Кеншілер әулетінің әлеуеті
Кеншілердің еңбегі ерен. Олар елдің дамып, гүлденуіне өз сүбелі үлестерін қосып, өңірлер экономикасына ерекше серпін береді. Ал, кенші болу – ерлік, үлкен еңбек. Өйткені кенші жеті қат жер астына түсерде өз қан-қатермен бетпе-бет келетінін кеншілер ғана біледі. Жалпы бұл салаға кез келген адам келе бермейтіні белгілі. Атасының жолын жалғаған бала, ағасының ізінен ерген іні ғана ұрпақтар сабақтастығын жалғап кете береді. Мұны бір дәстүр не үрдіс пе дерсің. Сондай кеншілер әулетінің бірі – Бимұратовтар отбасын құрметпен айтуға болады. Әулеттің еңбек жолы аталарынан басталып, әке, бала, немере болып жалғасып келеді.
![]()
Иә, қызығы мен шыжығы мол бұл мамандықта өмірінің жартысын жер астында өткізетін кеншілердің еңбегі үлкен марапатқа ие. Ауыр техника, қуатты құрылғылар, үздіксіз жүріп жататын конвейерлер кеншілердің сенімді серігі. Күндіз-түні тоқтаусыз еңбек майданына түскен майталмандар еліміздің қуат қарымын еселеп келеді. Сондай қажырлы еңбектің иесі, бірі де бірегейі – Бимұратов Уәли Бимұратұлы.
Бимұратов Уәли Бимұратұлы 1914 жылы 14 қарашада Ақмола губерниясының Атбасар уезіне қарасты Қаракеңгір ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Руы Найман, оның ішінде Бағаналыдан, Жырықтан тарайды. Жырықтан Қуат, Қуаттан Мұсағұл. Уәли Бимұратұлы жастайынан білімге, еңбекқорлыққа құштар бала болып өседі. Ол алғашқы білімін туған ауылындағы мектепте алып,
![]()
мектеп бітірген соң, кейін Атбасарда оқу-білім алып, үздік дипломмен аяқтады. Ата-анасынан ерте айырылған Уәли Бимұратұлы өмірдің соққысы мен қиындығын бастан кешіріп жетім өседі. Жастайынан жетімдік тауқыметін тартқан бозбаланы жат жерде қалмасын деп 1927 жылы ағасы Баймұрат Жезқазғанға көшіріп әкеледі. Әкесі Бимұрат ата өз ортасында сыйлы, адал кісі болған. Отбасында бір-біріне демеу беріп, еркін өскен бес ағайынды бауырлары болды. Ең үлкен ағасы – Молдабек, Кәлен, Баймұрат, Бимұрат және Әбдікей. Қазіргі таңда ағайынды бауырлардың ұрпақтары өсіп-өніп, елге сыйлы, қадірлі ел азаматтары мен азаматшалары болып өмір сүруде.
Білімге құштар, сауатты, ойы ұшқыр Уәли Бимұратұлы оқуын үздік аяқтап, жігерін мұқалтпай еңбекке араласады. «Покро» шахтасында еңбек белсенділігін көрсеткен Уәлиді шахта басшылары Қарсақбайдағы кен байыту училищесіне оқуға жібереді. Бұл оқу орында да жан-жақтылығымен көзге түсіп, райком комсомолының жолдамасымен Мәскеудегі рабфакта оқиды. Оны 1932 жылы бітіріп келіп, Қарсақбай мектебінде басшылық қызмет жасайды. Ал, 1936 жылы Алматыдағы Абай атындағы қазақ педагогикалық институтында тарихшы мамандығын меңгеріп шығады. 1941 жылдың тамыз айына дейін Рудниктегі мектепе директор болып қызмет етеді. Одан әрі жалғастырмақ болып жүргенде, сұм соғыстың залалын тартып, 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанады. Бұл соғыс бүкіл өмірін өзгертіп, оны мүлде жаңа
![]()
бағытқа бұрып жібереді. Ержүрек батыр атамыз майдан отында жүріп политрук болған. Уәли атамыз неміс фашисттері қоршап алғаннан соң, өзінің және өзгелердің жас өмірін сақтау үшін жарақаттарына қарамастан 17 адамды жинап алып соғыс алаңынан қашуға бел буады. Бірақ, Юзем қаласындағы қарша бораған оқтан сытылып шығу оңай болған жоқ. Неміс әскері тұтқынға берілулерін талап етіп, немістердің қолына түсекен болатын. Ол кезде небәрі 24 жаста болды. Немістердің тұтқынында 1942 жылдан 1943 жылға дейін болған. Жарақаты жазылған соң, тұтқыннан қашпақ болып, 20 адамды қасына ертіп қашып құтылады. Кеңес әскерінің разведкасына тап болып, кейін мықтылығы мен қайсарлығын, шыдамдылығы мен ержүректілігін байқаған Егоров Уәли Бимуратұлын командир ретінде тағайындайды. Уәли атамыздың жары Балқия әжеміздің айтуынша Уәли ақсақал осы соғыста небір ерліктер көрсеткені үшін «Совет Одағының батыры» және т.б
![]()
медальдармен марапатталған деседі. Уәли Бимуратов ақсақал көзі тірісінде өзінің жауынгерлік жорық жолдарын хатқа түсіріп кеткен екен. Сол өмірбаяндық хатынан: «Әуеліде 20 күн карантинде болдық. Бізді роталарға бөлгенде мен 49 кавалериялық дивизияның бірінші полкіне түстім. Менімен бірге жерлестерім – Асан Баймағамбетов, Нарымхан Мейрамов, Смағұл Көшеков, Қаһарман Шыңғысов, Шаяс Қалмағамбетов деген жігіттер болды», - деп еске алып отыратын. Уәли атамыз ауыр күндерді бастан кешіріп, көз алдында талай жас жігіттердің өмірі қиылды. Бұл шайқаста «Ертеңгі күнді қарсы ала аламыз ба?» деп алаңдаған Уәли ата жеңістің туын көкке көтерді. Кейін Жапониямен соғыс басталып, қан майданнан аман-есен елге оралады.
Соғыстан кейін Уәли Бимуратов еңбек жолын «Покрода» және Жезқазған кеншінде жалғастырады. Ұзақ жылдар
![]()
бойы еңбектеніп, үлкен мақсатқа жету жолында көптеген қиындыққа тап болып, бірақ өзінің табандылығы мен қайсарлығының арқасында барлық кедергіні жеңіп отырды. Кейін зейнеткерлікке шығады. Ата жолын жалғастыру мақсатында қызы Рахима да әке жолын қуады.
Уәли ақсақалдың жұбайы Бимуратова Балқия Асылбекқызы 1928 жылы 10 сәуірде дүниеге келген. Соғыс кезінде жасы небәрі 14-15-те болғанда отты «Покро» шахтасында еңбек еткен. Өзінің айтуынша жердің астында 14-16 сағаттап жұмыс істеген екен. Отанға, соғысқа оқ-дәрі керек деп, жердің астындағы қазба байлықтарды тапқан. Өте қиын жағдайда жұмыс істеген нәзік жанды анамыз шахтаның астында вогонеткаға руданы қолымен тиеп, аттармен сүйреткен. Адамның қол күші жетіспегендіктен, 14-15 жастағы қыз балалар да еңбек еткен болатын.
Соғыс бітіп, Уәли ақсақал болашақ жұбайымен танысып, отау құрып, он екі перзент сүйеді. Оның үшеуі кішкентай күндерінде шетінеп кетеді. Артынан қалған тоғыз балалары өркен жайып, еліне адал, халқына құрметті ел ағалары мен аналары бола білді. Олар: Үлкені Рахия, Рахима, Аманғали, Жұмағали, Шахмұрат, Қажымұрат, Майра, Сайра, Айна дүниеге келген. Бірақ, тағдырдың тауқіметін көрген балалардың алтауы ажал құшты. «Ажал деген атқан оқ, бір Алланың қақапаны», - демей ме қайран қазақ!? Жатқан жерлері жарық болсын. Тағдырдың сынағына еш мойымай
![]()
арттарынан қалған балалары мен немере, шөберелері іздерін жалғап келеді. Қазіргі таңда отбасымыздың шырағы, шаңырағымыздың ұйытқысы бола білген Жұматай ағамыз, Сайра мен Айна апаларымыз ақыл мен парасаттылықты бойымызға сіңіріп келеді. Бүгінгі күні Бимуратов Уәли атамыз бен Балқия анамыздан тараған ұрпағы өсіп-өніп, ата жолын жалғап кенші мамандығын толығымен игеріп, шахта саласында қажырлы еңбек етіп келеді. Сондай-ақ, мәдениет, білім, медицина салаларында, ауыл шаруашылығы мен әскери қызметте және т.б жұмыс орындарында да қаншама ұрпақтары еңбек етуде. Уәли ақсақалдың балаларынан барлығын қосқанда жиырма сегіз немере, жетпіс шөбере, жеті шөпшек бар.
Ерен еңбекпен еліне ардақты жан Уәли Бимұратұлы 1979 жылы соғыстағы жарақаты сыр беріп, өмірден өтеді.
Жастайынан ауыр еңбек жолында жүрген Балқия анамыз Уәли атамыз өмірден озған соң тоғыз баланы жалғыз өсіріп ұлын ұяға, қызын қияға қондырады.
Үлкені Рахия Уәлиқызы мен жұбайы Сапақбай атамыз бес бала тәрбиелеп өсірді. Олар: Гүлнар, Жанар, Ерлан, Нұрлан, Бақытбек. Он екі немере бар.
Рахима Уәлиқызы мен жұбайы Төлепберген атамыз төрт бала тәрбиелеп өсіреді. Талғат, Жанат, Марат, Айгүлі дүниеге
![]()
келеді. Алты немере бар.
Аманғали Уәлиұлы мен Нұрша анамыздың отбасында төрт бала бар. Қайрат, Қайсар, Қуаныш, Қарлығаш. Он алты немерелері бар.
Жұмағали Уәлиұлы мен жары Сәуле анамыздың төрт баласы бар. Бақыт, Әсет, Бағдат, Әсел. Жеті немерелері бар.
Шахмұрат Уәлиұлы мен жұбайы Сәуле анамыз үш бала тәрбиелеп өсірді. Алия, Жанна, Ұлжан. Тоғыз немерелері бар.
Қажымұрат Уәлиұлы мен жұбайы Зәуре анамыздан Медет, Сәбит. Екі немерелері бар.
Майра Уәлиқызы мен жұбайы Дайыр үш баланы дүниеге алып келді. Ғайнижамал, Ақмарал, Нұрахмет.
![]()
Бес немерелері бар.
Сайра Уәлиқызы мен жұбайы Қайрат үш бала тәрбиелеп өсірді. Бауыржан, Айдана, Асылан. Алты немерелері бар.
Айна Уәлиқызы мен жұбайы Отаншыдан екі бала дүниеге келген. Дәулет, Ақбота. Алты немере бар.
Иә, қарапайым еңбек адамдарының күш-жігерінің арқасында кен өндіру ісі елімізде сәтімен жүзеге асып келеді. Еңбекке деген құлшыныстың арқасында бүгінде бұл әулеттің мүшелері құрметке кенеліп жүр. Озат кенші атанып, өз жолдарын өздерінен кейінгілерге өнеге етіп келеді. Қалай десек те, күрделі кен қатпарларын жару жұмыстары өте қауіпті, әрі сақтықты қажет етеді. Сондықтан да бұл істе жауапкершілік басым болуы керек. Еңбегімен еңселі болған кеншілер әулетінің кейінгі ұрпақтарына ата жолы үлкен өнеге болатыны сөзсіз. Ұрпақтар жалғастығы ұзағынан болғай дейміз!
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()