Нұрғали Алтынбеков

Рейтинг:
Жүрекпен көретін жан 

      Өмір әркімге әр қалай сынақ береді. Нұрғали Алтынбеков – жастайынан көз жанарынан толық айырылғанымен, өмірге деген сүйіспеншілігінен, тіршілікке деген құлшынысынан айырылмай, қайсарлық пен төзімділік танытып, қаншама мың мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірден өз орнын табуына жол ашып берген, әрбір ісінен үлгі аларлық жанның бірі. 
      Нұрғали Әмірбекұлы Алтынбеков – 1975 жылы 13 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында дүниеге келген. Ата-тегі қоңырат руынан тараған. 1992-1993жылдар аралығында Арыс қаласындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектепте білім алған. Бала кезінен алғыр болып ер жетеді. Тілдің, сөздің құдіретін әуелден терең түсініп, бар өнерден биік қойған ортада өскен Нұрғали Әмірбекұлы бала күнінен үлкендердің әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен, алғырлығымен ерекшеленген. Алайда, мектеп қабырғасында тағдыр тәлкегіне ұшырап, көз жанарынан айырылады. Тағдырдың жазғанына мойынсұнбай күресіп, осы күнге дейін қайсарлық танытып, ел қатарлы өмір сүріп келеді. Денсаулық жағдайына қарамастан, ерте жастан еңбекке араласады. 1997 жылдан бастап еңбек етіп, қолынан іс келетіндігін дәлелдеп, әрдайым белсенділігімен көзге түседі. Мектепті бітірген соң, 2001-2005 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1997 жылы Арыс қаласындағы ЖШС «Шпалға май  сіңдіру»   зауытында бастайды. Ол жерде 2002жылға дейін жұмыс істеді. 2007-2011жылдар аралығында суға жүзуден мүгедектер арасында спортқа қатысып, 1-2ші орындарды иеленген. Спорт шеберінің кандидатына ие болған. Нұрғали Әмірбекұлы 2003-2020 жылдар аралығында әр түрлі аудан, қала, облыстағы «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінде түрлі қызметтерді асқан жауапкершілікпен атқарып келеді. Атап өтер болсақ, 2003-2007 жылдары «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Шымкент оқу өндірістік» кәсіпорнында қызмет етті. 2008-2009 жылдары «Қазақ соқырлар қоғамы» Шымкент қалалық бастауыш ұйымының төрағасы қызметін атқарған.   2009-2011 жылдар аралығында  «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан облысының филиалында, 2011-2012 жылдары «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Кентау оқу өндірістік» кәсіпорнының директоры қызметін  атқарған. 2012-2015 жылдары «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Атырау» корпоративтік қорының президенті және «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының  төрағасы қызметін қоса атқарған. 2015-2018 жылдары «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің  «Шымкент» корпоративтік қорының президенті қызметін, 2015-2017 жылдар аралығында «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының төрағасы қызметін қоса атқарды. 2018жылы да «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының төрағасы және «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Түркістан оқу өндірістік» кәсіпорнының директоры қызметтерін бірге атқарған. 
      Қазақ зағиптар қоғамын түлетуге бүкіл саналы ғұмырын арнаған Нұрғали Әмірбекұлының ерен еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Түрлі марапаттарға лайық деп танылып, «Дипломдар» мен  «Алғыс Хаттарға» ие болған. Мәселен, 2012 жылы Атырау қаласының әкімінің «Алғыс Хатымен» марапатталған. Бұдан бөлек, 2013 жылы ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің (Тараз), сол жылы Атырау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы марапатына ие болған. 2014 жылы Атырау облысы Индер ауданының  әкімінің «Алғыс Хатымен», 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасы, облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасының «Құрмет Грамотасымен»,  2016жылы Шымкент қаласының әкімінің «Алғыс Хатымен», 2017 жылы   Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсеновадан еңбек күнін және әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күнін мерекелеуге байланысты, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы адал еңбегі, еліміздің әлеуметтік саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін «Құрмет Грамотасымен» марапатталған. 2019жылы «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалы төрағасынан арнайы марапатына ие болған.       Қазіргі таңда Нұрғали Әмірбекұлы «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы қызметін атқаруда.  Өзі І топ көз мүгедегі және өзі де осы қоғам мүшесі болып тіркелген.     Аталмыш филиалда 2500-ден астам І-ІІ топтағы көз жанарынан айырылған жандар бар. Соның ішінде 460 көз мүгедектері Шымкент қаласында тіркелген. Аталмыш жандардың 65 пайызының отбасы  жағдайлары төмен болып саналады.Аталмыш филиалдың алға қойған мақсаты мен міндеттері зор. Жанарынан айырылған мүмкіндігі шектеулі жандарды біріктіруге, олардың өмірлеріндегі шектеулерді жоюға, мүдделері мен құқықтарын қорғауға, оларды әлеуметтік жағынан оңалтуға және біріктіруге, еңбекке, мәдинетке және спортқа қатыстыруға арналған шаралар мен бағдарламаларды қолдау және жүзеге асыру болып табылады. Сонымен қатар, І,ІІ топ мүгедегіне жататын зағип жандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру, еңбекке баулу да аталмыш бірлестіктің басты міндеттері. Өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін қоғамдық бірлестік мүгедектер жөніндегі комиссиялар мен кеңестердегі өз өкілдері арқылы мемлекеттік биліктің  өкілдік және атқару органдарымен ықпалдасады.
      2012-жылдың қаңтар айынан бастап, аталмыш бірлестік мемлекеттік сатылымдарға қатысып әлеуметтік жобалар құрып, демеушілер іздестіріп, гранттар ұтып, түскен қаржыға мүмкіндігі шектеулі жандардың ата-аналары,  жақындары қайтыс болған жағдайда 10-15 мың тенге қаржылай көмектесіп келеді. 2015-жылы қоғам мүшесі Марат Қожахметовты Бішкек қаласына бір айға компьютерлік тифлокешенді, ой-өрісін дамыту үшін оқуға жіберген.  Бірлестік 8  наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай нәзік жанды қоғам мүшелеріне  сыйлық жасауды әдетке айналдырған. 1 қазан –  Ардагерлер күніне  орай қоғамда мүшелікке тіркелген 30 ардагерге азық-түлік таратылған. Бұдан бөлек, 13 қараша – Халықаралық зағиптар күніне орай  мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасына 70 қап ұн үлестіріп берген. 25 қазанда өткен «Өнерім - көңіл шуағым» атты фестивальге қатысып, өз өнерлерін көрсеткен белсенді қоғам мүшелеріне ақшалай сыйлықтар берілген. Осы атаулы күнге орай қоғам мүшесі ретінде қоғамдық іс-шараларға белсене қатысқаны үшін белсенді қоғам мүшелеріне сый сыйапаттар жасалып, «Алғыс Хаттар» табысталған. Қоғам мүшелеріне және олардың балаларына Шымкент қаласының циркіне және Хайуанаттар бағына  тегін билеттер таратылған. І топ көз мүгедегі Рүстем Тайыровтың «Жан сезімі» атты концерттік бағдарламасын өткізуіне қолдау көрсетіп, Нұрғали Әмірбекұлы  басқаруымен демеушілік жасаған.  
      Міне, осылайша қоғамдық бірлестік жыл сайын ауқымды шаралар өткізіп, жұмыс істеп келе жатыр. Бұл ретте Нұрғали Әмірбекұлы «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы ретінде көпшілікке қордың атқарған жұмыстары туралы бір жылдық есебін жасап, таныстырып отырады. Атқарған барлық істерін тізіп, ұйымдастырылған мерекелік шаралары туралы баяндайды. Одан бөлек, ауыл,аудандарды аралап, қоғамдық бірлестіктердің жағдайын біліп, қоғам мүшелерін жинап, оларға болып жатқан жаңалықтарды жеткізеді, аудандық бастауыш ұйымдардың төрағасынан есеп алып  жүргенін рет-ретімен таныстырады.  
      Нұрғали Әмірбекұлының көз мүгедектеріне қатысты ұйымдар мен мекемелердің өмірі мен қызметтері туралы, зағиптар мәселелері туралы мақалалары әр түрлі жергілікті басылымдарда және басқа да республикалық мерзімді басылымдарда үнемі жарияланып тұрады. Отырар телеарнасының «Ерекше жандар» бағдарламасында да қонақта болған. Сұхбатқа қоғамның тыныс тіршілігі мен өңірдегі зағип жандардың жай-күйі арқау болды. 2500-ден аса І, ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар тіркелген облыстық филиалда әртүрлі ауқымды істер атқарылып келеді. Бағдарлама барысында Нұрғали Әмірбекұлы көкейде жүрген ойларымен қатар, жағымды жаңалықтарымен де бөліседі. 
      Өмірде мүмкіндігі шектеулі жандардың мүмкіндіктері мол екенін біле бермейміз. Біз оларды қоғамда өздерін тасада­ ұстайтын, қоғамдық орындардан көп көре бермейтін бейнеде ғана білеміз. Бұл тұста өзі жанарынан айырылса да, өзгелерге қамқоршы болған тұлға Нұрғали Әмірбекұлының  іргелі істері көпке үлгі. Оны болашақ ұрпақ танып қана қоймай, ісінен қанаттанып, өздерінің жауапкершілік сезімін тәрбиелесе, өздерін-өздері жетілдірсе, қиындықты жеңуді, өмір сүруді, оны сүюді үйренсе, халқы үшін еңбектену керектігін ұғынса дейміз.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости