Эркатаева Малика

Рейтинг:

Білікті дәрігер

      Әлемдегі ең маңызды да мерейлі мамандықтардың бірегейі дәрігер мамандығы. Ақ халатты абзал жан деген теңеу де осының айғағы. Науқастанып, адам жаны қиналғанда дертке шипа беретін де осы мейірбан адамдар. Адамзат денсаулығының мықты болуы еліміздің медицина саласында еңбек етіп жүрген ақ халатты дәрігерлерге байланысты. Осы ретте еліміздің денсаулық сақтау саласында жемісті еңбек етіп, халықтың алғысына бөленген білікті балалар дәрігері Малика Эркатаеваның өнегелі өмір жолы жайында әңгімелемекпіз. Дертке дауа, емге шипа таба білген жан бүкіл саналы ғұмырын халық денсаулығын сақтап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арнап келеді. Жемісті еңбек еткен маманның медицина саласының дамуына қосқан үлесі де айтарлықтай зор.
      Денсаулық сақтау саласы – мамандықтың асылы. Дүние есігін жаңа ашқан сәби шақтан еңкейген қарттық кезең арасында дәрігердің алдына бармайтын жан жоқ. Шипа іздеп барған талай науқастарға ыстық ықыласы мен аялы алақанын ұсынатын алтын қолды дәрігерлер қандай марапатқа болмасын лайықты-ақ. Денсаулықтың да қадірін ауырғанда түсініп, жақсы маман іздеуі - заңдылық. Ел халықтың       алғысына бөленіп жүрген білікті де білімді дәрігер Малика Юлдашбекқызы жайлы әңгімелекпіз. 
Эркатаева Малика Юлдашбекқызы 1962 жылы 25 қарашада Қарабұлақ ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Малика 1970 жылы Қарабұлақ ауылындағы №3 Хамза атындағы мектепке 1 сыныпқа қабылданды. Мектепте үздік оқушылар қатарында болып, ұстаздарының мақтаулы шәкірті атанып, мектепті жақсыға аяқтап шықты. Арман жетегімен білімге құштар жас 1980 жылы Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласындағы Орта Азия медициналық институтына оқуға түсті. Ізденімпаз, сабырлы, жан-жақты білімге құштар жас оқу орнын 1986 жылы жақсыға бітірді. 1986-1987 жылдары Шымкент қаласы облыстық балалар ауруханасында интернатураны аяқтады. 1987 жылы интернатурадан кейін Қарабұлақ Сайрам аудандық ауруханасына балалар дәрігері болып жұмысқа орналасты. 1988-1990 жылдары аралығында Ресей Федерациясы Горький қаласы №39 емханада балалар дәрігері болып қызмет атқарды. 1990-1997 жылдары Қарабұлақ Сайрам аудандық ауруханасында балалар бөлімінде аға дәрігер болып жұмыс атқарды. 1998 жылы облыс, аудандарда туберкулез ауруы көбейгендіктен кейіпкерімізді балалар дәрігерінен фтизатр дәрігеріне ауыстырылды. Сол жылдары Сайрам аудандық Қарабұлақ ауруханасында 188 науқас болған. Медицина қызметкерлерінің арқасында барлығы дерлік дертінен айығып, ауруханадан шығарылды. Осы уақытқа дейін кейіпкеріміз фтизиатр дәрігері болып жұмыс атқарып келеді.       Әр дәрігер өзінің білімі мен біліктілігін, құзыреті мен кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп, медицина саласындағы жаңалықтарды оқып-біліп отыруы керек. Медицина сан салалы құрылым болғандықтан, оның ішінде балалар бөлімінің орны ерекше. Бұл ретте Малика Юлдашбекқызы көпжылдық тәжірибесі бар, білімді де білікті, өз саласының нағыз білгірі. Ол осы салаға жаңалық енгізуде, жаңашылдықтарды жүзеге асыруда көп еңбектеніп келе жатқан дәрігер. Сонымен қатар кейіпкеріміз облыстың, әкімшіліктің, департаменттің түрлі грамоталары мен Алғыс хаттарына ие болды.
      Үздіксіз білім алудан, білікті маман атану жолында аянбауға психологиялық тұрғыдан дайын, қиындыққа қарамастан адал да абыройлы қызмет етіп жүрген сабырлы да төзімді ақ халатты жанға қызыға әрі сүйсіне қарайсың. Өзінің жолын құрметтейтін әріптестерінің жасын сыйлап, өзінен жоғары орын ұсынып отыратынына да тәнті боласың. «Ұлық болсаң, кішік бол» деген сөз тура Малика Юлдашбекқызы арналып айтылғандай ма дейсің сондайда.       Жұмыс барысында барлығынан тәртіп пен жауапкершілікті талап етіп отырады. Үлкен-кішіге бірдей «Сіз» деп тұратын білікті көшбасшының артынан ерген әріптестері де осал емес. Әрқайсысы өз ісін жетік білетін сайдың тасындай іріктелген мықты мамандар. 
Кейіпкеріміз Малика Эркатаева 1987 жылы тұрмысқа шықты. Жолдасы - Эркатаев Абдикарим Ормантайұлы. Ол 1960 жылы 22 мамырда дүниеге келген. Мұғалім болып қызмет атқарады. Отбасында 1 қыз, 1 ұл тәрбиелеп өсіріп, Жаратушы берген 6 немеренің қызығын көріп отырған бақытты жан. Қызы Наргиза 1990 жылы 1 ақпанда дүниеге келген. Мұғалім болып қызмет атқарады. Ұлы Самандар 1990 жылы 29 маусымда дүниеге келген. Қазіргі таңда ол КазТранс аймағында жұмыс істейді.      Қай заманда болсын өзіне міндеттелген талаптардың маңыздылығына сай, дәрігер мамандығы – басқа мамандықтарға қарағанда ең қиын және ең ізгілікті мамандық болып саналып келеді. Себебі, аталған мамандық иесінің ең негізгі міндеті адам өмірін құтқару болып табылады. Ауырған адамдардан өз жүрегіне ұялаған дәрігердің ең жақсы қаиеттерін сұрағанда олар: жылы сөзін, адамдарды топқа бөлмей бәріне бірдей қарайтын қарапайымдылығын, жауапкершілігін айта бастайды. Осы қасиеттер бойынан табылған Малика Юлдашбекқызы бүгінде көптің таңдаулы, мақтаулы дәрігері. Қызметте абыройыңыз артып, әрқашан бедел биігінен көріне беріңіз. Ізбасарларыңыз көбейіп, елдің алғаусыз алғысынан ажырамаңыз демекпіз.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...