Ізгі жан
![]()
Рас, қазірде басы ауырып, балтыры сыздамайтын адам жоқ. Сондайда алдымен Жаратушыдан, одан кейін ақ халаттылардан дертімізге дауа сұрайтынымыз анық. Талай жанды сырқатынан сауықтырып, ауруына ем дарытып, халық сұранысына ие болып келе жатқан мықты хирургті ел іші «алтын қолды дәрігер» деп дәріптеп, құрмет-қошеметке бөлеп, ілтипаттарын білдіріп жатады. Өз өмірін маңызды және пайдалы іске арнаған ол нағыз батыр десек, артық айтпаған болар едік. Еңбек етпей, бақытты өмір сүру мүмкін емес. Ал жаның сүйетін іс өзгелерге пайдалы болса, одан асқан пенделік бақыт жоқ та шығар. Батылдық, жан жылуы, өзгелерге жәрдем беру – барлық дәрігерлерге тән қасиет.
Табиғатынан ерекше қабілеттілігі мен мамандығына деген құштарлығын халық денсаулығы үшін жұмсап, күндіз-түні еңбектене білген, медицина саласында басшылық қызметте де болып, абыройлы еңбек еткен Әбсалық Мұратбек Малдыбекұлы 1959 жылдың 15 шілдесінде Қарағанды қаласында дүниеге келді. Өнер мен мәдениеттің астанасы, көктеммен таласа көкке басын қойған қозысы домаланып шыққан берекелі өңірде балалығын
![]()
өткізген ол 1966 жылы Жаңаарқа ауданы, Атасу елді мекеніндегі мектептің табалдырығын аттайды. Сабаққа деген ынтызарлығы ерекше, өмірге деген құштарлығы басым, қимылы ширақ, ісі нық шәкірт сыныптың ғана емес, мектептің де қоғамдық өміріне белсене араласып, сабақ бағдарламасын да еркін меңгеріп шығады. Таймас тұғырға жеткен ұлылар да мектеп партасынан тәлім алған, атаанасының қолғабысы бола жүріп, білім тереңіне бас қойған Мұратбек
Малдыбекұлы білім ордасында жүріп, болашағын медицина саласымен байланыстырады. Ішкі түйсік алдаған ба, мектепті бітірген жас өзінің білімімен 1977 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтына оқуға түседі.
«Жас кезінде алған білімің тасқа жазылғанмен бірдей» деп ұлылар айтпақшы, қай уақытта да үнемі ізденіс үстінде жүретін, еңбексүйгіш жас училищеде жүріп те өзінің алғырлық қабілетінен айнымады. Айналып келмейтін студенттік қызықтармен бірге бос уақытының көбін кітапхана бөлмесінде өткізіп, өзі таңдаған мамандықтың қыр-сырын білуге қанықты. Талаптыға тау да аласа, тек алға жүруді мұрат еткен жас 1983 жылы оқу орнын бітірген соң,
![]()
алғашқы еңбек жолын Жезқазған қалалық жедел жәрдем станциясында кезекті дәрігер болып бастады. Бірақ, ер-азамат үшін Отан алдындағы парыз бірінші орыннан түскен бе, 1988-1990 жылдары әскерге шақырылып, Кеңес Әскерінің сапында азаматтық борышын өтеп, Свердловск, Ақтөбе, Қызылорда әскери бөлімдерінің медицина пунктінің басшысы лауазымында қызмет атқарып елге келген соң, Жезқазғанға оралып №1 қалалық ауруханасына бас дәрігерінің орынбасары болып тағайындалды.
Тынымсыз тіршілікте кім-кімге болмасын уақыт алтыннан қымбат. Ал жанұялық дәрігер уақытыңмен де санасады, ауруыңды емдеп, жазылып кетуіңе де жәрдемші бола алады. Жанұялық дәрігер аты айқындап тұрғандай ол баланы да сүндеттейді, сынықты да салады,
әйелді де босандырады. Аспандап кеткен қан қысымыңды да әп-сәтте түсіріп береді. Терапевт те, хирург те, окулист те, лор да, психолог та, нарколог та, гинеколог та бір өзі. Қысқасы, бір өзі бір аурухананың дәрігері деуге болады. Күн өткен сайын сұраныс-талапқа ие болып келе жатқан саланы да кейіпкеріміз жылдам алып кете барды. 1994-1995 жылдары тұңғыш ҚР отбасылық дәрігерлерік амбулатория ашуға ат салысқан еңбегін, әлі күнге денсаулық саласындағы қызметкерлер мен жергілікті тұрғындар ұмытқан жоқ. Ол
![]()
амбулаториялар осы күнге дейін халыққа қызмет көрсетіп жатыр.
Мұратбек Малдыбекұлы 1996 жылы қалалық жедел жәрдем станциясына бас дәрігер болып тағайынданып, 2013 жылға дейін қызмет жасады. 4 бекет қалып құлап жатқан мекемені 9 бекетке дейн көтеріп, мекемені Республика деңгейінде үздік мекемелер қатарына көтеруге үлес қоса білді.
2013 жылдан бастап қалалық емхана мекемесінің директоры болып тағайындалып, Емхана құрамына «Консультативтік диагностикалық орталық» және «Ана мен бала орталықтарын» ашып, халықтың алғысына ие болды. Қазірде емхана үздік мекемелер қатарында. 2021-2023 жылдары аралығында облыстық көпбейінді аурухана директоры қызметінде болды. Аурухана құрамында жаңа перзентхана ашып, ауруханада күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізе біліп, 2022 жылы зейнетке шықса да, әлі күнге қатардағы маман дәрігер ретінде қызмет жасап келеді.
Медицина саласында атқарған еңбектері ескеріліп, түрлі марапаттарға да ие болды. Атап айтар болсақ: 2009 жылы «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі;
2011 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі;
![]()
2014 жылы 3 ақпанда Решением Оргкомитета Национального бизнес-рейтинга в Республике Казахстан по итогам рейтингования предприятий награжден Орденом «Слава Казахстана» за выдающиеся заслуги перед Отечеством в области государственного строительства, развития экономики и укрепления международного авторитета Республики Казахстан. 2019 жылы 27 мамыр айында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі;
«Руководимтель года» Сертификаты;
2021 жылы «Лучший организатор здравохранение» Сертификат;
«Сала мақтанышы» ордені;
ҚР Оқу-ағарту министрі А.Аймағамбетовтың Алғыс хаты;
Сонымен қатар Мұратбек Малдыбекұлының "Жезқазған Денсаулық сақтау саласының Алтын қоры" аллеясын ашып, "Жезқазған қаласының денсаулық сақтау саласындағы Қара Шаңырақ" атты альбом кітап шығарды. Бұл жұмыстарының өзі кейіпкеріміздің өз саласына, мамандығына деген ерекше құрметі мен әріптестеріне деген ілтипатын білдіреді.
Білікті басшы, тәжірибелі дәрігер Мұратбек Малдыбекұлының жары Әбсалық Сәуле Тұрғынбайқызы. Жоғары санаттағы дәрігер, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, ҚР халқының денсаулығын сақтау ісіне
![]()
сіңірген еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған Сәуле Тұрғынбайқызы екеуінің төрт перзенті бар. Екі баласы әке жолын жалғастырып, қазірде дәрігер мамандығында оқып жүр. Жауапкершілігі мол қызметте еңбек ететін, қызметіне адал, антына берік азамат, медицина саласын айтарлықтай дамытуға күш жұмсап келе жатқан, күн мен түнді елемейтін Мұратбек Малдыбекұлының деніне саулық, отбасына амандық тілейміз
! ![]()
![]()
![]()
![]()