Атырау медицинасының айбынды дәрігері
![]()
Дүниедегі ең ардақты да құрметті мамандықтың бірі ол - дәрігерлік. Адам ауруы асқынып, дертіне дауа іздегенде ақ халатты жандарға жүгінетіні белгілі. Қай кезде де науқас адам тәжірибелі дәрігер іздейді. Ал білікті дәрігер науқасты дертінен құлан-таза айықтырып, аяғына тік тұрғызады. Бұл мамандық иелерінің жауапкершілікпен қоса, атқаратын жұмыстары да көп. Медицина сан салалы болғандықтан, кез-келген маман өз саласының білікті білгірі болуы тиіс. Дәрігерге білім, біліктілік, мейірім, еңбек, адалдық керек болса, сол қасиеттің барлығы бір бойынан табылады. Бірақ бұның бәрінен дәрігерге қажет ең негізгі қасиет ол шыдамдылық. Себебі күштеп дәрігер жасай алмайсың ғой. Медицинаға тек жүрек қалауымен келген адамдар ғана мамандыққа адал болып қалады.
Міне, осындай табандылық пен үлкен жүректі талап ететін медицина саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, қатардағы хирург дәрігерден бастап, басшылық қызметке дейін көтеріле білген Қалжігітов Хайролла Смадьярұлы құрметтеуге лайықты дәрігерлеріміздің бірі.
Атырау мұнай және газ институтының профессоры Хайролла Смадьярұлы 1933 жылдың 20 тамызында Атырау облысы, Махамбет
![]()
ауданы, Редут елді мекенінде дүниеге келді. Шаңырағына береке тұнған, қазыналы қартын сыйлаған, олардың ақыл-кеңесін өмірінің тірегі еткен, үлкенге құрметпен қарап, тіршілігін берекелі еткен бақытты шаңырақта тәлім алды. Төсінде төрт түлігі өріс алып, қойнында қара алтынды қаусарынып жатқан берекелі өңірде бақытты балалығын өткізген жас қазақ даласының дархандығы мен кеңдігін бойына сіңіріп өсті. Жарқын болашақтың кепілі саналған мектеп табалдырығын Жамбыл Жабаев атындағы мектепте аттап, білім ордасының тереңіне, алыстан қол бұлғап шақырған арманның соңынан ілесті. Алғыр, зерек, кішкентайынан талапшыл, ізденімпаз болып өскен шәкірт мектеп қабырғасында жүргенде де бойындағы ой ұшқырлығы мен еңбексүйгіштігінен арылмай, мектеп бағдарламасын еркін меңгерумен қатар, сыныптың ішінде белсенді оқушылардың бірі бола білді. Білім ордасында жүріп, медицина саласында дәрігер болуды армандаған жастың қадамы дұрыс жолға басталды. 1950 жылы мектепті бітірген соң, Алматы қаласындағы В.Молотов атындағы Мемлекеттік медициналық университетке оқуға түседі. Жақсы
![]()
дәрігер болу үшін істі таза, адамгершілікпен істеу керек. Ал жас мамандар жақсы дәрігер болу үшін үлкен практикалық мектептен өтіп, үнемі оқып, ізденісте болғаны дұрыс. Дәрігер өзінің кәсіби міндетін атқару барысында денсаулықпен, науқастың ауырсыну симптомдарымен, аурудың қиналуымен, тіпті ағзаның агония (жан тәсілім) алдындағы арпалысымен қоян-қолтық араласып, қиындықты шеберлікпен жедел жеңіп, ауруды ажалдан арашалауға тиіс. Дәрігерлік мамандық - өнер, ол білімділік, іскерлік, тәжірибе мен шеберлікті талап етеді. Міне, осындай білікті де білімді, ел денсаулығын жақсартатын дәрігер болып шығуы үшін зер сала оқып, медицина дейтін әлемнің тұңғиығына көз жүгірткен жас 1956 жылы институтты бітірген соң, өзінің алғашқы еңбек жолын Маңғыстау облысы, Таушық елді мекеніндегі аудандық ауруханаға хирург болып бастап, бас дәрігер лауазымына дейін көтеріледі.
Отбасы жағдайына байланысты 1963 жылы Атырау облыстық денсаулық сақтау бөліміне меңгеруші болып келіп, осы жерде үздіксіз 25 жыл қызмет етеді. Осы жылдары Хайролла Смадьярұлы облыстық медицинаның дамуыны ерекше үлес қосты. 1956-1986 жылдары Оңдасынов Н.Д., Исенов М.А., Егізбаев К.Е., Кубашев С.К., Мукашев С.М., Кушеков О.К., Клибаев А.К. басшылық еткен облыстық білім
![]()
басқармасының меңгерушісі бола жүріп, көптеген істерді атқарды. Облыс көлеміндегі медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етіп, қызметкерлердің кәсіби білікітілігін арттырды. Хайролла Смадьярұлының тікелей басшылығымен 1967 жылы 250 орындық кеңес беру поликлиника, медициналық қызметкерлерге арналған 100 пәтерлік тұрғын үй, 120 орындық облыстық онкологиялық диспансері, облыстық балалар ауруханасы, қалалық перзентхана, медициналық училище, қалалық стоматологиялық поликника салынып, жергілікті тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілді. Облыс басшылығымен тікелей тығыз қарым-қатынаста болып, қалай да денсаулық сақтау саласын жақсарту мақсатында әрекет еткен Хайролла Смадьярұлының жасаған істері мұнымен тоқтап қалмақ емес.
Басшылық еткен жылдары шалғайдағы ауылдар мен аудан орталығындағы халықты да бір сәт есінен шығармай Балықшы аудандық ауруханасын, Облыстық түберкулезге қарсы диспансерді поликникасымен қосып салып, қызметкерлерге арнап 100 пәтерлік тұрғын үй кешенін салуға бастамашы болды. Қызылқоға ауданында 120 орындық аудандық ауруханасын, Кулагин, Миялы, Ганюшкин, Сартоғай станциясында Түберкулезбен ауыратын емделушілерге
![]()
арналған санаторий, Ақтау, Өзен қалалары мен Ералиева елді мекенінде, Шетпе станциясында және басқа да шағын қалалардың өзінде, совхоз, колхоз орталықтарында 25-35 орындық ауруханалар салынып, фельдшерлік-акушерлік пункттерін, дәріхана ашты. Сонымен қатар, 1963 жылдан бастап жыл сайын 120 студентті Ақтөбе, Қарағанды, Алматы, Архангельск, Целининград, Мәскеу қалаларына жіберіп, жоғары білім алып берсе, мейірбикелерді дайындау мақсатында жүздеген талапкерді Атырау, Орал, Қызылорда қалаларындағы медучилищелерге жіберіп, маман етіп дайындап шығарды.
Қашан да игі істердың басында болып, игі жақсылармен араласып, облыстың медициналық жағдайын жасау үшін жар құлағы жастыққа тимей еңбек ете білген Хайролла Смадьярұлы Қазақ ССР-і, денсаулық сақтау министрі Шарманов Төрегелді болып тұрған жылдары Атырау қаласында туберкулез бен онкология бағытындағы Қазақ ғылыми-зерттеу интитутының филиалын ашып, осы мекемеде талай ғалымдар мен профессорлардың қызмет етуіне, денсаулық сақтау саласында еңбек етуіне мүмкіндік жасады. Және де осы мекемені техникалық-материалдық, медициналық аппаратуралармен, санитарлық автомашина және облыстық аурухананы санитарлық
![]()
авиация, тік ұшақпен қамтамасыз етті. Міне, жоғарыда айтып өткеніміздей 1956-1986 жылдары облыстық компартияның Оңдасынов Н.Д., Исенов М.А., Егізбаев К.Е., Кубашев С.К., Мукашев С.М., Кушеков О.К., Клибаев А.К. басшылық еткен кезінде Атырау облысының медицинасының жұлдызы жарқырады десек артық айтқандығымыз емес. Әрине, осындай істің барлығының басында бүгінгі кейіпкеріміз Хайролла Смадьярұлының басшылық, ұйымдастырушылық қабілеті тұрды.
Хайролла Смадьярұлы Облыстық Денсаулық сақтау басқармасына басшылық еткен жылдары медициниалық қызметкерлердің де біліктілігін көтеру мақсатында тынымсыз жұмыстар жүргізіп, тәжірибе алмасу бағытында конференциялардың ұйымдастырылып, дәрігерлердің тәжірибе алмасуларына мүмкіндік жасады. Осындай жұмыстардың нәтижесінде көптеген медициналық қызметкерлер жоғарғы дәрежелі марапаттарға ие боды. Сөзіміздің дәлелі болу үшін айтып өтсек: «Герой социалистического труда» - Теңіз аудандық туберкулез ауруханасының бас дәрігері Гиляев Мағзұм Гильяевич, «Ленин» орденімен - дәрігерлер Сундетовв А.Ж., Джумагалиев Г.У., Темирханов М.Ш., Бимаганов Б.Б., «Октябрьской революций» орденімен - Иванов В.В., Бакаонова С., «Трудового
![]()
красного занамени» орденімен - Тоқсанбаев А.Т., Шаңгереев Г.Ш., Кубенов Б.К., Жариков Н.Э., Попова А.Ф., Хайров Х.Х., «Знак Почета» орденімен – Сапаров М.сС., Кушембаев Р.К., Сейткалиев Ж., Дриль Л.Я. және де басқа көптеген медициналық қызметкерлер орден-медальдармен марапатталды. Хайролла Смадьярұлының одан кейінгі қызметі 1988-1993 жылдары Атырау облыстық онкологиялық диспансерінде және № 2 Атырау қалалық емханасында Бас дәрігер қызметін атқарып, 1993 жылдан соң Атырау Мұнай және Газ институтының профессоры болып қызмет етті. Дәрігерлік, басшылық қызметте жүрсе де ғылыммен айналысып, қоғамға, қазақ елінің саулығына пайдасы тиетін ғылыми жұмыстарына кезек берсек. 1977 жылы Мәскеу қаласынан «Состояние здравоозхранения и медицинское облслуживания сельского населения Западного
Казахстана» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын үздік қорғап шықты. Өзінің білімін, біліктілігін көтеру мақсатында бірнеше мәрте Мәскеу, Ленинград, Тбилиси, Ташкент, Алматы қалаларында болған Хайролла Смадьярұлы жоғарғы оқу орнының стунденттеріне арнап 4 оқулық, 200-ден аса ғылыми жұмыстар жазып, мақалаларын жариялады.
Білікті дәрігер – қазақ елінің, ұлт болашағының жарқын
![]()
болашығы. Медицина саласында қызмет етіп, жас дәрігерлерге керекті ғылыми жұмыстар дайындап, оларды тәжірибеден өткізіп келе жатқан Хайролла Смадьярұлы қызмет еткен жылдары адал атқарған еңбегіне орай түрлі марапаттарға ие болып, мерейін өсіретін жетістіктерге қол жеткізді.
«Ер дәулеті - еңбекте» деген, жалынға толы жастығын білім мен ғылымға, медицина саласының қалған тұсын дамытуға арнаған
Хайролла Смадьярұлы еңбегінің өтеуі ретінде сала тарапынан түрлі марапаттарға ие болды.
Атап айтар болсақ:
1965 жылы «Знак Почета» ордені; 1970 жылы «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл» мерекелік медалі;
«Республикаға сіңірген еңбегі үшін» медалі;
1974 жылы «Социалистік жарыстың Жеңімпазы»;
«Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген дәрігері»;
1975 жылы «Социалистік жарыстың Жеңімпазы»;
1977 жылы «Медицина ғылымдарының кандидаты» атағы;
«Еңбек ардагері» ордені;
![]()
1985 жылы «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 40 жыл» мерекелік медалі;
1995 жылы «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 50 жыл» мерекелік медалі;
1999 жылы «Балық өнімдерінің технологиясы, стандарттау мен сертификациялау және қолданбалы экология» кафедрасының Академиялық Профессоры;
2001 жылы «Гиппократ» медалі;
2003 жылы «Махамбет ауданының Құрметті Азаматы» атағы;
2005 жылы «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» белгісі;
«Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл» мерекелік медалі;
2010 жылы «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл»; 2011 жылы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі;
«Атырау Мұнай және Газ инстутына сіңірген еңбегі үшін» медалі;
2013 жылы «Атырау облысының Құрметті Азаматы» атағы;
2015 жылы «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» мерекелік медалі;
2020 жылы «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл» мерекелік
![]()
медалі;
«Атырау Мұнай және Газ институтының 30 жылдығы» мерейтойлық медалі.
Атақты ақын Сүйінбай Аронұлының:
«Жақсы адам елдің басшы серкесіндей,
Жұғымды болар елге еркесіндей.
Жақсының жүзі жылы, сөзі майда,
Халқымның қалың жүнді көрпесіндей» - деген өлең жолдары сабырлы да салмақты, ақ пейілді, жаны таза, өз ісінің шебері Хайролла Смадьярұлы арналып айтылғандай. Бүкіл ұрпақ-жұрағатымен халқының денсаулығы мен амандығы жолында қызмет қылып жүрген кейіпкеріміздің есімі мен еңбегі ұрпақтарының жадында мәңгі жатталып, сақталып қалады.
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()