Байгабулов Марат Жандарбекұлы

Рейтинг:

Өз ісінің үздігі

      Медицина біле білген адамға жауапкершілігі мол, жүгі ауыр салалардың қатарында. Сондықтан да болар бұл саланы меңгеруге көптің бірдей шамасы келе бермейді. Мұнда біліктілік пен аса шыдамдылықты талап етеді. Көпжылдық білім алудың жөні басқа, ал сол жылдар аралығында тәжірибелік жұмыстармен қаныққан адам ғана мықты маман бола алады. Бұл жауапты мамандықты жоғары деңгейде меңгеру расымен де оңай емес. Оны мойындау керек. Медицина саласының маңыздылығы сол, дәрігердің жұмыс барысында ешқашан қателесуіне болмайды. Сол себепті дәрігерлер үнемі тәжірибелік білімін жетілдіріп, үздіксіз ізденіс үстінде жүруі керек. Өз саласында ем жүргізудің барлық тәсілдерін жетік меңгеруі тиіс. Қазақта «Ауырып жазылған жан – олжа» деген ғой. Саналы тіршілікте адам үшін ең басты орында тұратыны, ол әрине, мықты денсаулық. 
      Біздің бүгінгі кейіпкеріміз де өмірден түйгені мен тоқығанын, тәлім-тәжірибесін қолдана отырып, қызмет көрсетіп келе жатқан білікті маман, сауатты дәрігер, жас болса да талай істерге бас болып жүрген, Шымкент қаласындағы «Облыстық офтальмологиялық аурухананың» бөлім меңгерушісі Байгабулов Марат Жандарбекұлы 1981 жылдың қаңтар айының 21-жұлдызында Астана қаласында дүниеге келді. Кейіннен ата-анасының жұмысымен Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданына көшіп келіп, мектепке де осы елді мекеннен барады. Қазаны ортаймайтын берекелі өңірде балалығын өткізіп, бастауын тұма бұлақ пен тау мұздықтарынан алып, бірнеше елді бірлестіріп, татулыққа шақырып ағып жатқан Сырдарияның салқын самалына бетін сүйдіріп өсті. Жастайынан алғыр, үйренбекке, білмекке құштар болып өскен жас Ю.Гагарин атындағы №4 мектебінің табалдырығын аттаған соң да, зеректік қабілетінен айнымады. Қайта, тәжірибелі ұстаздарының қолдауымен бойындағы ерекше қабілеттерінің көзін аша білді. 
      Мектепті бітіріп шыққан соң, 1998 жылы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медициналық академиясына «Емдеу факультетіне» түсіп, 2004 жылы жоғарғы оқу орнын «Офтальмология» мамандығы бойынша бітіріп шығады. Білімін жетілдіруді мақсат тұтқан кейіпкеріміз 2005 жылы «Офтальмология» мамандығы бойынша интернатураны аяқтап шығады. Осылайша, жас маман ретінде өзінің алғашқы еңбек жолын Алматы қаласында орналасқан «Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында» дәрігер офтальмолог болып бастаған Марат Жандарбекұлы бүгінгі таңда Шымкент қаласындағы «Облыстық офтальмологиялық ауруханада» бөлім меңгерушісі қызметін абыроймен атқарып келеді. 
Азаматтың жақсы мінезінің бірі ол турашылдық қасиеті деуге болады. Ер азаматтың кесімді сөзі, уәдесіне беріктігі, байсалды да салмақты мінезі биіктете түсері сөзсіз. Әңгімемізге арқау болып отырған сондай турашыл азаматтың бірегейі Марат Жандарбекұлы деуге болады. Ақыл парасатымен, көпті көрген көрегенділігімен жан-жағына жағымды да сыйлы азамат табиғатынан жүрегі мейірімге толы, бауырмал, қамқор жан. Көппен тез тіл табыса білетін, қарапайым қазақы тәрбие алып, өзінің дара қасиеттерімен көпке үлгі болып жүрген азамат. 
Марат Жандарбекұлы атына сай нар тұлғалы азамат. Байыпты сөйлеп, терең ойланып, бір ғана жауап беретін, сөзіне өте мұқият қарайтын, әр іске өзінің пікірін білдіре алатын, өзіндік ойы бар, қоршаған ортасына бей-жай қарамайтын тілінің, ата дінінің жанашыры екенін де айта кеткеніміз жөн. Әрдайым жүрген жерінде қазақы салт-дәстүрді дәріптеп, қазақ тілінде сөйлеп жүреді. Ана тіліне деген құрметі бөлек. Қазақ мәдениетіне деген көзқарасы да ерек. Ол жүрген жер әрдайым көңілді болады. Қай ортаның болмасын жанын кіргізіп, сөз бастап отырады. Ұлы Абайдың «Адамның адамшылығы істі қалай бастағанынан белгілі болады. Қалай аяқтағанынан емес...» деген сөзі бар. Кейіпкеріміз Марат Жандарбекұлы қандай қызметте болмасын, келелі істі бастап, жақсы жалғастырып, тамаша нәтижелермен аяқтайды. Осыншама жылдар бойы атқарған адал еңбегі үшін алған марапаттары да бар.      «Еңбексүйгіш елдің еңсесі биік» дейді халық даналығы. Бұл тұрғыдан келгенде біліктілік пен шыдамдылықты қатар талап ететін жауапты мамандық иелерінің бәсі, тіпті, артық. Әсіресе, медицина – жүгі ауыр салалардың бірі. Оның ерекшелігі сол жауапты да қиын мамандық иесі дәрігердің жұмыс барысында ешқашан қателесуіне болмайды. Сондықтан олар ұдайы тәжірибелік білімін жетілдіріп, ізденіс үстінде жүреді.
      Отбасы бақытының бастауы бола білгенімен қоса, медицина саласында уақытпен санаспай қызмет етіп, дені сау ұрпақ тәрбиелеп, салауатты өмір салтына, қазақ медицинасының дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан Марат Жандарбекұлының отбасына амандық, ісіне табыс тілейміз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...