Мұқаш Ерболат

Рейтинг:

Білікті маман

      Ерболат Сартайұлын білетіндер оның сонау бала кезінен еңбекқор, жан-жақты, ізденімпаз болғанын айтады. Ашық-жарқын мінезді, ешкіммен қақ-соғы жоқ, ойланып барып әрекет ететін, уәдесіне болаттай берік әрі адам талғамайтын табиғат берген дарқандығы да бар. Кім-кіммен болмасын ауызбіршілігі жарасып, тез тілтабысып кетеді. Өзінің жаны да, ары да сұлу азаматты көпшілік құрметтеп, сыйлап, төрден орын беріп жатады. Ылғи жақсы да жайсаң жандармен дәмдес болып, жасы үлкен ағаларының батасын алып жүреді. Өзі де кейінгі іні-қарындастарына өнегелі өмір жолымен, әдемі жүріс-тұрысымен үлгі көрсетіп ағалық қалпынан танбай келеді. Салмақты, әсіресе оның қарапайымдылығы көпті сүйсінтіп тұрады. Тағы бір қыры бекзаттық сырбаздығы, келісті кербездігі, міндетіне деген жауапкершілігі мен адал қалпы өн бойында жарасым тауып, абыройын асқақтатып, мәртебесін биіктетіп тұрады. Ол ылғи жан-жағына тек шуағы мен шұғыласын шашып жүретін азамат. Мазмұны мен мағынасы осылай сәйкес келіп тұрғанда айта кету керек, ол жақынына, тіпті бейтаныс көмек сұраған адамға да қолынан келген жақсылығын аянбайтын жомарт азамат. «Жақсы адамға мал бітсе, ағайынның жоқ-жітігіне қарасады» деген сөз осы Ерболатқа арнап айтылған ба дейсің. Негізінде, адамның адамгершілік абзал қасиеттері, азаматтық тұлғасы, өресінің биіктігі, болмысының бейнесі, төңірегіндегілерге жанашырлығы айқын көрінетін бедерлі тұстары болады емес пе?! Мұндай қасиеттер былайғы қым-қуыт тіршіліктің тінінде, жайбарақат күндердің күресінде аса байқала бермеуі де мүмкін. Қай уақытта болмасын қиналған ағайынның жанынан табылып, сүрініп жатса демейді, құлап жатса тұрғызуға тырысады. Иә, мұндай асыл қасиет кез келгеннің қолынан келеді дей алмаймыз.
      Мұқаш Ерболат Сартайұлы 1981 жылы 11 қаңтарда Қазалы ауданы, Жаңақазалы елді мекенінде қарапайым отбасында дүниеге келді. Әке тәлімін, ана тәрбиесін көріп есейген Ерболат бала күнінен жан-жағын бағамдай білетін, ақылдылығымен, байқампаздығымен дараланып тұратын. Асқар тау әкесі – Мұхашов Сартай Төреахметұлы 1946 жылы Арал ауданында дүниеге келген. Теміржол саласында 40 жыл абыройлы қызмет етіп, балаларына теміржолдың темірдей тәртібімен адал еңбек етуге үйреткен. 2021 жылы 1 тамызда 75 жасында қайтыс болды. Анасы – Мұқашева Гүлзада 1949 жылы дүниеге келген. Қазіргі таңда зейнеткер, немерелерінің қызығын көріп отырған бақытты әже. Ерболаттың екі әпкесі Мұқашева Жадыра, Мұқашева Гүлзәуре жоғары білімді, өз саласының мамандары.
      1988 жылы С.Сейфуллин атындағы №165 орта мектебінің 1-сыныбына жақсы дайындықпен қабылданды. Оқу-білімге құштар бала мектепте қатарластары арасында оқуға деген ынтасымен, спортқа, өнерге деген ұмтылысымен танылып, ұстаздарының мақтаулы шәкірті болды. Ол 1998 жылы орта мектепті ойдағыдай бітіріп шықты. Қызығушылығының арқасында 1999 жылы Әйтеке би кентіндегі қалалық кәсіптік-техникалық училищесінің бухгалтер-оператор мамандығы бойынша 3 айлық курсын бітіріп шықты. Өзіне ұнайтын мамандықтың аз да болса қыры мен сырын меңгерген білімге құштар Ерболат 2000 жылы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжіне техник-электрик мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2003 жылы жақсыға бітіріп шықты. 
      Талапты жас маман қолына дипломын алғаннан кейін 2003 жылы «Қызылорда электр тарату тораптары» АҚ Қазалы филиалына үш фазалы есептеуіш тобының шебері қызметіне жұмысқа қабылданды. Осылайша еңбек жолын бастап, ұжымында мақтаулы мамандардың қатарын толықтырып, абыройлы еңбек етті. Жаңалыққа жаны құмар азамат, өзінің білімін одан әрі көтеріп, дамыту бағытында 2004-2007 жылдар аралығында «М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын» инженер біліктілігі бойынша бітіріп шықты. 
      Жоғары білімді, білікті маман 2006-2012 жылдар аралығында «Қызылорда электр тарату тораптары» АҚ Қазалы филиалы бастығының электр энергиясын есептеу жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2012 жылдан бастап 2019 жылға дейін «Энергомера» ЖШС-де бас инженер және директордың орынбасары қызметтерін атқарды. 
      Саласы бойынша талай жылдардан бері тәжірибе жинақтаған азамат 2019 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі таңға дейін «Қызылорда электр тарату тораптары» АҚ Қазалы аудандық электр торабының бастығы болып, беделді қызмет етіп келеді. Ерболат Сартайұлы сонымен қатар 2021 жылдан бастап Қазалы аудандық мәслихат депутаты қызметін атқарып отыр. Ылғи ізденуден жалықпайтын азамат қоғамдық өмірді назарынан тыс қалдырып көрген емес. Елдің пікіріне құлақ асып, оны тиісті орындарға жеткізуге, сол өзі бастаған істі аяғына жеткізуге барын салады. Басшылық қызметте болса да, уақытын бөліп, ауыл-аймақтың жайын білмекке шығып отырады. Ешуақытта шаршадым демейді. Өзінің ел алдындағы азаматтық жауапкершілігін жақсы біледі. Уақытын тиімді пайдалана біледі. Оның еңбек жолында жеткен жетістіктері де ауыз толтырып айтарлықтай. Атап айтқанда:
      ✦ Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне қосқан үлесі үшін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Алғыс хатымен»;
      ✦ «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында әлеуеті төмен отбасыларына арналып салынған тұрғын үйлерді электрмен жабдықтауға қосқан үлесі үшін аудан әкімінің «Алғыс хатымен»;      ✦ Басқару процесіне қосқан жеке үлесі, еңбектегі жетістіктері, өз ісіне жауаптылығы мен кәсіби шеберлігі үшін «2014 жылдың маманы» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық бизнес-рейтинг ұйымдастырушы комитеті төрағасының ұлттық Сертификатымен;
      ✦ Аймақтың әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі үшін облыс әкімінің «Алғыс хатымен»;
      ✦ «Көп жылғы мінсіз жұмысы және энергетика саласына сіңірген табысты еңбегі үшін» 
      ✦ «Қазақстан энергетиктерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының «Құрмет грамотасымен»;
      ✦ «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» аясында ел тәуелсіздігіне қосқан үлесі үшін аудан әкімінің «Алғыс хатымен»;
      ✦ Елордамыз Астана қаласының төл мерекесі аясында Астана қаласының көркеюіне қосқан үлесі үшін аудан әкімінің «Алғыс хатымен»;
      ✦ 22 желтоқсан «Энергетиктер күні» аясында ерен еңбегі мен қызметін адал орындағаны және энергетиканы дамытуда елеулі үлес қосқаны үшін «Қазэнергиясараптама» компаниясының «Құрмет грамотасымен»;
      ✦ Мемлекеттік тілді, білім мен мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін І дәрежелі «Қазақ тілі» төсбелгісімен;
      ✦ 2021 жылы 22 желтоқсанда Энергетиктер күніне орай көп жылғы мінсіз жұмысы және энергетика саласына сіңірген табысты еңбегі үшін «Қазақстанның энергетиктерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының «Құрмет» белгісімен;
      ✦ «Аймақтың өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі үшін» облыс әкімінің «Алғыс хатымен»;
      ✦ 2021 жылы 22 желтоқсанда Энергетиктер күніне орай Энергетиктер саласына қосқан үлесі үшін аудан әкімінің «Жылдың үздік энергетигі» номинациясы сынды көптеген дәрежелі марапаттардың иегері атанды.      Азамат ісімен, әрекетімен көрікті ғой. Кез келген адам жайлы әңгімелегенде алдымен ол не бітірді, не тындырды деген сауалға жауап іздейміз. Белгілі бір саланы меңгеріп, сол арқылы ел мақтанышына айналып, халық құрметіне бөленіп жүрген азаматтың бұл бір ғана мақтан тұтар тұсы дегіміз келеді. Адал ниетті азаматтың мәнді де мағыналы өмір жолы, атқарған ісінің жемісті де табысты болуы оның Алла қосқан қосағына да байланысты болатыны заңдылық. 
      Жұбайы – Құлмамбетова Гүлжазира Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде бастауыш сынып мұғалімі. Бүгінде мерейлі отбасы 3 перзент тәрбиелеп, өсіріп отыр. №249 мектеп-лицейде үлкен ұлы – Сартай Ернар Ерболатұлы 8-сынып оқиды, қызы – Сартай Эльназ Ерболатқызы 6-сынып оқиды, ал үйдің кенжесі Сартай Ерасыл Ерболатұлы 1-сыныпта оқиды.
      Иә, адал еңбегімен, қалтқысыз қызметімен ел-жұрттың алдында абыройы артып, беделі биіктеп, сый-құрметке бөленіп келеді. Ол туған-туысы, жора-жолдасы ортасында беделді, отбасында қадірлі азамат. Айналасынан көпшілік үйіріліп шықпайтын Ерболат Сартайұлынан үлкендік үлгі алып, өне бойы өнегесінің өрісін кеңейтіп келеді. Ол әрдайым осындай деңгейден көрініп келе жатқан, көпшілікке айырықша танымал, айтулы азаматқа Алла берген абыройы арта берсін деген тілек білдіреміз. 
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

19 апреля 2024 22:06
Азамат
Даурен.Ауылшаруашылығын дамытып,елге ісі тигізген улкен азамат,өз қамын ойламай жұртқа жақсылық жасап жүрген азамат....
31 марта 2024 13:36
Sholpan Kuanish
Вся эта история очень прекрасна. Гаухар Сартаевна очень сильная женщина, хорошая начальница и прекрасная мать. ...
31 марта 2024 13:24
Асема
Гаухар Сартаевна мен Алла тагалама сансыз ризамын сиздей жанмен тынысып омир атты жолымда сиздей керемет жанның...