Ұлы Отан соғысының ардагері, Талдықорған қалалық партия
комитетінің бірінші хатшысы (1968–1980 жж.), екі мәрте
«Еңбек Қызыл Ту», үш «Құрмет белгісі» ордендері және
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрт медалінің иегері
Қазақ жерінің абыройын асырған асыл азамат
Талқыбаев Молдақасым күн райы қатал да кеңпейіл Жетісу жерінің жүрегінде, Талдықорған облысы, Гвардия ауданының Шаған ауылында 1922 жылдың 7 қарашасында кедей шаруа отбасында дүниеге келді. Жетімдікпен басталған өмір жолы оны өңірге аты мәлім мемлекет және қоғам қайраткеріне, халық жүрегінде қалған адал тұлғаға айналдырды.
Тағдыр оны ерте сынады. 1931 жылы небәрі тоғыз жасында әкесінен айырылып, анасының қолында өсіп, «Күркүлдек» колхозында еңбекпен шынықты. Ашаршылық, қорқыныш пен жоқшылық жайлаған 30-жылдарда ол білімнен қол үзбей, 1934 жылы мектепке барып, 1940 жылы қазақ орта мектебінің 9 сыныбын бітірді. Бұл – оның өмірге деген көзқарасы қалыптасқан, болмыс-бітімі шыңдалған жылдар еді.
![]()
Мектеп бітірісімен туған ауылындағы колхозда еңбек жолын бастады. 1940 жылдан 1941 жылдың желтоқсанына дейін қарапайым колхозшы болып жұмыс істеді. Бірақ өмір бағытын өзгертті. 1941 жылдың желтоқсанында, соғыс оты өршіп тұрған шақта, ол Кеңес армиясы қатарына шақырылды. 25 желтоқсанда ерікті түрде майданға аттанып, Панфилов дивизиясының атақты 8-гвардиялық 1075-атқыштар полкінің құрамына кірді.
Калинин майданында жауға қарсы шайқастарға қатысты. Әлі ер жетпеген бозбала жауымен аянбай шайқасты. 1942 жылдың 23 ақпанында ауыр жараланып, Рязань қаласындағы госпитальда ұзақ ем қабылдады. Мамыр айының соңында әскери дәрігерлік комиссия шешімімен әскер қатарынан босатылды.
Отанға оралған Молдақасым тыным таппай, еңбекке қайта кірісті. Алдымен колхозда, кейін аудандық атқару комитетінде қызмет етті. 1945 жылы, бар болғаны 23 жасында Гвардия аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. Бұл – оның партиялық қызметтегі алғашқы ірі қадамы еді.
![]()
Кейін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің екі жылдық партия мектебін бітіріп, жауапты қызметтер атқарды. 1949–1953 жылдары Талдықорған облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1953–1956 жылдары Қаратал аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болды. Бұдан соң облыстық партия комитетінде бөлім меңгерушісі, кейін Талдықорған аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды.
Өміріндегі ең жарқын кезеңі – 1968 жылдан 1980 жылға дейінгі 12 жыл бойы Талдықорған қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметі болды. Өңір тарихында дәл осындай ұзақ әрі жемісті басшылық еткен тұлға кемде-кем. Бұл жылдар – үлкен құрылыстар мен тың бастамалардың кезеңі еді. Ол Мәскеуге, Кремльге дейін барып, рұқсат қағаздарын өзі алып келетін. Нәтижесінде Талдықорғанда КСРО бойынша санаулы ғана аккумулятор зауыттарының бірі салынды. Ол әр құрылыстың басы-қасында өзі жүрді – таңғы қараңғылықта құрылыс нысандарына келіп, сметаларды қарап, әрбір кірпіштің қалай қаланғанына дейін қадағалады. Формализмге жол бермеді, әділ әрі талапшыл болды. Артынан халық ерді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 9-шақырылымының депутаты болып сайланды.
Қызметтегі жоғары мәртебесі оны халықтан алшақтатқан жоқ. Қарапайым өмір сүрді: дачаға автобуспен барып, шағын үйін өзі тұрғызды. Балалары ешқандай артықшылық көрген жоқ – мектеп кезінен бастап зауыттарда, қоймаларда еңбе
![]()
к етті. Оларды адалдыққа, еңбекқорлыққа, қарапайымдылыққа баулыды. Бұл қасиеттер Талқыбаевтар әулетінің темірқазығына айналды.
Өмірдің қиындығын ұмытқан емес. Ашаршылықта анасы мен қарындасы қаза тапты, ағасы майданда көз жұмды. Өзі де соғысқа өз еркімен аттанып, от пен оқтың ортасынан аман оралды. Кеудесіндегі марапаттары – қос «Еңбек Қызыл Ту» ордені, үш «Құрмет белгісі» ордені мен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің медальдары – ерен еңбектің айғағы.
Талдықорған халқы оны әлі күнге ұмытқан жоқ. Ол басқарған кезеңде салынған зауыттар, мекемелер, тұрғын үйлер – бәрі де көз алдымызда. Бірақ бәрінен бұрын оның әділдігі, шыншылдығы, адамдарға деген сенімі ел есінде сақталған. Ол коммунист болса да, партиялық билет үшін емес, жүрекпен сеніп, әділетке қызмет еткені үшін есте қалды.
Молдақасым Талқыбаев – тек қоғамның ғана емес, отбасындағы да берік тірек еді. Алайда әрбір асыл азаматтың жанында оны рухтандырып, демеп жүретін аяулы жан болады емес пе?! Молдақасым үшін сондай асыл жан – жары Ғайнижамал болды. Ол тек шаңырақтың шырайын келтірген ибалы жар ғана емес, өмірдің сан қилы кезеңінде бірге қадам басқан сенімді серігі, ақылшы досы, тіршіліктегі рухани демеушісі бола білді. Ерлі-зайыпты екеуі бірлесе жүріп бес бірдей баланы тәрбиелеп өсіріп, оларға тек білім мен қамқорлық қана емес, еңбекке деген сүйіспеншілікті, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді, отбасылық құндылықтарға адал болуды үйретті. Он бір немеренің ардақты ата-әжесі атанды.
Бірақ олардың қамқорлығы тек өз шаңырағымен шектелмеді. Ғайнижамалдың ата-анасы өмірден ерте озғанда, Молдақасым мен жары оның сегіз бауырын бауырына басып, өз балаларынан кем көрмей тәрбиелеп өсірді. Бұл – тек үлкен жауапкершілік қана емес, адамгершілік пен жан жылуының шынайы көрінісі еді. Олардың өмір жолы – өзара құрмет пен сенімге, адалдық пен сүйіспеншілікке құрылған мызғымас одақтың, үлгілі әулеттің жарқын үлгісі.
Бүгінде балалары мен немерелері оның есімін ардақтап, лайықты өмір сүріп келеді. Ол кемшіліксіз болмаған шығар, бірақ шынайы, нағыз тұлға еді. Қасқайып тұрып, ақиқатты айтатын, әділ шешім шығаратын, қарапайым халықпен иық тірестіріп еңбек ететін басшы болатын. Оның ұғымында «парыз» деген сөз құр ұран емес – өмірлік ұстаным болатын.
Талқыбаев Молдақасымның есімі – жай ғана тарих емес, бұл бір дәуірдің символына айналған, ар-намыс пен еңбектің мектебі ретінде келешек ұрпаққа үлгі боларлық ғұмыр. Ел есінде жарқын ізі қалған ол 1990 жылы дүниеден өтті.
Осы беттер – жоқшылықтан шығып, биікке көтерілген, адами болмысын жоғалтпаған, халқына шын ниетпен қызмет еткен ардақты азаматқа арналған тірі ескерткіш.
Талқыбаев Молдақасымның рухына тағзым етеміз. Ұрпағы оның есімін мақтанышпен атайды.
Талкибаев Молдакасым
Ветеран Великой Отечественной войны, первый секретарь Талдыкорганского
городского партийного комитета (1968–1980 гг.), дважды награждён орденом
«Трудового Красного Знамени», трёхкратный кавалер ордена «Знак Почёта»,
обладатель четырёх медалей Верховного Совета Казахской ССР
Летопись служения народу
Он родился в самом сердце суровой, но щедрой казахской земли — в селе Чаган, Гвардейского района Талды-Курганской области. 7 ноября 1922 года в бедной крестьянской семье появился на свет мальчик, которому суждено было пройти путь от сироты до легендарного партийного руководителя региона, от простого колхозника до человека, оставившего прочный след в истории своей малой родины.
Судьба с раннего детства испытывала Молдакасыма. В 1931 году, когда ему исполнилось всего девять, умер отец. Мальчик остался на попечении матери, работавшей в колхозе «Куркульдек». Голодные 30-е, лишения, тяжелый быт — всё это стало частью его взросления. Несмотря на трудности, в 1940 году он окончил 9 классов казахской средней школы.
Сразу после школы начал работать в родном колхозе — не по должности, а по зову совести. А уже в декабре 1941 года, в самый разгар Великой Отечественной войны, был призван в ряды Советской Армии. Он попал в легендарный 1075 стрелковый полк 8-й гвардейской дивизии имени генерала Панфилова. Сражался на Калининском фронте, был тяжело ранен 23 февраля 1942 года и после лечения в госпитале города Рязани демобилизован как негодный к службе.
Вернувшись, Молдакасым не искал покоя. Он вернулся к работе — сначала в колхозе, затем в райисполкоме. А уже в 1945 году, в возрасте 23 лет, его избрали первым секретарем Гвардейского райкома комсомола. Так начался его путь в партийной системе — путь человека принципов, инициативы и неукоснительной трудовой этики.
После учебы в партийной школе при ЦК Компартии Казахстана он последовательно занимал ключевые посты: первый секретарь Талдыкорганского обкома комсомола (1949–1953), затем — первый секретарь Каратальского райкома партии (1953–1956), заведующий отделом партийных органов обкома, первый секретарь Талды-Курганского райкома.
Однако вершиной его служения стал период с 1968 по 1980 годы, когда он 12 лет возглавлял Талдыкорганский городской комитет партии. Ни один из партийных или государственных руководителей региона не занимал столь длительно столь значимую должность.
Это было время больших строек и преобразований. Он сам добивался разрешений в Москве, в Кремле, и под его руководством в Талдыкоргане был построен аккумуляторный завод — один из двух на весь Советский Союз. Он приходил на стройки ранним утром, сам проверял сметы и чертежи, контролировал каждый этап. Он не позволял формализма, не терпел равнодушия, был строг, но справедлив. За ним шли.
Служебное положение не сделало его отстраненным. Он жил скромно, ездил на дачу на автобусе, сам построил небольшой дачный домик. Его дети не имели привилегий — с юных лет трудились на фабриках и складах. Он учил их честности, труду и скромности — и эти принципы легли в основу всей династии Талкибаевых.
Он не забыл, откуда вышел. Его мать и сестра умерли от голода, брат погиб на фронте. Он сам прошёл войну, был ранен, но остался верен делу. Его награды — два ордена Трудового Красного Знамени, три ордена «Знак Почёта», медали Верховного Совета Казахской ССР — это не просто знаки отличия, а вехи достойной жизни.
Талдыкорган помнит его. Не только по названию предприятий, построенных при нём, не только по учреждениям и домам, выросшим в его эпоху. А — по духу, который он оставил. Честность, обязательность, вера в людей — такими его запомнили современники. Он был коммунистом не по формальной принадлежности, а по сути, по мировоззрению, по внутреннему стержню.
Он был опорой не только для общества, но и для своей семьи. Но за каждым великим мужчиной стоит великая женщина — и в жизни Молдакасыма такой спутницей стала его супруга Гайнижамал. Она была не просто хранительницей домашнего очага, а настоящей соратницей, вдохновлявшей его на добрые дела, поддерживавшей во всех начинаниях, разделявшей с ним каждое решение, каждый шаг. Вместе они вырастили и воспитали пятерых детей, вложив в них не только знания и заботу, но и любовь к труду, уважение к старшим, приверженность семейным ценностям. Они стали любимыми дедушкой и бабушкой для одиннадцати внуков.
Но забота Молдакасыма и Гайнижамал не ограничивалась только собственной семьёй. После ранней смерти родителей Гайнижамал, супруги взяли под опеку её восьмерых младших братьев и сестёр и вырастили их как родных. Это решение стало проявлением не только глубокой ответственности, но и безмерного человеколюбия. Их совместная жизнь — яркий пример того, как взаимная поддержка, преданность и любовь могут стать основой большой, крепкой, сплочённой семьи.
Сегодня его дети, внуки и правнуки хранят память о нём как о человеке, на которого можно было равняться. Он не был идеальным — но был настоящим. Сильным, требовательным, справедливым. Руководителем, который не возвышался над людьми, а работал рядом с ними. Гражданином, для которого слово "долг" не было абстракцией.
Имя Талкибаева Молдакасыма — это не просто имя в истории. Это символ эпохи, школа чести и труда, урок для будущих поколений.
Пусть эти строки станут живым памятником человеку, который, начав путь сиротой, стал достойным сыном земли казахской, чьё имя по праву вписано в Золотую книгу региона.
Памяти Талкибаева Молдакасыма — с благодарностью от потомков, хранящих честь его имени.