Қалықов Әнуар

Рейтинг:

Дүркінде, дүние, дүркінде, жас күніңде іркілме!

      Ер азамат қазақ халқының ұғымында қашанда ерлерге тән қажыр-қайраттың, ерік-жігердің, ақыл-парасаттың, бастысы отбасының иесі. Ер азамат тұлғасын ажарландырып, айшықтай түсетін де осы қасиеттер. Кешегі өткен қилы-қилы замандарда еліміздің тәуелсіздігін, кең байтақ сайын даламыздың тұтастығын басқыншы жаулардан ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап қалған ата-бабаларымыздың батырлығы мен қаһармандығы ұрпақтан-ұрпаққа қашанда өнеге болып қалады. Ер-азаматтың тұлғасы тек соғыста ғана емес, күнделікті өмірде де дараланып тұрса қандай керемет. Әр жігіт жастайынан спортпен, дене шынықтырумен айналысып немесе өзін-өзі үнемі шыңдап жүрсе, оның нағыз ер тұлғалы азамат болып қалыптасары анық. Қазіргі таңда, біз білетін азаматтардың ерекшелігі білімге құштарлықтарында, ділмарлықтарында, кісілігінде демекпіз.
      Біз әңгімеге арқау еткелі отырған бүгінгі күннің кейіпкері – Қалықов Әнуар Болатұлы. 
      Әнуар Болатұлы 1987 жылғы 14 қазанда Павлодар қаласында дүниеге келді. 2003 жылы 
      Павлодар қаласындағы № 34 орта мектепті тәмамдап, үлкен өмірге қадам басу жолында 2003 жылы «Заңгер» мамандығы бойынша Павлодар қаласының заң және қаржы колледжіне оқуға түсіп, оны «Заңгер» біліктілігімен 2006 жылы сәтті аяқтап шығады. 2006 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, оны 2009 жылы «құқықтану» (бакалавр) мамандығы бойынша бітірді.
      Еңбек жолын 01.11.2006 - 01.04.2009 жылдары аралығында Павлодар облысы, Павлодар қаласында Білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» РҚПК-да жұмыс жасауымен бастады. Нағыз маман ретінде бір орында тұрақтамай, мансабының ары қарай жоғарылағанын қалаған Әнуар ақпарат берушінің менеджері қызметінен өз еркімен жұмыстан босатылады. Әнуардың өзі: «Кәсіби тұрғыда өсуге ешқандай мүмкіндік болмағандықтан, мен қызметімді босаттым және мен өзімді тек менеджер ретінде ғана емес, бөлім бастығы ретінде де жүзеге асырғым келді», - дейді. Тиянақты білім алып, елімнің бір қажетіне жарасам деген жалынды ойдың жетегіне еріп, Әнуар мырза 2009 жылы кассалық қызметкерлерді оқыту бойынша Павлодар корпоративтік оқу орталығында оқып, аталмыш курсты өте жақсы аяқтағаны туралы сертификат алып шығады. Бұның өзі көкейге өзгеше бір үміт ұялатқандай. 2009 жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Павлодар облыстық №249912 филиалына бақылаушы-кассир ретінде жұмысқа қабылданды.
      Білім мен білік қандай тұлғаны болмасын жолда қалдырмайтындығы заңдылық. Әсіресе, теория жүзінде алынған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру өзінше бір белес іспеттес. 2010 жыл Әнуар мырзаның мансаптық өркендеуіне жол ашқандай: ол «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Павлодар облыстық филиалы Ақсу қаласы №240300 департаменті заң қызметінің заң кеңесшісі қызметіне ауыстырылды.
      «Дүркін, дүркін, дүркінді, Дүркінде өтер бір күнде. Ескертіп еді үлкендер, «Жас күніңде іркілме!», - деп дана халқымыз айтпақшы, 2011 жылы Әнуар «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның Павлодар облыстық филиалы заң бөлімінің заң кеңесшісі қызметіне, 2012 жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның Павлодар облыстық филиалы заң бөлімінің жетекші заң кеңесшісі қызметіне, араға бірнеше ай салып «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның Павлодар облыстық филиалы заң бөлімінің бас заң кеңесшісі қызметіне ауыстырылды. «Альянс Банк» АҚ-на жоғары лауазымға жұмысқа шақырылуына байланысты жұмыстан босатылды.
      2013 жылы «Альянс Банк» АҚ Заң департаментінің филиалдық желісін құқықтық қамтамасыз ету басқармасының несиелік операцияларды қолдау департаментінің Павлодар қаласы бойынша бас заңгері қызметіне қабылданды. Банктің заң бөлімінің жоспарланған оңтайландыруына байланысты жұмыстан босатылды.
      2014 жылы Әнуар үшін табысты жылдардың біріне айналды, ол «Bank RBK» АҚ-ның Павлодар қаласындағы филиалының заң бөліміне бас маман лауазымына жұмысқа қабылданды. Осы жылы Павлодар облысы, Екібастұз қаласына ауысуына байланысты жұмыстан босатылды.
      2015 жылы ол арман етіп, мақсатына айналдыра білген қызметі «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның Екібастұз аймақтық филиалы заң бөлімінің бас заң кеңесшісі қызметіне қабылданды. Ол жұмыстан Павлодар облысы, Павлодар қаласына ауысуына байланысты босатылды.
      2016 жылы «Ресей Жинақ банкі» АҚ-ның ЕБ Павлодар филиалының заң секторының заң кеңесшісі қызметіне қабылданды. Нәтижелі жұмыстың арқасында, аталмыш жылы «Ресей Жинақ банкі» АҚ-ның ЕБ Павлодар филиалының Заң секторының жетекші заң кеңесшісі қызметіне ауыстырылды.
      2017 жылы «Ресей Жинақ банкі» АҚ-ның ЕБ Павлодар филиалының заң секторының меңгерушісі қызметіне ауыстырылды. Нотариалдық іс-әрекеттің басталуына байланысты жұмыстан босатылды.
      2018 жылғы 28 ақпанда ол Павлодар облысының Нотариалдық палатасының мүшесі болды. Сол жылы кейіпкеріміз Павлодар қаласында нотариалдық істерді қолға ала бастады.
      Қай салада болмасын тұлға қашанда іс-тәжірибе барысында өзінің нәтижелі жұмысын көрсете білуі керек. 2019 жылы кейіпкеріміз кәсіби медиаторларды даярлау бағдарламасын сәтті аяқтады. Қазіргі уақытта Әнуар мырза Халықаралық адам құқығы орталығы ҮЕҰ-ның кәсіби медиаторы.
      Өз біліктілігін дәлелдеу мақсатында, кейіпкеріміз «Параграф» АЖ, «Zakon.kz» және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өткізген «Халықтық заңгер» республикалық акциясына сарапшы ретінде бірнеше рет қатысты. Жыл сайын біліктілікті арттыру Республикалық нотариалдық палатаның М.С.Нарықбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің КАЗГЮУ ЗАҢДЫҚ МЕКТЕБІ өткізетін «Халықаралық адам құқығы орталығы» РҚБ түрлі курстарға қатысу арқылы жүзеге асырылады.
      Сонымен қатар, Әнуар мырза №1 Мемлекеттік салық комитетінің нотариустарға және нотариустарға арналған интернет-жобасының мүшесі екендігінде атап өткенді жөн көрдік.
      Отбасы – жеке адам өмірінің мәні ғана емес, ұлт өмірінің дирижері болар мемлекеттіліктің іргетасы да. Бұлай дейтін себебіміз, адамның тұлғаға, оның өз кезегінде дара тұлғаға айналу ісінде отбасы құндылығының негізгі рөл атқаратындығы сөзсіз. Әнуар мырза 2009 жылы отбасын құрады. Отбасының отанасы Исагулова Тана Серікқызы қазіргі таңда жеке кәсіпкер. 
      Әнуар мырза мен Тана ханымның қазір екі қыз, бір ұл өсіріп отырған жайы бар. Үлкен қыздары Калыкова Адия Ануаровна 2010 жылы дүниеге келген. Екінші қыздары Калыкова Дания Ануаровна 2011 жылы дүниеге келсе, атқа мінер ұлдары Калыков Мадияр Ануарович 2015 жылы дүниеге келді.
      Ел үшін еңбек етіп жүрген, ер азаматтың мансабынан бөлек қандай отбасында дүниеге келіп, ата-анасының кім болғандығы кімді болсын қызықтырары заңдылық. Осы тұста Әнуар мырзаның әкесі Қалықов Болат Нариманұлы 1962 жылы дүниеге келген, мансабы жолаушылар тасымалымен айналысатын компанияның қызметкері. Анасы Қалықова Сауле Қапарқызы 1964 жылы туылған, мансабы мемлекеттік қызметші. Осы бір ұйыған отбасынан осындай азаматтың тәрбиеленіп шығуының өзі ата-ана үшін өмірдегі үлкен жеңіс.
      Абай атамыз айтпақшы: «егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал», - дейді. Міне, Әнуар мырзада есті кісі іспеттес өмірлік ұстаным туралы айта отырып, адамда өзінің өмірлік ұстанымдарын ғана емес, сонымен бірге өзінің жетістіктерін, жинақталған тәжірибесін, сондай-ақ сенімдері мен үміттерін жазатын белгілі бір «күнделік» болуы керек деп санайды. Кейіпкеріміз өзінің күнделігінде бала кезімде барлық ұлдар сияқты, мен әскери қорғаушы болуды армандадым. Армандар – болашаққа жоспарлар. Лицензия алу және нотариалдық қызметті жүзеге асыруды бастау бірнеше жыл бойы менің болашақ жоспарымда болды дейді. Білікті заңгер, жеке нотариусымды іске қосу, Медиатор мамандығы бұл менің «күнделігімнің» тарауларының бірі ғана, оған әлі де көп жазу керек...
      Әнуар мырза практикалық тәжірибесі жоқ нәрсені жасаудан қорықпайтын, оны үйрену және одан әрі дамыту үшін жұмыс жасаудан жалықпайтын жан. Сондықтан болар заңнамаға жаңа жаңалықтар енгізуді қолдап, жаңа уақыттың талабы екендігін жақсы түсінеді.
      Кейіпкеріміз әрдайым өз білімін үнемі өз бетінше және әріптестерінің, семинарлардың, вебинарлардың және түрлі курстар мен іс-шаралардың көмегімен арттырғанды жөн санайды, сондай-ақ, өз тәжірибесімен әртүрлі мессенджерлерде және әлеуметтік желілерде бөлісіп, пайдалы ақпараттармен өз оқырмандарын сусындатып отыратындығы тағы бар.
      Әрекет – сәттіліктің басты кілті. Жаңа білімге ұмтылу қалыпты өмірге айналады және шаршауды емес, адам бойында толқуларды тудырады. Міне, бүгін сөз еткен кейіпкерімізден үйренерлік дүние жетерлік. Бір істің соңына жету үшін біршама жылдарды сарп ету дұрыс дүниенің көрінісі. 
      Бүгінде отбасының тірегі, өз саласының маманы, ата-анасының қолғанаты болып отырған Әнуар Болатұлына толағай табыстар тілеп, алар асуларының, бел белестерінің әлі алда екендігіне сенім артамыз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
23 августа 2025 11:02
Азамат

Знаю его как добропорядочного человека. Помог в юридической консультации в качестве нотариуса. 

Последние комментарии

14 сентября 2025 21:51
Nursultan Naukenov
Менің Анам Алтын! Аллах Разы Болсын!...
14 сентября 2025 12:57
Рвйса
Сәлеметсізбе Абила апа бүгінгі күн ағатаймен шаңырақ құрғаныңызға 40 жыл толып жатыр екен алла сіздерге зор денсаулық...
14 сентября 2025 12:14
Айнагуль
Отбасыңызға 40 жыл болып жатыр екен, аз ба-көп па, бәрі Алланың қолында, бастарыңа амандық, жан ұяларыңда бақ пен...