Әбдіраш Нұрдәулет Заузатұлы

Рейтинг:

Елі үшін еңбек етуден жалықпайтын қайсар жан!

      «AMANTA GROUP» және «NSK» ЖШС компанияларының директоры «Жарқын өмір» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбдіраш Нұрдәулет Заузатұлы елге игі істер атқарып келеді. Түркістан облысының аудан, ауыл аймақтарына жасаған құрылыс жұмыстарын айтпағанда, оның сыртында жасаған жақсылықтары жетерлік. Адамның бойына мейірімділік пен елге қызмет ету ол туғаннан берілетін қасиет болуы керек. Әбдіраш Нұрдәулет Заузатұлы 1994 жылдың 1-ші қаңтарында Түркістан облысында дүниеге келген. Мектеп қабырғасында оқып жүріп тоғызыншы сыныптан кейін колледжге оқуға түседі. 2014 жылы дипломын алып, 2015 жылы жеке кәсіпкерлігін ашады. Сөйтіп, өз потентін қолына алған Нұрдәулет Заузатұлы Түркістан облысының аудан, ауыл, қалаларына мемлекет және де жергілікті демеушілердің қаржысы арқылы ауыл аймақтарын жарықтандырып, халыққа қолайлы жағдайлар жасады.
      Елін ойлаған нағыз ер азамат осындай болса керек, әр істі аса жауапкершілікпен атқарады. Оның бұл қасиетіне сүйсінген көп, өнеге алған жастар да баршылық.  Әр бастамада белсенділік танытып, елімізге танымал «Kazauto» автоклубына демеушілік жасап, Алматы, Тараз, Шымкент, Астана қалаларының автосүйер жастарымен тығыз байланыста болды. Халқын шын сүйген адамның мақсаты да биік болады демекші, 2016 жылы Шымкент қаласы «Жас Отан» жастар қанатының төрағаларымен ақылдасу кездесуін ұйымдастырады. Сөйтіп, «Жарқын өмір» қоғамдық бірлестігін ашқан. Ары қарай да қаржылай қолғабыс көрсетіп, Шымкент қаласының орталығында наурыз мерекесіне киіз үй тігеді. Дүркіретіп мерекелік іс-шара жүргізіп, халықтың ризашылығын алады. Игі істерінің нәтижесінде, 2016 жылдың қараша айында танымал қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов  Нұрдәулет Заузатұлын облысқа шақырады. Ары қарай ол қала, аудандардың студенттерімен «қазақ тілі – ана тілі» атты және EXPO, «Биле Қазақстан», Ата заң тағы басқа іс-шараларын ұйымдастырып келді. Санымен бірге, мектеп және жоғары оқу орындарында жастарға психологиялық семинар, тренингтер өткізген. Денсаулық саласымен бірігіп, ауданда «ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде» атты семинарлар ұйымдастырды. Бұл - АҚШ елімен Қазақстан арасындағы облысымызда болатын үлкен жиынның бастамасы болды. Нұрдәулет Заузатұлының ел үшін атқарған әр ісі де өз кезегінде бағаланып отырды. Еңбегіне лайық көпшіліктен алғыс алып, бірнеше марапаттарға ие болды. 2017 жылы облысымыздағы атап айтқанда: Түлкібас, Бәйдібек, Төле би, Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам аудандарының әкімдерінен ауданға саяси – экономикалық және қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін – «Алғыс хаттарын» алды. Шымкент қаласы, Түлкібас және Төле би аудандары, Ленгер қаласы, ҚР-ның ассамблеясы, Шымкент оңалту орталығы және мектеп директорлары да алғыстарын білдіруде. Одан басқа ауыл әкімдерінің де «Алғыс хаттарымен» марапатталып, «Республикалық ұстаз» жолы қорының төс белгісін алды.Тек, бұл ғана емес, елеулі еңбегі үшін берілген медалмен марапатталған. Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтан қала күнінде оның дамуына қосқан үлесі үшін және денсаулық саласының басшыларынан да «Алғыс хаттар» алды. Нурдаулет Заузатұлы атақ-даңққа, марапаттарға қызығатын және сол үшін қызмет істейтін адам емес. Әр жасаған ісінің мемлекетке пайдалы болғанын қалайды. 2018 жылы аулаларға төселінетін материалдар шығаратын зауытын ашты. Қазіргі уақытта өз компаниясы «AMANTA GROUP» ЖШС-мен басқа облыстарға шығып жұмыс істеуде. 2018 жылдың қараша айында «Туған жер» бағдарламасы бойынша Төле би ауданының орталығы Ленгер қаласының көркін беріп тұратын шаңырақ, депутаттар, Тәуелсіздік, рухани жаңғыру аллеясын салып биіктігі 8 метр болатын сағат тұрғызды. Ол қалаға әр беретін жаңаша дүние болды. 2019 жылы жас айында Түркістан облысында Арыс қаласында үлкен апат болған еді. Бүкіл халықтың қабырғасы қайысты. Зардап шеккен халыққа қолынан  келгенін барынша көмектесіп бақты. Бірі баспанасыз қалғандарды үйінде паналатты, енді, екіншісі азық-түлікпен қамтамасыз етті. Тіпті жылы көрпесін бергендер де табылды. Осы бір халықтың басына қиыншылық төнген уақытта Нұрдәулет Заузатұлы да қарап қалмады. Ш.Аймауытов көшесіндегі 250 шаршы метр болатын 78-ші үйдің жаңадан құрылысын жасап берді. Сонымен қатар, 79-80 ші үйлердің де шатырларын жөндеп, қалпына келтірді. Сол жылы шілдеде Түлкібас облысы, Майтөбе ауылдық округі Қожамберді ауылына және Мичурин ауылдарының көшелеріне өз қаражатымен тас төсеп, өтпелі көпірлер салды. Станция Түлкібас ауылдық округінің орталық көшелеріне абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, халық игілігіне тапсырды. Құрылыс жұмыстарынан бөлек, Нұрдәулет Заузатұлы қайырымдылыққа да қаржылай көмек беріп отыр. Мәселен, 2020 жылы ДЦП-мен ауыратын балалардың ауруханасын жартылай демеушілікпен қалпына келтіріп, бүлдіршіндерге керек жарақты заттарын алып берді. Осы «Жарқын өмір» қоғамдық бірлестігі арқылы Жетісай ауданында су тасқынынан зардап шеккен мектеп жасындағы балаларды киім-кешектер мен оқулыққа арналған керек-жарақтарымен қамтамасыз етіп, Шымкент қаласында екі жүзге тартарлық балалардың оқулықтарын сатып алып берді. Сондай-ақ, ҚР Тәуелсіздігіне орай Төле би ауданына бірнеше көркем беретін нысандарды ауданға тарту етіп, аудан әкімінің  «Алғыс хатымен» марапатталды.
      Нұрдәулет Әбдірашов ҚР заңнамаларына сәйкес аудан, ауыл аймақтарын көркейту мақсатында бірнеше сән беретін құрылыс эскиздерін дайындаған. 2019 жылдың басынан республика бойынша атап айтқанда, Түркістан облысы, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарының аудан, ауыл аймақтарын көріктендіру мақсатында жұмыс істеп, оны аудан әкімдері мен халықтың игілігіне беруде. «Елге қызмет ету мінезден» -деп, айтпақшы, мұндай үлкен істерді атқару үшін де ерлік, жігер керек. Халықтың да ыстық ықыласына бөлену кез- келгеннің қолынан келе бермейтін іс. Ал, Нұрдәулет Әбдірашов өзінің алғырлығы мен табанды мінезінің нәтижесінде биік шыңдарды бағындырған. Адал қызмет істеп, еңбек етті. Халыққа аянбай көмектесті. Туған жері, елі үшін көп игі жақсы істерді қолға алып, іске асыра білген нағыз патриот жан. 
 
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

7 марта 2024 13:56
Рысты
Галя мына естеліктер әкең анаң туралы оте тамаша жазылған екен. Мұхаң әкей туралы халықтан естігеніміз болмаса....
7 марта 2024 13:26
Қалжан
Оқыдым өте дұрыс жазылған нағыз шындық менің әкем де Мұхаңмен Сельхозуправлениеде жұмыстас болған еді бір жылдары бізге...
7 марта 2024 13:08
Насиба
Мұхаш атаны көрген де естіген де жоқпын ғой.Шахта орта мектебінің 70 жылдығында  ма  папаңның кітабын бергенсің. Түгел...