Үмбетай Амантай

Рейтинг:

      Төрт түліктің бабын бес саусағындай білетін, қазақы бояуынан айрылмаған ауыл – ата жолын ардақ тұтқан құтты мекен! Жас буынның ер жетіп, ел қамын ойлайтын азамат болуына бірден - бір әсер ететін кіндік қаның тамған жер – туған топырағың. Әсіресе, әрбір жастың еңбекке ерте араласып, қоғамдық өмірдің қызығы мен шыжығана басқа қатарластарынан бұрын бой үйретуіне себепкер бір мектеп десек те артық болмас. Ендеше, дәстүрлі мектеп сатысынан өтіп, адал еңбектің,азаматтық жауапкершіліктің арқасындақияға көктей көтерілген ізденімпаз, нағыз қазақы ортадан шығып, атақ пен мансапқа қызықпаған абыройлы азамат – Үмбетай Амантай Үмбетайұлының өнегелі өмірі мен жүріп еткен еңбек жолындағы қызықты сәттері   бүгінгі мақаламыздың арқауына айналып отыр.  
Көзі қарақты оқырмандарымыз үшін, әңгіменің ашығын айтқанымыз жөн. Сондықтан, алдымен Амантай Үмбетбайұлының балалық шағына бір қалам тербеп көрелік... 
      Ер мінезді, парасатты да, абзал азамат Ақтөбенің облыс орталығынан шалғай жатса да елдік пен,ерлік аты қатар шыққан Шалқар ауданы, Бозой ауылының тумасы. 1973 жылдың күзінде өмір осынау қазыналы мекеннің төскейінде өмірге келген.  Ауыл баласының шаттыққа толы балалық шағы да  ауылда өтті. Тай жарыстырып,доп қуалап,қозы қуған балғын балалығына Бозой топырағы ғана куә. Амантай кішкентайынан білімге зерек, зейінді бала болып өсті. Шәкірт болуға қатты құмартқан бүлдіршін жүрегі білімге ынтық болды. Сөйтіп, 7 жасқа толған шағында алғаш рет Бозой орта мектебінің табалдырығын аттап, шәкірт атанды. Бұл -1980 жылы болатын.
Алғыр шәкірт мектеп қабырғасында оқуға көп көңіл бөлді. Түрлі мәдени, рухани іс-шараларға атсалысып жүріп, абыройлы шәкірт атанды. Білімпаздар сынға түсетін білім олимпиадалары мен өнер байқауларында әркез жүлделі орындардан түр көрсетті. Уақытының көбін ізденуге арнаған талапшы шәкірт ғылымның шыңынан көрінем деп жүргенде зымыраған жылдардың әп - сәтте өте шыққан аңғармай да қалды. Келешекке аласармас арман құрған алғыр шәкірт 1990 жылы мектеппен қоштасып, арайлы қала Ақтөбенің сол уақыттағы талай жасқа танымал білім шаңырақтарының бірі –Сақтаған Бәйішев атындағы университетке «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша оқуға түседі. 
      Университет қабылданған студент Амантай оқу мен еңбек жолын қатар бастады. Сол жылы «Бухара Урал ТрансГаз» Арал тораптық өндірісі басқармасында слесарь  болып жұмысқа орналасады. Аталмыш компанияда 1999 жылға дейін дәнекерлеуші,жүргізуші болып түрлі жауапты қызметтер атқарды. Жұмыстағы жауапкершілік пен өз мамандығына деген адалдығы арқасында 1999 жылдан бастап 2003 жылға дейін   Ақтөбе облысы бойынша көліктік  бақылау комитетінің басқармасында жетекші маман ретінде еңбек етті. Айналасындағы жұмыстас достарына өзінің бауырындай қарап, қолдан келгенше көмек қолын созды. Жұмыс бойынша өз тәжірибесін бөлісіп, әр жұмысшының өз жеке пікірімен санаса білді. Қысылтаяң шақта қарап қалмады. Ешқашан айналасындағы дос жарандарын кемсітіп көрген жан емес. Керісінше, мәселенің  ең оңтайлы шешілу жағын қашанда ойлап жүретін. Қарапайым өмірде адами құндылықтарды жоғары ұстаған Амантай қызметте де үлкен беделге ие бола білді. Үлкенге құрмет, кішіге ізет деген мәтелді ұстаным еткен ол - қызмет бабынан тыс жерде де көпшілік ортамен,қоғамдық өмірмен тығыз байланыста болды. Өмірлік тәжірибе мен сапалы білімнің арқасында 2003 жылдан бастап, өзінің жеке кәсібін ашады.Осылайша, өз кәсібін дөңгелетіп алып кетіп, бұл жолда күні бүгінге дейін жемісті еңбек етіп келеді.  
      Ол өзініңөне бойына біткен таланты мен қайсар мінезінің арқасында табыс тауып, мемлекеттің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келе жатыр. Қазіргі таңда, қарқынды дамып жатқан құрылыс саласы ұйымдарының тізгінін ұстаған азамат. Түрлі қалалардағы қанат жайып,қала келбетіне көрік беріп тұрған әсем ғимараттардың бой көтеруі. Құрылыс саласындағы осындай азаматтарымыздың   қажырлы да, жемісті еңбегінің нәтижесі екені даусыз. Ебін таба білген адамға мүмкін емес нәрсе жоқ.Әр саланың өзінің білікті маманы болады демекші, Амантай да өз саласының білікті маманы атанған жан. Қай кезде де бірінші жауапкершілік пен адалдық алға тартатын басшы. Әсіресе, өз қарамағындағы жастарды еңбекке жиі баулап, жастарға қолдау көрсетіп тұрады. Оның ойынша, «Еліміздің әлеуметі құрылыс қарқынымен сыналады. Қарқынды құрылыс зейінді жастардың күшімен жүзеге асады. Және құрылыс технологиясы жыл сайын өзгеріп, жаңарып отырады. Соған сай әр адам жаңалықтан қалыс қалмауға тиіс. Жастар үнемі ізденіс пен білімге деген құштарлықтың арқасында ғана білікті инженер-құрылысшы атана алада. Ал, өз ісінің хас шебері һәм кәсіби маман жұмыссыз қалам деп ешқашан уайымдамайды. Себебі, мұндай адамға кез - келген компания зәру және оған қанша қаржы болса да төлеуге әзір. Сондықтан, жауапкершілікті бірінші орынға қою керек» -деп, ой түйеді.      Жанашыр кейіпкеріміз тек құрылыс саласы ғана емес, көлік тасымалымен айналысатын тағы бір белді ұйымның басшысы. Бір басында бірнеше қызметтің жүгі бар азамат ешқашан атаның қаны, ананың ақ сүтімен дарыған адамгершілік пен қарапайымдылық қасиеттерін жоғалтқан емес. 
      Қарамағына өзі секілді еңбексүйгіш азаматтарды жинап,олармен қоян-қолтық жұмыс жасап келеді. Кейде, қайырымды іске де көңіл бөліп тұрады. Әрі қайырымдылық жасауды әр адамның парызы деп санайды. 
      Мәселен, елге, жерге деген қайырымдылықпен айналысатын Амантай «Қабақ баба» - деп, аталатын қордың құрылуына да бар ықыласымен қолдау көрсетті. Оның білікті басшы,іскер ұйымдастырушы екенін білетін қор мүшелері 2015 жылдан бастап, қор төрағалығын адал жүректі кейіпкерімізге сеніп тапсырады.  Осыдан бастап, Амантай Үмбетбайұлы біздің мейлінше түрлі шаралар мен қайырымдылық істердің басы қасынан табылып, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге ат салысып келеді. Уақытының көбін жұмысқа арнаған абзал жүректі жанашырымыз қолдау сұрап келген азаматтарға кез-келген уақытта көмектесуге дайын.
      Бір басына бірнеше саланың жүгін арқалаған басшының бұған арғы жылдары мен еңбек жолдары мүлдем қызықтырақ.  Нақтылай айтқанда, Амантай бүгінде тағы бір игілікті істің басынан табылып, маңызды шешімдерге қолдау білдіріп жүр. Тіпті, «Шешек ата» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағалық міндеті де кейіпкеріміздің жауапкершілігіндегі іс. 
      Қыруар шаруаның ебін тауып, бір емес бірнеше ұйымдарды алға сүйреп жүрген Амантай Үмбетбайұлы – отбасылы, бес баланың әкесі. Балаларына ардақты әке, жолдасына арқа сүйер аяулы жар. Үйдегі жеңгеміз де өте қарапайым адам,жоғары білімді ақылшы жан. Қызметте жүрсе де үй шаруасына, бала тәрбиесіне уақыт таба біледі. Келген қонағына дәм – тұзы дайын ақ жарқын әйел.Бұл отбасында сәбидің үні 2001 жылы естілді. Яғни, осы жылы Тұла бой тұңғыштарыөмірге келді. Ата-анасына қуаныш сыйлаған Елнұр есімді кішкентай ұлдары, әкесінің ізін қуған ақылды бала. Бүгінде Н.Назарбаев атындағы университетте оқиды. Мектепте талай бәйгенің басын шалып жүрген жүйрік, алғыр оқушы. Білімге деген құштарлығының арқасынада оқу озаттарының қатарында. 
      Әке көзін көрген талапшыл, өршіл Елнұр да болашақта әкесі секілді кәсіпкер болғысы келетінін жасырмайды. Ол үшін сапалы білім мен мол еңбек керек екенін ата – анасы үнемі құлағына құйып отырады. Ел сенімінен шығатын азамат болып шығады деп үміт күтеді.
Амантайдың тұңғыш баласы Елнұрдан кейін, Нұрсезім,Тоғжан,Айжан,Күнжан есімді сүйкімді де, ақылды қыздары өмірге келді. Ер балаға қарағанда қыз баланың тәрбиесіне аса терең мән берген ел екеніміз белгілі. Сондықтан, кішкентай қыздарының әрбір еркелігін көтеріп, тілектерін орындап отырады. Қазіргі таңда Ақтөбе қаласында тұратын отбасы,шаңырақта ұлттық дәстүрді берік ұстанады. Ақылды әкесі мен анасының тәлімін көрген қыздары ақылды, үлгілі, ақкөңіл болып ер жетіп келеді. 
      Отбасы құндылықтарын бойларына сіңіріп, тәлім алып келе жатқан балалар әкелері мен аналарының жұмыстан қолдары тиген кезін бағдарлап жүреді. Сондағы мақсаттары бос уақыттарында отбасылық демалыстарға шығуды. Ата-анасымен қыдырғанды, оларға уақытын бөлгендерін ұнатады. Қыздарының ерке қылығын жүзінен аңғара алған әкесі саябақтарға серуендеу немесе түрлі демалыс орындарына әйелімен, балаларымен баруды әдетке айналдырған.  
      Үйдің ең кенжелері Айжан мен Күнжан 3 жаста. Алдындағы аға, әпкелеріне арқа сүйеп еркелеп өсіп келеді. Берекелі отбасының мерекесі таусылмақ емес, шаңырақтарынан қашан да шаттық үзілмеген берекелі жанұя. Осындай жанұяның ұйытқысы болып отырған Үмбетай өзіне жүктелген қыруар жұмыстарға қарамастан білімін жетілдіруді де ұмытқан жоқ. 2014 жылы Ақтөбедегі С.Бәйішев атындағы университетінің «Мемлекеттік және жергілікті жерді басқару» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының  магистрі атанды.
Қазіргі уақытта, осы білім мен тәжірибені пайдаланып, елдің өркендеуіне бұдан әрі де үлес қоса бермек ниетте. Жеке кәсіптің арқасында қаншама жұмыс орындарын ашып, көптеген адамдардың өз нанын адал табуға жол ашып отырған осындай азаматтардың барына шүкір дейміз.  Ел дамуына қосқан әр істеріңізден береке табыңыз деген ізгі тілекпен Амантай Үмбетайұлына сәттіліктер тілейміз. Елдің амандығы мен тыныштығы мәңгілік болсын ағайын!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости