Қарасаев Рамил

Рейтинг:

Көптің алғысын алған жан

      Бала – өмірдің гүлі, әрбір ата-ананың болшағынан үлкен үміт күтіп отырған шамшырағы. «Сенің табаныңа кірген тікен, менің маңдайыма кірсін» деп үйде жүрсе де, түзде жүрсе де амандығын тілеп, таңдайынан жақсы тілектерін таңып отыратын әрбір перзент өсіріп отырған ата-ана үшін оның денсаулығы бірінші орында болмақ. Қазақстанның болашағына жарқын етер, тәуелсіздіктің туын тік ұстап, «Мәңгілік ел» ұранын жалғастыратын бүгінгі жас ұрпақтың алдымен денсаулығы мықты болуы керек. 
      Алматы Облыстық Балалар клиникалық ауруханасының балалар травматологы, хирургі Қарасаев Рамил Өтемісұлы 1989 жылы 23 желтоқсанда Өзбекстан Республикасы, Мойнақ ауданында дүниеге келді. Аламанда топ жарар Тайбурылдың құлын күнінде төрт аяғын тең алатыны секілді, бала кезінен-ақ, бойындағы ерекше қабілетін таныта білген балғын жас табиғаты мен сұлулығы суретшінің картинасына сұранып тұрған сұлу өлкеде балдан да тәтті балалығын өтікізді.      Құйындай соғатын тағдыр желіне тосқауыл болып, үстіндегі жейдесін шешіп беретін, биіктігі аласармайтын асқар тауы, темір жол саласында еңбек ететін әкесі Өтеміс Сүйеубайұлынан адами құндылықтар мен асыл қасиеттерді өзіне тәлім етіп алса, аялы алақаны оттан да ыстық, перзентінің тілеуі таңдайынан түспей, әрдайым ақсәуле армандарға жетелеп отыратын, ұстаз дейтін ұлағатты мамандықты меңгерген анасы Жібек Бақшаққызынан имандылық пен ибалықты, қазақ қызына тән болмысты бойына сіңіріп өсті. 
      Арманға қанат қақтырып, өмірде адамзат болып қалыптасу үшін жүрегіне білім нәрін себе білетін мектеп табылдырығын Қарасай ауданы Қошманбетов атындағы орта мектебінде аттады. Жанамын деген жүрекке от беріп, шабамын деген жігітке ат берген, ұлы мамандықты еншілеген парасатты ұстаздаздарының арқасында Рамил сыныпта озат оқушылардың сапында болды. 
      Көкірек көзі ояу, жанындағыларды бір іске үйіріп алып кететін жастың ұйымдастырушылық қабілеті күшті болды. Күрделі тапсырма берсең де табандылық көрсете отырып, мектепте өткізілген сайыстарда сыныбын жеңіске жеткізе біліп, мерейін үстем етті. «Ізденемін, оқимын» деген талапты оқушыны қанатына қондырып алып кететін білім ордасын Рамил Өтемісұлы 2007 жылы бітіріп шықты.
      Әр кеудеде білте шамындай тұтанған әр түлек қалаған жерлеріне жол тартып жатқанда, көңілін көктем етіп, бойындағы өнер деп аталатын өрік талының бүр жаруына сеп болған, мектепішілік, ауылішілік іс-шараларда көптің қошеметіне бөленген жас 2007 жылы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлтық медицина университетінің 1 курсына оқуға түсті. Білім ордасын жақсыға аяқтаған жас түлек мамандығы бойынша еңбек етті.
      Қазіргі уақытта Алматы облыстық Балалар клиникалық ауруханасында балалар травматологы, хирург болып жұмыс жасап келеді. Алдынан кезіккен бөгенді жарып өтетін тау өзеніндей қайраты бойында бүлкіл қаққан жас білмеймін деп жасымады, жастығын тірек етіп қайрала түсті. Шығамын деген талаптыға тау биік болып па, арқаға ауырлық түсірер жұмысты қолына алып, көптің несібесін беріп отырған шаруашылықтың ішінде бітесе қайнап кете барды.      «-Мен көпбалалы отбасында дүниеге келдім. Екі ағам, төрт әпкем және қарындасым бар. Барлығы отбасылы. Бауырларымның арасында дәрігер де, ұстаз да бар. Мен бала кезімнен сурет салуды ұнаттым. Мектептегі іс-шаралардың барлығына стенд, суреттерді маған сеніп тапсыратын. Шығармашылыққа жаным құмар. Жан-жануарларға өте қамқор болып оларды емдеп жүретін едім. Табиғатты, әдемілікті жақсы көремін. Табиғатта жиі болып, табиғатпен сырласқанды ұнатамын. Кейде көңіл түскенде өлең шумақтарын жазамын. Ән айтатын өнерім де бар. Бос уақытымды спортқа арнаймын», – дейді сөзінің шарапаты бар дәрігер Рамил Өтемісұлы.      Отбасы – адамзаттың алтын діңгегі іспеттес, оның ұрпаққа деген ықпалын өмірдегі ешбір күшпен салыстыруға болмайды. Отбасы деген шағын мемлекеттің құндылықтарын қалыптастырудың қайнар көзін ашып, балаларының санасына ұлттық құндылықтарды, жаңаша көзқарастарды, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, тәрбиенің жоғарғы үлгісін сіңіртіп отырған Рамил Өтемісұлы жары Баян Нурмухамматкызы екеуі Айбын атты перзент өсіріп отырған берекелі отбасы. Бақытты дегенде көз алдымызға қайратты әке, мейірімді ана, жадыраған балалар келетіні рас. Шынында да солай ғой. Отбасының бақыты үшін көп нәрсенің қажеті жоқ. Жанұя мүшелерінің сыйластығы, махаббаты, бір-біріне деген құрметі мен сүйіспеншілігі болса жетіп жатыр. Кейіпкеріміздің отбасында осының бәрі бар.
      Қай жерде, қандай уақытта болмасын өзіне сеніп тапсырылған жұмыстың тап-тұйнақтай етіп орындалмайынша байыз таппайтын жан. «Уәде - құдайдың бір аты» дегенді жадынан шығармайтын ол бар күш-жігерін сарқа тауысып еңбек етуге де бар. Оның азаматтық тұлғасы, адами қадірі, ұйымдастырушылық қабілетінен айқын көрініп тұрады. Мінезінің ерекшелігі – ол адамның көңіл кілтін таба білетіндігі. Әділетті, шынайылықты жаны сүйеді.
      «Елім дейтін Ері болмаса, Ерім дейтін ел қайдан болсын?» дегендей ел мүддесі үшін атқарған қызметтерін мақтаныш санайтын Рамил Өтемісұлындай алтын қолды дәрігерлердің қатары көп болсын дейміз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

16 декабря 2024 23:39
Роза
Менің Әкем.❤️Аллаға шүкір.Ата анам жүз жасасын!...
6 декабря 2024 23:20
Лаззат
Александр Вилорьевич прекрасный доктор,спасибо❤️...
25 ноября 2024 00:32
Виктор Ример
Успехов тебе в работе Туребекулы и семейного благополучия!...