Құдабай Қаржауов Мұхамбетұлы

Рейтинг:

Ең әдемі киім — ұлттыңның киімі

      Еліміз тәуелсіздік алған жылдары сырт мемлекеттерден елімізге миллионнан астам қандасымыз оралды. Олар жас мемлекеттің керегесін бірге көтеріп, уығын бірге шаншыды. Еліміздің өркендеуіне үлес қосқан қандастарымыздың қатарында оқыған, яғни сырттағы қазақтардың элитасы деуге болатын азаматтар болды. Атамекенге аталардың аманатын арқалап келген сондай азаматтың бірі — Құдабай Қаржауов Мұхамбетұлы. 
      Осыдан 17 жыл бұрын ата жұртқа қоныс аударған Құдабай кейбіреулер секілді көмек сұрап емес, керісінше көмек қолын созып, еліміздің дамуына өз үлесін қосуға келді. Құдабайдың туған жері — Өзбекстан республикасы Қарақалпақстанның Хожейлі ауданы, Хатеп станциясы. Орта мектепті аяқтаған соң Ташкент теміржол трнаспорты техникумына оқуға түседі. 1989 жылы теміржол техникумын бітіргеннен соң, бірден еңбекке араласты. Жас маман ретінде жолдама берілді, яғни екі жыл «Орта Азия Бейнеу – Қоңырат» теміржолында ШЧ -17 мекемесінде электромонтёр болып алғашқы еңбек жолы бастады. Оқуды енді аяқтаған жас маман істі бірден игеріп әкетті. Ерінбеді, жұмысқа белсене араласты. Тәжірибелі мамандардың қасында жүріп, осы саланың қыр-сырын меңгерді. Білмегенін сұрады, қайткен күнде де өз ісінің шебері болуға тырысты. 
      Қай уақытта да адам баласы істеген кәсібімен, игерген мамандығымен ерекшеленеді. Жұмысыңды адал атқарсаң ғана айналаңа сыйлы боласың. Осы қағиданы ұстанған Құдабайдың еңбегі еленбей қалмады. Қызметте сатылап өсті. Түрлі марапаттарға ие болды.  Бас маман механик дәрежесіне дейін көтерілді. Аталған мекемеде 1995 жылға дейін табан аудармай қызмет етті. 
      Өмір бір орында тұрмайды. Тоқсаныншы жылдардан кейінгі кезең орта азия елдеріне оңайға тиген жоқ. Елде жұмыссыздық белең алып, өзге де проблемалар күрделене түсті. Ел экономикасы тұралап қалды.  Осындай сәтте қандайда бір кәсіпті бастау оңай емес еді. Бірақ «тәуекел түбі жел қайық, мінесің де өтесің» демекші, тәуекелге бел буған, аянбай   еңбек еткен адам қашанда кәсібінің жемісін жейтіні анық. Құдабай Мұхамбетұлы теміржол саласындағы жұмысын тастап, жеке кәсіппен айналысуға бел буды. Сөйтіп қазақтың ұлттық киімдерін тігуді қолға алды.  «Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі» демекші, қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтан кем емес екенін көрсетуге тырысты.
      Қазақ халқының ұлттық киімдеріп ерлер киімдері және әйелдер киімдері деп екіге бөлсек, ерлер киімдеріне айыр қалпақ, зерленген тақия, шапан, шалбар, тымақ, ішік, саптама, етік жатады. Ал әйелдер киімдеріне қос етік, көйлек, сәукеле, кимешек, кебіс-мәсі, тақия, бөрік, көкірекше жатады. Ал киімдердің осы үлгісін айырып, ұлттық қадір-қасиетін бойына сақтап, тігу кез келгеннің қолынан кел бермейтін іс. Құдабай Мұхамбетұлы тәуекелге бел буып, осы кәсіпті қолға алды. «Тәуекел түбі жел қайық» демекші, шаруасы дөңгеленіп жүре берді. Тапсырыстар түсе бастады. Аз уақыттың ішінде «Өнер» атты фирма ашты. Әйелі Рахима Ибрагимова екеуі фирма жұмысы тоқтап қалмас үшін барын сала еңбек етті. Қазақтың жоғалып бара жатқан ұлттық киімдерін қайта тігіп, жаңғыртуға күш салды. Тек Қазақстан емес, өзге де мемлекеттерге сатты. 
      Жалпы қазақтың ұлттық киімдері басқа ұлттармен салыстырғанда өзгеше. Себебі қазақ — әу бастан көшпелі халық. Табиғаттың   төсiнде өсiп, еркiн ғұмыр кешкен ел. Сондықтан киім үлгілері де дала мәдениетіне сай болды. Ат үстінде жүрген халық өзіне ыңғайлы киім киді. Қазіргі киіп жүрген киімдеріміздің бірқатарының үлгісі ертедегі сақ дәуірінен бастау алады. Көшпендiлердiң киiм үлгiлерiнiң тiгiлу мен пiшiлу тәсiлiнде сабақтастық сақталған. 
      Мәселен, кең шалбар мен екі өңірі ашық, қаусырылған шапан атқа отыруға қолайлы болу үшін жасалған. Деректерге сүйенсек,  ХХ ғасырдың 20-жылдары Ойыл мен Сағыз бойын мекендеген қазақтардың киім-кешегін палеоэтнологиялық деректермен салыстыра зерттеген С.И. Руденко, күпінің екі мың жыл бұрын пайда болғанын дәлелдеген. Ал ұлттық киімнің етек-жеңіне салынатын ою-өрнектердің өзі көп нәрсені аңғартады. Мәселен, үкі тағу жын-перілерден, бәле-жәледен қорғайды деген сенімнен туған екен.  Қазақ халқының киім үлгісі осындай ерекшелеіктерімен дараланады. Адамның жасына қарай киім үлгілері де өзгеріп отырады. Барлығы да экологиялық таза өнімнен жасалады. Қойдың жүні, тері, былғары секілді өнімдер қолданылатын болған.   
      Құдабай Мұхамбетұлы қазақтың осындай ескі киімдерін қайта жандандыруды өзіне мақсат тұтты. Осыған күш салды. Кәсібін одан әрі дамыту үшін ата жұртқа қоныс аударуды ойлады. Сөйтіп 2003 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында  «Оралман» мәртебесін алып, ата жұрт Қазақстанға отбасымен  көшіп келді. Атырау облысы Жылой ауданы Құлсары қаласына келіп, отбасылық кәсібін қайта бастады. Базар маңынан әйелі екеуі «Өнер» тігін шеберханасын ашып, халыққа қызмет көрсетті. Тұтынушының көңілінен шығу оңай емес. Күні-түні тынбай еңбек етті.  Бір саламен шектеліп қалмады. Атырау қаласына көшкен кезде де  түрлі салада еңбек етті. Екі ұлы, екі қыз тәрбиелеп, өсірді.  Балалары да ата-ананың сенімін ақтады. Оқыды, өз ісінің маманы болды. Ұлды ұяға, қызды қияға қондырды. Атырау өңірі Құдабайдың отбасына құтты жер болды. Кәсібі жанданып, бастаған ісі оңынан туды. Мұнайлы өлкенің халқы қандастарын бауырына басты. Шеттетпеді, ісін өркендетуіне мүмкіндік берді. Қай уақытта да қолдау көрсетті, жөн сілтеді. Жақыным деп келгенде жатсынбады. Осының барлығы Құдабайдың еркін көсілуіне, кәсібін ұлғайтуына, қоғамдық өмірге белсене араласуына мүмкіндік берді. 
      Туған жерді, тарихи отаныңды сүю — ақылдың ісі емес, жүректің ісі. Біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол — қазақ жері. Құдабай Мұхамбетұлы ата жұртқа қоныс аударған соң, қандай шаруаны болса да ынтасымен атқарды. Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының төреағасы, Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасына сай оралман мәртебесін алып қаржылай көмек алды.
      Әрине бір орында отыра беруге болар еді, бірақ үлкені стерді атқару үшін қозғалу керек. Тәуекелге бел буып 2004 жыл отбасыммен бірге Атырау қаласына қоныс аударды.
      — Ата жұртына қоныс аударып жатқан оралман қандас бауырластарымның қолдауымен «Оралман –Жайық» қоғамдық бірлестігінің төреағасы болып сайландым. Бұл бірлестік ата жұртына қоныс аударған оралмен қандас бауырластармен атқарушы билік арасындағы игі көпір іспетті.
      Оралмандардың алдарынан тосын болып тұрған кейбір өзекті мәселелерді дұрыс тиімді жолмен шешуге ықпал етіп отырады. Облыс және қала әкімдігі жанынан қандастардың өзекті мәселерімен тұрақты айналысып отыратын үйлестіру кеңесі құрылды, Әкімдіктердің қолдауымен үйлестіру кеңесі құрамына облыс және қаламыздағы барлық оралмандармен жұмыс жасайтын мекемелерден құзыретті адамдар енді.
      Бұл ісіміз дұрыс болған сияқты. Өйткені ата жұртқа қоныстанғн қандастар, тарихи отанына келіп – анау жоқ, мынау жоқ деп бүкіл Қазақстанның халқы алдында айтысып тартысып жатқанда басқалардың алдында әбден ұят болар еді. Бұл кеңес өзекті мәселелерді қолданыстағы көші –қон туралы заңдар шеңберінде оңтайлы шешіп отырды. Осы жоғарыдағы еңбектердің арқасында Атырау өңіріне қандастардың бейімдесуіне – азды - көпті болсада өз үлесімізді қоса алдық ау деп ойлаймын,-дейді Құдабай Қаржауов. 
      Қоғамдық бірлестік төреағасы бола жүріп, 2005 жылы Қазақстан Республикасы «Руханият партиясы» облыстық филиалына төраға болып сайланды. Партия жұмысына қызу араласты. Облыстағы түрлі проблемаларды көтеріп, оның шешілуіне ықпал етті. Бұл қызметті 2014 жылға дейін атқарды
      Үлкендерден қалған «Елге істеген жақсылығыңды халық біледі немесе судағы балық біледі» деген нақыл сөз бар. Елге, халыққа істеген еңбегіңді бағалап жатса, бұдан артық бақыт жоқ.
      Отанға деген сүйіспеншілік ел игіліне жасаған жақсылықтармен өлшенбек. Туған елге деген махаббат оған жанашырлықпен қарауға, көркейтуге үлес қосуға, адал қызмет етуге, халықты сыйлауға, халықтың тілі, діні, салт-дәстүрі, қалыптасқан мәдениеті, шекара аумағы, атамекен секілді қастерлі ұғымдарын құрметтеуге негізделуі тиіс.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Илхом- 8 февраля 2021 19:53
👏👏👏👏👏
Өмір жасыңыз ұзақ болсын, дәрежеңіз бийіктен көрінеберсін 

МАНЧУК- 8 февраля 2021 19:57
Ққдабай Мұхамбетұлы 
Сіздің ата жұртқа оралып дәстүрлі кәсіппен айналысып халыққа тигізген көмегіңіз үшін рахмет
Қолынан іс келетін өнерлі еңбекқор жан екенсіз еңбегіңіздің жемісін жеңіз биіктен көрініңіз зор денсаулық жан ұяңыздың балаларыңыздың қызығын көріңіз 
ісіңізге береке тілеймін 

РАИСА АТАБАЕВНА- 8 февраля 2021 20:41
Құдабай мырза-мениң күйеуім Абылайдың сыныптасы және досы.Біз оны класском деп қалжыңдаймыз,себебі 10 жыл бойы сыныбында старостасы болған.Жоғарыда жазылған досымыз туралы айтылған сөздер-өте дұрыс ,бірақ өте аз жазылған.Досымыз өте адал,еңбекқор,сегіз қырлы бір сырлы азамат.Бізге қойып берсе- досымызды еліміздің президенті орнында көргіміз келеді-ақ!!!Осындай азаматты қазақ елі үшін  дүниеге әкеліп-,тәрбиелеген ата-анасына мыңда бір алғыс!Класском досымызбен кім болсада достасуға,тамырласып -араласуға ынтық-ақ!Құрдасыма мықты денсаулық,дөретушілік табыстар,ел алдында атақ-абройының арта беруіне тілектеспін!!!

жадра- 9 февраля 2021 01:07
оте керемет осылай бауырым аркашан биздин мактанышымыз болып журе бергейсиз. Аман сау алдымызда бир Аланын назарында. бахыттын базарында жургейсиз. 

Аккулова Жулдыз Бекболадовна- 9 февраля 2021 20:34
Құдабай аға. Керемет ,мықты ,адал,еңбекқор,талапшыл,адамсыз. Сиздей абыройлы,халыққа жаны ашитын -жиен ағамыз болғанына мақтан етемиз.төбемиз көкке жетеді. Деніңіз сау болып,алдымызда аман жүріңіз🤲👍👍👍

МарьямСарсенова- 9 февраля 2021 22:21
Мыкты ден саулык От басыннын аман есен болуына тилектеспиз
Абрайын арта берсинШабытын толып тассынАлла тагаланын суйген кулы бол Енбегинин рахатын ел журтынменРахимамен бирге коре бергейсиниз! 

Последние новости