Пірімбетова Бахыткүл

Рейтинг:

Еңбегімен еленген

      Дәрігер – үмітке үміт жалғап, ғұмырдың ұзақтығын сабақтастырып жататын ең қадірлі, құрметті мамандық. Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты кез келген адам таңдай бермейді. Расында, ақ халат кию үлкен жауапкершілікті қоса алу деген ұғымды білдіреді. Яғни, қандай да науқас болмасын, қандай жағдай болмасын ақ халатты абзал жан адам өміріне жауапты болады. Сондықтан да дәрігер адам анатомиясын өте терең білумен қатар, кез келген жағдайдағы науқасты қабылдайтын, қаннан қорықпайтын, адам тағдырына немқұрайлы қарамайтын, жүйкесі мықты болуы керек. Ал адам - жер бетіндегі саналы тіршілік иесі, қоғамның басты байлығы. Сол адамның өміріндегі ең бағалысы ол әрине, денінің саулығы. 
      Өр тұлғасында бекзаттық пен тектілік көрініп тұратын Түркістан облысы, Арыс аудандық орталық ауруханасының Байырқұм дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері және жоғарғы санатты жалпы тәжірибелі дәрігер Пірімбетова Бахыткүл Мұханқызы туралы әңгіме өрбітпекпіз. 
      Медицина деп аталатын әлемнің бір тармағын бет алып, білім-біліктілігін жергілікті халықтың денсаулығын жақсарту жолына арнап келе жатқан Бахыткүл Мұханқызы 1977 жылдың 25 маусымында Шымкент қаласында дүниеге келді. Әкесі Пірімбетов Мұхан Пірімбетұлы – инженер-құрлысшы болса, анасы Болысбекова Баршагүл Болысбекқызы қаржы саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен есепші. Пірімбет Айгүл, Пірімбетова Нұргүл, Пірімбетов Самат, Пірімбетов Азамат есімді перзенттер тәрбиелеп, жоғары білім берді. Кейіпкеріміз бүгінгі таңда зейнеткер. 
      Қазаны ортайматын қазыналы өлке оңтүстікте балалығын өткізген Бахыткүл Мұханқызы мектеп табалдырығын 1984 жылы Шардара қаласындағы Макаренка атындағы орыс мектебінде аттап, 1994 жылдары Шардара қаласы Шардара атындағы жалпы қазақ мектебін бітіріп шықты. 1994-2001 жылдары жоғары білімді Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінде алып, «Шығыс медицина» факультетін бітірген соң, алғашқы еңбек жолын 2001 жылы Шардара қаласының аудандық емханасында аймақтық дәрігер болудан бастайды.      Қандай ортаға барса да еркін араласып кете беретін ашық мінезді, достары алдында сертіне берік, сөзіне мығым жас өзінің икеміне келген дәрігерлік саласын толық меңгеру жолында аянып қалмады. Қайта айналып келмейтін қызығы мен шыжығы мол студенттік жылдарды бос өткізіп алмау жолында қам жасап, ізденіп, оқып, түсінбегенін зерттеп, кітапхананы екінші үйі еткен ол оқу орнының да қоғамдық өмірімен белсене айналысты. Бір іске бастамашы болып, жанындағыларды үйіріп алып кететін ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында өз ортасында сыйлы болды.
      Міне, өзінің білімділігімен, біліктілігімен, мол тәжірибесімен осындай құрметке ие бола білген Бахыткүл Мұханқызы қызметте сатылай өсіп, өзіне артылған сенім үдесінен шыға білген жауапкершілігі мен тиянақтылығының арқасында басшылық қызметтерді де абыроймен атқара білді. 2002 – 2011 жылдары Созақ ауданы, Қыземшек елді мекенінің Медико-санитарлы бөлімінде профпатолог, терапевт, 2011 – 2013 жылдары Шымкент қаласы, ҚТУ клиникасының қабылдау бөлімінің меңгерушісі және статистика бөлімінің меңгерушісі лауазымы қызметінде болып, 2013 жылдан бастап бүгінгі таңда Арыс аудандық орталық ауруханасының Байырқұм дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері және жоғарғы санатты жалпы тәжірибелі дәрігері болып абыройлы еңбек етіп келеді. 
      «Дәрігер ең алдымен медицинаның сауда еместігін түсінуі керек. Еңбек тәжірибемде талай оқиғаларға куә болдым. Алдыма келген әрбір науқасқа әуелі адам ретінде қарау керек. Емделушімен адам ретінде тіл табыса алсаңыз, оған дәрігер ретінде көмектесе аласыз. Емдеу тіл табысудан басталады. Емдеместен бұрын пациенттің жағдайын сұрау өте маңызды», - дейді дәрігер Бахыткүл Мұханқызы. Адам білімді болған сайын, өзіне сын көзбен қарау дағдысы дами береді. Біліктілігін арттырған үстіне арттыруды көздейтін дәрігер бір бағытта тоқтап қалуды жөн көрмейді. Сондықтан, үнемі оқуды өмірлік ұстанымына айналдырған. 
      Осы жасап жатқан жұмысым өзіме ұнайды.
      Науқастанған адамның аяққа тұрып сауығып кеткенін көргенде жасап жатқан ем-шараның оң нәтижесін бергенде өзім қуанамын. Әсіресе, «covid-19» сырқаты өршіп, бүкіл әлемді жаулағанда кішкентай ғана 3650 халқы бар Байырқұм, Көк Жиде, Жосалы елді мекенінде 70% халық ауырды. Сол уақытта науқастанған адамдарымыз ешқайда бармаймыз деп Байырқұм емханасында емделді. Әуелі Жаратушы, сосын ұжымымен бірге бар күшімізді салып науқастарға ем-шара жасап, барлық науқастарымыз сауығып, ұжымымызға алғысын жаудырды.
Мен кереметтей бір жаңалық ашқан жоқпын. Менің жетістігім 22 жыл атқарған қызметім, халқым алдындағы абыройым, бұрынғы жұмыс жасаған ұжымым мені ұмытпай, менен кеңес алып, «халіңізді білейік» деп үнемі хабарласып отырады. Әрине, бұл басқалар үшін жетістік емес шығар, алайда мен бұны үлкен жетістігім деп санаймын. Қай жерде жұмыс жасасам да сол жердің халқы маған тек рақметін айтып, батасын беріп жүреді. Әрине, арасында бұзықтаулары да болады, солардың өзі соңында рахметін айтады. Бұл мамандық иесі болғаныма мақтанамын! – деп мамандығын мақтаныш еткен Бахыткүл Мұханқызы денсаулық сақтау саласында ел мүддесі үшін, саулық үшін қызмет етумен қатар отбасында да аяулы жар, асыл жүректі Ана. Арқа сүйер азаматы, өмірлік жолдасы Омаров Бахытжан Сірнебайұлы екеуі Сірнебай Жанерке, Сірнебай Бақдаулет есімді перзент тәрбиелеп отыр. 
      Иә, қарап отырсаңыз, нәзік жандылар үшін отбасы мен жұмысын бірге алып жүру оңай шаруа емес. Оның еселі еңбегі зая кетіп жатқан жоқ. Ал бойындағы адами асыл қасиеттерін, жақсылық жасауға ұмтылып, асығып тұратын кішпейілділігін жанында жүрген әріптестері жоғары бағалайды. Еңбегіңіз жемісін төгіп, балақайлардың сүйіспеншілігіне бөлене беріңіз, Бахыткүл Мұханқызы!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

19 января 2025 19:21
Баян
Роза - удивительная, позитивная, обоятельная женщина! По жизни ставит цель и смело идет к ней! Очень много мечтала...
18 января 2025 18:19
Жанболат
Анам туралы жазбаларыңа көп рахмет!!!...
16 декабря 2024 23:39
Роза
Менің Әкем.❤️Аллаға шүкір.Ата анам жүз жасасын!...