Жанаев Есқабыл

Рейтинг:

Еселі еңбек иесі

      Төсінде жайлаған төрт түлігі берекесін кіргізіп, томағасы сыпырылған қыранының көзі түлкіге түсіп, ауызданған тазысы қанжығасын майлы етіп, берекесін кіргізген қазақ даласында ісімен де, сөзімен де, өмірімен де үлгі болған, жүрегіне қазақтың дархан тасын сыйдырған, жомарттығында шек жоқ, даналығымен, ақыл-парасатымен, кісілік болмысымен абырой биігіне көтерілген азаматтар аз болмаған. Өркендеген, өркениет биігіне көтерілген қай саланы алып қарасаңыздар да, саланың дамуына өз үлесін қосқан, саналы ғұмырында сансыз еңбегі жатқан арда азаматтарымыз бен парасат биігіне көтерілген, әділдікті ту еткен абзал ағаларымыздың есімдерін құлағымыз шалады. Олар өз ісінің білікті мамандары бола білді. Әділеттіліктің ақ туын тік ұстап, адалдық жолында аянбай еңбек етті. Өздеріне сеніп тапсырылған қызмет жолында жар құлағы жастыққа тимей, өзіне артылған жауапкершілік жүгін азаматтық сеніммен, қайсарлықпен көтере білді.
      Міне, біздің осы мақаламыз еңбек жолын қарапайым жөндеушіліктен бастап, өзінің іскерлігімен, қабілеттілігімен, еңбекқорлығымен, адалдығымен құрмет төріне көтеріле біліп, түрлі басшылық қызметтерді атқарып келе жатқан арда тұлға Жанаев Есқабыл Кенжебайұлының өмірі жайлы болмақ.       Қазақта жақсы азаматтың жалынды ісін, жарқын тірлігін көргенде, ел-жұрты сүйініп, шынайы ризашылықпен «Әп, бәрекелді, өзі сегіз қырлы, бір сырлы екен» деп бағалап жатады. Осы бір ауыз сөзден азаматтың кескін-келбеті, болмыс-бітімі, барлық қыр-сыры жан-жақты ашылады. Дана Абайдың 38-ші қара сөзіндегі «Мал, мақтан, ғиззат-құрмет адамды өзі іздеп тапса, адамдықты бұзбайды, һәм көрік болады. Егерде адам өзі оларға табынып іздесе, тапса да, таппаса да адамдығы жоғалады» дегені бар. Абай айтқандай бүгінгі кейіпкеріміздің ақ адал еңбегімен келген абырой мен беделі оны көркейте түседі, ешқашан асып-тасып, адамдығын жоғалтқан азамат емес.
      Халық пен билікті жалғастырған алтын көпір Есқабыл Кенжебайұлы 1953 жылдың 10 желтоқсанында Атырау облысы, Жылыой ауданы, «Құмшеті» елді мекенінде дүниеге келді. Әкесі Жанаев Кенжебай Жанайұлы (1920-1977ж.ж.) 40 жылдан астам ұстаздық еткен, Қазақстанның еңбек сіңірген озық қызметкері, халық мұғалімі атанған адам. Ұлы Отан соғысынан броньмен қалдырылған, көптеген мемлекет марапаттарының иегері. Анасы Жанаева Нұртүскен Ағысқызы (1924-2010ж.ж.) тыл ардагері, 14 ұл-қыз өсірген батыр ана. Көптеген мемлекет марапаттарының иегері.
      Бала кезінен үлкендердің қолқанаты, тапсырмасын орындайтын сенімді ұланы болған, үлкендердің батасын алып өскен Есқабыл Кенжебайұлы білім ордасының табалдырығын 1961 жылы Амангелді атындағы орта мектебінде аттады. Өмір ерте есейткен балғын жас мектеп қабырғасында да өзінің тиянақты іс атқара білетіндігімен, жауапкершілігі мол болып өсіп, мектеп бағдарламасын да еркін меңгеріп, сыныптағы алдыңғы қатарлы оқушылардың бірі болды. Ата-анасы бойына тәрбие мен тәлім гүлін егіп, өнегелі өмір үлгісін көрсете білсе, ұстаздары боламын деген баланың белін буып, қабілетіне қарай білімін шыңдады. 
      Мектепті бітірген соң, Есқабыл Кенжебайұлы алғашқы еңбек жолын Биікжал терең бұрғылау экспедициясында жөндеуші болып бастады. 1984 жылы Алматы шет тілдері педагогикалық институтын неміс және ағылшын тілдері мамандығы бойынша бітіріп шыққан жас оқу орнында жүріп те өзін жақсы жақтарынан көрсетумен қатар, таңдаған мамандығының қыр-сырын меңгеруде тынбай еңбектеніп, үнемі ізденіс үстінде жүрді. Талапты жас қашан да бір қадым алда болатыны секілді, қандай ортаға барса да еркін араласып кете беретін ашық мінезді, сенім арта білетін маман атанды.      Осылайша өзінің ұстаздық саладағы алғашқы еңбек жолын 1984 жылы М.Әуезов атындағы орта мектепте мұғалім болумен бастаған Есқабыл Кенжебайұлы техникалық салаға ауысып, 1989 жылы «Құлсарыпромстрой» тресінде техника қауіпсіздігі жөніндегі инженер болып орналасады. 1993 жылы «бизнес» мектебін бітіріп, қаржылық сауаттылығын арттырған кейіпкеріміз Құлсары салааралық теміржол көлігі мекемесінде (КМППЖТ) техникалық бөлім инженері, бөлім бастығы, «Тұранбанк» АҚ Құлсары бөлімшесінде аудармашы, әкімшілік бөлімінің бастығы лауазымды қызметтерін атқарады. 
      Іскер адамның қимыл-қозғалысы, жүріс-тұрысы сенімді, салмақты болады. Адамгершілік, байсалдылық, батылдық, бейімделгіштік, еркіндік, тәртіптілік – іскер адамға қажет жақсы қасиеттер. Міне, осындай кәсіби қасиеттер мен адамдық қасиеттер бір бойынан табыла білген Есқабыл Кенжебайұлы 2000-2016 жылдары «Бехтел-Энка» БК; «Ведепсер»; «Өмірзақ-сервис» ЖШС; «МАКО» ЖШС мекемелерінде ассистент, техникалық директор, супервайзер, тех.қауіпсіздік инженері, координатор, басшылық жұмыстарын абыроймен атқарып, осындай әртүрлі өндіріс салаларында тер төге жүріп, еліміздің әдеби-мәдени өміріне де атсалысып, бұқаралық ақпарат саласында да жұмыстар жасап, отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қоса білді. 2022 жылы Жылыой ауданы БАҚ ардагерлері кеңесі төрағасы болып сайланды.
      Бүгінгі күні оның көптеген шәкірттері өндірістің жетекші салаларында, мемлекеттік қызметтерде және ғылым салаларында еңбек етіп келеді. Есқабыл Кенжебайұлы 2016 жылы 10 желтоқсанда зейнеткерлікке шыққанымен, қазіргі уақытта аудандық прокуратураның қауіпсіздік күзет ұйымында (КҰ) еңбек етіп келеді.
      Қандай қызмет атқарса да шырайын шығарып, қиындығына көніп, күрделі мәселелердің оң шешімін тауып, табандылық таныта отырып жеңіп шыққан Есқабыл Кенжебайұлы еселі еңбегіне қарай түрлі дәрежедегі марапаттарға ие болды.
      Атап айтар болсақ:
      2020 жылы Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі;
      Жылыой ауданы әкімінің Алғыс хаты;
      Аудандық мәслихаттың Құрмет Грамоталары;
      Жылыой аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты;
      Қазақстан журналистер одағының Құрмет Грамотасы;
      «Жыл журналисі» аталымының Иегері; 
      Жүрген жерінде із қалдыратын тұлпардай, саналы ғұмырын ел қызметіне арнап, артында ізбасар шәкірттерін тәрбилеген Есқабыл Кенжебайұлы отбасында ардақты жар, асқар тау әке. Осындай үлкен белестерге шығу жолында серік болып, әлі күнге жағасының ақ болуы үшін қам жасап келе жатқан жары, ауылшаруашылығында мал дәрігері болып еңбек еткен, бүгінгі таңдағы зейнеткер Бекенова Асия Ығылманқызы екеуі 4 перзент тәрбиелеп өсірген, бақытты әке-ана, немерелерінің қызығына тоймай отырған ата-әже. Тұңғышы Жанаев Ескендір Есқабылұлы - инженер-механик, қызы Кенжебаева Марина Есқабылқызы - тұрмыста, жанұялы, үшінші перзенті Жанаев Мағжан Есқабылұлы да ағасы секілді – инженер болса, кенжесі Есқабылұлы Еркебұлан – Алматы технологиялық Каспий университетінде студент. Немерелері Есқабыл Дінислам Мағжанұлы, Есқабыл Шұғыла Ескендірқызы мен Нұрай Ескендірқызы мектеп қабырғасында білім алып жатса, кіші немересі Есқабыл Жанерке балабақша тәрбиеленушісі.
      Халықтың алғысын алған азаматтың есімі де халықпен бірге мәңгі жасайды демекші, Жанаев Есқабыл Кенжебайұлы да осындай құрметке лайықты, азаматтық ниеті зәмзәм суынан да мөлдір, көңіл айнасын кір шалмаған, жүрегі елім деп соғып тұрған, жазуға да, мақтауға да тұрарлық азамат. Өмірі өнегеге толы жанның деніне саулық, отбасына амандық тілейміз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

16 декабря 2024 23:39
Роза
Менің Әкем.❤️Аллаға шүкір.Ата анам жүз жасасын!...
6 декабря 2024 23:20
Лаззат
Александр Вилорьевич прекрасный доктор,спасибо❤️...
25 ноября 2024 00:32
Виктор Ример
Успехов тебе в работе Туребекулы и семейного благополучия!...