Күзекбаева Күнсұлу

Рейтинг:
Елдің мақтаны

      Адам - тіршілік иесі, қоғамның басты байлығы екені даусыз. Науқасты жақсы қалыпқа оралту үшін оған үлкен жүрек, білім мен біліктілік, сақтық, ұқыптылық, жауапкершілік, адалдық, мейірімділік, адамның тәнін ғана емес, жанын да емдей алатын психолог бола білуі тиіс. Бастысы мамандығын шексіз сүйіп, ізденісте жүрсе, қиындықпен күресе алса болғаны. Бүгінгі кейіпкеріміз Күнсұлу Дүзелбайқызы - өз саласының нағыз білгірі. Оны танитындар қашанда құрметпен қарайды. 
      Күзекбаева Күнсұлу Дүзелбайқызы 1975 жылы 27 желтоқсанда Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сарға елді мекенінде қарапайым отбасында дүниеге келді. 1983 жылы Сарға елді мекеніндегі Ә.Жангелдин орта мектебінің табалдырығын аттаған Күнсұлу оқуда озат, тәртібі үлгілі, ұстаздарының мақтанышы болды. Бала күнінен жан-жақты, ізденгіш, еңбекқор, бірсөзді болған Күнсұлудың болашағынан ұстаздары көп үміт күтті. Ата-анасы 1991 жылы Бейнеу поселкесіне көшіп келді. Сол жылы Бейнеу ауданы, Бейнеу селосындағы Ы.Алтынсарин мектебін үздікке бітіріп шықты.
      Арман арқалаған жас түлек 1993 жылы Алматы қаласындағы С.Асфендияров атындағы Қазақ Мемлекеттік Медицина Университетінің педиатрия факультетіне оқуға түсті. Өзінің білімділігімен, ізденімпаздығымен жоғары оқу орнында да мақтаулы болған Күнсұлу жаңалықтарға ден қойып, жаңашылдықтарды бойына сіңіре берді. Аталған оқу орнында интернатурасымен бірге жақсыға аяқтады.      Білімді маман туған жері Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу поселкесіне қайта келеді. Осылайша, дипломмен, үздік, жоғарғы санатты білім алған жас маман, өзінің еңбек жолын туған елі, туған жері Бейнеу орталық аудандық ауруханасынан педиатр болып бастады. Жылдар бойы алған білімінің арқасында ешқандай қиыншылықтан қашпай, аурухана әкімшілігі жұмсаған қызметтің бәрін мүлтіксіз орындап, тәжірибе жинап, халық пен әріптестері арасында беделі өсе берді. Алыс ауылдарға жедел жәрдем көлігімен сырқаттанған науқастарға ересектерге, балаларға көмегін аянбай көрсетіп, түнгі кезекшіліктерге тұрып, аудан халқына адал еңбек етті. Аудан халқына оның ішінде көбіне жас аналарға, сәбилердің арасында ішек жұқпалы ауруларының алдын алу үшін жүргізілген аула аралау жұмыстарына да белсене қатысып, өзінің ақыл-кеңесін беріп, еңбектенді. Осының бәрі еңбекке шыңдалу, біліктілігін арттыру жолдары болды.       Ісіне тиянақты маман 2003 жылы балалар бөлімінде педиатр дәрігер, 2006 жылдан бастап, бүгінгі таңға дейін жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі, білікті маманы болып жұмыс жасап, өз еңбегін аямай балаларға деген мейірін төгіп, науқастарға аянбай қызмет атқарып келеді.
      Сәт сайын білімін көтеріп отыруды қалайтын дәрігер 2007 жылы Алматы қаласында инфекционист мамандығы бойынша біліктілігін арттырып Сертификат алып келді. Қазіргі таңда жоғары санатты ересектер және балалар инфекционисті екенін де зор мақтанышпен айтуға болады. 2000 жылы "коронавирус" пандемиясы кезінде Бейнеу ауданы халқына аянбай, жанқиярлықпен еңбек етті, науқастардың аман-есен үйіне жазылып шығуына госпиталь қызметкерлерінің қиын жағдайдағы еңбектерін жеңілдетуге, жан-жақтан келген кеңесші дәрігерлермен қоян-қолтық жұмыс жасады. 
      Адамның өмірі маңызды екенін білікті маман, жоғары санатты инфекционист Күнсұлу Дүзелбайқызы жақсы біледі. Ал балалардың өмірі бәрінен де қымбат екенін, біздің келешек ұрпағымыз екенін жүрегімен сезінеді. 
      Өз мамандығын сүйетін, науқастың жағдайын қас-қабағынан танитын, жан дүниесін тани білетін білікті маман үшін атақ та, байлық та, мансап та маңызды емес. Ол үшін ең бастысы - адам денсаулығы. 
      Алдына келген науқастың жанына жылу сыйлап, ертеңіне үміт берсе зор қуаныш санайды. Мамандығына адалынан берілген ол алдына барсаң күлімдеп қарсы алып, ине салып, дәрі ішкізбей-ақ, сырқатыңды мейірім тұнған көзімен, жылы сөзімен сауықтырып, шығарып салатын дәрігерлердің бірінен екенін айта кетуіміз керек. Ол бүкіл болмысымен дәрігер деген атқа нағыз лайықты жан. 
      Сонымен қатар Күнсұлу Дүзелбайқызы ұжымдастарымен жұмыс жасау барысында өзінің біліктілігін, білімділігін, адамгершілігін көрсете білді. Осы қасиеттерінің арқасында ол әріптестерінің жоғары сыйластығына ие болды. Бүгінде ол әріптестерімен, барша ұжымдастарымен мақтанады және оларға шексіз алғысын білдіреді. 
      Күнсұлу Дүзелбайқызының көп жылдардағы еңбегі ескеріліп, 2022 жылы ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің Құрмет грамотасына, сонымен қатар әр жылдарда облыс, аудан әкімдерінің Алғыс хатына ие болды. Алған марапаттарынан бұрын, өзінің науқастарынан алған алғысқа шексіз қуанып, шын бақытты болатын дәрігердің ерекше қалпына шынымен де тәнті боласың.       Күнсұлу Дүзелбайқызы жанұяда Кузекбаев Әли Дузелбайұлы есімді азаматты тәрбиелеп отырған ана. Әли қазіргі таңда анасының жолын қуып, Алматы қаласында Қазақ-Ресей Медицина университетінің "Жалпы медицина" факультетінде білім алып жүр. 
      Білікті дәрігердің ұстанымы - алдына келген науқастың ауруына шипа ем беріп, аман-есен үйіне шығарып салу. Ешбір ананың жылағанын көтере алмайды, сондықтан әр баланы аман алып қалу үшін күні-түні аянбай еңбек етуге дайын абзал жанның еңбегі шынында да үлкен марапатқа лайықты-ақ. Кейіпкеріміз өмірдегі жетістіктері, марапаттары, жалпы барлығы үшін ата-анасына айтар алғысы шексіз. Бүгінде Күнсұлу ханымның анасы отбасының ұйытқысы, аяулысы болып отыр. Ал асқар тау әкесі болса тағдырдың жазуымен дүниеден өткен.
      Иә, өзінің қарапайым қалпымен науқастарына мейіріммен қарайтын білікті маманды көпшілік мақтан тұтып, алғыстарын айтып жатады. Үнемі оқу-біліммен қоса сүйікті ісінен бас алмай, замануилыққа бет бұрып, жас мамандарға да өзінің іс тәжірибесін айтып, ақыл-кеңесін беріп отырады. Тәлімгерлік етуде бар білгенін айтып ғана қоймай, іс жүзінде үйретуден де жалықпайды. Жалпы ол білсем, үйренсем дейтін жанға ықыласы ерекше. Өйткені, дипломмен ғана жұмыс жасауға келген адам мен шынайы ықыласымен келген жанды бірден таниды. Саласын жақсы көріп, мамандығын шексіз сүйіп тұрған жас маманды көрсе болғаны іші жылып қоя береді. Ондайда қолынан келгенше көмектесуге әзір тұрады.       Еліне адал қызмет етіп, одан береке тауып отырған алтын қолды дәрігерге денінің саулығын тілеп, бедел биігінен аласармаңыз деген тілегімізді білдіреміз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

19 мая 2026 21:11
зангар
Азиз , мы кстати родственники, я внук Мыханова Санибека Акмырзаева, ты наверно его знаешь да?...
10 мая 2026 00:50
Санжар Косжанов
Вауу күшті шыққан. Үлкен естелік болатын болды....
10 мая 2026 00:27
Jazira
Менің атам бар жақсыға лайықтты. Рахмет сіздің арқаңыз өсіп өнгеніміз... ...