Құмаров Ержан

Рейтинг:

Есімі елеулі, еңбегі ерен

      Әр адам баласы өмірге өз кірпішін қалап, белгілі бір салаға сара жолын салуды мақсат етеді. Өз өмір жолында да, мамандығында да биіктен көрініп, мол жетістікке жеткен тұлғалар өз ортамызда да жоқ емес. Мұндай жандар үшін ерліктің ең үлкені – еңбек. Ер азаматтың бойынан табылу керек көп қасиеттің ішінде де еңбекқор болудан артығы жоқ. Қай заманда, қай қоғамда болмасын қолынан іс келетін, ерінбейтін, алдына мақсат қойып, соған жетуде табандылық танытқандар ғана биіктен көрінеді. Елеулі еңбегімен, еңселі тұлғасымен халыққа қызмет етіп, сыйлы болып отырған азаматтардың бірі – Құмаров Ержан Мұратұлы.
       Өз мамандығы бойынша талмай ізденіп, табыcтың көзін тапқан азаматтың өмір жолы көпке үлгі. Бастаған ісін, соңына жеткізбей тынбайтын қайсар жанның өмір жолы мен еңбек жолы сөзімізге арқау болғалы тұр. Ержан Мұратұлы 1985 жылдың сәуір айының 7-жұлдызында еліміздің батыс өңіріне қарасты, Ақжайық ауданы, Бурадино ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Отбасындағы асқар тау әкесі Құмаров Мұрат Ізімұлы 1959 жылдың тумасы. Анасы Құмарова (Таймашева) Жауһар Сағынғалиқызы 1959 жылы дүниеге келген. Бүгінде екеуі де зейнеткер. Отбасында бауырларының мейірімі мен шапағатына бөленіп өскен жанға қамқорлығын білдіре білген әпкесі Кенжалиева Бақыт 1983 жылы дүниеге келді. Кішіге қамқорлығын білдіріп жүрген ел жақсысының артынан ерген інісі Құмаров Ерлан Мұратұлы 1991 жылы дүниеге келген.
      Балалық шағын аталған өңірде өткізген жан 1991 жылы алғаш мектеп табалдырығын аттап, Ақжайық ауданындағы Бударино орта мектебінің түлегі атанады. Қазір мамандығының майталманына айналып, өз кәсібінің білгірі атанған ағамыз өмірдегі барлық жетістігінің себепшісі ата-ананың бойынан дарыған асыл қасиеттер мен солардың тілегі мен қолдауы деп біледі. Кішкентай кезінен бастап қағілез, ұғымтал, зерек те зейінді болып өскен ол мектепке барған алғашқы жылдан бастап-ақ білімге ерекше ден қойды.
      Әрбір ер азамат Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті. Әскери өмірде ер азаматтарымыз шыңдалып, тіптен көбінің болашақ мамандығына айналуға сеп бола білді. 2003 жылы ел азаматы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына шақырылып, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемір аулының 6654 әскери бөлімінде қатардағы жауынгер ретінде әскери борышын өтеуге аттанды. 
      2005 жылдың мамыр айында әскери қызметін аяқтап, 2005 жылдың қыркүйек айында Батыс Қазақстан облысы, Төтенше жағдайлар департаментінде «ӨС және АҚЖҚ» ММ №8 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі болып, 2005 жылдың қыркүйек айында мемлекеттік өрт сөндіру қызметінде жұмыс атқарады. Қызмет барысында 2017 жылы бөлім командирі болып тағайындалып, осы уақытқа дейін табысты еңбек етіп келеді.
      Қызметтік жолда Ержан Мұратұлы өрт кезінде адам өміріне араша болғаны үшін 2023 жылы облыс әкімі Н.Төреғалиевтің Алғыс хатымен марапатталса, 2023 жылы қазан айының 16-жұлдызында ҚР президентінің «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
      Қызмет барысында үздік деп танылған жан отбасында асқар тау әке, арқасүйер жар демекпіз. Ержан Мұратұлы 2013 жылы отбасын құрып, жары Құмарова (Жалмырза) Тамара Бекжанқызымен бас қосады. 
      Тамара Бекжанқызы 1990 жылдың қазан айының 24-жұлдызында дүниеге келген. Бүгінде екі перзенттің ата-анасы атанып отырған жандардың тұңғыш қыздары – Амина Ержанқызы. Екінші перзенттері –Бейбарыс Ержанұлы. Бір-біріне сүйеу болып жүрген бауырларға ата-анасы тәлімді тәрбиенің негізін қалыптастырып, тұлға болып қалыптасу жолында аянбай келеді. 
      Ұстанымы жоғары, еңбегі адал, ар-ожданы биік азаматтың ең бірінші мақсаты өзі еңбек ете жүріп, айналасына, қоғамға пайдаңды тигізу. Елі үшін еңбек еткен ердің табысы да мол, абыройы да асқақ, мерейі де үстем. Жастайынан оны жетістікке жетелеген ерік-жігер оның тек мамандығына ғана емес, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігі болатын. 
      «Жұмыстың жеңілі, мамандықтың маңызсызы болмайды. Ең бастысы, алдыңдағы жұмысты азсынбай немесе ауырсынбай бар ықылыасыңды салып тұрып, сапалы атқаруға тырысу керек. Әлемді, қоғамды өзгерту үшін ерекше күш-қуатқа ие болып туылудың қажеті шамалы. Қолыңнан келетін кішкентай қабілетті дамытып, білім жинап, ұдайы еңбектену арқылы да, маңайыңды жақсы жаққа өзгертуге болады. Жұмысқа арнаған жылдарымда мен осыны анық түсіндім. Сүйікті ісі бар адам ешқашан өміріне, мүмкіндіктеріне налымайды. Керісінше оны жақсартудың жолын көріп тұрады. Сондықтан, әсіресе ер азаматта нақты мақсат пен еңбекшіл қасиет болу керек деп есептеймін», - дейді еңбегімен елге сыйлы болып жүрген азамат.
      Ұстанымы мықты маманның бойында жұмысты ілгерілетіп, ұжым мүшелерінің ауызбіршілігін сақтап, дамуға жетелейтін тұлғалық қасиеттер табыла білді. Соның арқасында ол жұмыс істеген нысандар нәтижелі жетістікке жетіп, ол басқарған нысандардың жұмысы алға жүріп келеді. 
      Ел азаматының деніне саулық, отбасына амандық тілейміз! Ерте жастан бойына білім жинап, көшбасшылық қабілетті дарыта білген, ел мүддесін нығайтуды басты мақсат еткен ердің еңбегіне жеміс тілейміз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
24 мая 2024 12:49
Бакыт

Кумаров Ержан 
Биік шындарды бағындыра бер ✊🏻✊🏻
24 мая 2024 12:47
Бакыт

Денің сау болып, аман жүр әрдайым ✊🏻✊🏻

Последние комментарии

16 октября 2025 07:21
Людмила
[hide] [/hide Евгений! Вопрос: в далёком детстве Вашем Вы были в Монголии?? 1975-1980гг. Я из Москвы, ищу своих... если...
4 октября 2025 14:45
ERLAN
Барака Аллаху фикум пусть Аллах сделает болгим в обеих мирах твой труд и старание для людей ради Аллаха...
4 октября 2025 01:26
Жанар
Махаббат не только мастер своего дела-лучший скульптор лица, но и чуткий и внимательный Человек с большой буквой! Любви...