Адаева Айнұр

Рейтинг:
Еңбегімен елге сыйлы

      Еліміз Тәуелсіздік алып, азаматтық қоғамның қалыптасуы – құқықтың маңызын арттыра түсті. Қазіргі таңда заңгердің көмегіне жүгінбейтін әлеуметтік саланы табу мүмкін емес. Олар заң шығару, орындаушы және сот билігінде, прокуратура мен адвокатурада қызмет етеді. Кәсіпорындарда, әлеуметтік-мәдени, ғылыми-зерттеу, білім беру мекемелерінде, коммерциялық құрылымдарда, қоғамдық бірлестіктерде құқықтық бөлімдер, бюролар ашылған, заңгер қызметіне арнайы штат бөлінген. Заңгерлер заңнамалық және заң шығару органдарының басқа да комитеттерін басқарады. Олардың барлығы да қызмет барысында қарым-қатынасқа түседі. Заңгерлердің кәсіби қатысымы басқа сала мамандары қатысымынан өзгеше, қызмет сипатына қарай өзіндік ерекшеліктерге ие.
      Заңгерлік жұмыс – өте күрделі және ауқымды қызмет. Оның мазмұны бір жағынан Конституциямен бекітілген азаматтардың құқығын қорғауды, ал екінші жағынан, әр азаматтың құқықтық нормаларды қалтқысыз сақтауын қамтамасыз етуді, кез- келген қоғамға қарсы және заңға қайшы әрекеттермен, қылмыспен күресуді қамтиды. Мазмұнына қарай заңгерлік қызметтің мынадай түрлері бар: төрелік ету, прокурорлық қадағалау, азаматтар мен ұйымдарға құқықтық көмек көрсету (адвокаттық қызмет), нотариалды әрекеттер жасау, мемлекеттік органдардағы, кәсіпорындардағы және ұйымдардағы құқықтық жұмыс. Құқықтық қызметтің аталған түрлеріне құқықтық мамандықтар да сәйкес келеді. Олар: тергеуші, прокурор, сот, адвокат, нотариус, құқықтық кеңесші.
      Міне, заңдық-құқықтық салада еңбек етіп, бүгінде Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласында тұрғындарға нотариустық қызмет көрсетіп отырған Адаева Айнұр Аманбекқызы – өз саласының білімді де білікті маманы. 
      Айнұр Аманбекқызы 1979 жылдың қыркүйек айының 17 жұлдызында Қарағанды облысы, Ақадыр ауданында дүниеге келді. Әрдайым қолдап, таза жүріп, әділ сөйлеуге тәрбиелеген әкесі Аманбек имандылық пен ибалықтың, әдептің нұрын бойына дарытқан анасы Рыскүлдің тәлімді тәрбиесін көріп өсті. Бірнеше ұлттың өкілі тату - тәтті өмір сүріп, теміржолдың бойындағы мекемелерде азаматтарымыз қызу еңбек етіп жатқан Ақадырдың саф ауасын көкірек кере жұтып өскен ол 1995 жылы Ағадыр кентіндегі Ермеков атындағы мектепті бітіріп, Астана қаласындағы Қайнар мемлекеттік университетінің «заң» факультетіне оқуға түсті. 
      Заңгер – көп деңгейлі экономика мен басқару жүйесінің барлық салаларында қажеттілігі өте зор маман. Қазіргі таңда бизнес және өндіріс заманында заңгерлер биік мансаптарға ие болуда. Олардың қатысынсыз бірде-бір сот ісі қаралып, сот шешімі шығарылмасы анық. Кез - келген мекемеге сауатты, білімді, алуан түрлі заңдарда майталман әрі құқығын орынды қолдана білетін маман қажет. Антидағдарыстық басқару жүйесінде де заңгерлердің маңызы арта түсуде. Заманауи заңгер экономика мәселелерінде де білгір болып табылады. Мұндай маман қақтығыстар ортасында жүріп мойнына үлкен жауапкершілік артып өмір сүреді. Себебі, процессті жеңіп қана қоймай, оны болдырмауға да барын салуы тиіс.      Міне, осындай жауапкершілігі мол, қиындығы да аз емес заң саласын меңгерген Айнұр Аманбекқызының алғашқы еңбек жолы 1999 жылы жеке нотариустың көмекшісі болудан басталды. 
      Өз ісінің нағыз маманы атану – екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін, ең алдымен, мамандыққа деген махаббат керек. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда, мамандық – адамның сүйікті ісінге айналуы қажет. Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысынан ләззат алады.
      Қолына алған істі аяғына дейін жеткізетін, әрбір іске, жеке тұлғаның өтінішіне аса жауапкершілікпен қарап, зер салып, мұқият қарайтын Айнұр Аманбекқызы тәжірибе жинақтап, кәсібилігін арттырған соң өзінің жеке нотариусын ашуға бел буды. 2005 жылы Әділет министрлігінде емтихан тапсырып, сәтті тапсырған ол жеке нотариус ашуға лицензия алған соң Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласынан өзінің жеке нотариусын ашты. 
      Міндеті – өзіне өтініш жасаған жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне орай Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген нотариалдық қызметті атқару, мәмілелердің, арыздардың және өзге де құжаттардың жобаларын жасау, құжаттардың көшірмелері мен олардан үзінділер әзірлеу, нотариалдық қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңестер беру, жеке және заңды тұлғалардан нотариалдық қызмет көрсетуіне қажетті құжаттар мен мәліметтерді талап ету болып табылатын. Сондай-ақ, оқытушылық және шығармашылық қызметпен айналысуға, соның ішінде, жалдану шарты бойынша және техникалық сипаттағы өзге де ақылы қызметтер көрсетуге құқығы бар нотариустық қызметтің ішіне еніп кете барды. 
      Өз ісінің білікті маманы болып, адал атқарған әр адам еңбегінің зейнетін көруге лайықты. Алдына заңдық көмек сұрап келген тұрғындардың өтінішін қанағаттандырып, олардың мәселелерін заң жүзінде атқарып, құжаттарын реттеп отырған Айнұр Аманбекқызы қызмет еткен жылдары түрлі «Алғыс Хаттарға» ие болып, «Мақтау Қағаздарымен» марапатталды. Атап айтар болсақ; 2014 жылы Облыстық нотариалдық палата төрайымының «Алғыс Хаты»; 2017 жылы Республикалық нотариалдық палата төрайымының «Алғыс Хаты»; 2019 жылы Республикалық нотариалдық палата төрайымының «Мақтау Қағазы»;Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне берілген құзірет азаматтардың құқықтарын құқықтық қорғаумен қатар, адамгершілік тұрғысынан қарауды міндеттесе, екінші жағынан, қызметтік міндетті жүзеге асыруды негіздейді. Қай тұрғыдан қарасақ та, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен ізгілікті, яғни, кәсіби этиканы талап етеді.
      Нотариалдық салада тұрғындарға қызмет ете жүріп, заң саласындағы білімін көтеріп, біліктілікті арттыру курстарына қатысып, өзінің сауатын ашып тұратын көкірегі ояу маман Айнұр Аманбекқызы – білікті маман болумен қатар, шаңырақтың шаттығын келтіріп, берекесін кіргізген келін, өмірлік жолдасы Шакиев Қайрат Мейрамұлымен ұл-қыз өсіріп отырған бақытты ата-ана!

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Кайрат- 14 мая 2021 20:36
Замечательно

Карлыгаш- 14 мая 2021 21:15
Білікті маман

Айгерим- 14 мая 2021 21:19
👍🏻👍🏻👍🏻 Айнура молодец! Гордим

Баян- 14 мая 2021 21:44
  • Бакытты айел 

Последние новости