Өнегелі шаңырақ иесі
Жалпы адамзат баласы «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, отбасында ата-анадан алған тәлім-тәрбиесіне, өскен ортасына, алған біліміне, таңдаған кәсіп-мамандығына қарай азамат болып қалыптасады. Ал елге сіңірген еңбегіне, жасаған қызметіне қарай абыройға бөленіп, сый-құрметке ие болады. Әйгілі Қаз дауысты Қазыбек бидің: «Ерден ердің несі артық – ептестірген ісі артық» деген қанатты сөзі осындайдан қалса керек-ті. Адамзат тарихындағы кішісінен үлкеніне дейін ұлы тұлғалардың бәрі сондай үлгілі-өнегелі істерімен көзге түсіп, айрықша бағаланып, халықтың жадында қалған. Тіпті, данышпан Абайдың «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым ғой деудің бәрі де – ақымақшылық»,- деуі де терең ойды меңзейді емес пе?! Бұл аз десеңіз, философ Карл Маркстің «Адамның мәні қоғамдық қатынас арқылы айқындалады» дегені бар. Міне осындай көңілге нәр беріп, көкейге жылылық ұялататын, қиялға қанат бітіретін сөздер Әбушахма Өсербайұлына арналып айтылғандай дерсіз.
![]()
ҚР Заңгерлер Одағының мүшесі, «Нотариат саласындағы адал еңбегі үшін» медалінің иегері Әлайдар Әбушахма Өсербайұлы 1948 жылдың 25 желтоқсанында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жайылма ауылында қарапайым еңбек адамдарының отбасында дүниеге келген. Ол С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдаған жоғары білімді маман. Әкесі – Әлайдаров Өсербай 1906 жылы дүниеге келген. Ұжымдастыру кезінде бұрынғы Ленин колхозында ферма меңгерушісі қызметін атқарады. Осы жерден Отан қорғау мақсатымен Ұлы Отан соғысына аттанып, кескілескен қиян-кескі ұрыстарға қатысып, жаудың бетін қайтарып, жеңіспен оралады. Елге келген соң бейбіт күннің еңбек майданына қызу кірісіп, бұрынғы қызметін қайта жалғастырады. Еңбегінің зейнетін көріп, 1975 жылы 69 жасында дүние салды. Отбасында жұбайы Ибрагимова Тұрсынбибімен бірге бес қыз бен үш ұлды тәрбиелеп өсірді. Әбушахма Өсербайұлының анасы Тұрсынбибі колхоздың белсенді еңбеккері болды. Ол 1999 жылы дүние салды.
Әбушахма мектепте үздіктер қатарында болды. Еңбек жолын 1967 жылы Жаңақорған аудандық халық сотында сот мәжілісінің хатшысы болудан бастады. 1971 жылдан бастап сот орындаушысы болып қызмет атқарды. 1975 жылдың тамызынан бастап Жаңақорған аудандық нотариалдық кеңсесінде мемлекеттік нотариус қызметін бастады. Осы қызметте ол 40 жыл қызмет атқарды. Жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне орай Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген нотариат қызметін реттейтін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес нотариалдық қызмет көрсетіп, азаматтар мен заңды тұлғаларға құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, жасалатын нотариалдық іс-әрекеттердің зардаптарынан сақтандырып отырды.
![]()
Қытайдың ұлы ойшылы Конфуций: «Адам қанша жерден оқып-тоқыса да өзінің тегінен, табиғаты мен болмысынан алыс кетпейді», - дейді. Сол айтқандай, кейіпкеріміздің бойындағы ақыл-парасат пен адами асыл қасиеттердің негізі ата-анадан дарыған қан мен сүттен, тәлім-тәрбиеден бастау алса керек. Ол 1979 жылы Қазақ ССР-і Әділет министрінің алғыс хатымен, 1982 жылы Қызылорда облыстық Әділет басқармасының Кеңестік нотариаттың 60 жылдығына байланысты құрмет грамотасымен, 1987 жылы СССР Әділет министрінің алғыс хатымен, «Қазақстан Республикасының нотариатының құрылғанына 70 жыл» толуына байланысты Қызылорда облыстық Әділет басқармасының алғыс хаттарымен және «ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдық» мерекесіне орай ҚР Президентінің алғыс хатымен және төсбелгісімен, 2007 жылы Республикалық нотариалдық палатасының 10 жылдығына байланысты «Нотариат ардагері» құрмет грамотасымен марапатталды. 2013 жылы «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медаль иегері атанды. 2014 жылы «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігінің «Ел ардақтысы» медалімен және дипломымен марапатталды. 2016 жылы «Нотариат саласындағы адал еңбегі үшін» медалін омырауына тақты. Ал 2014 жылдан бері Әділет аттестаттау комиссиясының және ҚР Заңгерлер Одағының мүшесі. 2016 жылы Қызылорда облысының еліне еңбегі сіңген Құрметті азаматтары қатарында «Орданың Алтын кітабы» жинағына енген. 1997 жылы нотариусты жекешелендіру туралы заң шықты. Осыған байланысты ол да жекешеленді. Кеңсе салу қажеттілігі туындаған соң, жер алып, екі қабатты ғимарат салды. Құрылыс жұмысын жүргізуге «Қайсар» футбол клубының құрамындағы баласы Ахмет Әбушахма қаржылай көп көмектесті. Бүгінде жанында үш қызметкері бар. Ел игілігіне жұмыс жасап, алғыс алып отыр.
Байсалды мінезді, жүрегі жомарт, қолы ашық азамат өзінің ғана отбасын ойлап қана қоймайды. Ол басқа да балалардың жайын ойлап жүретін нағыз балажан азамат. Ауданда балалардың қыста спортпен шұғылданатын, жабық спорт кешені жоқ екенін көптен біліп, көріп жүретін. Осы орайда соны ескеріп, 1 гектар жер алып, өз қаражаты есебінен кешен құрылысын жүргізіп, балаларға тарту етті.
![]()
Әбушахма Өсербайұлы Алла қосқан қосағы Жұмабаева Аманкүлмен бірге ұл-қыз тәрбиелеп, өсіріп, жақсы жоғары білім алып берді. Бүгінде барлық баласы заң саласын бес саусағындай білетін мамандар. Үш қыз екі ұлының барлығы да әкеден алған ақылымен, анадан көрген игі өнегемен өсіп-өніп жатыр. Барлық баласын құтты орындарына қондырып, олардан тәп-тәтті немере сүйіп отырған бақытты жандар. Айжамалы 1972 жылы дүниеге келген. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің азаматтық құқық жөніндегі кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, бақытты ана, сүйікті жар, төрт немеренің сүйікті әжесі. Жолдасы Искаков Марат – ұстаз. Ұлы Әбиболла Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетін бітіріп, Жаңақорған ауданында жеке нотариус қызметін атқарып, жары Мырзабек Мархабатпен бірге 4 қыз бен бір ұл тәрбиелеп отыр. Мархабат – заңгер. Айгүл қызы да заңгер, қазіргі кезде жеке кәсіпкер. Жолдасы Алмерденов Нұрланмен 5 бала тәрбиелеп, өсіріп отыр. Жолдасы да заңгер. Ақәділ №163 мектепті жақсыға аяқтап, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-түрік университетінің заң факультетін үздік бітіріп, заң саласының магистрі, заң факультетінің ғылым және халықаралық қатынастар жөніндегі декан орынбасары, докторантура тыңдаушысы. Ақәділ отбасылы, 3 баланың әкесі.
![]()
Жары – Шоманова Қасиет педагогика саласында қызмет атқарады. Отбасының кенжесі Ахмет – заңгер. Мектеп кезінен Қызылорда облысының Қазақстан Премьер Лигасында ойнап, «Қайсар» футбол клубының қақпашысы болып 14 жыл өнер көрсетті. Ол қазір ата-анасымен бірге тұрады. Аудандағы спорт мектебінде балалардың салауатты өмір салтын ұстануына бағыт беріп, жаттықтырушылық қызмет атқарып жүр. 2004 жылы Қожа Ахмет Яссауи атындағы
Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің заңгер мамандығын алды. 2007 жылы дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша тәмамдаған. Жары – Серекова Дана нотариус көмекшісі, мамандығы заңгер, 5 баланың ата-анасы.
– Адам баласы ең әуелі мамандық таңдаудан адаспағаны дұрыс. Себебі мамандық - бүкіл тіршілігіңнің айнасы іспетті. Сол мамандық арқылы өсесің, өнесің, көбейесің, көпке үлгі болып, өнеге көрсетесің. Өзімнің ата-анадан алған тәрбием еңбектену, қарапайым болу. Мен де балаларымның бойына осы екі нәрсені сіңіріп өсірдім деп ойлаймын. Мен жүрген ізбен жүріп келе жатқан ұрпағыма да алғысым шексіз. Алла қосқан қосағың – нағыз бақытың. Шүкіршілік етемін. Елге пайдам тисе мен үшін бақыттың жалғасы сол, - дейді кейіпкеріміз.
Елдің алғаусыз алғысын алып, ұрпағына ұлағатты үлгісімен өнеге көрсетіп отырған Әбушахма Өсербайұлына мықты денсаулық тілейміз. Алла берген абыройыңыз арта берсін!
![]()
Жалпы адамзат баласы «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, отбасында ата-анадан алған тәлім-тәрбиесіне, өскен ортасына, алған біліміне, таңдаған кәсіп-мамандығына қарай азамат болып қалыптасады. Ал елге сіңірген еңбегіне, жасаған қызметіне қарай абыройға бөленіп, сый-құрметке ие болады. Әйгілі Қаз дауысты Қазыбек бидің: «Ерден ердің несі артық – ептестірген ісі артық» деген қанатты сөзі осындайдан қалса керек-ті. Адамзат тарихындағы кішісінен үлкеніне дейін ұлы тұлғалардың бәрі сондай үлгілі- өнегелі істерімен көзге түсіп, айрықша бағаланып, халықтың жадында қалған. Тіпті, данышпан Абайдың «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым ғой деудің бәрі де – ақымақшылық»,- деуі де терең ойды меңзейді емес пе?! Бұл аз десеңіз, философ Карл Маркстің «Адамның мәні қоғамдық қатынас арқылы айқындалады» дегені бар. Міне осындай көңілге нәр беріп, көкейге жылылық ұялататын, қиялға қанат бітіретін сөздер Әбушахма Өсербайұлына арналып айтылғандай дерсіз. ҚР Заңгерлер Одағының мүшесі, «Нотариат саласындағы адал еңбегі үшін» медалінің иегері Әлайдар Әбушахма Өсербайұлы 1948 жылдың 25 желтоқсанында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жайылма ауылында қарапайым еңбек адамдарының отбасында дүниеге келген. Ол С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдаған жоғары білімді маман. Әкесі – Әлайдаров Өсербай 1906 жылы дүниеге келген. Ұжымдастыру кезінде бұрынғы Ленин колхозында ферма меңгерушісі қызметін атқарады. Осы жерден Отан қорғау мақсатымен Ұлы Отан соғысына аттанып, кескілескен қиян-кескі ұрыстарға қатысып, жаудың бетін қайтарып, жеңіспен оралады. Елге келген соң бейбіт күннің еңбек майданына қызу кірісіп, бұрынғы қызметін қайта жалғастырады. Еңбегінің зейнетін көріп, 1975 жылы 69 жасында дүние салды. Отбасында жұбайы Ибрагимова Тұрсынбибімен бірге бес қыз бен үш ұлды тәрбиелеп өсірді. Әбушахма Өсербайұлының анасы Тұрсынбибі колхоздың белсенді еңбеккері болды. Ол 1999 жылы дүние салды.
![]()
Әбушахма мектепте үздіктер қатарында болды. Еңбек жолын 1967 жылы Жаңақорған аудандық халық сотында сот мәжілісінің хатшысы болудан бастады. 1971 жылдан бастап сот орындаушысы болып қызмет атқарды. 1975 жылдың тамызынан бастап Жаңақорған аудандық нотариалдық кеңсесінде мемлекеттік нотариус қызметін бастады. Осы қызметте ол 40 жыл қызмет атқарды. Жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне орай Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген нотариат қызметін реттейтін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес нотариалдық қызмет көрсетіп, азаматтар мен заңды тұлғаларға құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, жасалатын нотариалдық іс-әрекеттердің зардаптарынан сақтандырып отырды.
Қытайдың ұлы ойшылы Конфуций: «Адам қанша жерден оқып-тоқыса да өзінің тегінен, табиғаты мен болмысынан алыс кетпейді», - дейді. Сол айтқандай, кейіпкеріміздің бойындағы ақыл-парасат пен адами асыл қасиеттердің негізі ата-анадан дарыған қан мен сүттен, тәлім-тәрбиеден бастау алса керек. Ол 1979 жылы Қазақ ССР-і Әділет министрінің алғыс хатымен, 1982 жылы Қызылорда облыстық Әділет басқармасының Кеңестік нотариаттың 60 жылдығына байланысты құрмет грамотасымен, 1987 жылы СССР Әділет министрінің алғыс хатымен, «Қазақстан Республикасының нотариатының құрылғанына 70 жыл» толуына байланысты Қызылорда облыстық Әділет басқармасының алғыс хаттарымен және «ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдық» мерекесіне орай ҚР Президентінің алғыс хатымен және төсбелгісімен, 2007 жылы Республикалық нотариалдық палатасының 10 жылдығына байланысты «Нотариат ардагері» құрмет грамотасымен марапатталды. 2013 жылы «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медаль иегері атанды. 2014 жылы «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігінің «Ел ардақтысы» медалімен және дипломымен марапатталды. 2016 жылы «Нотариат саласындағы адал еңбегі үшін» медалін омырауына тақты. Ал 2014 жылдан бері Әділет аттестаттау комиссиясының және ҚР Заңгерлер Одағының мүшесі. 2016 жылы Қызылорда облысының еліне еңбегі сіңген Құрметті азаматтары қатарында «Орданың Алтын кітабы» жинағына енген. 1997 жылы нотариусты жекешелендіру туралы заң шықты. Осыған байланысты ол да жекешеленді. Кеңсе салу қажеттілігі туындаған соң, жер алып, екі қабатты ғимарат салды. Құрылыс жұмысын жүргізуге «Қайсар» футбол клубының құрамындағы баласы Ахмет Әбушахма қаржылай көп көмектесті. Бүгінде жанында үш қызметкері бар. Ел игілігіне жұмыс жасап, алғыс алып отыр.
![]()
Байсалды мінезді, жүрегі жомарт, қолы ашық азамат өзінің ғана отбасын ойлап қана қоймайды. Ол басқа да балалардың жайын ойлап жүретін нағыз балажан азамат. Ауданда балалардың қыста спортпен шұғылданатын, жабық спорт кешені жоқ екенін көптен біліп, көріп жүретін. Осы орайда соны ескеріп, 1 гектар жер алып, өз қаражаты есебінен кешен құрылысын жүргізіп, балаларға тарту етті.
Әбушахма Өсербайұлы Алла қосқан қосағы Жұмабаева Аманкүлмен бірге ұл-қыз тәрбиелеп, өсіріп, жақсы жоғары білім алып берді. Бүгінде барлық баласы заң саласын бес саусағындай білетін мамандар. Үш қыз екі ұлының барлығы да әкеден алған ақылымен, анадан көрген игі өнегемен өсіп-өніп жатыр. Барлық баласын құтты орындарына қондырып, олардан тәп-тәтті немере сүйіп отырған бақытты жандар. Айжамалы 1972 жылы дүниеге келген. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің азаматтық құқық жөніндегі кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, бақытты ана, сүйікті жар, төрт немеренің сүйікті әжесі. Жолдасы Искаков Марат – ұстаз. Ұлы Әбиболла Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетін бітіріп, Жаңақорған ауданында жеке нотариус қызметін атқарып, жары Мырзабек Мархабатпен бірге 4 қыз бен бір ұл тәрбиелеп отыр. Мархабат – заңгер. Айгүл қызы да заңгер, қазіргі кезде жеке кәсіпкер. Жолдасы Алмерденов Нұрланмен 5 бала тәрбиелеп, өсіріп отыр. Жолдасы да заңгер. Ақәділ №163 мектепті жақсыға аяқтап, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-түрік университетінің заң факультетін үздік бітіріп, заң саласының магистрі, заң факультетінің ғылым және халықаралық қатынастар жөніндегі декан орынбасары, докторантура тыңдаушысы. Ақәділ отбасылы, 3 баланың әкесі. Жары – Шоманова Қасиет педагогика саласында қызмет атқарады. Отбасының кенжесі Ахмет – заңгер. Мектеп кезінен Қызылорда облысының Қазақстан Премьер Лигасында ойнап, «Қайсар» футбол клубының қақпашысы болып 14 жыл өнер көрсетті.
![]()
Ол қазір ата-анасымен бірге тұрады. Аудандағы спорт мектебінде балалардың салауатты өмір салтын ұстануына бағыт беріп, жаттықтырушылық қызмет атқарып жүр. 2004 жылы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің заңгер мамандығын алды. 2007 жылы дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша тәмамдаған. Жары – Серекова Дана нотариус көмекшісі, мамандығы заңгер, 5 баланың ата-анасы.
– Адам баласы ең әуелі мамандық таңдаудан адаспағаны дұрыс. Себебі мамандық - бүкіл тіршілігіңнің айнасы іспетті. Сол мамандық арқылы өсесің, өнесің, көбейесің, көпке үлгі болып, өнеге көрсетесің. Өзімнің ата-анадан алған тәрбием еңбектену, қарапайым болу. Мен де балаларымның бойына осы екі нәрсені сіңіріп өсірдім деп ойлаймын. Мен жүрген ізбен жүріп келе жатқан ұрпағыма да алғысым шексіз. Алла қосқан қосағың – нағыз бақытың. Шүкіршілік етемін. Елге пайдам тисе мен үшін бақыттың жалғасы сол, - дейді кейіпкеріміз.
Елдің алғаусыз алғысын алып, ұрпағына ұлағатты үлгісімен өнеге көрсетіп отырған Әбушахма
Өсербайұлына мықты денсаулық тілейміз. Алла берген абыройыңыз арта берсін!
![]()