Абзал азамат
Алланың нұры – көктемгі ақ жауындай көпке пайдасы молынан тиген, елдің алғысына бөленген Есен Күмісқали Атырау өңіріндегі қасиетті Кең Жылыойдың тумасы.Есеннің әкесі Қалмырзаұлы Күмісқали (1902-1976 ж.ж.), анасы Мәнзия Мұ
![]()
қашқызы (1912-1983 ж.ж.) сол қасиетті өңірде өмір сүрген жандар. Анасы Мәнзия тұқым қуалаған сынықшы болған, елге пайдасы көп тиген, алғысқа бөленген қадірлі жан. Төрге шықса төбедей, төбеге шықса төредей, жақын мен алысты бірдей тең көрген, елінің жігері, қоғамның тірегі бола білген Есен Күмісқалидың бойындағы асыл қасиет анасының ақ сүтімен дарығаны анық. Есен Күмісқалидың өмірдерегіне көз жүгіртсек, оның бағындырған биігі, елге сіңірген еңбегі, жүріп өткен жолы жұртқа, өскелең ұрпаққа өнеге болатындай екенін көруге болар еді.
1948 жылы 5 қарашада Атырау облысы, Жылыой ауданында дүниеге келген. 1971 жылы Қазақ политехникалық институтын (қазіргі ҚазҰТУ) мұнай-газ кен орындарын бұрғылау мамандығы бойынша бітірген. 1984-1986 жылдары Алматы Жоғары партия мектебін сырттай оқып бітіріп, саясаткер мамандығын алған. 1971-1973 жылдары «Маңғыстау мұнай-газ барлау» кешенді экспедициясында бұрғышының көмекшісі, аға инженер, бұрғылау учаскесінің бастығы қызметтерін атқарған. 1973-1980 жылдары Маңғышлақ облыстық комсомол комитетінде бөлім меңгерушісі, хатшы, 1980-1982 жылдары Маңғышлақ облыстық партия комитетінде өнеркәсіп және көлік бөлімінің нұсқаушы, 1982-1983 жылдар «Маңғышлақмұнай» өндірістік бірлестігінде партия комитетінің хатшысы, 1983-1984 жылдар Қазақстан Компартиясы Жаңаөзен қалалық партия комитетінің екінші хатшысы, 1984-1987 жылдары Ералиев аудандық кеңесі атқару комитетінің төрағасы, 1987-1989 жылдары Жаңаөзен қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы қ
![]()
ызметтерін атқарды.
1989-1991 жылдары «Комсомольскнефть» мұнай-газ өндіру бірлестігі Бас директорының орынбасары, 1991-1994 жылдары Маңғыстау облыстық атқару комитетінің еңбек және халықты жұмыспен қамту Бас басқармасының бастығы болды. 1994-1999 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, 1999-2001 жылдары Маңғыстау облысының экономика және өнеркәсіп Бас басқармасының бастығы, 2001-2004 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып жауапты қызметтерде істеді. 2004-2006 жылдары «Бузачи Оперейтинг ЛТД» мұнай компаниясының Бас менеджерінің орынбасары, 2006-2015 жылдары Ресейлік “ЛУКОЙЛ Оверcиз” мұнай компаниясының Маңғыстау облысындағы аймақтық өкілі. 2015-2019 жылдары “СИНОПЕК” мұнай корпорациясының Маңғыстау облысындағы аймақтық өкілі қызметтерін атқарды. 2019 жылдан өмірден өткен (11.02.2023 ж.) шағына дейін «Меридиан Петролеум» мұнай компаниясының вице-президенті болып жұмыс жасады.
1973 жылы шілде айында, Кеңес Одағы делегациясы құрамында, Берлин қаласында өткен Х Бүкіләлемдік жастар мен студенттер фестиваліне қатысты. 1979 жылы Польша мемлекетінің мерекесіне орай Қазақстан жастары делегациясын бастап апарды.
1991-1992 жылдары Қазақстан Үкіметі делегациясы құрамында, Иран және Түркіменстан мемлекеттеріне екі рет барып, сол елдерге 20-30-шы жылдары репрессиядан қашқан қандастарымызды елге қайтаруды ұйымдастырды.
2005-2007 жылдары облыстық мәслихат депутаты, 2006-2017 жылдары облыстық сайлау комиссиясының төрағасы (қоғамдық негізде) қызметтерін атқарды. 2012 жылдың наурыз айында Францияның Страсбург қаласында, Европа Кеңесінің офисінде, сайлау жүйесін жетілдіру мәселесі бойынша өткен халықаралық дөңгелек үстел отырысында, сайлау жүйесін жетілдіру мәселесі бойынша
![]()
пікірталасқа қатысып, сөз сөйледі. Сол сапарда адам құқығы жөнінде Европа сотының мәжілісіне қатысты.
Ел ағасы атанған Есен Күмісқали Жаңаөзен қаласының, 2017 жылдан Маңғыстау облысының «Құрметті азаматы» атағының иегері атанды.
Қазақстан Республикасының «Парасат», «Құрмет» ордендерімен, КСРО-ның «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Қазақстанның тәуелсіздігіне 10, 20, 25, 30 жыл медальдарымен, ҚР Президенттерінің Алғыс Хаттарымен, ҚР Энергетика Министрлігінің, ЛУКОЙЛ мұнай компаниясының, Маңғыстау облысы әкімдерінің Құрмет Грамоталарымен марапатталды.
Есен Күмісқали Маңыстау өңірінің өркендеп дамуына сүбелі үлес қосқан, бар күш-жігерін, білімі мен іс-қабілетін жұмсаған азаматтардың бірі. Есен Күмісқалидың үлкен абыроймен атқарған қызметтеріне, адами қасиеттеріне ел сүйсінеді.
Болар бала басынан дегендей, Есен Күмісқали сол студенттік шақта өзінің белсенділігімен көзге түсіп жүріпті. Институттың гандбол құрама командасының ойыншысы, домбыра оркестрінің мүшесі, мұнай факультеті комсомолдарының жетекшісі болды.
Есен Күмісқалидың шыңдалу, елге басшы болып қалыптасуының мектебі болып көрінетіндей, еңбек жолының бастауындағы мына бір кезеңдерге көңіл аударып қараған дұрысырақ болар еді.
Өмірдерегінде көрсетілгендей, сол кездің өзінде атағы бүкіл Кеңестер Одағына кеңінен тарап кеткен, мұнай-газ өндірісі гүрілдеп, қарыштап дамып келе жатқан Жаңаөзен (ол кезде Новый Узень) қаласының комсомол комитетін басқарып, артынан осы қаланың қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы болып, өте қиын, жауапты қызметтерді атқарған. Өзен қаласы күн санап үлкейіп, өндіріс көлемі де еселеп артып, бүкіл Кеңестер Одағының түкпір-түкпірінен мұнайшылар да, мол табыс іздегендер де ағылып келіп жатқаны белгілі. Осындай ауыр, қиын, жауапты қызметті абыроймен алып жүру жас басшыға оңай емес еді, терең білімді, іскерлікті, ұйымдастырушық қабілетінің жоғары болуын, көшбасшылық қасиетінің болуын талап ететін. Осы аталған қасиеттердің барлығы да Есеннің бойынан табылды, абырой биігінен көріне білді.
Есен Күмісқалидың ұйымдастырушылық қабілетінің молдығының, өнерге жақындығының тағы бір көрінісін мына жағдайдан да көруге болады. Есен Күмісқали Жаңаөзеннен кейін Маңғыстау облысы Ералиев (қазіргі Қарағия) ауданының атқару комитетіне төраға болып келді. Ералиев (қазіргі Құрық) поселкесі ол кезде іргелі, тұрғындар саны 13 мыңға тартатын елдімекен еді. Аудан да өңірдің алдыңғы қатарлы аудандарының бірі, көптеген ірі шаруашылықтар мен өндіріс орындары бар, өзі бір кездерде үлкен өмірге қадам басқанда алғашқы қадамын жасаған геолог-барлаушылар мекемесі де осы ауданда болатын. Ол осы қызметінде жүріп аудан өнерпаздарынан құралған «Маңғыстау маржандары» фольклорлық ән-би ансамблінің аяғына тұруына, олардың Алжир еліне сапарлап барып өнер көрсетуіне де біраз еңбек сіңірді. Алжир еліне «Маңғыстау маржандарын» өзі бастап алып барған болатын.
Есен өнерлі жан, домбыра тартқанда құлағыңның құрышын қандырады, ал екі тілде сөйлегенде де шебер, шешен сөйлейді, ағылшын тілін де біршама меңгерген. Қазақы әдет-ғұрып, салт-дәстүрді де жетік біледі. Талантты жан барлық жағынан да
![]()
талантты болатыны белгілі, Есеннің өлең шығаратын өнері де бар, жазған өлеңдері еш жерде жарияланбаған, тек қойын дәптерлерінде сақтаулы. Есен қай жерде, қандай лауазымды қызметте жүрсе де өнер адамдарымен, шығармашылықпен айналысатын таланттармен тығыз қарым-қатынаста болғанын көріп, байқауға болады. Әсіресе, Есен жары Жаңыл екеуі Асанәлі Әшімов, Ескендір Хасанғалиев деген бүкіл еліміз сыйлайтын, құрметтейтін ел жақсыларымен тығыз араласып, отбасылық достарға айналды.
Есен Күмісқали жарық дүниеден қашан кеткенше басынан бағы таймаған адам болды. Әрине, бұл жалғанда төрт жағы төрт құбыла болған пенде сирек. Алайда тірліктің ләззаты – отбасында дейтін болсақ, Есен бұл жағынан бақытты еді. Есеннің артында өзін сүйетін, аққудың сыңарындай болып қасында жүрген Жаңылдай жары, перзенттері, ұрпағы қалды. «Жар таңдауда, мамандық таңдауда қателесуге болмайды» деген тәмсіл бар, Есен де, асыл жары Жаңыл да осы тәмсілді қателеспей орындаған жандар. Олардың өмір жолы осының куәсі. «Әйел өмірде қаншама мықты болса да, азаматына арқа сүйейді. Тағдыр маған жанымды түсінетін, қорған бола білетін жақсы адамды жолықтырды. Есенмен бір шаңырақ астында бірге өткізген күндеріміз, ұрпақ өсіргеніміз - ең бақытты сәттеріміз», - деп тебірене еске алады жары Жаңыл. Институттан
![]()
кейін Жаңыл да Есенмен бірге геолог-барлаушылық өмірдің небір қиындықтарын көрді, екеулеп жүріп жеңді, одан кейінгі өмірде де Есахаңдай жарының қолтығынан демеп, осындай биік асуларды бағындыруына сеп болды. Ұрпақ тәрбиелеп өсірді. «Өмірде үлкен жетістіктерге жеткен мықты ердің артында мықты әйел тұрады» деген тәмсіл дәл осы Жаңылға қарата айтылғандай болады да тұрады.
Есеннің жұбайы – Қамысбаева Жаңыл, мұнайшы-инженер, Жетібаймұнай, Өзенмұнай басқармаларында оператор, шебер, ауысым
бастығы, «Маңғыстаугеология АҚ»-да инженер болып қызметтер атқарған, қазір зейнеткер. Екеуі политехникалық институтты бірге бітіріп, 1971 жылы шаңырақ көтерген.
Есен мен Жаңылдың өнегелі тәрбие беріп өсірген, білім берген балалары мен сүйіп отырған «жамандары»: тұңғышы Айгүл Ақтөбедегі Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетін бітірген, акушер-гинеколог, жолдасы Әскер, балалары: Әсия, Айдар; ортаншысы Меруерт Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваторияны және Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық Өнер академиясын бітірген, өнер саласында еңбек етеді, жолдасы Дахир, балалары: Әлібек, Әлихан; кенжесі Шынар Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін бітірген, мұнай компаниясында еңбек етеді, жолдасы Ерлан, балалары: Медина, Мәриям, Маруа, Әль-Мәди.
Есен Күмісқали қоғамдық жұмыс ретінде «Шағырай» қоғамдық қорын ұйымдастырып, құрылтайшысы болып, руластарының бастарын біріктіріп, бірнеше жылдарға созылған, елге келген індетпен арпалыса жүріп үлкен, сауапты шаруа тындырғаны да белгілі. Орақ әулие мен
![]()
Шеркеш руының ұранына айналған Шағырай бабаға арнап қос кесене, қонақ үй салып, айналасын абаттандырып, қазақ елінің туристік картасына тағы бір әсем ескерткіш кешенін тарту еткен жұмыстың басы-қасында осы Есен Күмісқалидың уақытпен санаспай, Атырау мен Маңғыстау облыстарының арасында жүргені белгілі. Осы «Орақ-Шағырай ескерткіш кешенін» еске алғанда, уақыт өте келе Есен Күмісқалидың да аты қатар аталатыны айдан анық. Қазірдің өзінде осы мәдени ескерткіш кешенінің өмірге келуін Есен ағамыздың атымен тығыз байланыстырып, Алшын тайпасының бір бөлімі Шеркеш руының заманауи жаңа тарихында Есен Күмісқалидың рухани көшбасшы ретінде алатын орнын осылайша айшықтап көрсетіп жүрген Шеркеш руының белді азаматтары баршылық. Дұрыс та шығар, Есеннің елге жасаған еңбегі сатусыз болғанымен, аты тарихта осылайша қалғаны қуантады.
Есен Күмісқали Маңғыстау өңіріндегі геолог-барлаушылардың елге, өңірге сіңірген еңбегін халық жадында мәңгілік қалдыру мақсатында Ақтау қаласының ортасынан «Геолог-барлаушылар аллеясын» ашу идеясын қолдап, қат-қабат шаруаларының арасынан уақыт тауып, осы іске өзінің досы, курстасы, елімізге белгілі геолог ғалым, мемлекет қайраткері, «Мұнайшы-геологтардың Қазақстандық Қоғамының» президенті Балтабек Мұқанұлы Қуандықовты да, облыстық «Жер қойнауын қорғау, геология» инспекциясын да тартып, өңірдегі ірі мұнай өндіруші компанияларды жұмылдыра жүріп, ақырында қолға алған ісін жүзеге асырып, елдің алғысына бөленді.
Артында осындай ізі қалған, елге пайдасы тиген, өлмейтін ісі қалған жанды да өлді деуге болар ма екен.... Басқа істерін айтпағанның өзінде, соңғы кезде жасаған осы істерінің өзі де Есен Күмісқалидың атын халықтың жадынан өшірмесі анық.
Бұрынғылар «Талайлар өтті-ау жалғаннан, Көрген адам таң қалған» деп тамсанғанда, азаматтықтың айнасындай Есен Күмісқали тәрізді абзал азаматтарды еске алған болар...