Қалиева Ғалия

Рейтинг:

Ардың жүгін арқалаған...

      Әлдебір жақсы жан жайлы қалам тербеуде әуелі оның саналы ғұмырындағы қызығы мен шыжығы мол өмір кітабын бір емес, бірнеше қайыра парақтап шығуың керек болады. Онымен әңгімелесе қалған болсаңыз шоқтығы биік ойлары және өмір жолындағы басты ұстанымы адамгершілік деген ұғым айналасында ұйысқанын байқайсың. Сондықтан да болар ол қызметтің қай сатысында жүрмесін жанашыр әріптес, аяулы жар, мықты көшбасшы. Өзінің біліктілігімен, білімімен мыңдаған жанның рахметін естіп, алғысын алған Қалиева Ғалия Ғалымжанқызы ұжымында беделі биік тұлға.
      Кейіпкеріміз Ғалия Ғалымжанқызы 1955 жылдың 20 қыркүйегінде Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары елді мекенінде дүниеге келді. Әкесі Қожағұлов Ғалымжан Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мұнайшы, «Еңбек қызыл Ту», «Ленин» ордендерінің иегері. Анасы Қожағұлова Дәмен сауда саласында еңбек еткен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған, Социалистік Еңбек Ері, тыл ардагері. Құлсары қаласындағы А.С.Пушкин атындағы орта мектепте білім алады. «Тау баласы тауға қарап өседі, қыр баласы қол созады аспанға» деген, алдына үлкен мақсаттар қоя біліп, соған жету жолында ізденіп, еңбектеніп, талпына білген түлек 1972 жылы Ақтөбе медицина институтына оқуға түсіп күндізгі бөліміне оқуға түсіп, 1978 жылы бітіріп шығады. Білікті мамандарын арнайы жолдамамен түрлі қызметке жіберіп жатқан сонау жылдары еңбек жолын 1978 жылы аудандық ауруханада жалпы тәжірибелік дәрігер болып бастады. 
      Кейіннен 1980 жылдары жолдасының жұмысына сәйкес, «Ембі» кеңшарына көшіп келеді. Өтйкені, кенже қалған шаруашылыққа өзінің ең үздік деген маманын жіберетін уақыттар еді. Күйеуі Анес Даулетбайұлы ауыл шаруашылығы қызметкері, Қаракөл өсіруші маман еді. Осылайша, Жем ауданы, Тұрғызба ауылына көшіп келеді. 1980 жылдан 1987 жылға дейін Ембі селосындағы медициналық амбулаторияның меңгерушісі және оқытушысы болып жұмыс істейді.
      Азаматын қай өңірге жұмсаса, сол өңірге отбасымен көше баратын, тек бір бұйрықпан әрекет ететін жылдары 1987 жылы Қосшағыл ауданына қарасты Қосшағыл кеңшарына ауыстырылды, дәрігерлік амбулатория меңгерушісі қызметін де атқарды. Ол жерде де 3500 адамға дәрігерлік көмек көрсетіп, 200-350 шақырым қашықтықтағы шалғай елді мекендерге де барып қызмет етеді.       Шаруашылығы берекесін кіргізген шалғайдағы совхоздарда еңбек етіп, жүктелген тапсырмалар мен жоспарды орындау барысында Ғалия Ғалымжанқызы жұмысшы жастар арасында белсенді бола білді. Затым әйел екен деп шегіншектеп қалмады, ойына оралымды сөз түскенде әспеттеп жеткізіп, қоғамдық іс-шараларды жүзеге асыра білген жас маман барған ортасында өзінің біліктілігі мен қолынан іс келетінін дәлелдей білді. Экономиканың негізгі тірегі ауыл шаруашылығы болып тұрған кездері қай саланың да ең мықты деген қызметкерлері ауылға жол тартып, сол ортаны көркейтетін. Міне осындай, аудандағы санаулы қызметкерлердің бірі бола білген Ғалия Ғалымжанқызы өзіне артылған сенім үдесінен шыға біліп, басшылықтың ұйғарымымен 1999 жылы Құлсары қаласына қоныс аударып, гастроэнтеролог болып ауысты. 
      2000-2004 жылдары Жылыой аудандық денсаулық сақтау басқармасында бас маман болғанда да Шалғайдағы дәрігерлік амбулаторияларға барып, Медицина қызметкерлеріне практикалық ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізді. Дәрігерлік етумен қатар, Аудан әкімдігімен тығыз байланыста жұмыс істеп, жиындарға қатысып, өтініштерге жауап бере жүріп, қоғамдық істермен де белсене айналысты.      Одан кейінгі жылдары 2005-2006 жылдары Орталық аудандық ауруханасының Бас дәрігердің орынбасары, 2007-2010 жылдары Бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік жөніндегі орынбасары, 2010-2014 жылдары Аудандық туберкулезге қарсы ауруханада бас дәрігер қызметін атқарып, 2013 жылы зейнеткерлікке шығады. Бірақ, саналы ғұмырын медицина саласына арнаған Ғалия Ғалымжанқызы 2014 жылы жедел медициналық жәрдем бөлімінің меңгерушісі, 2019 жылы аудандық емхана филиалының меңгерушісі, 2022 жылдан бастап профилактикалық және психологиялық-әлеуметтік көмек көрсету бөлімі ашылып, бөлім меңгерушісі қызметін абыроймен атқарып келеді. 
- Ең алғашқы жылдары терапевтикалық бөлімде және аудандық емханада жұмыс жасадым. Ол кезде олар ауруханада түскі асқа дейін, түстен кейін емханада цех дәрігері болып жұмыс істеді. Ұжым өте мейірімді, жауапты, бір-бірін сыйлайтын. Бір отбасының баласындай тәрбиелендік.       Маған басқарма бастығымен жұмыс істеу бақыты бұйырды. Сол кездегі КСРО-ның еңбек сіңірген дәрігері Нещерет Таисия Федоровна және Атырау облысының облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы профессор Т.Ш. Шарманов болды. 
Ембі селосындағы медициналық амбулаторияның меңгерушісі және оқытушысы болып еңбек еткен жылдары 2800 адамға қызмет көрсеттік. Газбен жылыту жоқ, көмір жағып, су жоқ, өздері шелекпен су таситын. Олар бірнеше күн бойы шопандардың, олардың отбасыларының, соның ішінде балаларының шалғайдағы жайлауларын араладық. 
      Шопандар шалғай елді мекендерде отбасымен тұрып, оларға үнемі барып, медициналық тексеруден, профилактикалық егулерден өтіп, дәрі-дәрмек таратып, дәрістер оқыдым. Басында жалғыз жұмыс істедім де, сосын 2 дәрігер келді. Ауылдық жерде, дәрігер болсаң болды. Мамандыққа, дәрігерге қарамайды. Барлық дәрігердің қызметін атқарып, балаға, акушерлік, хирургиялық шақыртуларға барасың.
      Аудандық емхана филиалының меңгерушілігі қызметінде жұмыс көрсеткіштері жақсарып, жас дәрігерлер мен медбикелер статистикаға, ай сайынғы есептерге, жұмыста этика мен деонтологияны сақтау бойынша, 2022 жылы профилактикалық және психологиялық-әлеуметтік көмек көрсету, бөлім меңгерушісі қызметінде жүріп те көптеген жұмыстар атқардық. Тапсырыс бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі барлық контингенттер осы бөлмелерден өтуі керек. Қатерлі ісік ауруын ерте анықтау, Халықты скринингтік тексеру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып, балаларды профилактикалық медициналық тексеру, мектепке дейінгі және мектеп тобындағы ауруды уақытылы анықтау, осы контингенттерде ерте емдеуді және қалпына келтіруде жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар мектеп-колледж оқушылары мен студенттері арасында "Жастар арасындағы суицид. Психотроптық дәрі-дәрмектерді жастар арасында таралуы" сынды тақырыптарда әңгіме-сұхбат жүргізіледі, семинарлар өткізіліп тұрады.      Әлеуметтік қызметкерлер үйде әлеуметтік аз қамтылған отбасылармен, мүгедектермен, жалғызбастылармен, көпбалалы отбасылармен жұмыс жасап келеміз. Психологтар емханада медицина қызметкерлерімен тренингтер өткізеді, науқастар арасында психологиялық кеңестер береді, науқастардың әлеуметтік мәселелерін шешеді, медициналық тексеруден өтеді, – дейді кейіпкеріміз Ғалия Ғалымжанқызы. 
      Өз саласының майталманы болу деген осы емес пе?! Ал майталман маманға мұнан артық марапат та жоқ. Бірнеше рет облыстық денсаулық сақтау басқармасының, облыстық әкімдік басқармасының, мәслихаттың, кәсіподақ ұйымдарының грамоталарымен, Жылыой аудандық мәслихат хатшысы М.Кенганованың Алғыс хатымен, Жылыой аудандық орталық аурухана директоры Н.А.Укибаевтың Алғыс хатымен, Жылыой ауданы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасы Н.Өмірбаевтың Алғыс хатымен, 2022 жылы «Медицина саласының үздігі» құрметті атағымен, «Денсаулық үздігі» медалімен марапатталды.
Ол білікті, білімді, тәжірибелі дәрігер ғана емес, отбасында аяулы жар, асыл жүректі Ана. Арқа сүйер азаматы Қалиев Анес Даулетбайұлы екеуі 4 перзент тәрбиелеп өсірді.       Әділетті, шынайылықты жаны сүйеді. Қайнардай мөлдір көңілімен, кең жүрегімен, парасаттылығымен әріптестерінің, ұжымының, жақындарының, отбасының да жайын ойлап, оларға уақыт бөле де біледі. Жауапты басшылық қызметте азаматтық тұлғасы, адами қадірі, ұйымдас-
тырушылық қабілеті айқын көрініп тұратын азаматқа шын тәнті боласың.
Болмысы ерек, өз саласын жүрекпен сүйетін Ғалия Ғалымжанқызына мықты денсаулық тілеп, ел игілігі жолында қажымай-талмай әлі де жемісті еңбек ете беріңіз деген тілегімізді білдіреміз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...