Құрметке лайықты азамат
![]()
Дәрігерлік - аса жауапты мамандықтың бірі. Мұнда адам тағдыры тұрғандықтан ешқашан қателесуге болмайды. Бұл ретте дәрігерлер үнемі білімін жетілдіріп, ылғи да ізденіс үстінде болып, өз саласының қыр-сырын толық меңгеруі тиіс. Сондықтан адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандыққа кездейсоқ кісі келмейді.
Бойында кеселі бар жанның айығуында ең бастысы дәрігердің оған деген жақсы қарым-қатынасы ғой. Егер дәрігер күліп келіп, науқаспен арада сенім мен түсіністік орнамаса, ешқандай ем-домның нәтижесі күткендегідей болып, көңіл көншітпейтіні рас. Дәрігер тек қана дәрімен ғана емдесе, науқас тез айығып кетпейді, ал керісінше, ішкі жан дүниесі әсем, көңілімен ауруға көмектессем деп тұрған дәрігерге түскен ауру жылдам жазылады. Өз саласын мықты білетін, жан-жақты ізденімпаз көшбасшы дәрігер-хирург Урынгалиев Алибек Шинбаевич әңгімемізге арқау болып отыр. Батыс Қазақстан облыстық көпбейінді ауруханасының жақ-бет хирургия бөлімінде жақ-бет хирургі, бөлім меңгерушісі Алибек Шинбаевич 1965 жылдың 14 қарашасында Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Қарағаш ауылында дүниеге келді. Өткеніне үңілсек өр тұлғалы азаматтары мен қазіргі таңда еліміздің көк туын желбіретіп жүрген талантты ұл-
![]()
қыздары бар өлкеде балалығын өткізіп, тұлпарының тұяғы шалғанда ізі қалған өңірде мектеп табалдырығын аттады.
Мектеп қабырғасында жүргенде қандай іске де белсене кірісіп кете беретін, игі істердің басы қасында жүретін белсенді жас, айтқан сөзді ұғып алатын, алғыр да есті өрен мектепті үздіктер сапында бітірген соң, іргелі оқу орны Қарағанды қаласындағы Қарағанды мемлекеттік медицина институтына оқуға түсуге бел буады. "Талаптыға тау да аласа" деген, білімі мен қабілеті жеткен Алибек Шинбаевич бұл мақсатына да қол жеткізеді.
Осылайша, бұралаңы мен қиындығы жетіп артылатын, меңгеріп кетсең, таймас тұғырға көтере білетін медицина әлемінің ішіне еніп кеткен жас, жоғарғы оқу орнында жүріп те өзінің білімін көтеріп, сала бойынша қарым-қабілетін арттырып, таным көкжиегін кеңіте білген, 1993 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Дәрігер-стоматолог» мамандығы бойынша аяқтап шыққан Алибек Шинбаевичтің алғашқы еңбек жолы, Батыс Қазақстан облысының Орал қаласындағы темір жол ауруханасында дәрігер-стоматолог болумен басталады.
Медицина саласында қызмет ете жүріп, тәжірибесіне де молайта
![]()
түскен жас маман Алибек Шинбаевич алдына келген жанның жанын тыныштандыратындай шипалы ем жасап, жан-жақтылығының, ұжыммен тіл табыса білуінің, ширақы қимылы, жауапкершілігі мол жұмысының арқасында, бедел биігінен сатылап көтеріліп келе жатты. Қызметте де өрлеп, 1997 жылдан бастап Батыс Қазақстан облыстық көпбейінді ауруханасының жақ-бет хирургия бөлімінде жақ-бет хирургі, бөлім меңгерушісі қызметін абыроймен атқарып келеді. Қай кәсіптің болмасын, өз қызығы, өз қиындығы болатыны сөзсіз. Алибек Шинбаевичті әріптестері озық технологиялармен ота жасауды жолға қойған маман ретінде құрметтейді. Қазір барлық заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, мүмкіндіктер де өте көп. Дәрігерге ең қажеттісі, біріншіден, жақсы маман болуы керек. Екіншіден, науқасқа қандай жәрдем керек екенін әрдайым білуі тиіс. Үшіншіден, шаршамаса, шыдамдылық танытса, одан мықты маман шығады. Әрдайым өсу және жоғарылау перспективалы мүмкіндіктерін іздену сынды мақсатты алға қойған Алибек Шинбаевич қызметте жоғары күш-жігерін жұмсап, жылдам қимылдауға, жеңіл және жеке команда құрамында жұмыс істеуге қабілеті жоғары маман. Көпшіл азамат үнемі жоғары жетістіктерге жетуге ұмтылып жүреді. Талапшыл,
![]()
өз бетінше және командада жұмыс істей біледі. Тәжірибелі дәрігер осылайша денсаулық сақтау жүйесінің стоматология, жақ-бет хирургиясы саласында ересектер мен балалардың саулығы бойынша практикалық денсаулық сақтау ісіне 30 жыл бойы өзінің үлесін қосып келеді. Кәсіби шеберлігін үздіксіз шыңдаумен айналысатын хирург, медицина ұйымдастырушы екеніне – көптеген сертификаттары дәлел бола алады. Алибек Шинбаевичтің халық денсаулығын жақсартудағы еңбегі еленіп, көптеген Құрмет Грамоталарымен, Алғыс хаттармен және төсбелгі, медальдармен марапатталды.
Атап айтар болсақ:
Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының Алғыс хаты;
Облыстық көпбейінді ауруханасы директорының Алғыс хаты;
Облыстық көпбейінді ауруханасының «Пациент таңдауы» («Выбор пациента») аталымының Иегері;
Стоматологтардың халықаралық федерациясының Құрмет Грамотасы;
Қазақстан стоматологтарының біртұтас ассоциациясының Құрмет Грамотасы; Қазақстан стоматология ассоциациясы бірлесіп марапаттаған «ҚР үздік дәрігер-стоматологы» атағының иегері;
Қазақстан стоматология Ассоциациясының 30 жылдығына орай «Қазақстан стоматология ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің «Ерен еңбегі» үшін медалі;
«Абырой» медалі;
Қай салада, қай істе болмасын өз еңбегінен бақыт тауып, елге қызмет етуді мұрат еткен маман иесінің бағы жанып, абыройы асқақтайды. Бұл - өмір дәлелдеген аксиома. Бүгінгі кейіпкеріміз Алибек Шынбаевич те жұмыр жүрегіндегі жалынды халыққа қызмет етуге жұмсап, алдына келген емделушілердің шат күлкісі, риясыз өмір сүруі үшін барын аямай, қолынан келгенін сапалы қызметімен көрсеткен абзал жан.
Кейіпкерімізге халықтың атынан алғысымызды білдіріп, деніне саулық, отбасына амандық тілейміз!
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()