Құрымбаева Күлдарихан Құржықызына

Рейтинг:

Еңбексүйгіштік пен адамдық қасиеті биік нағыз маман

      «Еңбек сүйгіштік – адамның кісілік қасиетінің негізгі өлшемдерінің бірі» - демекші, бұл сөз  Құрымбаева Күлдарихан Құржықызына арналғандай. Өйткені, бар ғұмырын еңбек етумен, өз халқына адал қызмет атқарумен келеді. 1950 жылы Алматы облысы, Іле ауданы, Жәпек батыр ауылында дүниеге келген. 1969 жылы 19 жасында Алматы политехникалық колледжін бітіреді. Бірақ, Күлдарихан Құржықызы орта біліммен тоқтап қалған жоқ, 1981 Алматы халықшаруашылығы институтында оқып, «экономист» мамандығын алады. Сөйтіп, 1988 жылға дейін Алматы облысы, Күрті ауданы, Ақши ауылында өндіріс шебері, меңгерушісі, экономист болып еңбек еткен. Тынбай еңбектенуінің нәтижесінде жұмысы өсіп, 1988-1992 жылдары Алматы қаласының, Октябрь ауданы асханалары және мейрамханалары шаруашылық тресінде өндіріс меңгерушісі болады. 1992-1993 жылдары «Төзім» жеке кәсіпорнына басшылық еткен. Осы жылы Күлдарихан Құржықызы «Аяжан» жеке медициналық колледжін құрады. Содан бері ол - колледж директоры және құрылтайшысы ретінде орта буындағы медицина мамандарын даярлау ісімен айналысып келеді. «Басшысы жақсы жердің, мерейі үстем болады» - демекші, колледжді бітірген мыңдаған маман еліміздің барлық өңірлеріндегі денсаулық сақтау мекемелерінде нәтижелі еңбек етіп жүр. Әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына арнаулы медициналық орта білімнің қол жетімділігін қамтамасыз етуді  колледж басшылығы басты мақсаты етіп алған. Соның арқасында жыл сайын жетім немесе мүгедек балалар қатарынан бірнеше студент "Аяжан" коледжінің өзінің есебінен тегін оқуға қабылданады. Қазіргі уақытта «Аяжан» колледжі ҮЕҰ-дың жұмысына қолдау көрсетіп отырады. Түрксіб ауданының Ардагерлер кеңесіне, мүгедектер қоғамына, көпбалалы аналар Одағына жыл сайын қайырымдылық көмек көрсетіп, ауданның аз қамтылған көпбалалы отбасылары мен мүгедек балалары үшін сауықтыру лагерьлеріне жолдама алуға жыл сайын қаражат береді. Күлдарихан Құржыққызының жанашырлығы және жасаған жақсылқтары бұл ғана емес. Сондай-ақ, ол 1999 жылдан бері Түркісіб аудандық «қазақ тілі» ҚБ-ның төрайымы, қоғамдық бірлестік аудан жұртшылығына Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Ауданда тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы аясында түрлі конкурстар мен байқаулар, оқулар мен семинарлар, дөңгелек үстелдер мен конференциялар ұйымдастырылуына ұйытқы болып жүр. Түрксіб ауданының қатысушылары мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында өткен түрлі қалалық және республикалық конкурстарда бірнеше рет жеңімпаз атанды. Өз туған тілінің нағыз жанашыры, қолдаушысы, қорғаушысы. Ол - «қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі Түрксіб ауданындағы мекемелер мен кәсіпорындардың құжаттарды мемлекеттік тілде ресімдеу жөніндегі жұмыстарына әдістемелік көмектер көрсетіп, олардың жалпы құжат айналымындағы қазақ тілінің үлесін арттыруға да атсалысуда. Осында жұмыстардың нәтижесінде Түрксіб ауданы тілдерді дамыту мен қолдану бойынша Алматы қаласының аудандары арасында бірнеше рет алдыңғы қатардан орын алды. Бұл да Күлдарихан Құржыққызының жетістігі. Бұдан ары қарай Республикалық «Отан» партиясының 1999   жылғы І-ші съезд, Астана қаласында өткен 2004 жылғы халықаралық «қазақ тілі» қоғамының IV-ші құрылтай,  2009 жылғы IV-ші азаматтық форум делегаты болып, 2011-2015 жылдардағы ҚР Президенті сайлауында, 2012 ҚР мәжілісі депутаттары сайлауында Түрксіб ауданындағы №453 сайлау учаскесінің Төрайымы міндеттерін атқарды. Елбасы ұсынған «Қазақстан 2050», «Жүз нақты қадам»- атты бағдарламалар мен «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағлармасының орындалуына және жұртшылық арасында кеңінен насихатталуына айтарлықтай үлес қосты. Бірнеше орындарда тынбай еңбек етуден еш жалыққан емес. Және маңдай терін төгіп істеген әр еңбегі еш кетпеді, лайық деп танылған бірнеше марапатқа ие. 2005 жылы «Қазақстан конституциясына 10 жыл», 2008 жылы «10 жыл Астана»,  2011 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», 2013 жылы Алматы қаласы әкімінің «Ең үздік үкіметтік емес ұйым» номинациясы бойынша «Алғыс хатпен», 2015 жылы «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» және ҚР Президентінің «Алғысын», ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауында «Нұр Отан» партиясының сайлау науқанына белсене қатысқаны үшін «Алғыс хатымен» 2016 жылы «Нұр Отан» партиясының «Алғыс хатымен» марапатталды. Дәл осы жылы ҚР Ұлттық бизнес-рейтинг орталығының «Экономика мақтанышы» орденімен марапаталып, «Аяжан» коледжі «Сапа Көшбасшысы» номинациясына ие болды. 2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды. Ал, 2017 жылы «Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Алғысы», «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен, 2018 жылы «Қазақстан медициналық колледждері одағы» заңды тұлғалардың бірлестігінің «Медициналық білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін» төс телгісімен наградталған. Сол жылы Алматы қаласы әкімінің мен Түрксіб аудан әкімінің «Алғыс хатын», 2019 жылы «Мадақтама» алды. Бұл марапаттар мен алғыс хаттар және медальдарға қарап, Күлдарихан Құржыққызының өз мамандығын адаспай тапқан жан екенін аңғаруға болады. Бірақ, 48 жыл еңбек өтілі болса да, қанша шаруаның басын қайырып жүрсе де, ол атақ-даңққа құмартпаған. Тағдыр сызып берген адал жолмен жүріп келеді. Ал, қазіргі уақытта   да Алматы қаласы «Аяжан» колледжі білім мекемесінің директоры қызметін жалғастырып келеді.  Білім саласын дамытуға, жастарды тәрбиелеу ісіне қосқан зор үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін мемлекет тарапынан зор алғысқа ие. Күлдарихан Құржыққызы Құрымбаеваның кандитурасы «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымымен Мемлекеттік награда - «Құрмет» орденіне ұсынылады.       Еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев негізін қалап, төрағалық етіп келе жатқан «Nur Otan»  партиясының барлық стратегияларын қолдай отырып, эстафетаны қабылдап алдық.       Білім беру мекемесі «Аяжан» колледжі ұжымы білікті де,білімді басшы- Құрымбаева Күлдарихан Құржыққызының басқаруымен республикамызға орта буын медицина мамандарын дайындаумен Тәуелсіз Қазақстанда аянбай еңбек етіп келеді.  Колледж шыңдаған кадрларымыз көптеген биіктерді бағындырып, алдыңғы қатардан көрініп келеді. Атап айтқанда,  еліміздегі қиын жағдай пандемия кезінде «COVID-19» күрес барысында төрт түлегіміз ҚР Президенті Қ.К.Тоқаетың қол қойған  «Халық Алғысы» медалінің игері атанса, бірнеше түлектер «Үздік фельдшер», «Үздік мейіргер» номинацияларының иегері. Бұлда «Nur Otan» бастауыш партиясының  алдына қойған мақсаттарына жетуіне өз үлесімізді қосып, халыққа қиын-қыстау кезеңде жанынан табуға септігіміз тиіп жатыр.      Осындай игі істердің бастамашысы болып, әруақытта ауданымыздағы көп балалы отбасы қоғамы, мүмкіндігі шектеулі қоғамдармен бірлесіп үлкен іс-шаралардың ұйытқысы болып жүретін «Престиж—1»  «Аяжан» білім беру мекемесі бастауыш партия ұйымының төрағасы- Құрымбаева Күлдарихан Құржыққызы өз ұжымымен «Nur Otan»  партиясының барлық стратегиялары мен мақсаттарының орындалып, іске асырылуына аянбай өз үлесін қоса береді.
@nur_otan @nur_otan_almaty #януротановец
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости