![]()
Мерген қорғаныста тіреніш, шабуылда сүйеніш
Адам өмірінде көңілде сыз, жүректе із қалған ауыр да азапты жылдар мен өтпелігі мол өткенді естелік қылып және оны көңілге кесте қылып тоқуды ғана қажет ететін мезеттер кезігеді. Бірі оны басына түскен сынақ десе, енді бірі өткеріп шыққаны үшін өзіндік бір ұлы жеңіс деп тәубеге келеді. Міне, осындай бір естеліктермен есте қалған дүниелердің бірі Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында, 1986 жылы сәуір айында 4-энергоблогындағы болған апат, Чернобыль АЭС апаты. Бүгінгі кейіпкеріміз осы бір апатты залалсыздандыруға қатысып, ауыр көріністің куәгері атанған Нахбаев Сайфулин Нақыпбекұлы 1966 жылғы 29 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Алғабас ауданы XXII партсъезде Қызыларық ауылында дүниеге келеді. 1981 жылы «Сарыбұлақ» сегіз жылдық мектепті жақсы бағамен бітіріп, ары қарай 1983 жылы «Саттар Ерубаев» атындағы орта мектепті жақсы бағамен тәмамдап шығады. Сайфулин мырза мектепті аяқтап, 1983 жылы «XXII партсъезд» совхозында әртүрлі жұмыстар атқарады. 1984 жылы СПТУ-80 училищесіне түсіп, «жүргізуші» мамандығын алып шығып, өз білімін жетілдіре түседі.
![]()
1985 жылы армия қатарына алынып, Украина Республикасының Чернигов қаласындағы №77017 әскери бөлімінде маусым айында әскери ант кабылдайды. Әскери дайындықта біліктілігін көрсете біліп, сержант атағын алып шығады. Одан әрі аға сержант, бөлімше командирі болып, 1986 жылы 14 маусымнан 7 тамызға дейін Чернобыль АЭС-нің көшіру аумағындағы апаттың салдарын жою бойынша жұмыстарды атқаруға өз үлесін қосады.
Чернобыльдің үрейіне қарамастан, адами тұрғыда табандылық көрсете білген Нахбаев Сайфулин мырза №837031 А «Чернобль куәлігін» иеленді. Ерекше күрделі ортада Кеңес үкіметінің міндетін жүзеге асыру кезінде сенімді батылдық пен табандылық, жоғары саяси-моральдік және психологиялық сапа көрсетіп, қазақ жігіттерінің өзіндік болмысы көрсете білді десек артық айтпағандығымыз болар.
Осы орайда, 25.03.1987 жылғы 15 маусымда Сайфулин Нақыпбекұлы №93 КСРО-ның Қорғаныс министрінің бұйрығымен армия қатарында запасқа босатылды.
Еліміздегі орын алған елеулі оқиғалардың бірі Тәуелсіздік жылдарында 1990-1991 жылдары Сайфулин мырза облыстық комсомол комитетінің жанындағы облыстық шаруашылық есептегі «Студсервис» бірлестігінің бас директоры қызметін атқара білді. Осы бір ретте, ел азаматы жастарды патриоттық тәрбиеге, отансүйгіштікке тәрбиеледі.
«Білімнің ерте, кеші жоқ» демекші, кейіпкеріміз 1992 жылы сырттай Шымкент педагогикалық институтының «Инженер-педагог» мамандығын бітіріп шығады.
Еңбек жолының 1992 жылдары «Достық» шағын кәсіпорында қызмет атқарып, директор болды. Егемендік алып, Қазақстан Республикасы мемлекеті болғаннан кейін, әртүрлі фирмаларда және корпорацияларда қызмет атқарғандығын да ескере кеткенді жөн көрдік.
Майдангер азаматтар қашанда жастарымызды отансүйгіштікке баулитын бірден-бір өмір мектебі десек, зардапты жылдардың куәгері атанған әрбір кейіпкеріміздің лайықты ізбасарлары ретінде жастарымызды Жаңа Қазақстанның болашағы үшін Мәңгі Ел болуды қазақ елі үшін аянбай еңбек етуіміз керек деп түсінеміз. Осы ретте, осындай дүниежүзі тарихында орын алған зобалаңның куәгері болған қаһарман азаматымыздың қандай да болсын марапатқа еш талассыз лайық. Сайфулин Нақыпбекұлы өмір жолында Чернобль АЭС апатына қатысып залалсыздандыруға атсалысқаны үшін «Алғысымен», бұдан өзге де «Алғыс Хаттармен», «Грамота», «Дипломдар» және мерейтойлық медальдармен марапатталған. «За Службу Родине и Особые Заслуги» I и II степени ордендермен марпатталған.
![]()
Н.Назарбаевтың жарлығымен 2016 жылғы 05 желтоқсанда «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. 2017 жылы «ОҚО сіңірген еңбегі үшін» марапатының иегері атанды.
«Адам ұрпағымен құнды» деу бекер айтпағандық. Ал батырдың ұрпағы болу ол өзгеше бір мақтаныш.
Сайфулин мырза мен жары Айдын ханымның екі қызы, бір ұлы бар. Үлкен қыздары Нахбаева Айгерім 1989 жылғы, облыстық балалар ауруханасында білікті дәрігер болып, көптің көңілінен шығып отырған, адам жанының жанашыры десек, екінші қыздары Нахбаева Гүлісханы 1991 жылғы, өзінше бір тұлға деп ауыз толтырып айта аламыз. Екі университетті «Қызыл дипломға» бітіріп, 2011 жылдан бастап, Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясында спорт инструктор маманы болып атқаруда. 2019 жылғы 25 желтоқсаннан бастап, Ұлттық комиссияның шешімі бойынша Президенттік жастар кадр резервіне іріктелді. 2020 жылғы 4 ақпаннан бастап, Білім және ғылым министрлігінде мониторинг, талдау және өңірлік
![]()
ынтымақтастық басқарамасының басшысы лауазымында жұмыс атқаруда. Шахматтан қазақ қыздарының тұңғыш Гроссмейстері. Қазақстан құрама командасының капитаны. Үш дүркін Азия чемпионы. Халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Ұлдары Нақбаев Нұркен 1992 жылғы, Мұхтар Әуезов атындағы университетінің «құрылысшы» мамандығын «Қызыл дипломмен» бітірген. Қазіргі таңда, запастағы аға лейтенант. Қазір Түркістан облысы әкімшілігі кұрылыс бөлімінде бас маман. Сайфулин мырзаның асыл жары Байдыбекова Айдын Өрісбайқызы, 1967 жылғы. Мұхтар Әуезов атындағы университетте жоғары математика пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент. Осындай бір айрандай ұйыған отбасында ел мүддесі үшін еңбек етіп жүрген әрбір отбасын көріп,естіп,біліп, көкейімізге ереше бір мақтаныш орнады десек артық кетпегендіміз болар.
Қорыта келе, бүгінгі күннің мақтанышы, өткен күннің ерекше куәгері Сайфулин Нақыпбекұлы, бастарыңызға байлық, жанұяларыңызға амандық тілейміз. Сіздерден төгілген шапағатты шуаққа барша қазақстандықтар бөленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін!