Исенов Айбек Аскерович

Рейтинг:

Полковник, Семей қаласындағы 5511 әскери бөлім командирі

Елге қызмет – ерге міндет

      Дүниеге шекесі торсықтай ұл келсе, дүйім қазақ «қорғаным келді» деп қуанған. Оны біз ерліктері тарих болып тасқа қашалып жазылып қалған өткен күннің сары парақтарында көре аламыз. Ел шетіне басып кірген батырын бассыз, тұлпарын тұяқсыз қайтарып, қалқаны сөгілсе де қабырғасымен ел қорғап, ер үстінде көз іліп, үкілі найзасы қолында болып, қылышы қынына енбеген батырларымыздың аманаттап беріп кеткен ата жұрт жерімізді, қазіргі таңда да сол бір ата тағалымын тәлім еткен қайсар ұлдарымыз қорғап келеді. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз де, ел тыныштығын күзеткен, еліміздің іргесі берік, халқының түнгі ұйқысы тыныш болу жолында жар құлағы жастыққа тимей, ер үстінде көз іліп, етігімен су кешкен азаматтарымыздың бірі, Семей қаласындағы 5511 әскери бөлім командирі Исенов Айбек Аскерович туралы айтып өтпекшіміз. 
      Сыртқы қорғаныспен қатар, ішкі тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында көз ілмеген қайсар жауынгер, жүректі қолбасшы Айбек Аскерович 1983 жылдың 27 қыркүйегінде Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Украинское ауылында дүниеге келді. Асқар тау әкесі Исенов Аскер Загипарович саналы ғұмырын мал шаруашылығына арнаған зоотехник болса, анасы Исенова Күләш Канышевна бухгалтер болып еңбек еткен. Қазіргі таңда екеуі де зейнет демалысында. 
      Бауырлары да бір бір саланың білікті мамандары. Әпкесі Исенова Салтанат Аскеровна - азық-түлік дүкеннің сатушысы, үш баланың анасы. Ағасы Исенов Жанбура Аскерович - Петропавл қаласының «Сангор» мейрамханасында еңбек етеді. Екі қыздың әкесі. Кіші ағасы, Исенов Асыл Аскерович өкінішке орай өмірден ерте озған. 
      Талай тұлпардың табаны, батырдың кіндігі кесілген қасиетті мекенде бақытты балалығын өткізіп, 1990-2001 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Украин ауылының орта мектебінде білім алды. 
      Батырлардың ерлігін үлгі еткен ұлы елдің ұланы емеспіз бе, мектептен соң, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Петропавл Жоғары әскери училищесінде командалық-тактикалық мамандығы бойынша оқыған Айбек Аскерович лейтенант әскери шенін алып, білікті командир болып шығады. 
      Ішкі тұрақтылық, ел күзеті жолындағы өзінің алғашқы еңбек жолын 2005 жылы Қостанай қаласындағы 6697 әскери бөлімінің жедел мақсатты батальонында 3 ротасы, 1 взводының командирі болып бастайды. Әскерге шақырылғандары бар, келісім-шарттағы қызметкерлер бар барлығына бірдей командирлік ете біліп, ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етуде ұтқырлық танытқан Айбек Аскерович одан әрі де әскери қызметінде өрлей түсті. 
      «Генерал болуды ойламаған солдат, солдат емес» дегендей, әскери білімін, жауынгерлік даярлығын жетілдіре білген Айбек Аскерович 2007 жылы 6697 әскери бөлімінің 1 атқыштар ротасының 2 взводының командирі, 2008 жылы 6697 атқыштар әскери бөлімінің 2 взводының 2 командирі, Жамансопка кентіндегі 6637 әскери бөлімінің атқыштар батальонында 4 атқыштар ротасының командирі, 2011 жылы қайтадан Қостанай қаласындағы 6697 әскери бөлімінің штаб бастығының (бақылаушылар қызметі бойынша) аға көмекшісі, 2015 жылы 6697 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальонының командирі, 2016 жылы Талдықорған қаласындағы 5514 әскери бөлімі штабы бастығының орынбасары, 2017 жылы 5514 әскери бөлімі командирінің орынбасары, 2017-2019 Қызылорда қаласында орналасқан 5547 әскери бөлім командирінің орынбасары-штаб бастығы қызметтерін абыроймен атқарады. 
      2019 жылдан 2021 жылға дейін «Ресей Федерациясы Қарулы күштері академиясы Жуков орденінің жалпы әскери ордені» Құрлық әскерлерінің әскери оқу-ғылыми орталығында жоғары білім алып келген соң, Айбек Аскерович әскери еңбек жолын Степногорск қаласындағы, 3517 әскери бөлімінің командирі болып жалғастырып, 2022 жылдың сәуір айынан бастап Семей қаласындағы 5511 әскери бөлім командирі қызметін абыроймен атқарып келеді. 
      Ел тыныштығын күзету барысындағы еңбектері лайықты бағаланды. 2023 жылы әскери борышын үлгілі орындағаны, ақылға қонымды бастамасы, қол жеткізген жетістіктері және Қазақстан Республикасы күнінің құрылу күніне орай ІІД министрінің Бұйрығымен полковник мерзімінен бұрын әскери атағы берілді. 2025 жылғы 29 қаңтарда Семей қаласында жаңадан құрылған бригаданың командирі болып тағайындалды.
      Айбек Аскерович отбасында асыл жар, асқар тау әке. Шаңырағының ішін шаттық нұрымен көмкеріп отырған жары Қостанай облысы, Меңдіқара ауданының тумасы, медицина қызметкері Исенова (Жуматова) Асель Ермековна екеуі үш перзент тәрбиелеп өсірді. Тұңғышы Аскеров Даниал Айбекович – Семей қаласында 11 сынып оқушысы, Аскеров Диас Айбекович – 4 сынып оқушысы, қызы Аскерова Дамеля Айбековна – 3 жаста. 
      Ел күзетінде уақытпен санаспай еңбек етіп келе жатқан білікті басшы, әскери полковник Айбек Аскеровичтің деніне саулық, отбасына амандық, кәсібіне табыс тілейміз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

11 августа 2026 12:41
Асель Булабаева
Раиса, сен біздің мақтанышымызсың! Деніңе саулық, басыңа бақыт, еңбегіңе толағай табыс және таусылмас шабыт тілеймін!...
8 августа 2026 13:02
Роза
Райса Төлеуовна, Сіздің қажырлы еңбегіңіз бен маңдай теріңіздің ақталып, есіміңіздің «Алтын кітапқа» енуімен шын...
5 августа 2026 18:46
Сагымбай
Раиса, карындасым, барлык отбасымызбен сени куттыктаймыз, ардайым биык шындардан корине бер. Сен ушин дугадамын....