Бекбаева Құралай

Рейтинг:

Үлгілі отбасы

      Өткенді бүгінмен салыстыра қарау – естелік айту ғана емес, өскендіктің, естіліктің, әділеттіліктің белгісі. Барша ұлт, ел, қауым жүріп өткен жолмен бағаланады. Қазіргі бағыт-бағдарымен ісімен адамзат көшіндегі деңгейі өлшенетінін ұмытпаған жөн. Сондықтан Тәуелсіздік алған отыз жылдың мұрағаттарында мемлекетімізде не өзгергенін, қалай өзгергенін ел де, әлем де көріп отыр. Бүгінгі жазбамызда әділеттіліктің жолында елдіктің мұратынан туындайтын жауапты қызметті берік атқарып келе жатқан өз ісінің майталманы Бекбаева Құралай Таласбайқызы туралы қалам тербемекпіз. Қайсар жүректі жан Қарақалпақстан автономиялық Республикасының Тахияташ қаласында туған. 1980 жылы 10 қарашада дүниеге келген. Әкесі – Бекбаев Таласбай 1940-2021 жылдары өмір сүрген. Анасы – Каримова Жұмагүл 1950 жылы туған. Көпбалалы, қызғалдақтай төрт қыз, арыстандай ұл тәрбиеледі. 
      Заманның қиын уақыты әке-шешесі колхоздың жұмысына таңның атуы мен кештің батуы арасында арқалап жүріп, дендерін сау қылып, мәпелеп бақты.
       Құралайдың балалық шағы Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов атындағы жалпыға білім беретін орта мектепте білім алады. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде-ақ бойжеткеннің айрықша білімпаздығы мен тапқырлығы, сөзге ұсталығы, шеберлігімен ұстаздардың көзіне түседі. Оның бала кезіндегі арманы әділет басқармасында жұмыс істеу еді. Сол арманның жетегіне еріп, Шымкент қаласына аттанады. Шымкент әлеуметтік педогогикалық университетінің «Құқықтану» бөліміне оқуға түседі.
      Достық – ұлы сезім. Студенттік кездің есте қалар тұсы жаңа орта табумен қызық. Алғашқы еңбек жолын Кентау қалалық әскери комиссариятында инспектор іс жүргізуші болып бастайды. Ортасында салиқалы сөз бастап, көңіліне жақпаған әріптестер мен жұмысшылардың ісін бетке тіке айтатын туралығы бар еді. Салмақты, терең мазмұнды, кесіп айтар сөзі мен қабылдаған шешіміне қарап ұжымдастары құрметтейтін, өзінен кейінгі қызметтес жас мамандар үлгі алатын. Түлкібас аудандық мемлекеттік сот орындаушылар бөлімінде инспектор іс жүргізуші, 2016 жылдан ОҚО облысы жеке сот орындаушылар өңірлік палатасында жеке сот орындаушысы болды. Түрлі себептермен аяғын шалыс басқандардың жаза мерзімін аяқтап, ел қатарлы тіршілік етуіне қолдау көрсетуді басты міндетім деп санайтын. Кейіпкердің айтуынша еңбек адамды тәрбиелейді. Сотталғандарды қоғамға қосудың басты тетігі – жұмыспен қамту. Еңбек етіп, ақша тапқан адамның алға қойған мақсаты, арманы болады. Барлығы емес, арасында еңбек етіп, жалақы алып, тәртібін дұрыстап, отбасына мерзімінен бұрын оралып жатқандар да бар. Әр салада өзіндік қиыншылығы мен қызығы болады демекші, осы уақытқа дейін түрлі жағдайларға кез болған. Жауапты ретінде мәселе кезіксе жедел әрі оң шешім қабылдауға тура келеді. Қызмет барысында түрлі сатыдан өтіп, тәжірибе жинады. 
      Қызметі өрістеп Түркістан облысы, Түлкібас аудандық жеке сот орындаушысы болып қызметке орналасты. Ойы салмақты, терең мазмұнды, кесіп айтар сөзі мен қабылдаған шешіміне қарап ұжымдастары құрметтейтін, өзінен кейінгі қызметтес жас мамандар үлгі алады. Тек қызмет етіп қоймай, өзінің еңбек қабілетін арттыру мен білімін жетілдіруге көңіл бөлді. Еңбекте нәтижелі де өнімді жұмыс жасағаны үшін алғысқа бөленді. Түркістан облысы жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының «Құрмет грамотасы», Түркістан облысы Әділет департаментінің «Алғыс хаты» мен аудан әкімінің «Алғыс хаттары» бар. 
      Құралай Таласбайқызы өзінің өмірлік серігі Қалымбекпен екі ұл тәрбиеледі. Қазіргі таңда Тұрсынбай Бекзат, Тұрсынбай Бекарыс есімді арыстай ұлдары бар. «Орны бар – оңалар» деген халықтың даналығына еріксіз бас иесің. Осының айқын 
мысалын бүгінде осы шаңырақтан көріп отырмыз. Ұлдары ата-анасы дәметкендей тәртіпті, тындырымды, оқуға ынталы болып өсті. Құралай Таласбайқызы ұлдары оқу барысында қандай да болмасын жетістіктерге жетіп жатса қолдап, ерекше көңіл бөліп отырады. Егер қандай да бір қателік орын алса оны ұлан-ғайыр қайғыға айналдырмай еппен жеңуге оң кеңестер беріп отырады. Тек қана оқу мәселесіне мән бере бермей, өмірде маңызы зор қызмет барысында адамдармен қарым-қатынас, отбасындағы орын алуы мүмкін келіспеушіліктерді әр уақытта қадірлеу сияқты, психологиялық бағыттағы, тіпті жоғары оқу орындарынан ала алмайтын шексіз кеңестерін бере отырып, үлгі көрсетіп келеді. 
      Үлкен ұлы Тұрсынбай Бекзат Қалымбекұлы 2002 жылы Түркістан облысы, Түлкібас ауданында шыр етіп дүние есігін ашты. Отбасындағы алғашқы сәбидің орны бөлек. Бекзат Қалымбекұлы жастайынан оқуға құштар, қиялы ұшқыр азамат болып өсті. Түлкібас ауданы, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектепті үздік бағамен тәмамдады. Бас қала Нұр-Сұлтан қаласында теміржол колледжін жақсыға бітіріп, ата-ана үмітін ақтады. Қазіргі таңда, Қарағанды облысы Теміртау қаласы 5516 әскери бөлімінде отан алдындағы борышын өтеуде. Әскер сапындағы сарбаздың ұйқысы таңғы алтыда, кезекшінің «Рота, оян!» деген ащы дауысымен ашылатыны белгілі. Бұл сөзден кейін атып тұрмау мүмкін емес. Жауынгерлер аяғына шұлғауларын орап, керзі етіктерін киіп, бойды қыздырып, ширату үшін түрлі денешынықтыру жаттығуларын жасайды. Келген соң төсек жинап, беті-қолын жуу, тамақ әзірлеу Бекзат Қалымбекұлының күнделікті әдетіне айналды. Тіпті кезек-кезегімен казарманы тап-тұйнақтай етіп жинап қояды. Бекзат Қалымбекұлы жауынгерлік ерлік пен әскери қызметті айрықша құрметтейді. Отанымыздың тәуелсіздігін қорғау, мемлекеттің шекарасын күзету, халықтың тыныштығын қорғау – үлкен абырой мен сенім. Отан алдындағы әскери борышты парызым деп санайтын отансүйгіш азамат туған жерімізді қорғаған батырларымыздың рухына бас иеді. Туған жеріне махаббат сезімі кеудесінде жалындаған Бекзат Қалымбекұлы өзге тілді құрметтейді. Ағылшын тілін жетік меңгерген. Жастайынан тхэквондо, каратэ үйірмелеріне қатысты. Сары белбеу сондай-ақ түрлі марапаттар алды. Болашақта оқуын жалғастырып еліне қызмет етуді арманым деп санайды.
      Кіші ұлы Тұрсынбай Бекарыс Қалымбекұлы 2006 жылы Түркістан облысы, Түлкібас ауданында туған. Түлкібас ауданындағы Щевцов орта мектебін үздік көрсеткішпен аяқтайды. Ағасы секілді озық ойлы озат оқушы елімізге белгілі архитектор болуды алдына мақсат етіп қояды. Қазіргі кезде Алматы қаласы құрылыс колледжінде «Сәулетші» мамандығында оқып жатыр. «Үй – рухты жеткізуші» дейді жапон халқы. Адамзат үшін аса маңызды бес өнердің бірі сәулет өнері десек, заманауи архитектура – дәстүр мен модернизмді үйлестірген, тарих пен болашақты жалғаушы стильдер жиынтығы. 
      Бекарыс Қалымбекұлының басты арманы елімізге үйлесімді ғимараттар салу. Студент бозбаланың бүгінде ойға алған мақсаттары көп. Компьютерлік анимация, мультфильм ойлап табуға қызығады және өзі жасаған жұмыстары бар, сурет салу сызу бойынша жүйелік сызбаларды сызуға өзі қызығып, зейін қойып үйренеді. Болашаққа деген арманы мен жоспарлары мол, анимация жасауда еліміздің дамуына септігін тигізсем деген арманы бар. Балалық шақтан мультфильмдер көруді бәрі жақсы көретін. Көбісі бұл махаббатты ересек кезінде сақтап қалады, ал кейбіреулері өз өмірлерін анимациялық фильмдер жасаумен байланыстырғысы келеді. Аниматор – бұл шығармашылық және қызықты мамандық. Мультипликация, анимация жасаумен айналысатын Бекарыс Қалымбекұлы еңбек нарығында 72% сұранысқа ие бұл мамандықтың қыр-сыры әлі де қызықтырады. Осы уақытқа дейін сол бағытта талай дүние ойлап тапқан. Аниматор кейіпкерлердің сыртқы түрін анықтайды. Қимылын сызып, сюжеттік желімен жұмыс істейді. Жас дарынның айтуынша түс пен қиял көбірек болса, неше түрлі мультфильмдер ойлап табуға болады. Қазір басым көпшілігіне мультфильм, анимациялық фильмдер көрген ұнайды. Бірақ елімізде бұл сала ақсап тұр.
      Ата-бабаларымыз баланы өмірінің мәні санаған. Иманды ұл, ибалы қыз тәрбиелеуді өз өмірінің басты қағидасына, міндетіне жатқызған. Сондықтан да қазына толы байлығымен емес, өмірінің жалғасы болған ұрпағының көптігімен мақтанған. Әсіресе, ұл баланы ерекше бағалаған. Өмірге ұл бала келсе «атқа мінер туылды» деп сүйіншілеп, «ұл туғанға күн туған» деп ұлдың беделін асқақтата түскен. Тұрсынбаевтар отбасында да ұл баланың жарқ етіп дүниеге келуі зор қуаныш, шаттық, береке әкелді. Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін алдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни, «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсың, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған. Шаңырақтың иесі Қалымбек те екі ұлына адалдықты дәріптеп, біреудің ала жібін аттамауды үндейді. Бұл отбасы тәрбиесінде қазақ халқына тән отбасылық тәрбиенің тамаша үлгісін көрсетіп келеді. Ұлдарына ана сыйлаудың, жар сыйлаудың ер баланың орнын, қызметін үнемі зерделеріне құйып отырады. Адамгершілігімен, азаматтық іс-әрекетімен айналасына қадірлі болған Қалыбек балаларын қолдап келеді. Жаңашылдыққа оң көзқараспен қарап, кейде сынап, ұлдарының іс-әрекеттеріне баға беріп, дұрысын дұрыс деп, бұрысын бұрыс деп жақсы мен жаманды дер уақытында айыруды үйретті. Саналы ұрпақ – ол жастайынан ұлтының бар болмысын бойына жинаған, елдің өсіп-өркендеуіне деген қадамдарын нық әрі күмәнсіз баса алатын, мемлекеттің дамуына тамшыдай болсын үлес қосатын «Әлемді өзгерту үшін алдымен өзің өзгеріс жаса!» -деген ұранды өзінің басты өмірлік ұстанымына айналдырған білімді, жан-жақты жалындап жанып тұрған ерік-жігері мықты жастар деп білемін. 
      Еліміздің болашағын дәл осындай ұрпаққа қорықпастан аманаттай аламыз. Атам қазақ «Таудай талап бергенше, бармақтай бақ бер» деп бекер айтпаса керек. Сол бақтың арқасында ауылға үлгілі отбасы ретінде танымал бұл кейіпкерлеріміздің бақыты еселене берсін. Шығармашылықтары шыңдалып, білім әлемінде тең абырой ұстап жүрген ұлдарының алдағы армандары да, алар асулары да орындалсын. 
      Құралай Таласбайқызы балаларының биіктен көрініп, тек отбасыларының ғана емес елдің мақтанышы болса екен дейді. «Отбасында адам бойындағы қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады», - деп Елбасымыз айтқандай шаңырақтың шайқалмауы үшін шағын мемлекет отбасында сыйластық болуы қажет. Сонымен қатар, отбасындағы тәрбиенің да маңызы зор. Дәстүрлі қоғамда ата-әженің тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған. Атаның жыр-дастанын, әженің ертегісін тыңдап өскен ұрпақтар рухани байып отырған. Аталарымыздан тәрбие көрген, иман жүзді, көсегесі көгерген деген сөздерді жиі естуші едік. Сол сөздер осындай отбасыларға қатысты айтылса керек. Ендеше басқаларына үлгі боларлықтай отбасыларымыз көбейіп, 
салмақты ұрпақтарымыз өсе берсін демекпіз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...