Бекбергенова Әлия

Рейтинг:

Абыройлы маман

      Жаратқанның шапағат жалыны шарпыған, жұмыр жүректі пенденің ешқайсысы жаман болсам демейді, бірақ, маңдайға жазылған тағдырдан кім оза алған?! Жарық дүниенің сәулесі жүзін нұрландырған әрбір адам өмірінде жаман болсам, қателіктерге ұрынсам деп ғұмыр кешпейді, бірақ, теңіз үстіндегі құйындай үйіріп алып кететін тағдыр сынағы, біреуге ауыр, біреуге жеңіл тиетіні жасырын емес. Сүрінбеген тұяқ, сауырына қамшы тимеген тұлпар, мәре сызығын бірінші болып кесе алмайтыны секілді, осы бір сынықтардан өтпей, алпыс екі тамыры бойында айналған әрбір адам өмір құндылығын, тіршіліктің татымын сезіне алмасы анық. 
      Медицина деп аталатын үлкен әлемнің, адам жанымен үндес саласын таңдап, оқығаны мен тоқығанын емдеу ісі саласына арнап келе жатқан Әлия Жексенғалиқызы 1975 жылдың 19 маусымында Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Шортанбай елді мекенінде дүниеге келді.      Қойнауына қазба-байлықтарды жасырып жатқан кенді өлке, табиғатының өзі суретшінің ұлы картинасына сұранып тұрған сұлу далада бақытты балалығын өткізген жас кішкентайынан алғыр, зерек, үлкен сөзін қағып алатын ұғымтал болды. 
      Бүгінгі шыққан бедел тауының алғашқы төбесі болған білім ордасының табалдырығын орта мектепте аттаған ол мектептің пән сабағы ғана емес қоғамдық өмірімен етене араласып кетті. Болашақтың кілті білім мен ғылымда жатқанын түйсігімен сезінген жас сыныптағы үздік оқушылардың көшін бастады. 1992 жылы 10 жылдық мектепті бітіріп шыққан соң, сол жылы Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік медициналық академиясына оқуға түседі. 
      Сала бойына ілім алып, жоғарғы оқу ордасының қоғамдық өміріне де белсене араласып өзінің бойындағы қабілетін көрсете білген ол институтты бітірген соң 1998 жылы өзінің алғашқы еңбек жолын Облыстық наркология диспансерінде дәрігер-нарколог болып бастайды. 
      Адамзат баласы жер бетінде пайда болғаннан бастап аурудан алыс болмаған ғой. Науқастанған адамның ем алуы үшін дәрігерге жүгінуі жылдар бойы бұзылмай келе жатқан құбылыс. Адамдардың сырқаттануы мен дәрігерлерге деген мұқтаждығының тарихи төркіні тереңде екенін осыдан-ақ байқауға болады. Дәрігерлік мамандық абыройлы, құрметті мамандықтар қатарында. Тіпті, бар мамандықтың арасындағы төресі деуге де болады. Себебі тіршілік бар жерде адам, ал адамның баянды тіршілігі үшін мықты денсаулық керек.       Ауырлығы арқаға жүк болатын қызметтерді атқарып жүрсе де, өзі таңдаған мамандықтан аяғын бір сәт те кейін салмаған Әлия Жексенғалиқызы еңбек ету барысында ұжымдастарымен тонның ішкі бауындай араласып, қызметтік міндеттемелерді өз деңгейінде орындай білді. Жас маман болса да тез үйреніп, ұйымдастырушылық, бір іске жанындағыларды үйіріп алып кететін қабілетінің арқасында ұжым ортасында сенім үдесінен шыға білді. Уақытпен санаспай атқарған еңбегі бағаланған кейіпкеріміз медицинаның қыр-сырын меңгеріп, тәжірибе жинап, бүгінгі таңда Ақтөбе облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығында «Наркология» бөлімінің меңгерушісі қызметін абыроймен атқарып келеді. 
      Дәрігер мамандығы - мамандық атаулы ішіндегі ең қасиеттісі әрі абыройлысы. Бұл аса жауапкершілікті, шыдамдылықты, өз ісіне деген сүйіспеншілікті қажет ететін ұлы мамандық. Адам жанының арашашысы, адам жанының зерттеушісі, бағдаршамы, қорғаны. Сондықтан адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді.       «Дәрігер – арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болуы керек» деген ата-бабамыздың айтқан ұлы да ұлағатты сөздері бар. Арыстандай еш нәрседен қорықпайтын өзінің бойын қорқыныштың баурап алуына жол бермейтін, қыздай өз ісіне байыппен қарайтын, өз ісіне сеніммен қарай білетін, анасындай науқастарға мейірімін төге білетін, өзінің анасы өзіне қандай мейіріммен қараса, ол да науқастарға сондай мейіріммен қарай білетін жан болуы тиіс. Осы аталған қасиеттердің барлығы біз әңгіме еткен Әлия Жексенғалиқызының бойынан анық байқалады. Өз саласын жетік меңгерген білікті маманға мықты денсаулық пен абырой бедел тілейміз.       Адамдық қасиет оның саналы ғұмырында жүріп өткен жолына қарап бағаланады. Қандай отбасында өсті, қандай ортада жүрді, кіммен араласты, қандай қызметте болды, міне, осының барлығы адамның қадір-қасиетін айқындаушы нәрсе. Еткен еңбек ғана адамды биікке көтеріп, абыройлы етеді емес пе?!       Сол еңбектің арқасында ардақталып, еліне елеулі, отбасына қадірлі болады. Биік тұлғасымен, мәдениетті сөз саптауымен, ұсақ-түйекке уақыт құртпайтын ұқыптылығымен, парасаттылығымен, білімділігімен көпке үлгі көрсетіп, үлкенге іні, кішіге ұстаз болып, біліктілігінің арқасында елдің алғысын арқалап жүрген Әлия Жексенғалиқызының деніне саулық, еңбегіне табыс тілейміз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...