Адилова Гаухар

Рейтинг:

Елеулі еңбек иесі

      Балтырың сыздап бара қалсаң, ем-домын жасауға ұмтылатын дәрігерлер туралы, бүгінгі алмағайып заманда аман-сау қалу үшін алдына жиі баратын жандар туралы жазудың өзі бір мәртебе. «Гиппоркрат» антына адалдық таныту үшін, күндіз-түні өз міндетін атқарып, алдына ем іздеп келгеннің жанның тәнімен қоса жанын да емдеу – ақ халатты абзал жандардың бірден-бір борышы. Осындай, бір елдің емес, әлемнің назарын өзіне аударып, шарасыздық күйге түсіріп жатқан кеселдің алдын алу үшін барын салып, еңбек етіп жүрген Жаратушыдан кейінгі адам жанының арашашысы болған алтын қолды, асыл тілекті жандар туралы айтпақшымыз.
      «Сенің табаныңа кірген тікен, менің маңдайыма кірсін» деп, сәбиінің амандығы үшін тілегі таңдайынан түспеген ата-аналардың алғысын алып, адам жанына шипа жасап жүрген, медицина саласында мол тәжірибе жинақтап,халықтың денсаулығын қадағалап жүрген Адилова Гаухар Рысбекқызы құрметтеуге лайықты жан.       Шаңырақтың шаттығына айналған балаларды емдеп, дені сау ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесін қосып келе жатқан Гаухар Рысбекқызы 1967 жылдың 20 қарашасында Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы, Шыршық қаласында дүниеге келді. Тәлімі мен тәрбиесін аямай, өнегеліктің үлгісін көрсеткен әкесі Адилов Рысбек Ішкі істер қызметкері болса, анасы Адилова Қатира отбасының берекесін кіргізіп, перзент тәрбиелеп өсірген аяулы Ана. Қазіргідей шекара бөлінісі жоқ, қазақ елімен қойы қоралас жатқан жерде балалығын өткізген ол еңбекқор, адал, қайырымды жандар балаларына қазақи тәрбие мен ата-баба дәстүрін сіңіріп өсіруге тырысқан ата-анасына деген құрметі ерекше болды.
      Араға жылдар салып Амангелді Иманов атындағы №33 орта мектептің табалдырығын аттайды. Мектептің қоғамдық өміріне белсене араласып кеткен жас маман 1985 жылы мектепті үздіктер сапында бітірген соң Ташкенттегі Орта Азия медицина педиатрия институтына оқуға түседі. Тағдырдың жазғанынан артық кім өлшей алған, оқу оқып жүріп 1987 жылы өз ауылының Нұрлыбек атты жігітіне тұрмысқа шығады. Перзентті болып, бақыт құшағында тербеліп жүргенде кенеттен жолдасы қайтыс болып, оқуы да аяқсыз қалады. Тірі адам тіршілігін жасайды, сол кездегі берілген анықтамамен медбике болып жұмыс жасап, 1996 жылы Ташкент Медицина педиатрия институтына қайта құжат тапсырып, 2004 жылы «Педиатр», «Жалпы тәжірибелі дәрігер» маманы дипломын алып шығады. 
      Туған жерден кім іргесін аулақ салған, оқуды бітірген соң атажұртқа көшіп келіп, Қарағанды қаласына қоныс теуіп, Қарағанды қаласының емханасына учаске балалар дәрігері ретінде жұмысқа орналасады. 
      Буыны қата қоймаған балаға ем-дом жасау әрине, оңай іс емес, оның үстіне қызметтік жауапкершілік өз алдына. Жоғарғы оқу орнында оқып келгенін іс жүзінде қолданған Гаухар Рысбекқызының сол кездің өзінде-ақ қайсарлығы мен білімдарлығы байқалып тұрды. Шалғай жатқан ауылдар түгілі сол кездері қала орталығында да білікті мамандар мен дәрігерлер жетіспеуші еді. "Қолымнан келмейді" демеді, оқығаны мен көргенін дәртке қуат етіп, дәрігерлер жетіспеушілігінен уақытының көптігін емдеу мекемесінде өткізіп жүрді. Бірақ, бұл өз ісінің білікті маманы болуды қолға алып, уақытпен санаспай еңбек етіп жүрген жас маман үшін үлкен өмір мектебі болды.       Осылайша өз тегершігінде айналған уақыттың жетегінде жүріп, дәрігерлік салада қызмет етіп, тәжірибесін шыңдаған Астана қаласының емханасына учаске балалар дәрігері ретінде еңбек жолында учаскелік дәрігер қызметін атқарып келеді. Осы бір өткен туралы айтсақ аттап өте алмайтын асудай болған тоқырау жылдары жалақы алмаса да, дәрігерлердің Гиппократ антына адал болып, өзіне жүктелген міндет пен тапсырмаларды бұлжытпай орындап, ем іздеп келгендерден көмегін аямады.
      Уақыт өте келе мол тәжірибе жинап кабинетте бала денсаулығын тексеруге қолайлы жағдайдың барлығын жасап, заман талабына сай жабдықтармен толықтырып, әр балаға ерекше мән беріп, ем-шарасын мейірім-махаббатпен жүргізе білді. Қажет жағдайда арнаулы бөлмеден процедуралық ем де ала алады. Осында қаралып жүрген балалардың мәліметтері компьютерде базалық жинақталып, тіркеледі. Гаухар Рысбекқызының қай уақытта да балалар денсаулығына қатысты мәселелердің бәрі толғандырады. Әсіресе, қан аздық, жүйке жүйесі, рахит, вирустық инфекция ауруларының аз еместігін айтып, мұндай ауруларды болдырмау үшін болашақ ана болатын қыздарымызды отбасылық өмірге алдын – ала даярлау қажеттігін сөз етеді. 
      - Жас келсе іске деген емес пе?! Мен әрдайым жас мамандарды қолдаймын. Бүгінгі күні сәт сайын жаңарып, жаңғырып жатқан жаңалықтарға құлақ түріп отырмасаң болмайды. Күнде бір жаңалық, күнде бір өзгеріс. Оның өзі жақсы. Себебі, жаңа технологиялардың пайда болуымен біздің саламыздағы жетістіктер де артып отырады. Балалардың денсаулығы бәрінен маңызды. Сондықтан да әрбір ата-анамен жіті байланыс орнатып отырамыз. 
      Ең алдымен ата-анасының да денсаулығының маңызы зор. Сау ата-ананың баласы да ауру-сырқаудан ада болады. Өзімнің тәжірибемде мен осыны ұстанамын. Әрбір ата-анамен сөйлесіп отыру арқылы, аурудың алдын алуға тырысамын. Міндетті екпелердің де маңызы зор. Мұндайда түсіндіру жұмыстарын жүргізу деген бар. Әр адам әртүрлі ойлайды. Ол заңдылық та. Сондықтан да адам өміріне бей-жай қарай алмайтын ақ халаттылар үшін үлкен төзім керек. Адамдармен тіл табыса білудің өзі өнер.       Дәрігер болу – дәрі беріп, ине шаншумен ғана шектелмейді ғой. Әрбір науқасқа бар ниетпен, шынайы пейілмен қамқорлық таныту өте маңызды. Бұл мамандық өте үлкен жауапкершілік пен біліктілікті талап етеді. Себебі денсаулық – адам өміріндегі ең қымбат байлық. Сондықтан да оның кері кетуіне түрткі болған дәрігердің қателігін ешкім де кешірмейді. Бұл мамандыққа келген екенсің кез-келген жанға, кез-келген уақытта қол ұшын созуға дайын болуың керексің, -дейді Гаухар Рысбекқызы. 
      Адам жанының, оның ішінде балалардың денсаулығы үшін күні мен түнін аямай, уақытын сүйікті қызметіне арнаған абзал азаматша отбасында да аяулы ана. Өнегелі отбасында ұл мен қыз тәрбиелеп өсірді. Барлығына да жоғары оқу орындарында оқуына ықпал етті. Таңдаған оқу орындарын жақсыға тәмамдап, бүгінде балалары өз салаларында беделді маман болып, қызмет етіп отыр.
Біле білгенге медицина – адам өміріне жауапты, жауапкершілігі зор сала. Ал медицина саласына жүрексінбей келіп, онда талай жылдар бойы үздіксіз сапалы қызмет жасау ерлікпен пара-пар деуге болады. 
      Сондықтан, тек ісімен ғана емес жүрегімен емдей білетін Гаухар Рысбекқызындай мамандар көбейе түссе дейміз. Ақ халатты абзал жанға мықты денсаулық пен отбасы амандығын тілейміз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...