Спатаев Жанат

Рейтинг:

Алтын қолды хирург

      Жаным-түйсігінде тіршіліктің тамыры соққан әрбір жұмыр басты пенде бір-бір мамандықтың иесі. Осы қызметі арқылы өмір өрнегін кестелеп, қоғамдағы орнын айқындап, ұрпағын жалғастыра бермек. Өмірде түрлі мамандықтар бар, бірақ солардың ішіндегі ұлысы ұстаздық пен дәрігер. Дәрігер мамандығы – мамандық атаулы ішіндегі ең қасиеттісі әрі абыройлысы. Дәрігер –адам жанының арашасы, адам жанының зерттеушісі, бағдаршамы, қорғаны екен. Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді.
      Жаратқаннан кейінгі жәрдемші болатын, мейірімділікті қажет ететін, мерейілі де абыройлы, ардақты мамандықты еншілеген, өз ісінің білікті маманы Астана қаласындағы гепатопанкреатобилиарлық хирургия және мүшелерді трансплантациялау бөлімінің меңгерушісі – Жанат Сейітбатталұлы 1974 жылдың 19 маусымында Талдықорған қаласында дүниеге келді.       Аласармас асқар тауы, жүрегіне әділдік пен адалдықтың дәнін еккен әкесі Спатаев Сейітбаттал – Матай станциясында, кейін Талдықорған қаласында хирург болып жұмыс істеген, күрделі операцияларды жасаған дәрігер-хирург болса, жүрегі мейірімге тұнған, оттан да ыстық алақанды анасы Нусупбекова Марзипа Имансерікқызы – медицина қызметкері, денсаулық сақтау саласында еңбек етіп, 10 жыл «Арасан-Қапал» шипажайын басқарды.
      Тамылжыған табиғаты ән қанатында қалықтаған сұлу өңірдің құмында балалық ізін қалдырған Жанат Сейітбатталұлы Талдықорған қаласындағы М Горький атындағы білім ордасының табалдырығын аттап, білім нәрімен сусындады. Елгезек, көрген затын танып білмейінше тыным таппайтын қызыққұмарлығы, қолына қалам ұстаған шәкіртті білім тереңіне бойлата сүңгітті. 
      Ұшамын деген қыранға кең дала тарлық еткен бе, 1987 жылы мектепті бітірген соң , өзінің арманы мен алдына қойған мақсатына жету жолында ізденіп, ілгерілей білген Жанат Сейітбатталұлы талаптың тұлпарын тақымға басып, Алматы қаласына аттанады. Талаптыға тау да аласа, оның үстіне дәрігер болсам деген үміт отының жылуы мен жарығы күшті жас Талдықорған қаласының медициналық училищесіне оқуға түседі. 
      Көздегеніне қолы жетіп, білімді де білікті маман болып шығуы жолында өзін жиі қамшылап, алтыннан да қымбатты уақытының көбін тәлім алу жолында өткізген Жанат Сейітбатталұлы аталған оқу орнын 1990 жылы тәмамдап шығады. «Жас кезінде алған білімің тасқа жазылғанмен бірдей» деп ұлылар айтпақшы, қай уақытты да үнемі ізденіс үстінде жүретіні, еңбексүйгіш жас училищеде жүріп те өзінің алғырлық қабілетінен айнымады. Айналып келмейтін студенттік қызықтармен бірге, бос уақытының көбін кітапхана бөлмесінде өткізіп, өзі таңдаған мамандықтың қыр-сырын білуге қанықты. Талаптыға тау да аласа, тек алға жүруді мұрат еткен жас білімін одан әрі жетілдірмек болып, 1991-1999 жылдары Семей мемлекеттік медицина институтында жалғастырады. 
      Трансплантолог, гепатопанкреатобилиарлық хирург, онколог, жалпы тәжірибелік хирург, біліктілігі жоғары санатты Жанат Сейітбатталұлы осылайша медицинадағы өзінің алғашқы еңбек жолын Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханада анестезиолог-реаниматолог болып бастайды. Одан арғы қызметінде 1999–2004 жылдары Талдықорған қаласының облыстық ауруханасында хирург, Астана қаласындағы №1 қалалық ауруханасында хирург, «Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы», «Ұлттық Ғылыми Онкологиялық орталықтарында» хурург қызметін атқарған Жанат Сейітбатталұлы білімін көтеріп, біліктілігін арттыруда 2014-2015 жылдары «Болашақ» стипендиясының бағдарламасымен АҚШ-тың Питтсбург университетінде және 2019-2020 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Денсаулық сақтау саласындағы іскерлік әкімшілендіру магистрі бойынша тағылымдамадан өтті. 
      Қызмет ету барысында Жанат Сейітбатталұлы дәрігерлікпен қатар 2009 жылдан бастап Астана қаласындағы Назарбаев Университетінің Медицина мектебінде оқытушы болып, 2019 жылдан бастап Астана қаласындағы бас штаттан тыс трансплантолог, қазан айынан бастап гепатопанкреатобилиарлық хирургия және мүшелерді трансплантациялау бөлімінің меңгерушісі қызметін абыроймен атқарып келеді.       Дәрігердің өмірі – бұл ешқашан бітпейтін университет. «Дәрігердің басты міндеті — өмір бойы қоғам үшін оқу» — деген екен беделді клиницист А.А.Остроумов айтпақшы, дәрігердің оптимизмі саналы болуы қажет және ол бірінші кезекте терең білім мен мол тәжірибеге сүйену керек. Жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кететін, заман жаңарған сайын түрлене түсетін аурулардың алдын алып, ем-шараларын жүргізу үшін дәрігер де заман талабына сай технологияны меңгерумен қатар, білім-біліктілігі де сай болу керек.       Хирургияның саласы – гепатопанкреатобилиарлық хирургия (бауыр мен ұйқы безінің хирургиясы) және бауыр трансплантациясы. Қатерлі және қатерсіз түзілістердің, паразиттік аурулардың хирургиясы, резекциядан мүшелерді трансплантациялауға дейінгі аралықты қамтитын, күрделі оталау. Осы салада біліктілігін көтеру мақсатында Жанат Сейітбатталұлы АҚШ, Оңтүстік Корея, Беларусь, Израильде білім алып, халықаралық конференцияларда сөз сөйлеп, шетелдік сарапшылармен тәжірибе алмасты. 
      Атап айтар болсақ:
      - 2000 жылы Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институтында «Анестезиология және реаниматология» мамандығы бойынша;
      - 2004 жылы Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институтында «Хирургия» бойынша бастапқы мамандандыру;
      - А.Н.Сызғанова атындағы Ұлттық ғылыми орталығында «Лапароскопиялық хирургия» бойынша;
      - 2011 жылы «АСАН» медициналық орталығында «Бауыр трансплантациясы және гепатобилиарлы» хирургия бойынша интернатура;
      - 2012 жылы Беларусь медициналық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру академиясынан «Гепатопанкреатобилиарлық хирургияда» интернатура;
      - 2013 жылы «Республикалық шұғыл медициналық көмек ғылыми орталығы» АҚ-ынан «Трансплантология» мамандығы;
      - 2016 жылы Питтсбург университетінің медициналық орталығынан «Трансплантация және гепатобилиарлы хирургия» бойынша;
      - 2017 жылы Сеул ұлттық университетінің ауруханасынан «Бауыр трансплантациясы»;
      - «А.Агруп» білім беру орталығынан» «Құрсақ қуысы мүшелерінің ультрадыбыстық диагностикасы»;
      - «Онкология (маммология, химиотерапия)» бойынша тағылымдалардан өтті. 
      Медициналық жоғары оқу орындарының студенттері үшін тренингтер жүргізіп, сонымен қатар өз мамандығы бойынша дәрігерлердің біліктілігін арттырып, өңірлерде күрделі операцияларды оқытып, шеберлік сабақтарын өткізеді. 
      Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде, баспасөзде, теледидарда медицина бойынша ағарту жұмыстарын жүргізіп келе жатқан Жанат Сейітбатталұлы мынадай ауру түрлеріне ота жасайды:
      - абдоминальды хирургияның шұғыл және жоспарлы барлық спектрі;
      - бауыр мен ұйқы безіне операциялар;
      - өт жолдарының тарылуына арналған реконструктивтік операциялар;
      - бауыр трансплантациясы;
      - Лапароскопиялық операциялар (аппендэктомия, бауырдың, ұйқы безінің резекциясы, ішек грыжасы).
      Жанат Сейітбатталұлы ерекше қабілеттілігі мен мамандығына деген құштарлығын халық денсаулығы үшін жұмсап, күндіз-түні еңбектеніп келе жатқан өз әріптестерінің арасында өте сыйлы және білікті маман. 
      Жанат Сейітбатталұлы дәрігерлік етумен қатар, Қазақстанда Халықаралық деңгейде өткізілген конференцияларда сөз сөйлеп, баяндамалар жасап, тәжірибесімен бөлісті. Баяндамаларын бір тізімге салсақ:
      - 2016 жылы Алматы қаласында өткізілген III Халықаралық трансплантологтар мен гепатобилиарлық хирургтер конгресі;
      - 2017 жылы Сеул Оңтүстік Корея Ливер Веер конференциясы;
      - 2018 жылы Сеул Оңтүстік Корея конференциясы «Азия трансплантациясы апталығы»;
      - 2018 Астана халықаралық гепатологтар мен трансплантологтар конгресі;
      - 2018 «LDLT» зерттеу тобының Астана коллогриясы және Қазақстанның гепатология және гастроэнтерологиясының IV конгресі;
      - 2019 Стамбул, Түркия «3-ші халықаралық жетілдірілген бауыр және ұйқы безі хирургиясы симпозиумы - ISLS 2019»;
      - 2019 ж. Нұр-Сұлтан халықаралық қатысуымен Қазақстан онкологтары мен рентгенологтарының VII конгресі. 
      Еліміз үшін ең қымбат дүние болып саналатын адам денсаулығын жақсартуда еңбек етіп келе жатқан Жанат Сейітбатталұлының жетістіктеріне назар аударсақ:
      - 2015 жылы «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты (АҚШ-та бір жарым жыл оқу);
      «ҚР денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған;
      - «Халық алғысы» медалі;
      - АВО сәйкес келмейтін бауыр трансплантациясы үшін десенсибилизациялау хаттамасы әзірленді және енгізілді;
      - Донорлық хаттаманың кеңейтілген критерийлері әзірленді және енгізілді.
      - Орталықта бірінші болып бауырдың лапароскопиялық резекциясы және ұйқы безінің апараскопиялық дистальды резекциясы жасалды;
      - Бауыр трансплантациясы бар науқастардың барлығының дерлік емдеуші дәрігері науқастарды операцияға дейінгі және операциядан кейінгі жүргізудің логистикасын әзірледі.
      Жанат Сейітбатталұлы медицина саласының үздік қызметкері, алтын қолды хирург болумен қатар отбасында арқа сүйер азамат, асқар тау әке. Жары заң саласында қызмет ететін Әбдірахманова Динара екеуі екі қыз тәрбиелеп өсірді. Тоғжаны АҚШ-та, биоинженер саласында білім алып жатса, Альфиясы 7 сынып оқушысы. 
      Заман дамыған сайын қоғам да түрленіп, ауралар да өзгеріске ұшырап, оларға қолданылатын ем-шара да ауысып, дамып отырмақ. Десек те, ғылымның көк тұлпары алдына қара түсірмей шапқан бүгінде Қазақстанның қай саласы да жылдам дамып келеді. Оның нәтижесін ел сезініп, көзімен көріп отыр. Осындай саланың кенде қалған жерін дамытып, шет ел деп қарап отырмай, маңызды да күрделі операцияларды елімізде жасап келе жатқан Жанат Сейітбатталұлы сынды дәрігерлердің бары көңілді қуантып қана қоймай, кеудеңе мақтаныш сезімін ұялатады. 
      Міне, осындай мақтауға лайықты, әр сәтін тиімді пайдаланып, науқастың тәніне ғана емес, жүрегіне жол тапқан білікті дәрігер Жанат Сейітбатталұлының отбасына амандық, ісіне береке, деніне саулық тілейміз!

      Всё только начинается!

      2013 год. Астана. В Национальном научном онкологическом центре произошло событие, ставшее историческим для казахской медицины – в стране проведена первая трансплантация печени. Эта операция стало началом развития трансплантологии в Казахстане: впервые отечественные медики провели сложную хирургическую процедуру без помощи заграничных коллег. 
      В этой исторической операции участвовал, став так называемым «пионером» в сфере казахстанской трансплантологии, Жанат Сейтбатталович Спатаев, хирург-трансплантолог, онколог высшей категории. 
      Жанат Спатаев:
      « – Казахстанские врачи – хирурги, трансплантологи впервые провели эту сложнейшую процедуру самостоятельно без помощи зарубежных специалистов, хотя изначально планировалось участие коллег из Беларуси. Однако из-за непредвиденных обстоятельств они не смогли приехать, а ждать было нельзя. Пациентка – жительница Акмолинской области, которая долгое время работала маляром на тяжелом производстве, отчего у нее развился токсический гепатит. Донором стал мужчина, умерший вследствие инсульта. Согласие на забор органов для пересадки дала его супруга. Операция прошла успешно – мы тогда радовались, будто выиграли Лигу чемпионов. С тех пор прошло 10 лет, за это время у пациентки родилось трое внуков, она ведет полноценную жизнь.»
      Полноценную жизнь сейчас ведут десятки вчерашних пациентов Жаната Сейтбатталовича. С того 2013 года на базе Национального научного онкологического центра, где трудится наш герой проведено свыше 60 подобных операций, которые завершились успешно. А всё это благодаря доктору Спатаеву. 
      Жанат Сейтбатталович не единственный и не первый доктор Спатаев. Он продолжил дело своего отца – Сейтбаттала Спатаева – великолепного хирурга, который в советское время проводил сложнейшие хирургические вмешательства на станции Матай, в последующем в городе Талдыкоргане. До исторической операции, которую проведёт его сын в числе лучших врачей страны, Сейтбаттал ата не дожил 30 лет. Наверняка, он бы был переполнен гордости и радости за сына и за всю отечественную медицину. Если доктор Спатаев-старший в своё время закладывал фундамент казахстанской хирургии, то доктор Спатаев-младший с честью её развивает. 
      Медицинской профессии была и мама нашего героя. Марзипа Нусупбекова работала в сфере Общественного здравоохранения, 10 лет возглавляя санаторий «Арасан-Капал», первый курорт в Казахстане, расположенный на северных склонах горы Джунгар Алатау, неподалеку от Талдыкоргана, где и родился 19 июня 1974 года Жанат Сейтбатталович. 
      После выпускного 8 класса школы имени М.Горького, как и было заведено в СССР, наш герой идёт учиться в Талдыкорганское медицинское училище. Получив диплом медика, юный Жанат Сейтбатталович поступил в Семипалатинский Государственный Медицинский институт. В 1999 году он вернётся в родной город, где займет место врача-анестезиолога-реаниматолога Областной больницы. Позже начнет практику в качестве хирурга в отделении общей хирургии. 
      Уже в первые годы двухтысячных Жанат Сейтбатталович найдет место в молодой столице: свой профессиональный путь в Астане он начал с Первой городской больницы. А после наш герой перейдёт в ННОЦ, где ему выпадет возможность войти в историю, проведя трансплантацию печени. И всё это на фоне проводимых исследований, выступлений и частых стажировок, одна из крупнейших прошла в Питсбурге (США), попасть на которую доктору Спатаеву удалось став стипендиатом программы «Болашақ». С передовым южнокорейским опытом он знакомился в период двух стажировок в Сеуле, где углублял знания в области трансплантации печени. 
      С 2018 года Жанат Сейтбатталович начал делиться знаниями и личным опытом проведения сложнейших операции со студентами Школы медицины Назарбаев Университета в качестве клинического преподавателя. В 2019 году наш герой стал главным внештатным трансплантологом столицы, возглавив отделение гепатопанкреатобилиарной хирургии и трансплантации органов. В суете врачебных будней доктор Спатаев получил степень магистра делового администрирования в здравоохранении Казахского Национального университета имени Аль-Фараби. 
      « – Сегодня я являюсь узким специалистом, по мнению коллег-экспертов трансплантологии. Часто выступаю на международных конференциях, тесно сотрудничая с зарубежными специалистами. В стране есть необходимость проведения мастер-классов, обучения сложным хирургическим операциям для практикующих врачей, в которых я с радостью участвую, делясь опытом. К слову, об опыте: я принимаю участие в разработке законодательства по трансплантации органов и клинических протоколов по РК.»
      Ежедневный труд достойно оценило государство, наградив нашего героя медалью «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін». Благодарность народа отражена в одноименной медали «Халық алғысы». 
      Жаната Сейтбатталовича можно с уверенностью назвать счастливым человеком. Он занимается любимым делом, его труд уважаем и ценен в обществе, у него есть люди, наполняющие его мотивацией, абсолютной любовью и счастьем – его семья. Супруга Динара Абдрахманова по профессии юрист, вместе они воспитывают двух дочерей. Старшая Тогжан – студентка, учится в США, она – будущий биоинженер. А младшей Альфие только предстоит выбрать профессию: девочка учится в 7 классе. 
      Однако и счастье – это ежедневный труд. Признание доктор Спатаев завоевывает на протяжение всей своей жизни – даря возможность жить, когда казалось, что всё уже закончилось. Но всё только начинается!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

19 мая 2026 21:11
зангар
Азиз , мы кстати родственники, я внук Мыханова Санибека Акмырзаева, ты наверно его знаешь да?...
10 мая 2026 00:50
Санжар Косжанов
Вауу күшті шыққан. Үлкен естелік болатын болды....
10 мая 2026 00:27
Jazira
Менің атам бар жақсыға лайықтты. Рахмет сіздің арқаңыз өсіп өнгеніміз... ...