Балқожина Орал

Рейтинг:
Еліне еленген лайықты маман

      Қазақ халқына кез - келген іске дайын тұрар асыл азаматтармен қатар асыл текті қыздарды да берген. Қазақ қыздары кез - келген уақытта кездескен қиындыққа дайын болып, оны барынша қайыспай жеңуге тырысқан. Солардың бірі және бірегейі – Балқожина Орал Әбділманапқызы.
       Еңбегі еленген Орал Әбдіманапқызы 1966 жылы ақпанның 20 жұлдызында Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде дүниеге келген. Орал – көпбалалы отбасындағы он баланың төртіншісі. Ата-анасы теміржол саласында ұзақ жыл қызмет етіп, «ҚР Құрметті теміржолшылары» атанған.
       Бала кезден балалық шақтың бал дәмін татып, қазақы тәрбиемен барынша сусындап өседі.Ақылды және құймақұлақ болып өскен елгезек қыз, мектеп табалдырығын аттаған сәттен қатарының алды болады. Білімге құштар жас Орал мектебінің алды болып қана қоймай, барынша талапты болып өседі. Сол талабының арқасында көмірдің отаны болған Қарағанды облысы, Қаражал қаласының №3 мектебін ойдағыдай аяқтайды.Мектепті аяқтай сала бастапқы еңбек жолын жалындаған жас бойжеткен өз армандарын орындау мақсатында балабақшада бала күтуші болып жұмысқа кіреді. Бұл – Орал Әбділманапқызының балалармен тілтабысуының әрі бала жанын түсіне алатын қасиетінің арқасында еді. Осы жұмыс жас бойжеткеннің кеудесіне сансыз армандардың бастауы бола білді.
       1984 жылы қазақ жеріндегі пайдалы қазбалардың негізі, металлургияның жүрегі болған Теміртау қаласындағы жоғары техникалық оқу орнына «қатты отынның химиялық технологиясы» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1989 жылы аталған оқу орнын ойдағыдай аяқтап шығады. Содан кейін Қаражал қаласындағы «Атасу ГОК» зертханасында мамандығы бойынша лаборант болып жұмыс істейді. Осы жерге жұмысқа кіргеннен бастап, марганецті барынша зерделеп, оның сапасын арттыруға жағдай жасады. 
       Орал Әбділманапқызы 1992 жылдан сот саласына ойысып, Қаражал қалалық сотында сот орындаушысы болып қызмет атқарды. Өзіне жүктелген міндеттерді қалтқысыз орындай жүріп, 1999 жылдан 2002 жылға дейін 
       Қарағанды облысының сот орындаушылар департаментінде аға маман болып тағайындалады. Осы жолдағы еңбектің де еш кетпесін Орал Әбділманапқызы түсінсе керек. 2000 жылы Алматы қаласының Қазақстан экономика және құқық институтының «Құқықтану» мамандығын заңгер деген ғылыми атақпен ойдағыдай аяқтап шығады.
       Университет қабырғасындағы алған білімін тәжірибе жүзінде іске асырған Орал Әбділманапқызы 2003 жылдан бастап Қарағанды облысы нотариаттық округінің жекеше нотариусы болып жұмыс істейді. Осы нотариаттық жолда өзінің үш көмекшісін нотариус қылып дайындады. Олар қазіргі уақытта Жезқазған қаласында нотариус болып қызмет атқаруда. Орал Әбділманапқызының жалпы жұмыс өтілі 35 жыл болса, 18 жылы нотариаттағы жұмыс өтілі екен. Осы ерен еңбектің ешқашан да еш болмасы анық еді. Осындай ерен еңбегінің арқасында Балғожина Орал Жезқазған қаласының мемлекеттік мұрағаты 2015 жылдың 5 маусымында дәстүрлі «XIII Сүтемген Бүкіров оқулары» аясында «Қазақ хандығының куәсі – Ұлытау даласы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияны өте жоғары деңгейде өткізгені үшін «Алғыс Хат», Қазақстан Республикасының нотариатының 20 жылдығын мерекелеуге орай мінсіз және жемісті еңбегі, кәсіби біліктілігі мен өз мамандығына деген адалдығы, жекеше нотариаттың дамуына қосқан үлесі үшін «Құрмет Грамотасы», Қазақстан Республикасының нотариатының дамуы мен нығаюына қосқан едәуір үлесі үшін және нотариус мамандығының қоғамдағы маңыздылығы мен беделін арттыру мақсатында атқарған мінсіз көп жылдық еңбегі үшін «Құрмет Грамотасы» ерен еңбегі нотариат игілігіне қосқан мінсіз жұмысы және жоғары кәсіби сапалары, жұмысқа деген жауапкершілігі үшін Қазақстан Республикасы Конституция күнінің 20 жылдығына орай «Грамотамен» марапатталған. Бұл марапаттар мен алғыстың артында қаншама жылғы еңбек пен төгілген маңдай тер жатыр. Бала кезден Орал Әбділманапқызы – ата-анасының берген тәлімі мен тәрбиесінің арқасында бүгінде асыл жар, аяулы ана және сүйікті әже. Баланың жақсы болып өсуі – ата-анадан екені анық. Орал Әбділманапқызының ата-анасы балаларының бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп, оның жанына жақсылық атты дәнді мейлінше егіп, оның жайқалып өсуіне барынша күш салғаны көрініп тұр. Еңбек еткен адамның төккен тері ешқашан еш болмайтындығын, оның еселеніп өзіңе қайта оралатынын, халықтың алғысына бөленіп, халық алдындағы жауапкершіліктің де арта түсетіндігін мықтап жадына сақтағандығын байқай аламыз. 
       Балалары да ата-ананың берген тәлімі мен тәрбиесін бойларына сіңіріп, барынша құймақұлақ болып өсті. Ұлы Жанбота – баптаған қыраны болса, қос қызы Индира мен Айжан – маңдайындағы қос жұлдызы. Ұлын ұяға қондырып, оның сүйкімді үш баласының әжесі атанып отыр. Индира Нұр - Сұлтан қаласында қызмет етіп жүрсе, кіші қызы анасының елгезектігі мен талабының арқасында Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сыныбында оқиды. Жан жары отставкадағы ҚР судьясы, «Үш би» марапаты иегері. 
       Қорыта айтқанда, Орал Әбділманапқызы– ел анасы, елдің тұтқасы ретінде халқының қамын ойлаған еңбек адамы. Осындай ерен еңбегінің арқасында халықтың сеніміне ие болып қана қоймай, халқының қолдауына да ие болды. Осы қасиетінің арқасында жұмысшыларын да барынша ынталандыруға күшін салды. Айта кету керек, Орал Әбділманапқызының әрбір атқарған жұмысы көптің көңілінен шығып, халықтың алғысы мен батасына ие болды.
       Қызметтес әріптестері арасында да барынша жаны жомарт, ақ пейілді адамгершілігі, қолындағы барын бөліп беретін бауырмалдығы арқылы көзге түскенін айтады. Әріптестері бұндай қызметкермен таныс болғанын өздеріне бақыт әрі мәртебе санайды. Әр қызметкерге ерекше ықыласпен қарайтындығын да жасырмайды. Себебі, Орал Әбділманапқызының тұлғасы мінезіне сай екендігін жиі айтады. Барынша барын бөліп беретін, отбасыларына туысындай қарайтын ақ жүрек адамды бірінші рет кездестіргендерін де жасырмайтындарын арасында айтып қалды.Ел үшін аянбаған кешегі асыл текті қызадарымыздың жалғасындай болған Орал Әбділманапқызына тек жақсылық тілейміз! Әрдайым мінберлі биіктерден көрініп, барынша саналы ұрпақ тәрбиелей беріңіз, еліне еленген лайықты маман иесі!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...