тұнған киелі өлкеде бақытты балалығын өткізген Марьям Пармановна мектеп қабырғасында да өзінің алғырлығымен, зеректігімен көзге түсті. Алып саялы бәйтеректің діңі берік болуы үшін шыбық кезінде күтіп-бапталатыны секілді, әкесінен әділдік пен адалдық, анасынан мейірімділік пен
![]()
имандылықты бойына сіңірген ол кішкентайынан қабілетті, алғыр болып өсті. Өмір көрген, тәлім-тәрбиесінде даналықты бойына сіңірген, ұстаздарының белін буып, болашақ бағдаршамының жасыл жарығын жағып берген тәлімінің арқасында бала Марьям Ташкент облысы, Занги – Ата ауданының №24 орта мектебін 1980 жылы алтын белгімен бітірді.
Өмірге деген құштарлығы басым Марьям Пармановна 1980-1986 жылдары аралығында Орта Азия медициналық педиатриялық институтының (САМПИ) «Педиатрия» мамандығы бойынша білім алғаннан соң, өзінің медицина саласындағы алғашқы еңбек жолын интернатураны Ташкент қаласында жедел-жәрдем бригада дәрігері болып бастайды. Одан кейінгі 1989-1993 жылдары Сіргелі аудандық денсаулық сақтау бөлімінің №22 емханасында балалар бөлімшесінде балалар неврологы, 1993-1999 жылдары Мирабад аудандық денсаулық сақтау бөлімінің №2 емханасында балалар бөлімшесінде балалар неврологы,1999-2001 жылдары Ташкент облысы Узавтоклав санитариялық станциясында балалар неврологы, 2001-2003 жылдары №3 Шымкент қалалық балалар емханасында учаскелік педиатр және балалар неврологы қызметін абыроймен атқара білген Марьям
![]()
Пармановна 2003-2017 жылдары Шымкент қаласында «Жүйке жүйесі органикалық зақымданған балаларға арналған «Мейірім» облыстық балалар оңалту орталығында балалар неврологы болып қабылданып, 2008 жылдың 7 қарашасынан емдеу бөлімі меңгерушісі болып тағайындалды.
Қандай іске де білек сыбана кірісіп кететін Марьям Пармановна қызмет барысында өзінің білім-біліктілігін көтеруді алдыңғы орынға қоя біліп, 2015 жылы Шымкент қаласында Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетін бітіріп «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша, бакалавр академиялық дәрежесін алды және «Медициналық реабилитология, ЕДШ және физиотерапия» мамандығы бойынша қайта даярлау курстарынан өткен.
Саналы ғұмырын медицина саласына арнап, әлі күнге дейін қол үзбеген, білгені мен оқығанын, көргені мен түйгенін халық денсаулығын жақсартуға арнап келе жатқан Марьям Пармановнаның еңбек жолын одан әрі жалғастырсақ, 2017-2019 жылдары аралығында «Облыстық балалар оңалту орталығының» бас дәрігерінің ұйымдастыру- әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалады. Осы лауазымды атқару барысында Марьям Пармановнаны және осы орталықтың дәрігер педиатры Арысбаева Баян Молдахановнаны, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен 2019 жылдың 10 сәуір күні Кентау қаласында орналасқан 150 төсек-орындық «Жансая» облыстық балалар туберкулезге қарсы шипажайына» қайта бейімдеу мақсатында 1 айға іс-сапарға жіберіледі. Іс-сапардың мақсаты Түркістан облысы аумағында жүйке-жүйесі органикалық зақымданған, мүмкіндігі шектеулі балалар санының артуына байланысты, шипажай оңалту орталығын қайта бейімдеу болған. Оңалту орталығы 100 төсек-орын неврологиялық ауруларға, 50 төсек-орын соматикалық ауру балаларға арналып, 2019 жылдың 12 қыркүйегінен өз жұмысын бастады. Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысының 2019 жылғы 9-тамызындағы бұйрығымен штаттан тыс балалар реабилитологы қызметіне тағайындалған. Облыс көлеміне танымал балалар реабилитологы
![]()
қызметін қосымша атқарып келеді. Марьям Пармановна 2019 жылдың тамызынан бастап облыс, бүгінгі таңға дейін «Жансая» облыстық балалар оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны басшысының емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
Аласармас бедел мен үстем болған мерейінің дәлелі ретінде Марьям Пармановнаның марапаттарына үңіліп көрсек:
2004 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында бірінші болып А-типті ботулиндік токсин – Диспорт препаратын балаларға енгізіп, қазіргі күнге дейін жалғастырып келеді;
2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі;
2018 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі; 2021 жылы «ҚР тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалдарымен марапатталған.
Осы аталған «Жансая» облыстық балалар оңалту орталығының ашылуына қосқан орасан зор еңбегінің арқасында, 2022 жылғы 17 маусым күні, Нұр-Сұлтан қаласының EXPO Конгресс орталығында
![]()
өткен «Дені сау ұлт – өркендеудің негізі» ұлттық медициналық саммитінде «Алтын шипагер – 2022» конкурсында, орталық «Үздік балалар оңалту орталығы» номинациясының иегері болды. Сонымен қатар, көптеген Республикалық, облыстық,қалалық әкімшілігінен, мемлекеттік басқа да Мақтау грамоталарымен марапатталған.
Қазақ медицинасаның дамуымен қатар, халық денсаулығының жақсартуы жолында еңбек етіп келе жатқан білікті дәрігер, отбасында аяулы жар, ақ жаулықты Ана. Құқық қорғау саласында қызмет етіп, ел тыныштығын күзетуде еңбектері бағаланған жары, 2017 жылы өмірден өткен жолдасы Байжуматов Намазәлі екеуі үш қыз, бір қамшы ұстар ұл тәрбиелеп өсірді. Барлық балалары жоғары білімді, отбасылы, әрқайсысы өмірден өз орындарын тапқан азаматтар, бір-бір отбасының отағасы мен отанасы.
Шыбын жанын шүберекке түйіп отырған дәл қазіргідей ел басына күн туған шақта, індет ошағында еңбек етіп жүрген әрбір ақ халаттыға жұмыс барысы оңайға соғып отырмағаны белгілі. Әркімнің жүрегінде қорқыныш, үлкен үміт тағы бар. Қат-қабат арнайы киім киіп, терге малшынып, ыстыққа төзіп, суыққа тоңып, абыройлы да адал қызмет етіп, елдің денсаулығы жолында аянбай күресіп жүрген бүгінгі күннің батырларына шын тәнті боласың. Оларға тек ғана мықты төзім, темірдей денсаулық тілейміз!