Өз ісінің хас шебері Бүгінгідей тым қым-қуыт, сапырылысып толассыз жүріп жатқан көліктер мен адамдары көп қоныстанған, таза атмосфераға сұмдық залал мен зиянын тигізіп жатқан алып зауыттары бар шаһарларда, осыншама еңсені басып, көңіліңе қапа қылатын жағымсыз аурасымен, бүкіл әлемде бір планетада тоқтаусыз тіршілік кешіп жатқан адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың арасына сүйкімсіз селкеу түсірген жайттарға көптеп кездесіп қалып жататынымыз жасырын емес. Алайда, соңғы уақыттағы бұрын-соңды болып көрмеген, зерттеу институттары тарапынан сенсациялық жағдай деп тіркелген жұқпалы инфекцияның таралуы адамдар арасын жанашырлық пен жылулықты бекемдей түсіп, осындай ауыр сынақ бүкіл әлем елдері бір білек, бір жүрек болып жеңіп шығуды мақсат етіп қойғаны шын мәнісіндегі көп айтылып жүрген толерантты әлем қалыптастыру теориясына әлем халықтарының бірге қадам басып жатқаны қуантарлық жағдай. Бұл дегеніңіз, жер жүзіндегі ең маңызды құндылық – адам екендігін, сондай ғажап феноменнің қадыр-қасиетін арттырудың бірден-бір оңтайлы шешімі болмақ. Осы тұрғыда біз саналы ғұмырын қарапайым бұқара халықтың арман-тілегін жүзеге асыру жолында күн демей, түн демей қызмет қылып, жар құлағы жастыққа тимей жұмыс жасап жүрген жан, нотариат саласының үздігі, мамандығы – юрист, отандасымыз Акпейлова Алия Тенизбаевна жайында, ол кісінің өмір жолы, атқарған қызметі, туып-өскен жері, білім алған оқу орындары бір ауыз сөзбен айтқанда, осында керемет кісінің өмірбаяны жөнінде азды-кемді болсын ой толғатпақ ниетіміз бар.
Акпейлова Алия Тенизбаевна – 1984 жылы тамыз айының төртінші жұлдызында қазіргі Қызылорда облысы, Қызылорда қаласында қарапайым ғана шаруа отбасында дүниеге келген. Әке-шешесі ауыл адамдарының арасында өте сыйлы, нанын тек қана ауыр еңбектің таусылмас қиындығы мен мехнатын бастан кешіріп жүріп, басқаның ала жібін өліп бара жатса да аттамай табатын адал адамдар болған. Құт пен береке қатар орнаған, бақыт құсы ұясын салған, бағы мен дәулеті жетерлік үлкен әулеттің қарашаңырағында мейірім мен қамқорлықтың кәусарынан қанып ішіп, еш уайымсыз киіктің лағындай сүйкімді де сүйікті бала болып, барлы
![]()
қ жақын-жуық ағайындарының мейірбандығына шомылып өседі. Жастайынан сүйікті әке-шешесінің еркетотай қызы болып, бар тәтті мен жылы-жұмсаққа ешкімді араластырмай тек бір өзі ғана егелік етіп, ойынның қызығына тоймай, ертелі кеш бір тынбай доп қуалап бақытты балдәурен балалық шағын ертегідей қылып өткізеді. Жанына жолап кеткен жанның қорғасындай ерітіп жіберетін үріп ауызға салғандай әп-әдемі жақұттай жылтырап тұрған қаршадай ғана сүйкімді қыз, жасының басқа бауырларынан едәуір үлкен болғанына қарамастан, оқу мен сызуға жастайынан аса құштар болып өсті. Басқа бауырларының кітап толы ауыр сөмкелерін мектепке тасудан еш жалықпайтын балапандай бүлдіршін, тілі былдырлап шыққаннан бастап түрлі тақырыптағы тақпақты жатқа айтатын болады. Тілі тақылдап тұрған еті пысық қыздарының бойына оқу мен білімге қызығушылығы мен құмарлығын ерте жасынан байқаған әке-шешесі мұны жетіге жасы толғанда қолынан жетектеп мектеп табалдырығынан аттатып, сол жердегі жаны аяулы керемет ұстаздардың қолына апарып, үлкен сенім мен үміт артып табыстайды. Әйгілі космодром орналасқан Байқоңыр қаласының орталығында орналасқан Мұхтар Әуезов атындағы №6 мектепке оқушы болып қабылданады. Мектеп қабырғасына келген күннен бастап ең алғашқы рет әліппе кітабын ашып, қаламмен ақ параққа алғашқы жалғыз әріп жазып көрген бала шәкірттің жүрегі атқақтап, төбесі көкке екі елі жетпей қалған аса бір қуанышты хәлді басынан кешіреді. Оқушы партасына отырған алғашқы күннен бастап, оқуға нақтылап ден қойып, бар жан-тәнімен беріле оқуға кіріседі. Табиғатынан өте аңғарымпаз, айтылған дүниені табан астында өзіне қабылдап ала қоятын аса алғыр, мінезі мен тәртібі аса қатал, әрі талапшыл ата-ананың дұрыс берген тәлімінен хабар беріп тұратын ерекше шәкірттердің қатарынан бой көрсетеді. Бастауыш сыныптарды аяқтаған кейін алғыр оқушы кітап оқуға деген құлшынысы ерекше оянып, кітап ішіндегі кейіпкерлермен бірге өмір сүріп жүргендей бір керемет хәлді басынан кешіреді. Мектептегі жоғары сыныптарға дейін үздік үлгерімін еш төмендетіп алмай, сабағын түрлі үйірмелермен қатар бірге алып жүруге дағдылана бастайды. Өз сыныптастарына білгенін ерінбей үйретіп, білмеген нәрсесін солардан сұрап алып жылы қарым-қатынас жасауға, қолынан келіп тұрғанын аямауға бейімделе бастайды. Осындай жүрегі даладай кең ару қыз ары мен намысына, ұяты мен иманына кір жұқтырмай, көрген көз, естіген құлақ сол мезетте-ақ сүйсінетіндей келісті әрі сұлу бойжеткен болып ер жетеді. Ата-анасы мен ұстаздарының мойынына жүктеп отырған үміті мен сенімінің үдесінен абыроймен шығу үшін барлық күшін білім алуға салып, бір минут уақытын босқа жібермеуге, қазақ және әлем әдебиетіндегі классикалық шығармаларды бас алмай оқып, өзінің өмірлік адами принциптері мен ұстанымдарын қалыптастырып бекіте бастайды.
Қимастай сүйікті болған алтын ұя мектебінің соңғы сыныбын да үздік бағалармен тәмамдап, ата-анасы мен ұстаздарының алғысы мен баталарын қатар алып, бұғанасы бекіген, ес жиып етек жапқан толыққанды азаматша ретінде өзінің жаны қалаған кәсіпті бүге-шүгесіне дейін меңгеріп алуды алдына үлкен мақсат етіп қойған жас ару арманының жетегіне ілесіп, армандар жүзеге асатын сүйікті қала Алматы шахарына жол тартады. Қалада юридистикалық колледжге «юрист» мамандығы бойынша емтихан тапсырып, сынақтан жақсы бағамен өткеннен кейін, аталмыш оқу орнына студент ретінде қабылданады. Үлкен өмірдің дәмін жаймен сезіне бастаған ару қыз алғашқы күндерден бастап сабағына аса мұқияттылықпен қарап, бойындағы барлық қабілеттерін шыңдаған үстіне шыңдай түсіп, өзі сүйіп таңдаған мамандығын барынша терең түрде меңгеруге сәт сайын нық қадамдар жасай бастады.
Университет қабырғасында үздіксіз білім алып жүріп, қолынан келгенше толыққанды жеке тұлға ретінде қалыптасып үлгеруге бар күш жігерін салды. Кафедрадағы оқытушылар ұжымы осындай талантты да қабілетті жастың өсіп келе жатқанына іштей бек риза болып, «бұлақ көрсең, көзін аш» деген халық даналығына сай амал етіп, көкірегінде тұнық ақыл, көзінде маздап жанған оты бар жас тұлпардың бабын жасауды өз мойындарына алып, қабілет-қарымы өте сирек жолығысатын жастың өз саласының хас шеберіне атануына қолдарынан келген амал-қарекетті жасап бақты. Өз кезегінде дарыны тасыған жас шәкіртте белін бекем буып, университет қабырғасындағы оқуын бітіргенге дейін ұстаздарының бойындағы білімнің кәусар бастауынан қанып, ішіп қалудың амалын қолынан келгенінше жасап бақты.\
Алия Тенизбаевна уақыт өте келе Алматы қаласындағы университеттің жоғары курстарын үздік бағамен тәмамдаған соң, қаншама уақыттан бері терін төккен еңбегінің жемісі болған дипломын алып, үлкен қуанышпен еліне оралады. Ыстық ұядай болған үйіне келіп, ағайын-туыстың ақжарма тілегі мен батасын қатар алып көп жайттарға көзін жеткізген соң білімін одан әрі жетілдіре түсу мақсатымен Қызылорда қаласында орналасқан Болашақ университетіне оқуға қабылдану үшін құжаттарын тапсырады. Аталмыш жоғары оқу орнының емтиханын жақсы бағаға тапсырып, студент болып қабылданады. Бұл уақыттар ішінде Алия Тенизбаевна өз мамандығын әжептәуір деңгейде меңгеріп, өзіне лайықты жұмыс іздестіре бастайды. Осы мәселеніңде ретін тауып, қала орталығындағы нотариусқа жұмысқа қабылданады. Осылайша жұмыс пен оқуды бірге алып жүруге тура келеді. Қаншалықты қиынға түссе де, бойына әу бастағы жаратылысында бар үлкен төзім мен сабырдың арқасында үлгеріп, өзін шын кәсіби маман ретінде танытуға әрекеттер жасай бастайды. Жұмысындағы бірінші күннен бастап, үлкен ұжымдағы әріптестерімен тығыз қарым-қатынас орнатып барынша ауызбіршілікпен бір мақсат пен мүдде үшін бірігіп, жұмылған жұдырықтай болып жұмыс жасады. Жұмысына зор ынта, ықылас қойып, өзіне жүктелген тапсырмалар мен міндеттерді дәл уақытында орындап отырды.
Өз мамандығын жоғары деңгейде кәсіби түрде меңгерген Алия Тенизбаевна жасап жатқан жұмысына шын көңілімен беріліп, қарапайым бұқара халықтың мұң-мұқтажын дер кезінде мұқият тыңдап алып барып, ыждаһаттылықпен әрі орын-орынымен проблемалардың шешу кілтін тауып, барынша тәсілмен орындалатын жолын көрсетіп беріп отырды. Бала жасынан берілген тәрбиенің негізінде қалыптасқан, генетикалық жады арқылы берілген мінез-құлық, кейін үлкен өмірдің белестерінде, кәсіби мамандармен құралған үлкен ортаға кіріп, өзіңді толыққанда жеке тұлға ретінде танытар кезде әлгі бала күнде ата-анасының берген тәрбиесі, кез-келген адамның болмыс-бітімінен айқын көрініс беріп, қандай да бір өте қиын, ауыр ситуацияда бұрқ ете бас көтеруі мүмкін. Алия Тенизбаевна көпжылғы терең білімі мен мол тәжірибесі жұмыс барысында анық көрініп, ұжымдағы атқарылуы тиіс ауқымды шаралар мен маңызды бастамаларды барынша креативті ойлау жүйесімен жүзеге асырып, қала тұрғындарының туындаған сұрақтарына уақытымен жауап бері
![]()
п, мұқтаждықтарын дер кезінде өтеп беру арқылы өз ісін жетік меңгерген шынайы кәсіби маман екенін дәлелдеп отырды.
2008-2016 жылдар аралығында облыс көлемі бойынша ең беделді компаниялардың бірі Тұран компаниясында өзінің кәсіби мамандығы бойынша юрист болып жұмысқа орналасты. Аталмыш компаниядағы жаңа ұжыммен жылы әрі тығыз қарым-қатынас орнату арқылы, өзінің бойындағы қабілет-қарымын барлық қырынан барынша ашып көрсете алды. Компанияның қордаланып қалған проблемаларын ұжымдағы қызметкерлер арасында талқылау кезінде өзінің жаңашыл идеялары мен креативті бастамаларын ортаға салып, еш қысылмастан өзінің санасының түкпірінде жатқан идеялар бойынша жаңа эксперименттер жасап көруге ұсыныстар жасап отырды.
Алия Тенизбаевна жеке тұлға ретінде қалыптасқан жылдарында адам бойындағы ең асыл, ең жақсы қасиеттердің ылғи да өз ісі мен сөзінде тұрақтылық қылу екендігіне көзі жеткен. Өзінің өне бойындағы, адами болмысындағы осындай қасиеттерін барынша шыңдап, барынша ұштап жұмыс барысында өзін нағыз кәсіби маман екендігін ұдайы аңғартып отырған болатын. Жоғарыда аты аталған компанияда табаны күректей тұп-тура сегіз жыл бойы тынбастан үлгілі қызмет жасап, өзін барынша тек жақсы жақтарынан көрсету үшін бойындағы бар күш-қайратын, ақылы мен жүйкесін жұмсаған болатын. Осы қызметінен соң, Байқоңыр қаласындағы нотариусқа қызметке орналасқан болатын. Жаңа қызмет орны мен жаңа ұжымдағы әріптестерімен тығыз байланыс көп жылдар бойы өз саласы бойынша мол тәжірибесі мен білімі бар екендігін байқатып, жүктелген тапсырмалар мен атқарылуы тиіс шаруаларды асқан кәсібилікпен дәл уақытында орындап отырды. Әр түрлі мекемелерде әр жылдары жемісті қызмет жасағаны үшін үлкен «Алғыс Хаттармен» марапатталған болатын. Солардың ішінде Алия Тенизбаевнаға ең орны бөлек құрметтісі 2020 жылы Қызылорда облыстық нотариаттық палатасының төрайымы Суйеубаева Л. ханымның өзі табыстаған «Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңына жыл толуына байланысты қызметтік міндеттерін үлгілі деңгейде атқарғаны және нотариат саласына кәсіби үлесін қосқаны үшін» деген мәтіндегі «Алғыс Хаты». Мұнанда басқа көптеген биік белестерден көріне білді. Жастайынан мінезі мен сүйегіне сіңісті болған қасиеті оны қандай қызмет атқарса да тек қарапайым халық үшін жасап және ол жасаған істері үшін ешқашан дәреже, мансап, алғыс сияқты жылы-жұмсақты дәметкен емес. Барынша өз ісі мен мамандығына ар мен ұятын қос қанат етіп, бойындағы барлық жақсы қасиеттерін еш аямастан, соңғы тамшысына дейін отандас, қандас адамдардың игілігі үшін жұмсаған болатын.
Алия Тенизбаевна қазіргі таңда үш бірдей перзентке білім мен тәрбие беріп отырған аяулы ана, білдей бір үлкен әулеттің қарашаңырағында келіндік міндетін атқарып отырған аяулы жан, қаншама жылдар бойы өзі мен балаларына сүйеніш болып келе жатқан жайсаң мінезді атпал азаматтың сүйікті жары деген керемет атпен, алтын мен атақ-дәреже бергізісіз өте киелі функцияларды атқарып отырған жайы бар.