Құт дарыған шаңырақ «Отбасы дегеніміз – шағын мемлекет», - дейді біздің дана халқымыз. Шындығында шаңырақ көтерген соң, оның жылдар өте келе орнықты отбасына айналуы оңай шаруа емес. Ол үшін жан жарасымынан бөлек, адал еңбек, маңдай тер, биік мақсат пен зор шыдамдылық қажет. Соның бір нәтижесі – ұғымтал ұрпақ өсіріп, ұясынан ұшырып, ел қатарына қосуы.
Әулет – дәстүрлі қазақ қоғамының құрылымында ерекше маңызға ие институт. Бұл тектік әулет пен ұрпақ жалғастығын жүйелі дамытудың ұлттық тұрпаты. Соның айғағындай боп қазақта «Қасқа айғырдың құлыны тым құрыса, төбел туады»,- деген пәлсапа қалыптасқан. Қазақта «Жақсыдан жаман туса да, жаманнан жақсы туса да, Тартпай қоймас негізге»,-деп толғайтыны сондықтан болса керек. Қазақ әлеуметінің түп санасында бұл дәстүрлі танымдық жүйе әлі жұмыс істеп тұр. «Атасының баласы» немесе «атасына тартқан» бала деген түсінігімізде құрметті оятатын дүниелер. Сондықтан да әр әулет елдің бір-бір уығы іспетті. Ал, уығы мықты елдің – ғұмыры да ұзақ болады. Сондықтан ежелден қалыптасқан әулет институты уақыт озған сайын өсе береді, өне береді. Қазақтың ізгі дәстүрлері де ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып, күн сөнгенше сөнбесі анық. Ерболат пен Роза міне, осындай уығы мықты отбасының т
![]()
іректері. Олардың жүріп өткен жолдары мен елге еткен еңбектері бүгінгі күні жемісін беріп отыр. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,-деген данышпандықты еске алатын болсақ, Нұрсейтовтар отбасында осындай қасиеттер айқын көрініп тұрады. Отбасындағы қай-қайсысында да болмасын имандылық сәулесі молынан шуақ шашып тұрады. Осының өзі ғұмырлық бақыт емес пе?!
Атақ пен айқайды, даңқ пен дабыраны жаны сүйе қоймайтын жандар қызметтік қай сатысында жүрсе де бірқалыпты мінезден айнымады.Олардың істеген істері ілкімді, шаруалары мұқият болды. Тіршіліктеріне кісі қызығар, пайым-парасатына жан сүйсінер осы шаңырақтан туғаннан бөлек құдайы қонақтар да үзілмейді. Әсілінде, адамның адамшылығы кеңпейілділігі мен мейірімінде, күліп берген ас-суында, көңіл шуағының өзінен артылып, өзгеге сәулесін түсіруінде, ары мен жанын ізгілікке толтыра білуінде сияқты. Ұрпағына берер ұлағаты өзінің қимыл-қарекетіне сай, білім-білігі бүгінгі берекетінің айғағы болса, мерейі одан әрі үстем бола бермек. Қасиетті сыр топырағының тумалары Нұрсейтов Ерболат пен Роза Мұстафаева өз орталарында сыйлы жандар. Әріптестері мақтан еткен, ағайын-жақындары олардан пана тапқан, үлкенге құрметін, кішіге қамқорлығын көрсетіп бағатын ерлі-зайыптылар көпке үлгі. Қазіргі уақытта олар Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары.
Роза Жұмабайқызы 1964 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.1984-1997 жылы «Қызылорда облысының Сырдария аудандық тұтынушылар қоғамы» мекемесінде экономист, 2000-2004 жылы Байқоңыр қалалық қазынашылық басқармасында бас маман-бас қазынашы, 2004-2016 жылдары Қызылорда облысының қазынашылық департаментінде - бас маман-бас қазынашы, 2016 жылдан бастап Нұр - Сұлтан қаласы бойынша қазынашылық департаментінің бас маман-бас қазынашы болып қызмет атқаруда. Еселі еңбегі бағаланып, Астана қаласы Қаржы Министрлігінің «Құрмет Грамотасымен», Қызылорда облысы Қазынашылық департаментінің «Құрмет Грамотасымен» марапатталған. Қызылорда облысы «Сыр бойы қаржы саласына - 95 жыл» атты кітабының үздік қызметкер қатарында кітапқа шыққан. 2000-2003 жылдары Қызылорда қаласы «Болашақ университетінен қаржыгер, одан бұрынырақ 1982-1984 жылдары Целиноград қаласы кооперативтік техникумын экономист мамандығы бойынша бітірген. Ал, отағасы Ерболат Бектұрғанұлы - 1962 жылы Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданында дүниеге келген. 1990-1997 жылдары Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиясы институтының экономист мамандығы бойынша, 1979-1981 жылдары Семей қаласының қаржы экономикалық техникумын тәмамдаған. 1981-1990 жылдары Қызылорда облысы, Сырдария ауданы бойынша қаржы бөлімінде ревизор, бөлім басшысы қызметі
![]()
н атқарған. 1990-1995 жылдары Қызылорда облысы, Сырдария ауданы бойынша салық инспекциясында бөлім басшысы, 1995-2007 жылдары Қызылорда облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде (қаржы полиция) бөлім басшысы, басқарма басшысы қызметтерін атқарған. 2007 жылдан бастап отставкадағы офицер. 2007-2009 жылдары–«Мелиоратор» ЖШС-нің ішкі аудит басшысы. 2009-2017 жылдары Қызылорда облыстық қаржы полициясы ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары болған. Ал, 2017 жылдан бастап Нұр - Сұлтан қаласында жеке заңгерлік кызметін атқаруда. Елге еткен елеулі еңбегі бағаланып, Қазақстан Республикасы бойынша «Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полиция) 15 жылдығына және 20 жылдығына» арналған медальдарымен, бірнеше «Құрмет Грамоталарымен» марапатталды. Қызылорда облыстық «Қаржы полиция ардагерлер кеңесінің 10 жылдығына» медальмен марапатталды. Қызылорда облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полиция), "Истоки становления финансовой полиции Республики Казахстан" атты кітаптарының ардақты ардагері болып, басылымға шыққан. Жауапкершілігі мол, жан-жақты қабілеті бар, кез-келген нәрсені оңтайлы ұйымдастыра алатын және басқарушылық қабілеті жоғары, талапшыл, алдына қойған міндеттерге жетпей қоймайтын нағыз кесек мінезді азамат сегіз қырлы, бір сырлының өзі. Ол осы жұмыстарымен қарап қалған емес. Жұмыстан қолы қалт етіп босағанда спортпен шұлданып, бүкіл отбасы мүшелерін салауатты өмір салтына тәрбиелеп келеді.Өмірлік серігі - Роза Жұмабайқызы екеуінің қызығушылықтары да бір жерден тоғысқан. Олар кітап оқығанды жақсы көреді. Арнайы жеке кітапхана қорларында өздеріне ғана аян түрлі кітап жинақтары бар. Иә, кітап оқудан бөлек, отбасылық саяхатқа шығу олардың дәстүрлі дағдыларына айналған. Міне, осындай жарасымды жанұяда олар 3 ұл тәрбиелеп өсіріп, қазіргі уақытта 5 немере сүйіп, 2 келінді бір шаңырақта тату-тәтті ұстап отырған үлгілі отбасы. Ұлдары Азатбек – жоғары білімді нотариус, Бақытбек – жоғары білімді заңгер. Бақмұхаммед, Айша, Айзере, Мадиқожа – мектеп оқушылары. Ал, келіндері Аида және Салтанат – жоғары білімді заңгер, есепші. Ханқожа мен Айроза есімді немерелері балабақша жасында. Айрандай ұйыған отбасының тіршілігіне талайлар тамсанғандай.