Кәсіптің көзін тапқан...
![]()
Салауатты өмір салтын сақтау, саналы ұрпақ тәрбиелеп өсіруді міндет еткен қай ел болсын, қоғамдық қауіпсіздік бірінші орыннан түскен емес. Өйткені, елдің, жергілікті тұрғындардың, тұтас бір мемлекеттің қауіпсіздігі – қолына қалқан іліп, найзасына үкі таққан батырлардың, бүгінгі күні, торсықтай ұл туды деп қуанған әкенің ең бірінші ел алдындағы міндеті. Заман өзгеріп, заң бойынша құқықтық міндеттемелер бөлініп берілгенімен, құқық қорғау орындарының барлығының көздегені – тұрақтылық, қауіпсіздік. Мәңгілік ел болуға ұмтылған қазақ еліндегі әрбір азамат, өзін еркін, қауіпсіз сезіну керек. Сол кезде ғана жарқын болашақтың есігі ашылады. Іскер, жұмысына барынша жауапты, ұйымдастырушылық қабілеті мол Мұхтар Мұханбетұлы зейнетке шықса да белсенділігін жоғалтқан емес. Еліне еңбегі сіңіп, халық үшін қажымай-талмай қызмет атқарып, өмірдің талай бел-белесінен өткен ол қай істе де үлгілі жолын көрсетіп келеді. Жаны да, өзі де сұлу адам жан-жағына жылу себумен бірге адамды
![]()
өзіне еріксіз баурап алатын қасиеті де бар. Салмақты, салқынқандылау көрінгенімен көңілі жарасқанға ашылар пейілі шексіз, көпшіл, уәдесіне берік, адамгершілігі мол азамат.
Жол полициясы саласында еңбек етіп, басшылық қызметтерде болып, бүгінгі таңда кәсіпкерлікпен айналысып келе жатқан Мұхтар Мұханбетұлы 1955 жылдың 6 наурызында Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кентінде дүниеге келді. Қарапайым қазақтың шаруа отбасында дүниеге келген кейіпкеріміздің сәби күнінің өзі еңбекпен басталған еді. «Бала - отбасының бақыты, бала - отбасының болашағы» деп сенетін кейіпкеріміздің ата-анасы олардың тәрбиесіне үлкен көңіл бөліп, жиі санасып, ойға алған істерін өздері жүзеге асыруына ықпал етіп отыратын. Асқар тау әкесінің қамқорлығымен қоса темірдей қатал тәртібін, аяулы жан анасының мейірімі мен табанды талапшылдығының нәтижесінде буыны ерте бекіп, қанаты ерте қатқан ол бала да болса есті әрі зерек болып өсті. Мектеп қабырғасында өткізген он бір жылдың ішінде әрбір жанның басынан өтетіні секілді жардан да құлап, талай сәтсіздікке де бой алдырып, қателіктердің де ащы дәмін татып үлгерген еді. Өз
![]()
қателігінен сабақ алуды да осы мектеп өмірінен үйренді. Соның арасында махаббаттың, достықтың, қолдау мен мейірімділіктің не екенін де осы қара шаңырақ мектебінен үйренген еді. Бала күнінен білімге баулып, санасына шуақ сыйлаған ұлағатты ұстаздарының тағылымды тәрбиесімен, қызығы мен қиындығы қатар жүрген ыстық ұя мектебімен қош айтысатын күнге де жетіп, жас түлек Мұхтар Мұханбетұлы болашаққа қарай қадам басады. Мектепті бітірген соң, 1973-1975 жылдары Кеңес Әскері сапында Отан алдындағы борышын өтеп келген соң, Доссор кентіндегі АТП-ға жүргізуші болып орналасады. Одан кейінгі жылдары 1979-1982 жылдары КСРО ІІМ Орлов арнаулы орта мектебінде жол полициясында әкімшілік-құқықтық қызмет мамандығы бойынша оқуға түседі.
1976 жылдың маусымынан 1992 жылға дейін Атырау облысының жоғары оқу орны, Мақат ауданы, Жылыой АІІБ жол полициясының инспекторы, әкімшілік қызмет инспекторы, жол полициясының аға
![]()
инспекторы, аға мемлекеттік автоинспекторы, Облыстық жол полициясы РБҚБ аға мемлекеттік автоинспекторы қызметтерін атқарды.
1989-1992 жылдары КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінде заңгер мамандығы бойынша білімін тереңдеткен Мұхтар Мұханбетұлы 1992-2003 жылдары «КазПромСтавба» ЖШС көлік басқармасының бастығы қызметін абыроймен атқарып, 2006 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысып келеді.
Бүгінде кәсіпкерлігін дөңгелетіп отырған Мұхтар Мұханбетұлы еңбек еткен жылдары түрлі деңгейдегі Алғыс хаттармен, Құрмет Грамоталарымен марапатталды. Сонымен қатар, айбынды азаматтың «Жол полициясының ардагері» және «Жылыой ауданының құрметті азаматы» төсбелгілері бар. Кісілігінен кішілігі басым Мұхтар Мұханбетұлы отбасында арқа сүйер азамат, асқар тау әке. Жары Гумарова Гульбагила Сұлтанқызы екеуі төрт перзент өсіріп тәрбиелеп, құтты орындарына қондырып, олардан қылығы балдан да тәтті 14 немере сүйіп отыр. «Tегiнде, адам баласы адамнан баласынан ақыл, ғылым, ар, мiнез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектiң бәрi бекершiлiк» деп Ұлы Абай айтпақшы, жақсы өмірге ұмтылудың, бақытты да берекелі өмір
![]()
сүрудің кілті – еңбекте, қоғаммен біріге әрекет жасап, нарықтың тілін түсінуде жатыр. Қай елдің саудасы мен ғылымы мықты болса, сол ел көш басында болады.
Міне, біздің де кейіпкеріміз өмірден көргені мен түйгенін, азаматтық парызын ел тыныштығы қызметіне арнап, ақыл сұраған жасқа ағалығын көрсете білген, еліне, халқына, Отанына деген құрметін іспен дәлелдей білген жауырынды азамат. Нарықтың тілін түсініп, кәсібін дөңгелетіп келе жатқан, Құқық қорғау органдарының құрметті азаматы Мұхтар Мұханбетұлының кәсібіне табыс, ісіне береке, отбасына амандық тілейміз!
![]()
![]()
![]()
![]()